«Ұлттық дәстүр асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы



бет9/9
Дата12.03.2018
өлшемі1,5 Mb.
#38558
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақтың қолөнері жайында біледі.
Қандай түсініктерді игереді: Киіз басу, кілем тоқу өнерін меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қолөнері туралы өз ойларын айта алады және жасап көрсете алады.

Тәрбиеші: Жумабаева Б.К.

Тексерген: _________________
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компоненті бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

25.12.2013ж.

Тақырыбы: «Менің шеберханамда» (қамшы өру)

Мақсаты: Балаларды қазақтың мол қолөнері үлгілерімен таныстыра отырып, қазақтың ұста, шеберлері, олардың жасап жатқан еңбегі жайында түсінік беру.

Білімділік міндеті: Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық еңбек түрлері болады, соның ішінде қолөнері түрлері туралы алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық міндеті:Балаларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті:Атадан қалған мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Сөздерді анық айтқызып, қайталату.

Қостілділік компонент:

Умный, сильный наш народ

Далеко глядит вперед

Предание старины

Забывать мы не должны!

Сөздік жұмыс: Үлгісі көптің өрнегі көп,Өрнегі көптің ермегі көп.

Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ТСО, зергерлік бұйымдар, қазақтың қолөнері туралы слайд көрсету.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді шеңбер №4

Көркем сөз:

Умный, сильный наш народ

Далеко глядит вперед

Предание старины

Забывать мы не должны!


Шеңберге тұрады

Балалар қайталайды.



Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларды слайд арқылы қазақтың қолөнерімен, оның ішінде қамшы өру жұмыстарымен таныстыру.

Сұрақ-жауап.

  • Балалар, шебер деген кім?

  • Сендерге шебер, ұсталардың еңбектері ұнады ма?

  • Сендер алдыңғы оқу іс әрекеттерінде бұл кісілердің суреттерімен, олардың еңбегімен танысқан болатынсыңдар.

  • Күнделікті әртүрлі шеберханаларда да жұмыс істеп жүрміз.

  • Ал қазір өзіміз жұмыс істеп жатқан шеберханаларымызбен келген қонақтарды таныстырайық. Сонымен бірге еңбегімізді көрсетейік.

«Қамшы өру» шеберханасы

Шеберханада ұста, шеберлердің көмегімен жұмыстарына кіріседі. Шеберханада қызу жұмыс басталады.



  • Балалар, сендер өздерің жұмыс істеп жатқан шеберханаларың жайында не айта аласыңдар?

  • Мүмкін қолөнер туралы тақпақ, мақал-мәтел айтарсыңдар.

  • Әрі кішкене демалып алайық.




  • Жарайсыңдар. Бүгінгі бізге келген қонақтар сендердің жұмыстарыңа риза болған шығар деп ойлаймын.

Балалар теледидар көреді.

Балалардың жауабы.

Балалар өздері жұмыс істейтін шеберханаларына барады.


Балалар шеберхана, қазақ ұлтының қолөнері жайында білетін тақпақ, мақал-мәтелдерін айтып береді.


Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем апамды.


Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өрнегі көптің ермегі көп.

(Халық мәтелі)

Өнерсізден құт қашар.

(Махмұд Қашқари)

Ойсыздан оюшы шықпайды.

(Халық мәтелі)

Оюды оя алмаған ойланбаған.

(Халық мәтелі)

Шеберлікке мін жоқ.

(Халық мәтелі)

Қол өнері – кілемде,

Сөз өнері – өлеңде.

(Халық мәтелі)

Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән.

(Халық мәтелі)

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

(Халық мәтелі)

Шебердің саусағы алтын.

Рефлексивті-түзетушілік

  • Міне, балалар, біздің бүгінгі жұмыс уақытымыз да аяқталып қалды. Қонақтармен қоштасып, тобымызға қайтайық.

Қорытынды жасайды.





Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақтың қолөнері жайында біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қамшы өру өнерін меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қолөнері туралы өз ойларын айта алады және жасап көрсете алады.

Тәрбиеші: Жумабаева Б.К.

Тексерген: _________________

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

02.10.2013ж.

Тақырыбы: «Әдептілік әліппесі»

Мақсаты: Балаларды достыққа, татулыққа,бір – біріне жылы шырай білдіріп, әдептілік сақтауға, өзара жәрдемдесуге үйрету.

Білімділік міндеті:Басқаның пікірімен санасу, өтірік, еріншектік сияқты жағымсыз мінездерден сақтандыру, қыз балаға жол беру сияқты әдет- ғұрыптарды меңгерту.

Дамытушылық міндеті: Тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік міндеті: Адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

Послушен будь, и вежлив будь,
И уступай прохожим путь,
А старость уважай.

Младших никогда не обижай.

Сөздік жұмыс: Әдептілік, әдет

Көрнекіліктер:Мазмұнды суреттер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №3

Көркем сөз:

Послушен будь, и вежлив будь,
И уступай прохожим путь,
А старость уважай.

Младших никогда не обижай.

Шаттық шеңберін құрады

Қайталайды




Ұйымдастыру- іздестіру

Тәрбиеші: балалар, мына көрініске назар аударайықшы.

Сұлтан топта машинасымен ойнап отырды.



  • Олжас : - Машинанды бер ойнайын. (Рұқсатсыз машинасын алды)

  • Сұлтан: Олжас неге тартып алдың, сұрасаң беретін едім ғой. (ОлжасСұлтанның машинасын ойнап отырып сындырып алды).

  • Сұлтан машинаңды ал деп лақтырып тастады.

Тәрбиеші: Балалар, бұл көріністе кімнің қылығы дұрыс қалай ойлайсыңдар?

Тәрбиеші:

-Иә балалар сендер дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге әдептілік жайында не істеу керектігі туралы айтып берейін. Онда мынадай тиым өсиеттерді тыңдайық.

1.Балаларға бірін-бірі балағаттауына болмайды.

2. Ер балалардың қыздарға дөрекі сөз айтуына, оларға қол жұмсауына

болмайды.

3. Бала алатын затын біреуден рұқсат сұрап ала керек, алған нәрсесін рахмет айтып уақытында қайтаруы керек.

4. Қыздардың ер баланы тебуіне болмайды.

5. Есікті теуіп ашуға болмайды.

6. Балалар бір-бірінің бас киімдерін лақтырып ойнауына болмайды.

Тәрбиеші: Балалар мынадай қағидаларды күнделікті әдетке айналдырыңдар.



  1. Әдет қыл бұл ісіңді

тазалап жүр тісіңді

2. Саусағыңды сормағын

Салдыр- салақ болмағын

3. Аяқ-қолың болмай кер

Тырнағыңды алып жүр
Мақал-мәтел жаттайық.

Әдепті бала- арлы бала

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Д.ойын: «Кім дұрыс жауап береді?»

Тәрбиешінің қойған сұрағына дұрыс әрі тез жауап беруі керек.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Беті қолды жуайық,

Бойымызды жазайық,

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.




Балалардың жауабы

1 бала: Олжастың дөрекі қылығы дұрыс емес.

2 бала: Сұлтаннан рұқсатпен алуы керек еді.

Тәрбиеші: Қандай сөз айту керек еді?

3 бала: Рұқсат па, алуға болады ма деп.



Рефлксивті-түзетушілік

  • Балалар, әдет, едептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс, балалар, әдептілік деген ол жақсы қасиет.

  • Үнемі әдепті, тәрбиелі қылықтар ғана көрсету керек.

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларға мадақтаулар айтамын.

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Әдет, едептілік деген не екенін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді меңгерді.

Тәрбиеші: Жумабаева Б.К.

Тексерген: _________________

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

25.09.2013ж.

Тақырыбы: Тыйым сөздер, ұйқастар.

Мақсаты:Жас ұрпақтың санасына, жүрегіне туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату.

Білімділік міндеті:Тыйым сөздердің ізгілігін түсінуге үйрету

Дамытушылық міндеті: Тыйым сөздер арқылы тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік міндеті: Ұлттың өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті:Тілдің грамматикалық құрылыс дағдыларын жетілдіру.

Қостілділік компонент:

Слово это словно ключик,

Золотой и сказочный,

Словно самый светлый лучик,

Звать его “ Пожалуйста ”.

Во дворе, в семье, в саду,

Слово это трудится,

У того, кто с ним в ладу,

Все на свете сбудется.

Сөздік жұмыс: Тыйым сөздер

Көрнекіліктер:Мазмұнды суреттер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №2

Көркем сөз:

Слово это словно ключик,

Золотой и сказочный,

Словно самый светлый лучик,

Звать его “ Пожалуйста ”.

Во дворе, в семье, в саду,

Слово это трудится,

У того, кто с ним в ладу,

Все на свете сбудется.


Шаттық шеңберін құрады

Қайталайды



Ұйымдастыру- іздестіру

  • Балалар, тыйым сөздер деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  1. «Адамға қарап қолыңды шошайтпа»- дегенді қалай түсінесің?

Ол әдепсіздік болып саналады.

  1. «Жуған қолыңды сілкіме» тазалықты сақта,несібеңді , ырысыңды шашпа деген

  2. Үйге қарай жүгіруге болмайды –

сабырлы тәртәпті бол деген

  1. Біреуге қарап ерін,тілді шығаруға

болмайды -әдепсіздік белгісі.

«Сотқарбала»аттыәңгімесінсахналау.

- Ербол менЕрнарекі дос ,ойнапжүреді, көшедекетіпбаражатқанүлкенкісігеЕрнар ерніншығарады. Алүлкенкісіжақынкеліп «баламадамғақараперніншығаруғаболмайды, бұләдепсіздіккежаиады» дейді. Сонда Ернар қып-қызыл боп ұялып қалады.



  • Балалар, «Сотқарбала» аттыәңгімеұнадыма?

  • Ербол мен Ернар ойнапжүріпкімгежолықты?

  • Ернар оған қандай қылық көрсетті?

  • Үлкен кісі оған не деді?

Сұрақ-жауап арқылы баланы әңгімеге тарту. Әдептілікке үйрету.

Рөлдерге бөліп ойнату.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Беті қолды жуайық,

Бойымызды жазайық,

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.


Балалардың жауабы.

Балалардың жауабы.



Рефлксивті-түзетушілік

  • Балалар сендер үлкендерді сыйлайсыңдарма?

  • Сыйлау жақсы қасиетпе немесе сыйламаған дұрыс па?

  • Адамдарды сыйламайтын бала қандай бала?

  • Біз әдепсәз бала боламызба?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларға мадақтаулар айтамын.

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.





Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Әдептілікті, үлкендерді сыйлауды.
Қандай түсініктерді игерді: Тыйым сөздердің мағынасын білді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді меңгерді.

Тәрбиеші: Жумабаева Б.К.

Тексерген: ________________

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы: «Ұлттық дидактикалық ойындар»

Мақсаты: Балаларды қазақтың дидактикалық ұлттық ойындарымен таныстыру.

Білімділік міндеті: Олардың атын біліп, қалай ойналатыны жайлы түсіндіру,ұлттық ойындардың дене тәрбиесіндегі маңызы жайлы әңгімелеп , оларды ойнап білуге үйрету.

Дамытушылық міндеті: Балалардың ой өрісін дамыту, қимыл – қозғалысын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Ептілікке , шапшаңдыққа, ұлттық аыл мұрамызды сақтай білуге тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

Умный, сильный наш народ

Далеко глядит вперед

Предание старины

Забывать мы не должны!

Сөздік жұмыс: «Моншақ ойыны», «Қалалар ойыны», «Қожанасыр қоржыны»

Көрнекіліктер: Ұлттық дидактикалық ойындар.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №3

Көркем сөз:

Умный, сильный наш народ

Далеко глядит вперед

Предание старины

Забывать мы не должны!


Шаттық шеңберін құрады

Қайталайды




Ұйымдастыру- іздестіру

  • Балалар, біздің ұлтымыз қандай?

  • Әр ұлттың өз ұлттық дидактикалық ойындары болады,ал, сендер қандай ұлттық дидактикалық ойындарды білесіңдер?

  • Ендеше, балалар , біз бүгін осы ойындарға тоқтала кетейік.

«Моншақ ойыны», «Қалалар ойыны», «Қожанасырдың қоржыны»

«Моншақ ойыны»


Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Балаларды екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.
«Қалалар ойыны»
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері: қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент.

«Қожанасыр қоржыны ойыны»


Ойынның мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, балаларға тапсырмаларды тарату. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады.
Мақал-мәтел жаттайық.

«Ойында озған бала, өмірде де оза біледі»



Д.ойын: «Кім дұрыс жауап береді?»

Тәрбиешінің қойған сұрағына дұрыс әрі тез жауап беруі керек.



Сергіту сәті

Кел, балалар, келіңдер,


Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.

Балалардың жауабы

1 бала: Жуан және жіңішке әріптерді табу.

2 бала: Қағазға жуан және жіңішке әріптерді жазу..

Тәрбиеші: Қандай сөз айту керек еді?

3 бала: Жазған әріптерді моншаққа тізу.



Рефлксивті-түзетушілік

  • Бүгінгі сабақта не туралы білдік?

  • Қандай ұлттық дидактикалық ойындарды білесіңдер?

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар ұлттық дидактикалық ойындарын жақсы біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Ойындарды шартымен ойнауды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балалар сұрақтарға жауап бере біледі, өз ойларын ашық айта алады.

Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.


Бұл – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал.
“Ой – ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын – ойын.

“Моншақ”ойыны


Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.
“Қалалар” ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері: қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент.

“Сұрақ – жауап” ойыны.


Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?

Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.

“Соңы кім?” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады.
Ойынды жургізу тәртібі:

Жаз
|


ыстық
|
жазғы каникул
|
тамыз
|
күнге күю
|
шомылу

“Сиқырлы ағаш” ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.

Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:


Сұрақтар:

1. Сенің отбасың қандай?


2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?

“Асхана” ойыны.

Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау.
Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып шығады.
Керекті сөздер:
Аспаз------------Балық
Шанышқы-----Тұшпара
Палау------------Ботқа
Тәрелке---------Кесе
Сүт---------------Шәйнек
Ет-----------------Қасық
Дәмді-----------Сорпа
Тәтті-----------Ас
Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.

“Орныңды тап “ойыны.


Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

“Жоғалған әріптер” ойыны.


Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран

к... тап
к... ктем


... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

“Қожанасыр қоржыны”ойыны.


Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады.
Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.

Тапсырмалардың үлгілері: сөздерді қазақшаға аудар:


Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.

Сөзді септе: жолбарыс

Сандарды сөзбен жаз:

25 + 7 = 32


150/30 = 50
10 + 3= 13
43 – 20 =23
90 – 40 =50
80 + 25 =105
5
Жұмбақтың шешуін тап: “ Үйіңнің ол тұрағы,
Беті - қолын жуады,
Жолбарысқа түсі ұқсас,
Екі көзі қырағы.”
( мысық )

Сөйлемдерді қазақша жаз:


Это школа. Она большая, высокая, красивая, двухэтажная. В школе много учеников. Они учатся. Их учат учителя. Учителя дают ученикам знания.

“Аукцион” ойыны.


Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

“Сұрақ – жауап” ойыны.


Ойынның мақсаты: сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Ойынның шарты: қатты қағаздан 40 карта жасау. 20 картада сұрақтар, қалған 20 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен жүреді. Келесі оқушы сұраққа жауап беретін картамен басады.

“ Жалғасын тап” ойыны.


Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

“ Сиқырлы қоржын” ойыны.


Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.

Ойынның шарты: тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне сұрақтар салу. Оқушылар бір - бірден шығып қоржыннан сұрақтарды алып оқиды.


Сұрақтар: Сен қайда тұрасың?
Сенің Отаның қай ел?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Елтаңбада не бейнеленген?
Әнұранның авторлары кімдер?
Солтүстік Қазақстан неге бай?
Сен қай көшеде тұрасың?
Сен неше жастасың?
Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
Кім нан пісіреді?
Кім етік тігеді?

Кері қайту



Ілмек сөздер: дидактикалық материалдар, дидактикалық ойындардың үлгілері

Ұқсас жаңалықтар:


Тақырыбы: Ұлттық қимылды ойындар

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, олардың атын біліп, қалай ойналатыны жайлы түсіндіру. ұлттық

ойындардың дене тәрбиесіндегі маңызы жайлы әңгімелеп, оларды ойнап білуге үйрету.

Көрнекіліктері: Суреттер, асықтар,бет орамалдар т.б.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз ұлттық қазақ ойындарымен танысамыз. Кәне өздерің айтындаршы, ұлттық ойындарға қандай ойындар жатады.

Балалар: Асық ату, орамал тастау, алтын сақина, қыз қуу.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. бұл ойындарды біз сендермен

күнделікті ойнап жүреміз. Ал енді балалар біз тек ат үстінде

ойналатын ұлттық ойындарға тоқталамыз.Ат үстінде ойналатын ойындарға «Аударыспақ» жатады (назарларын суретке аудару). Бұл ойынға екі адам қатысады. Аттың үстінде екеуі аласып, белгілі бір уақытта қайсысы жерге құлап түссе сол жеңіледі.

Көкпар -ойыны

Бұл ойын да ат үстінде ойналады.(Балаларды ойнату)

Тәрбиеші: Кәне кім шығады, ойнап көрейік. Балалар ортаға шығады ойынның шартын түсіндіру.Бұл ойында екі топ екі жаққа бөлініп қай топ көкпарды мәреге апарса, сол топ жеңіске жетеді.

.Бәйге- ойыны

Тәрбиеші: Суретке қараңдаршы. Атпен не істеп жатыр?

Балалар. Жарысып жатыр.

Тәрбиеші: Атпен жарысып кім бұрын мәреге жетсе сол жеңімпаз атанады.



Қыз қуу.

Тәрбиеші: Балалар кім шығады?

Балалар: Динара мен Ернұр шығады.

Тәрбиеші: Ойынның шартын түсіндіру.



  • бұл ойында бірінші жігіт қызды қуады, жетіп алса, қыз оған бетінен сүйгізеді, ал жете алмаса қыз жігітті қамшымен ұрады.

  • Балалар кәне ойынды тамашалайық.

  • Динара озып кетті, Ернұр қалып қойды. Ернұрды Динара қамшының астына алды. Динара жеңіске жетті. Қол соғайық.

Теңге алу – ойыны.

Бұл ойын жігіттердің ептілігін көрсетеді. Атпен шауып келе жатқан ол жердегі теңгені алып үлгеруі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет