Мақсаты:Ұлттық құндылықтарымызбен кеңінен таныстыру.
Білімділік міндеті: Балалардың салт-дәстүріміз туралы білімдерін кеңейту. Тоқымқағар жорал-
ғыларын дәріптеу,білімдерін бекіту.
Дамытушылық міндеті: Балалардың ойлау қабілеттерін, ұзақ уақыт есте сақтау, есту қабілеттерін, сөздік қорларын, актерлік шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Балалардың рухани қасиеттерін дамыту, салт - дәстүрді құрметтеуге,
ұқыптылыққа, бірлікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Түзетушілік міндеті: Сөздерді анық, таза айтуды қалыптастыру
Қостілділік компонент:
Я на стол накрыла,
Заварила чай.
На крылечко вышла
Я гостей встречать.
"Вас я видеть рада,
заходите в дом"
Усажу всех рядом,
за одним столом.
Сөздік жұмыс: тоқымқағар
Көрнекіліктер:Дидактикалық ойын: «Дастархан әзірле» , «сөз ойла, тез ойла»,ұлттық ойындар.ұлттық бұрышта «Нағашымның ауылы»
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс- әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері №2
Көркем сөз:
Я на стол накрыла,
Заварила чай.
На крылечко вышла
Я гостей встречать.
"Вас я видеть рада,
заходите в дом"
Усажу всех рядом,
за одним столом.
Нағашымның ауылына қонақа барамыз.
|
Балалар ат арбаға отырып,Нағашыларының аулына келеді,әндетіп.
|
Ұйымдастыру-Іздестіру
|
Балаларды нағашы ата -әжелері қарсы алып,дастарханға шақырады.
Ата-әжесі бес жасқа толған немересінің ұзақ жолға шығып өздерін іздеп келгеніне риза болып бата береді:
Рамазан өмір жасың ұзақ болсын,
Үлкен азамат бол!
Халқыңның қалаулы ұлы бол!
Ал,балалар келген қадамдарың құтты болсын!
Рамазанға біз тоқым қағар жасап,оған ат сыйға береміз,аттай жүйрік болсын деп.
Сергіту сәті: «Санамақ»
Ботақан сен тұр,
Түйеңе бар.
Құлыншақ сен тұр,
Биеңе бар.
Бұзау сен тұр,
Сиырыңа бар.
Қозы сен тұр,
Қойыңа бар.
Балалар сендер,
Нағашыларыңа барыңдар.
Ұлттық ойын «Сақана салмақ»
Дидактикалық ойын:
«Дастархан әзірле» ата- әжеге қонақжайлылық көрсету.
Мақал - мәтел
«Ана көрген, тон пішер.
Ата көрген, қамшы өрер»
|
Балалар жақсы тілек айтады,тақпақ,өлең
айтып ,нағашыларына
көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Балалар ата-әженің әңгімесін мұқият тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді.
Ата-әженің сыйлығын қабылдап,батасын алады.
Балалар аса бір қуанышпен ата-әжемен бірге сергіту сәтін орындайды.
Балалар өздерінің зерек
екендіктерін көрсетеді.
Сақина кімде екенін
анықтап,ойынды жалға-
ыстырады.Ойынның мақсатына жетеді,шартарын дұрыс орындайды.
Қона күту рәсімдерін
жасайды.
Мақал-мәтел жаттайды.
Мағнасын талдайды.
|
Рефлексивті- түзетуші
|
Балалар «Қошақаным»әнін орындап,
ата-әжемен қоштасып,балабақшаға
қайтады.
Балалардың іс-әрекетін мадақтау.
|
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Туыстық атауларды,салт -дәстүрді мерекелеу рәсімдерін
Қандай түсініктерді игерді:Тоқымқағар дәстүрінің орындалуы ерекшеліктерін.
Меңгерген іскерліктері мен дағдылары:Қонақ күту,дастархан әзірлеу.
Тәрбиеші: Бапахова Р.Ж.
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы
5.11.2015ж.
Тақырыбы: «Тұрмыстық салт-дәстүр» (тұсау кесеу)
Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызбен кеңінен таныстыру.
Білімділік міндеті: Балалардың салт -дәстүрімізбен таныстырып,рәсімдер туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық міндеті: Балалардың ойлау қабілеттерін, ұзақ уақытты есте сақтау қабілеттерін дамыту, есту қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, әртістік шеберліктерін арттыру, қимыл қозғалыстарын дамыту.
Тәрбиелікміндеті: Балалардың рухани қасиеттерін арттыру,қартарымызға қамқор болуға,салт-дәстүрімізге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Түзетушілік міндеті: Сөздерді анық айтуды қалыптастыру
Қостілділік компонент: Ұлттық салт-дәстүр-народный обычи.
Көрнекіліктер: Дидактикалық ойын, «Қуыршақты киіндір» , «Сөз ойла, тез ойла», Жайлаудың макеті, көрініс суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс- әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Сазды әуен ойналып,ат арбамен
Әженің аулына қонаққа бару.
Шаттық шеңбері:
Қуыр-қуыр,қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Апа келсе,есік аш,
Қасқыр кесе,мықтап бас.
|
Балалар Әженің аулына келеді.
Шаттық шеңберін
көңілді орындайды.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар тәрбиешімен бірге Ұлттық бұрышта Әженің аулында «Тұсау кесер» тойын мерекелейді.
Тәрбиеші балаларды ролдерге бөліп,театрлық сахналауды
ұсынады.Әрқайсысының іс-әре-
кеті түсіндіріледі.Тәрбиешіәже ролінде ойнап,балаларға бағыт беріп отырады.Балаларды қарсы алып,қонақ жайлылық көрсетіп,дастарханға шақырады
Тұсау кесер рәсімін көрсетеді.
Қуыршақты бесіктен шешіп алып,әндетеді.
Сылдыр,сылдыр,сылдырмақ,
Шақырады сылдырлап,
Қарайды қуыршақ,
Қарайды құлыншақ.
Тәй -тәй басып,жүре ғой.
Үйдің ішін аралап,келе ғой.
Ала жіп байлап,тұсауын кеседі.
Шашу шашып ән-жырмен мер-
екені жалғастырады.
Дидактикалық ойын:
«Қуыршақты киіндір»
«Ал,балалар Әмина бөпелеріңе
бүгінгі алғашқы қадамына нұр
жаусын! деп туыстары сыйлыққа көйлек,әдемі жиде т.б.көптеген киімдер жіберіпті
енді сендер оны әдемілеп киін-
діріп берсеңдер»-деп тапсырма
береді.
Сергіту сәті:
Топ- топ,топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн.
Әже Әминаның көңілін көтеру
үшін балалардың ұлттық оркестрді ойнауларын сұрайды.
Домбырада,біз ойнаймыз,
Домбыр,домбыр,домбыра.
Қылқобызда,біз ойнаймыз,
Қобыз,қобыз,қылқобыз.
Дауылпазда,біз ойнаймыз,
Дауыл,дауыл,дауылпаз.
Оркестрда,біз ойнаймыз,
Биде,билеп береміз.
|
Балалар эмоциямен келтіреді.
Өздеріне берілген ролдерде ойнап,өздерінің бар
өнерлерін көрсеттеді.
Балалар Әжеге қосы-
лып ән салады.Бесік
тербетіп қуыршақты
шешіп алады.
Қуыршақтың тұсауы
Кесілген соң шашу
жинап,жетектеп тәй-
тәй бастырады.
Балалар Әминаны әдемі етіп өз талғамдарымен киіндіреді.
Балалар жатқа айтып, іс- әрекетпен көрсетеді.
Балалар,Әминаға
Ән салып,оркестрда
Ойнап,би-билеп қөң-
ілін көтереді.
|
Рефлексивті- түзетушілік
|
Балалар Әминамен қоштасып,
Әжеге рахмет айтып қоштасады.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын менде аман.
|
Балалар «Әрқашан
күн сөнбесін»әнін орындап,Әминаға
жақсы лебіздерін
білдіріп қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Ұлттық салт -дәстүрдің тойланы жолдарын.
Қандай түсініктерді игерді:Тұсаукесу,шашу,мерекелеуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Дәстүрді ойын әрекеті түрінде қабылдау, рольдерде ойнау.
Тәрбиеші: Абдыкаримова Э.А.
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компоненті бойынша
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
19.11.2015ж.
Тақырыбы: Тұрмыстық салт - дәстүрлер (шілдехана)
Мақсаты: Балаларға тұрмыстық салт - дәстүрлеріміз жайында түсінік беруді жалғастыру.
Білімділік міндеті: Салт - дәстүріміздің бірі«шілдехана» тойы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық міндеті: Ой – өрістерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ата бабамыздан келе жатқан салт дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Қостілділік компонент:Шілдехана – праздник для новорожденного
Сөздік жұмыс: Салт – дәстүрімізшілдехана
Көрнекіліктер:Тақырыптық суреттер, ТСО, салт дәстүріміз бейнеленген бейне таспалар көрсету,бесік, қуыршақ.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Көңілді шеңбер №14
Көркем сөз:
Дүниемен тілдесіп,
Ақын жатқан бұл бесік.
Ұжданымен бірлесіп,
Батыр жатқан бұл бесік
|
Балалар тыңдайды.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар, мына өлең жолдарында не туралы айтылған екен?
Әрине, шілдехана туралы.
Сондай баланың дүниеге келуіне байланысты жасалынатын тойлардың бірі «Шілдехана» ол баланың дүниеге келгеніне арналған мереке.
Әңгімелесу
Баланың дүниеге келуі үлкен бақыт, қазақтар ұлан асыр той жасайды, бала дүниеге келгенде.
Ақындар, әншілер өлең айтып, қуанышқа бөленеді.
Балаға атасы ат қойып, құлағына үш рет айқайлайды. Содан соң әріқарай бесікке салу тойына ұласады.
Бесік – тәрбиенің басы. Бөленген бала мезгілімен жатып, мезгілімен оянуға және тазалыққа дағдыланады.
Қол аяғы бос нәресте ұйқысы бұзылып, дұрыс ұйықтай алмайды екен.
Сондықтан, бірінші күннен бастап ана мен баланың денсаулығын ойлағандар баласын бесікке бөлеу керек.
Сонан кейін әже бесікті алып, «Құдай, пәле-жаладан, тіл-көзден сақта!» деп адыраспанмен аластайды. Бұл ауру-сырқаудан аман болсын деген ырым.
Бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды.
Бесік жырында ананың баласына деген мейрімі мен махаббаты беріледі.
«Бесік жырын» айтады.
Анаңның көңілі болар жай.
Тәрбиеші: - Міне, балалар, осындай рәсімнен кейін, яғни, бесікке салып болған соң, ет желініп, ән айтылып, той басталып, келген қонақтар сыйлығын алып тарасады.
|
Балалардың жауабы.
Шілдехана туралы естерінде қалғандарын айтады.
Балалар ұйып тыңдайды.
Слайдтан тамашалайды.
Әжемен сәлемдеседі.
Балалар қызығушылықпен бесікке салуды тамашалайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Бесікке салу рәсімін өткізіп болған әже:
- Балалар, мүмкін сендерде тойға шашу алып келген боларсыңдар?
Кәне, бесік жырын жатқа білетіндерің бар ма?
Ой, жарайсыңдар, балаларым.
Өздерің менен де көп біледі екенсіңдер, бесік жырын. Өркендерің өссін! Ал енді мен қайтайын. Тойларың тойға ұласа берсін! (әже қоштасады.)
Сұрақ-жауап әдісі арқылы тақырыпты қорытындылайды.
|
Балалар өздері білетін бесік жырларын еске түсіріп, айтып береді.
Жылама, бөпем, жылама,
Жылағанмен бола ма?
Жылама, бөпем, жылама,
Анашыңды қинама.
Исің тәтті балдан деп.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақтың тұрмыстық салт – дәстүрлері жайында көп мағлұматтар алды.
Қандай түсініктерді игерді: «Шілдехана» тойын не үшін жасайтыны туралы түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «Шілдехана» тойы жайында қысқаша өз ойларын айта алады. Сұрақтарға толық жауап бере алады. Бесік жырларын жатқа біледі.
Тәрбиеші:Бапахова Р.Ж.
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компоненті бойынша
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
26.11.2015ж.
Тақырыбы: Тұрмыстық салт - дәстүрлер. (бесікке салу)
Мақсаты: Балаларға тұрмыстық салт - дәстүрлеріміз жайында түсінік беруді жалғастыру.
Білімділік міндеті: Салт - дәстүріміздің бірі «Бесікке салу» тойы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық міндеті: Ой – өрістерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ата бабамыздан келе жатқан салт дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Қостілділік компонент:Бесікке салу – праздник колыбели
Сөздік жұмыс: Салт - дәстүріміздің бірі «Бесікке салу»
Көрнекіліктер:Тақырыптық суреттер, ТСО, салт дәстүріміз бейнеленген бейне таспалар көрсету,бесік, қуыршақ.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Көңілді шеңбер №14
Көркем сөз:
Дүниемен тілдесіп,
Ақын жатқан бұл бесік.
Ұжданымен бірлесіп,
Батыр жатқан бұл бесік
|
Балалар тыңдайды.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар, мына өлең жолдарында не туралы айтылған екен?
Әрине, бесік туралы. Дұрыс айтасыңдар.
Өздерің білесіңдер біз өткен оқу іс-әрекетімізде «Шілдехана» тойы туралы айтқанбыз және баланың өмірге келген күнінен бастап той бертінін білеміз.
Сондай баланың дүниеге келуіне байланысты жасалынатын тойлардың бірі
«Бесікке салу» деп аталады екен.
Әңгімелесу.
Бесік деген сөз Отан деген сөздің алғашқы ұғымы. Отан қауіп-қатерден аулақ, тыныштықта болса, онда өмір сүрген халық та алаңсыз, қорқынышсыз өмір сүреді. Сол сияқты бесікте жайбарақат қауіпсіз жатады.
Бесік – тәрбиенің басы. Бөленген бала мезгілімен жатып, мезгілімен оянуға және тазалыққа дағдыланады.
Қол аяғы бос нәресте ұйқысы бұзылып, дұрыс ұйықтай алмайды екен.
Сондықтан, бірінші күннен бастап ана мен баланың денсаулығын ойлағандар баласын бесікке бөлеу керек.
- Міне, балалар, шілдехана тойынан кейінгі той «бесікке салу»
(слайд арқылы көрсетеді)
Бесікке салуға ауылдың әжелерін шақырған. Міне, өздерің көріп отырғандай, ол кісі әуелі бесікті ортаға әкеліп, бесіктің түбек тұратын тесігінен құрт, ірімшік, бауырсақ, қант, күміс тиындар тастап, оны қалған әйелдер шашу ретінде жинап алады. Бұл – бала өскенде туған туыс соның еңбегінің табысын жеп, қуансын деген ырым. Кей жерде мұны «Тышты ма?» деп те айтады.
Осы кезде есік қағылып, қонаққа әже келеді. Қолында тойға шашуы (кәмпиттері) бар.
Амансыңдар ма, балалар? Бүгін мен немеремнің бесік тойы. Немеремді бесікке салайын деп едім. Бәріңді тойға шақырамын.
(Әже қуыршақты бесікке бөлеп көрсетеді. Ала келген кәмпиттерін бесіктің ортасына салып, астынан алып балаларға таратады.)
Сонан кейін әже бесікті алып, «Құдай, пәле-жаладан, тіл-көзден сақта!» деп адыраспанмен аластайды. Бұл ауру-сырқаудан аман болсын деген ырым.
Бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды.
Бесік жырында ананың баласына деген мейрімі мен махаббаты беріледі.
«Бесік жырын» айтады.
Анаңның көңілі болар жай.
Тәрбиеші: - Міне, балалар, осындай рәсімнен кейін, яғни, бесікке салып болған соң, ет желініп, ән айтылып, той басталып, келген қонақтар сыйлығын алып тарасады.
|
Балалардың жауабы.
Шілдехана туралы естерінде қалғандарын айтады.
Балалар ұйып тыңдайды.
Слайдтан тамашалайды.
Әжемен сәлемдеседі.
Балалар қызығушылықпен бесікке салуды тамашалайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Бесікке салу рәсімін өткізіп болған әже:
- Балалар, мүмкін сендерде тойға шашу алып келген боларсыңдар?
Кәне, бесік жырын жатқа білетіндерің бар ма?
Ой, жарайсыңдар, балаларым.
Өздерің менен де көп біледі екенсіңдер, бесік жырын. Өркендерің өссін! Ал енді мен қайтайын. Тойларың тойға ұласа берсін! (әже қоштасады.)
Сұрақ-жауап әдісі арқылы тақырыпты қорытындылайды.
|
Балалар өздері білетін бесік жырларын еске түсіріп, айтып береді.
Жылама, бөпем, жылама,
Жылағанмен бола ма?
Жылама, бөпем, жылама,
Анашыңды қинама.
Исің тәтті балдан деп.
|
Достарыңызбен бөлісу: |