«Ұлттық дәстүр асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы



бет1/9
Дата12.03.2018
өлшемі1,5 Mb.
#38558
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы

№3 «Балдәурен» ересектер тобы



Күны, айы,жылы: 08.09.2016 жыл

Тақырыбы: «Әдептілік әліппесі»(көлікте,көшеде,мекемеде,үйде)

Мақсаты: Балаларға көшеде, көлікте жүргенде өзін-өзі қалай ұстау ережелері туралы түсінік беруді жалғастыру.

Білімділік міндеті: Көшеде, көлікте мінез-құлық ережелері туралы дағдыларын тиянақтау.

Дамытушылық міндеті: Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Инабаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:
Слово это словно ключик,

Золотой и сказочный,

Словно самый светлый лучик,

Звать его “ Пожалуйста ”.

Во дворе, в семье, в саду,

Слово это трудится,

У того, кто с ним в ладу,

Все на свете сбудется.

Сөздік жұмыс: мінез-құлық.

Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, оқу құралдары.



Іс-әрекет

кезеңдері



Тәрбиешінің

іс-әрекеті




Балалардың

іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №6

Көркем сөз.

Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Траллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.

Көлік, көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен, көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.


  • Өлең не туралы екен?

  • Дұрыс айтасыңдар, көліктер туралы. Яғни, біздің бүгінгі тақырыбымыз сол көліктердегі адамның мінез-құлықтары туралы болмақ.



Балалар тыңдайды.

Көліктер туралы айтылған.


Ұйымдастыру-іздестіру

  • Балалар, біз қазір мынадай ойын ойнаймыз. Кәне, шеңберге тұрамыз.

Біз – көліктерміз. Біріміздің соңынан біріміз тұрып, жыланша ирелеңдеп жүреміз. Мен «Кішкентай көліктер» дегенде отырамыз, «Үлкен көліктер» дегенде тұрамыз.

  • Ал, қазір, орындыққа отырамыз. Келесі ойынның шартын түсіндіремін.

Мен сендерге қысқаша әңгіме оқып беремін. Соның ішінде жағымсыз қылықтар туралы естісеңдер саусақтарыңды көрсетесіңдер, ал жақсы қылықтар туралы айтсам, шапалақтайсыңдар.

Сергіту сәті №41

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды жанға созамыз,

Оңға, солға бұрылып,

Жоғары, төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.



Ойын: «Бағдаршам»

Балалар тәрбиешінің айтқан түсі бойынша алдарында жатқан түсті қағаздарды көтерулері керек.



Суретпен әңгіме.

Суреттегі көлік ішіндегі әртүрлі жағдайларды сипаттаулары керек.



Ойын – жаттығу.

Балалар қызыл дегенде алақанымен көзін жабады, сары дегенде көздерін ашады, ал жасыл дегенде қолдарын жоғары көтереді.




Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.

Ойын тапсырмаларын орындайды.


Сипаттайды.


Қимылмен көрсетеді.





Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылай келе, оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларға мақтау айтады.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.



Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар көліктерде өздерін дұрыс ұстау жайында көп мәлімет алды.
Қандай түсініктерді игерді: Жақсы қылық, жаман қылық деген түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық жауап бере алады.

Қатысқан бала саны:



«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы

3.09.2015ж.
Тақырыбы: «Әдептілік әліппесі»(көлікте, көшеде, мекемеде, үйде)

Мақсаты: Балаларға көшеде, көлікте және мекемеде, үйде жүргенде өзін-өзі қалай ұстау ережелері туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік міндеті: Көшеде, көлікте және үйде, мекемеде мінез-құлық ережелері туралы дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.

Дамытушылық міндеті: Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Инабаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:
СЛОВО "ПОЖАЛУЙСТА"

Слово это словно ключик,

Золотой и сказочный,

Словно самый светлый лучик,

Звать его “ Пожалуйста ”.

Во дворе, в семье, в саду,

Слово это трудится,

У того, кто с ним в ладу,

Все на свете сбудется.

Сөздік жұмыс: мінез-құлық.

Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, оқу құралдары.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті


Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №6

Көркем сөз.

Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Траллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.

Көлік, көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен, көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.


  • Өлең не туралы екен?

  • Дұрыс айтасыңдар, көліктер туралы. Яғни, біздің бүгінгі тақырыбымыз сол көліктердегі адамның мінез-құлықтары туралы болмақ.



Балалар тыңдайды.

Көліктер туралы айтылған.


Ұйымдастыру-іздестіру

  • Балалар, біз бүгін өткен тақырыбымызды жалғастырамыз. Кәне, шеңберге тұрамыз.

Біз – көліктерміз. Біріміздің соңынан біріміз тұрып, жыланша ирелеңдеп жүреміз. Мен «Кішкентай көліктер» дегенде отырамыз, «Үлкен көліктер» дегенде тұрамыз.

  • Ал, қазір, орындыққа отырамыз. Келесі ойынның шартын түсіндіремін.

Мен сендерге қысқаша әңгіме оқып беремін. Соның ішінде жағымсыз қылықтар туралы естісеңдер саусақтарыңды көрсетесіңдер, ал жақсы қылықтар туралы айтсам,

шапалақтайсыңдар. Тек көшеде ғана емес, көлікте де, үйде де, мекемеде де өздеріңді дұрыс ұстай білулерің керек. Ол деген бір жерге барғанда, басқа адаммен кездескенде де бұзықтық жасамай жақсы бала бола білуіміз керек.



Сергіту сәті №41

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды жанға созамыз,

Оңға, солға бұрылып,

Жоғары, төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.



Ойын: «Бағдаршам»

Балалар тәрбиешінің айтқан түсі бойынша алдарында жатқан түсті қағаздарды көтерулері керек.



Суретпен әңгіме.

Суреттегі көлік ішіндегі әртүрлі жағдайларды сипаттаулары керек.



Ойын – жаттығу.

Балалар қызыл дегенде алақанымен көзін жабады, сары дегенде көздерін ашады, ал жасыл дегенде қолдарын жоғары көтереді.



Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.


Балалар мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.

Қимылмен көрсетеді.

Ойын тапсырмаларын орындайды.

Сипаттайды.





Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылай келе, оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларға мақтау айтады.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.



Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар көліктерде және де басқа орындарда өздерін дұрыс ұстау жайында көп мәлімет алды.
Қандай түсініктерді игерді: Жақсы қылық, жаман қылық деген түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық жауап бере алады.
Тәрбиеші:Абдыкаримова Э.А.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

02.10.2015ж.

Тақырыбы: «Мейрімділік, өнегелілік »

Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың әдет-ғұрпын сақтауға, бір-біріне мейрімді бола білуге үйрету.

Білімділік міндеті:Басқаның пікірімен санасу, өтірік, еріншектік сияқты жағымсыз мінездерден сақтандыру, қыз балаға жол беру сияқты ізеттілікті меңгерту.

Дамытушылық міндеті: Тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік міндеті: Мейрімділікке, өнегелілікке тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

Послушен будь, и вежлив будь,
И уступай прохожим путь,
А старость уважай.

Младших никогда не обижай.

Сөздік жұмыс: Әдептілік, әдет

Көрнекіліктер:Мазмұнды суреттер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №5

Көркем сөз:

Послушен будь, и вежлив будь,
И уступай прохожим путь,
А старость уважай.

Младших никогда не обижай.

Шаттық шеңберін құрады

Қайталайды




Ұйымдастыру- іздестіру

Тәрбиеші: балалар, мына көрініске назар аударайықшы.

Сұлтан топта машинасымен ойнап отырды.



  • Олжас : - Машинанды бер ойнайын. (Рұқсатсыз машинасын алды)

  • Сұлтан: Олжас неге тартып алдың, сұрасаң беретін едім ғой. (ОлжасСұлтанның машинасын ойнап отырып сындырып алды).

  • Сұлтан машинаңды ал деп лақтырып тастады.

Тәрбиеші: Балалар, бұл көріністе кімнің қылығы дұрыс қалай ойлайсыңдар?

Тәрбиеші:

-Иә балалар сендер дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге әдептілік жайында не істеу керектігі туралы айтып берейін. Онда мынадай тиым өсиеттерді тыңдайық.

1.Балаларға бірін-бірі балағаттауына болмайды.

2. Ер балалардың қыздарға дөрекі сөз айтуына, оларға қол жұмсауына

болмайды.

3. Бала алатын затын біреуден рұқсат сұрап ала керек, алған нәрсесін рахмет айтып уақытында қайтаруы керек.

4. Қыздардың ер баланы тебуіне болмайды.

5. Есікті теуіп ашуға болмайды.

6. Балалар бір-бірінің бас киімдерін лақтырып ойнауына болмайды.

Тәрбиеші: Балалар мынадай қағидаларды күнделікті әдетке айналдырыңдар.



  1. Әдет қыл бұл ісіңді

тазалап жүр тісіңді

2. Саусағыңды сормағын

Салдыр- салақ болмағын

3. Аяқ-қолың болмай кер

Тырнағыңды алып жүр

Д.ойын: «Кім дұрыс жауап береді?»

Тәрбиешінің қойған сұрағына дұрыс әрі тез жауап беруі керек.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Беті қолды жуайық,

Бойымызды жазайық,

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.



Балалардың жауабы

1 бала: Олжастың дөрекі қылығы дұрыс емес.

2 бала: Сұлтаннан рұқсатпен алуы керек еді.

Тәрбиеші: Қандай сөз айту керек еді?

3 бала: Рұқсат па, алуға болады ма деп.



Рефлксивті-түзетушілік

  • Балалар, мейрімді, өнегелі деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс, балалар, ол жақсы қасиет.

  • Үнемі мейрімді бола біліңдер

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларға мадақтаулар айтамын.

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.


Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Мейрімді, өнеге деген не екенін білді.
Қандай түсініктерді игерді: Адамгершілік қасиет деген тіркестің мағынасын түсінді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді меңгерді.

Тәрбиеші: Бапахова Р.Ж.



«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы: «Адам болам десеңіз»

Мақсаты: Балаларға «адамгершілік», «жақсы адам» ұғымдарының мағынасын түсіндіру.

Білімділік міндеті: Адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық міндеті: Бала бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Жақсылыққа тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Дыбыстарды анық айтуды үйрету.

Қостілділік компонент:

Не читайте лёжа!
С журналом улёгся барсук под сосну,
Тотчас барсука потянуло ко сну.
Но шишка упала с большого сука,
И шишка вскочила на лбу барсука.

Сөздік жұмыс: адамгершілік, жақсы адам.

Көрнекіліктер: суреттер, дәптер, оқулық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді шеңбер №3

Көркем сөз:

Не читайте лёжа!
С журналом улёгся барсук под сосну,
Тотчас барсука потянуло ко сну.
Но шишка упала с большого сука,
И шишка вскочила на лбу барсука.

Балалар қолдарынан ұстап тұрып бір-біріне жақсы сөздерін айтады.



Ұйымдастыру-іздестіру

  • Қайырлы күн,балалар! Сендермен кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын. Сендер де қуанышты сиқтысыңдар. Көздерің күлімдеп тұр. Әрдайым осындай болып жүрсеңдер жамандық деген жоламайды. Кәне, бір-біріңе деген жақсы сөздеріңді айтыңдаршы.Балалар,қандай адамды жақсы адам дейміз?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әрқашан үлкендерге, достарыңа көмектесіп, сыйлай білсеңдер сендерден тәрбиелі, жақсы азамат шығады.

Әңгімелесу

В.Осееваның «Үш ұл» деген әңгімесін оқып береді.

Сұрақ-жауап:

- Сендерге үш баланың қайсысы ұнады? Неліктен?

- Өздерің аналарыңды қалай сыйлайсыңдар?

- Иә, дұрыс айтасыңдар. Жақсы бала жақсы істерімен әрдайым ата-анасын, достарын, туыстарын қуантып жүреді.



Тыныштық сәті.

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап,

бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алураыңды бақылап, бақытқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны жұтқандарыңды сезініңдер. Көздеріңді ашуларыңа болады.
Ойын: «Белсенділік жаттығуы»

Тапсырма:



  • Үлпілдек мақта.

  • Ақша қар.

  • Піскен, ыстық картоп.

  • Ыстық тәрелкедегі сорпа.

  • Кесе толы су.

  • Сабағы тікен райхан гүлі.

  • Домалақ жіп.

  • Сулы сабын.

  • Нәресте.

  • Қозы.

Дәптермен жұмыс.

Бір-бірін сыйлайтын, ешкімді ренжітпейтін, көмектесетін, т.б.
Балалар мұқият тыңдайды.

Балалардың жауаптары.


Балалар шеңберге тұрып, тәрбиеші берген тапсырмаларды қимылмен, ыммен көрсетеді.



Рефлексивті-түзетушілік

біріне деген ыстық ықыласын, сүйіспеншілігін, мейрімділігін сөз еттік. Адамдарға сүйіспеншілік танытып, табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету нағыз жақсы адамға тән қасиет екенін ұғындық.

Жүректен жүрекке.

Әдеп сақтап әманда,

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық,

Қайтарады сағанда.

Кішілерді аяла,

Кісілерден аянба.

Адамдығың көрінсін,

Анадай жансаяңда.

Ынтымаққа қосылда,

Ықылас қой досыңа.

Ар-мақсатың нық болсын,

Ақылыңнан тосылма.

Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты боп өссең сен,

Нағыз адам боласың!


Балалар шеңбер бойына жиналып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: «Жақсы адам» туралы әңгіме құрастыра біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Жақсы, адамгершілік деген түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға дұрыс, толық жауап бере алады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Астана – Отанымыздың жүрегі»

Мақсаты: Балаларға туған елінің, отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен таныстыру.

Білімділік міндеті: Өз ұлты мен басқа ұлт өкілдері жайында түсінііңтерін молайту.

Дамытушылық міндеті: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік міндеті: Отанын, жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

Астана

Астана — это молодость Казахстана!

Астана — это сердце степей!

Астана – это сила и слава,

Это мощь и надежда людей!

Этот город мы любим и славим,

Всё построено здесь на века,

Пусть растёт он, становится краше,

Чтобы жизнь здесь была хороша!

Сөздік жұмыс: Отанымыздың жүрегі.

Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ТСО, слайдтар, Қазақстан Республикасының рәміздері. Ұлттық заттар, киімдер. Топқа күзгі жапырақтар шашып тастау.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді шеңбер №7

Көркем сөз:

Астана

Астана — это молодость Казахстана!

Астана — это сердце степей!

Астана – это сила и слава,

Это мощь и надежда людей!

Этот город мы любим и славим,

Всё построено здесь на века,

Пусть растёт он, становится краше,

Чтобы жизнь здесь была хороша!

Балалар қайталайды.



Ұйымдастыру-іздестіру

  • Балалар, біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

  • Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?

  • Біздің ұлтымыз қандай?

  • Біз қай тілде сөйлейміз?.

Тәрбиеші:

  • Балалар, мынау кең байтақ Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады.

  • Балалар, әр елдің өз рәміздері болады.

  • Мынау біздің Қазақстан Республикасының рәміздері.

  • Әнұран, елтаңба, көк ту.

  • Елбасымыз Әбішұлы Назарбаев. (Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу).

  • Балалар, Астанаға барғандарың бар ма?

  • Онда не көрдіңдер?

  • Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік.

Қим.ойын: «Өз түсіңдң тап»

Ойнымызды қазір серуенде жалғастырамыз.




Балалар сұрақтарға жауап береді.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.
Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен – тек,

Елдің ашық қабағы.
Абай туған, Сәкен туған, Құрметте досым қазақтың жерін Қамбаға жылда алтын дән құйған,

Қазақстан Республикам менің!

Рефлексивті-түзетушілік

  • Міне, балалар, біз Елордасы Астана туралы көп нәрсені білдік.

Әрі қарай сұрақ-жауап арқылы бүгінгі тақырыпты қорытындылады. Жақсы жауап берген балаларды бағалау. 


Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.






Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақстанның астанасы – Астана жайында білді.
Қандай түсініктерді игерді: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінікті игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қазақстан, Астана туралы өз ойларын қысқаша айтып бере алады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Өрттен сақ бол!»

Мақсаты: Балаларға өрт сөндірушілердің еңбегі туралы терең білім беру.

Білімділік міндеті: Отпен, сіріңкемен, тоқпен ойнауға болмайтынын айтып түсіндіру, өрт адам өміріне өте қауіпті екенін айтып, үлкендерді мұқият тыңдай білуге дағдыландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет