Ўлттыќ ќолданбалы ќолґнері негізінде болашаќ мўєалімніѕ кґркемдік ќўзіреттілігін ќалыптастыру


«Ұлттық қолөнері (айшықты ши тоқу қолөнері) негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруды іске асыру жолдары»



бет14/33
Дата22.12.2021
өлшемі303,5 Kb.
#127746
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері

«Ұлттық қолөнері (айшықты ши тоқу қолөнері) негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруды іске асыру жолдары» атты екінші тарауда қазақтың айшықты ши тоқу өнерінің негізінде болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесі (қалыптастырушы эксперимент) ұсынылды және жүргізілген эксперимент нәтижелеріне талдау жасалынды.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу барысында жасалынған арнайы курстың жұмыстық оқу бағдарламасы, сол сияқты бір қатар эксперимент материалдары берілді.
Негізгі бөлім
Біздің зерттеуіміздің басты позициясы оның тиімділігін белгілейтін және проблемаларының аспектілерін кеңейтетін әрі нақтылайтын, кәсіби білім теориясы мен практикасының қажеттігін көрсететін өзекті мәселелерді шешуді қамтитын ғылыми-теориялық негіздерін айқындау болып табылады. Бұл тұрғыда біз ғылыми зерттеу бағытын белгілейтін негізгі әдіснамалық тәсілдерді басшылыққа ала отырып, проблеманың мәнін түсіну үшін, бірінші кезекте, педагогикалық білім жүйесіне бағытталған зерттеу барысы мен нәтижесі тәуелді педагогикалық құбылыстарды тану логикасын айқындайтын негізгі теориялық ұстанымдарды анықтау қажет деп білеміз.

Зерттеудің теориялық кезеңінде зерттелетін объект пен пәннің ерекшеліктерін көрсететін, жаңа деректер мен жинақтаулар беретін негізгі принциптер мен заңдылықтар тұжырымдалатыны белгілі. Бұл кезең қозғаушы күштер мен қайшылықтарды зерттеу, қарастырылатын құбылысқа қатысты объективті және субъективті факторларды сараптау, проблеманың әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық аспектілерін белгілейтін ұғымдық-терминологиялық аппаратты анықтау әрекеттерінен тұрады.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі және оны қалыптастырудың педагогикалық шарттары проблемаларының зерттелу жайын сараптау барысында негізгі ұстанымдарды жүйелік талдау пайдаланылды. Жүйелік талдауды пайдалану зерттелетін проблемаға төмендегідей үлгіде келуді қажет етеді:


  • зерттелетін объектің жүйеқұраушы белгілерін айқындау, яғни базалық категорияларды анықтау;

  • бастапқы категориялардың құрылымын сараптау;

  • зерттелетін педагогикалық құбылыстың теориялық моделін жасау;

  • жүйе дамуының жетекші тенденцияларын, заңдылықтарын анықтау;

  • жүйенің тиісті жағдайы мен шынайы жағдайының арақатысын айқындау;

  • жүйені шынайы деңгейден тиісті деңгейге жеткізу үшін қажетті практикалық ұсыныстар жасау.

Соңғы кезең теория тиянақтылығының негізгі өлшемі болып табылады.

Ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтауды екі бағытта жүргіздік, яғни қолданбалы қолөнерінің педагогикалық мәні мен маңыздылығын қарастыруды жөн көрдік, ол болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі туралы түсінікті айқындауды міндеттеді.

Бірінші бағытты анықтау үшін арнайы әдебиетті талдап, оның нәтижесінде келесі тұжырымға келдік:


  • ұлттық қолданбалы қолөнерінің педагогикалық мәні мен маңыздылығы этномәдени білім беру тұжырымдамасының мән-мәтінінде қарастырылғаны жөн, себебі ол халық педагогикасының бір құралы болып табылады, ал халық педагогикасы өз кезегінде этномәдени білім берудің негізгі мазмұнын жасайды;

  • олай болса, ұлттық қолданбалы қолөнерінің педагогикалық мәні мен маңыздылығы қазіргі заман адамының жалпыадамзаттық кеңістікке кіріктірілуінде өзінің төл мәдениетін бойына сіңіріп, этникалық құндылықтар жүйесіне баулынып, ұлттық сана-сезімі оянып, жеке даралық қасиеттері күшейіп, басқалардың тәжірибесіне сын көзбен қарап тек ұтымды жақтарын өз тәжірибесіне бейімдеуге лайықты, жан-жақты дамыған ұлттық тұлғаны қалыптастыруда көрініс табады.

Ал, екінші бағыт – болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі туралы түсінікті айқындау – бұл біріншіге қарағанда күрделіліеу деңгейдегі мәселе. Себебі, ғылыми әдебиеттерде және педагогикалық зерттеулерде жалпы құзіреттілік ұғымы жиі кездесуіне қарамастан «кәсіби-көркемдік құзіреттілік» түсінігі біздің қол жеткізген деректерде көрінбеді. Сондықтан, бұл түсініктін мән-мағынасын бір қатар ұғымдарды салыстырмалы талдау жасау арқылы ашуды жөн деп санадық.

Бұл қатарға бір жағынан, «құзіреттілік», «кәсіби құзіреттілік», «этнопедагогикалық құзіреттілік» және «даярлық», «кәсіби даярлық», «этнопедагогикалық даярлық» ұғымдары болса, тағы бір жағынан «эстетикалық» және «көркемдік» ұғымдары жатады. Соңғы екеуінің аражігін іс-әрекет ұғымының төңірегінде қарастыра келіп, көркемдік іс-әрекет кәсіби сипатқа ие болса, эстетикалық іс-әрекет тұлғалық қасеиетке тән. Сондықтан, эстетикалық іс-әрекет кәсіби іс-әрекет бола алмайды, керісінше кәсіби-көркемдік іс-әрекет деген түсініктің туындауы әбден мүмкін.



Сонымен, аталмыш ұғымдарды талдап аражігін анықтау барысында біз келесі қорытынды жасадық: болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі педагогтарды кәсіби даярлаудың нәтижесі және кіріктірілген кәсіби-тұлғалық сипаттамасы, яғни кәсіби-көркемдік білімділік және біліктілік, кәсіби-көркемдік іс-әрекетке лайық танымдық іскерлік пен дағдылар, кәсіби мәні бар тұлғалық қасиеттердің бірұтас жиынтығы болып табылады. Ол болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік әрекетінің сапасын анықтайды, үнемі өзгеріп тұратын кәсіби жағдайларда оңтайлы іс-әрекет жасау қабілетінде көрінеді және өзін-өзі дамытуға, өзіндік баға беруге дайындығын бейнелейді. Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің мағынасы оның көрсеткіштері мен критерийлер жүйесінде толық сипаттамасын табады (1- кесте).
1 кесте – Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің өлшемдері (айшықты ши тоқу өнері мысалында)


Компонент тер

Критерийлері

Деңгейлер көрсеткіштері

жоғары

орта

төмен

1

2

3

4

5

Білімділік компонент

Кәсіби-көркемдік білімдер

+

+

+

Кәсіби-көркемдік іс-әрекеті туралы білімдер

+

+

+

Ұлттық қолөнер іскерлердің және суретшілердің шығармашылығы жайлы білімдері

+

+




Ұлттық айшықты ши тоқу өнерінің дәстүрлік ерекшелігі туралы білім

+







      1. кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

Іс-әрекеттік компонент

Шығармашылық ізденіс

+

+

+

Кәсіби-көркем еңбек дағдылығы

+

+




Кәсіби-көркем ізденіс дағдылығы

+







Айшықты ши тоқу өнерінде көркем бейнелік нақыштарды қалыптастыру дағдылығы

+







Тұлғалық компонент

өз мамандығының әлеуметтік маңыздылығын сезіну

+

+

+

кәсіби-көркем еңбек пен кәсіби-көркем ізденіске қызығушылық

+

+




айшықты ши тоқу өнерінде көркем бейнелік нақыштарды қалыптастыруға мұқтаждығы

+







кәсіби-көркем еңбекте айшықты ши тоқу өнерінің қажеттілігіне сенушілігі

+







Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің қалыптасуын анықтауда қолданылатын осындай белгілер жиынтығы ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық үлгісін әзірлеудің бастапқы позициясы болып табылады.

Мамандардың кәсіби-педагогикалық даярлығын модельдеу мәселесіне арналған ғылыми жұмыстар мен диссертациялық зерттеулерді талдау, жинақталған материалды қорыту болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру үлгісін құрастыруға мүмкіндік берді (1- сурет).

Этномәдени білім беру тұжырымдамасы жоғары оқу орнындарында жүзеге асып жатқанымен болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қазақтың қолданбалы өнері арқылы қалыптасуы міндетті турде бағыт алмаған. Сондықтан қарастырып отырған мәселемізге сәйкес болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат етіп алдық. Осы мақсатқа жету үшін аталмыш құзіреттіліктің компоненттерін қалыптастыруға бағытталған міндеттер қарастырылды. Осыған байланысты болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастырудың принциптері анықталды.

Бұл процестің мазмұны – жалпыкәсіби, кәсіби-педагогикалық және кәсіби-көркемдік білімдерді, іскерлік пен дағдыны, кәсіби және әлеуметтік мәні бар тұлғалық қасиеттерді қалыптастырумен анықталды. Әр кезеңнің (барлығы төрт кезең) ерекшелігіне байланысты кәсіби-көркемдік құзіреттіліктің үш компоненттің біреуіне ерекше назар аударылып, оның басымдылығы қамтамасыз етіледі.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері көзделген мақсатқа, қойылған міндеттерге және тағайындалған принциптерге сәйкес алынған. Олар: жоғары кәсіби білім стандарттары бойынша тағайындалған пәндер мен практика бағдарламаларының қосымшаларын, оқытушыларға арналған арнайы семинарлар, студенттерге арналған арнайы курстың, сонымен қатар дәрісханадан тыс өткізілетін жұмыстар ауқымында үйірмелер және практика бағдарламаларының қосымшаларын камтиды.

Осы қаланған мазмұнды жүзеге асыруға толық мүмкіндік беретін педагогикалық технологияны қадағалауды қажет етеді. Бұл технология жоғары оқу орындарының педагогикалық процесіне, кәсіби-педагогикалық, кәсіби-көркемдік іс-әрекеттердің ерекшеліктеріне сай болуы және жоғарыда аталған принциптерге негізделуі тиіс. Мақсатқа жетудің әр кезеңі оқытудың негізгі курсына сәйкес болуы керек, сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың төрт кезеңі анықталды.

Сонымен, біз, біріншіден, зерттеліп отырған құбылыстың негізгі құраушыларын, атап айтқанда болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің мәнін айқындадық. Аталған ұғымның мәні біздің тарапымыздан психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде айқындалып, нәтижесінде зерттеліп отырған құбылыстың мәні өзіне сәйкес келетін білім, іскерлік, дағдылар мен кәсіби әрекет тәжірибесін іске асыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерді тоғыстырушы тұтастық ретінде қарастырылатыны жайында тұжырым жасалды.

«Кәсіби-көркемдік құзіреттілік» ұғымын даярлықтың түрлі аспектілері мен құзіреттілік аспектілерінің өзара тығыз байланысында және үйлесімінде қарастыруға арналған қазіргі психологиялық-педагогикалық теорияларды зерделеу және талдау негізінде зерттеушілер біртұтас педагогикалық үдеріс теориясына сәйкес, аталған құбылыстың қалыптасу критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлерін де белгіледі.

Кәсіби-көркемдік құзіреттілік «құзіреттілік және құзірет», «құзіреттілік және кәсіпқойлық», «құзіреттілік және біліктілік» т.б. ұғымдардың арақатынасын айқындау арқылы анықталды. Осы жағдайлардың негізінде біздің пайымдауымыздағы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі ұғымы негізді және дәлелді болып табылады деп есептейміз.

Екіншіден, зерттеліп отырған құзіреттіліктің құрылымдық компоненттерін сараладық және оларды кәсіби-көркемдік құзіреттілік мәнін анықтаушы негіздегі критерийлер мен көрсеткіштер үйлесімінде көрсеттік.

Үшіншіден, біз құрылымына мақсат, міндеттер, әдістемелік тәсілдер мен ұстанымдар, мазмұн, әдістер, құралдар мен нәтиже енетін болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық моделін жобаладық. Аталған үлгіні әзірлеу негізіне болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың нәтижелерін болжауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштер алынды.

Осылайша, теориялық үлгі жалпы ғылыми әдістер аясында әзірленді және аталған әдістің технологиялық үдерісін пайдалану негізінде және жүйеқұраушы компоненттердің өзара байланыстылығы логикасына сәйкес құрылғандықтан, жеткілікті негіздемелі және дәйекті болып табылады.

Осы негізде оны педагогикалық болжамалы жағдайлардың бірі ретінде іске асыру болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін тиімді қалыптастыруға; кәсіби-педагогикалық әрекетке сәйкес білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибені нәтижелі қолдануға мүмкіндік береді деп есептейміз.

Дайындалған модельді жүзеге асыруы қазақтың айшықты ши тоқу өнерін ұлттық қолданбалы қолөнерінің бір түрі ретінде болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесін жасауды қажет етті. Бұл әдістеме жоғарыда көрсетілген төрт кезеңге жоспарланған әдіс-тәсілдерді пайдаланумен анықталады.

Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік даярлығын қалыптастыру оңтайлы нәтижелі болу үшін бірінші кезеңде оқытушыларды алдын-ала даярлауды талап етеді. Сондықтан, оқытушыларға арналған «Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері» атты арнайы семинардың бағдарламасы жасалып өткізілді. Бұл арнайы семинардың мазмұны 2- кестеде тақырыптық жоспар ретінде көрсетіледі.


2 кесте – «Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері» атты арнайы семинардың тақырыптық жоспары


Тақырып атауы

Дәріс

Семинар

Кіріспе. «Қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу қолөнерінің кәсіби-педагогикалық маңызы» атты арнайы семинардың мақсаты мен міндеті

1

1

Қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу қолөнерінің көркемдік және эстетикалық ерекшеліктері

1

1

Кәсіби-көркемдік құзіреттіліктің ғылыми-педагогикалық негіздері

2

2

Қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу қолөнерінің тұлғалық қасиеттердің және кәсіби-көркемдік құзіреттіліктің қалыптасуына тигізетін әсері

2

2

Қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу қолөнерінің болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда атқаратын ролі

4

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет