М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика



бет10/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#5668
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
§ 8. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ АНТОНИМДЕР

Фразеологизмдер мән-мағынасы жағьшан бір-біріне үйлес геліп, өзара бір-бірі-мен синоним болып жұмсалатындығы сияқты бұлар мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып та қолданыла береді. Тұрақты тіркестердің арасындағы осындай кере-ғар құбылыстарды фразеологиялық антонимдер деп атауға болады. Қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі брлып кездеседі. Мұның бірінші турі -тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді басқадай сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: аты шықты — аты ешті, ат ізін салмады — ат ізін құрғатпады, ашық мінез — тұйық мінез, әлі кірді — әлі кетті, бақ қонды — бағы тайды, беделі артты — беделі түсті, бетінен оты шықты — беті бүлк етпеді, бұл дүние — о дүние, ер жүрек — қоян жүрек, есіне түсті — есінен шықты, жүрек жұтқан — су жүрек, жолыңа гүл бітсін — жолыңа жуа шықсын, май қап — тас қап, көзі тірі — көзі жоқ қисыны келді — қисыны кетті, есік көрген — бесік көрген, мінер

116


жақ — қамшылар жақ, сертке жетті — серттен тайды, соққы жеді-соққы берді, сыр алдырды — сыр бермеді, үміт етті — үмітін үзді, іске алғысыз — іске татыр, оң бата — теріс бата, ақ жүрек — қара жүрек, аузы берік — аузы ашық, аузы жеңіл — аузы ауыр, жас ет — сүр ет, күні туды — күні өтті, еңбегі жанды — еңбегі еш болды, көзіңнің оты өшсін — көзіңнің шырағы жансын, т. б. Фразеологиялық синонимдердін, екінші түрі құрылым-құрылысы жағынан да, қүрамы жағынан да мүлдем басқа сөздер болып кездеседі. Мысалы: соры сорпадай қайнады — көзі ашылды, шөлі қанды — қаны кепті, өркенің өскір — жел-кең киылғыр, сабыр етті — дегбірі қалмады, салт басты — үйлі-баранды, оң жақ (босаға) — жат есік, еңкейген шал — еңбек-теген бала, өлі сүйек — еті тірі, аузына май — жағыц қарыссын, айы оңынан туды — жолы болмады, еңбегі қатпаған — тісі шыққан, өркенің өссін — жүрімің үзілгір, ақ ниет — арам ой, араны ашылды—тәбеті тартпады, әу баста—ақыр соңында, жанын сал-ды — бой тартты, көңіл бөлді — мән бермеді, мойны босады — қолы тимеді, отпен кіріп, күлмен шықты — бұта басын сындырмады, таң атты — күн батты, ұйқысы қанды — көз ілмеді, іш тартты — іргесін аулақ салды, боқ мұрын — қатқан тұяқ, қыр-ғи қабақ — арасынан қыл өтпейді, ауыз жаласты — ат құйры-ғын кесісті, аузы аузына жұқпады — аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсті, бауыр басты — жат бауыр болды, өлі аруақ — тірі жан, кара қазан — қолы ашық, ала қол — қара қылды как жарғав/т. б. Қазақ тілі фразеологиялық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық антонимдерге де соншалықты кедей еместігі байқалады. Мұның бұлай болуы тілдегі сан алуан стильдік сөз қолданыстарымен тығыз байланыстылығында деп түсінген жөн.

§ 9. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ВАРИАНТТАР

Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас (үйлес) келген қүрылымдарды фразеологиялық варианттар деп атайды. Фразеологиялық варианттар екі түрлі болады: а) фонетикалық вариант, ә) лексиқалық вариант. Фонетикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің >. кұрамына енген кейбір сөздердін бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толык, кейде қыскарып айтылуы жатады. Мәселен, ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ, дегенді ай дейтін эже жоқ, кой дейтін қожа жоқ деп те айта береді. Мұндағы ай мен әй, ажа мен әже бір-біріне фонетикалық вариант болып есептеледі. Бұлардын, екі түрлі болып өзгеріп отыруынан түракты тіркестін мағына бірлігіне тигізер ешбір зиян жоқ. Сол сияқты адыра (адыраш) қал, әдіре (эдірем) қал деп те айтыла береді. Мұнда бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толык (адырам — әдірем), кейде ықшамдалып, қысқарып айтылып түрғанымен, тұ-рақты тіркестің мағынасын өзгертуге ешкандай себеп бола алмайды. Стильдік жағынан да пәлендей тигізер ықпалы жоқ. Сон-

117


дықтан да бұлар жеке-жеке фразеологизм емес, бір тұракты тір. кестің екі түрлі түрленіп айтылуы деп есептеледі. Фонетикалық варианттар бір сөздің өз ішінде де түрлі-түрлі болып өзгеріп отыруы мүмкін. Мәселен, ұнжырғасы түсті деген фразеологизм ұнжорга, ұнжорга, енжорга, өнжорға болып та ауызекі тілде айтыла береді. Бірақ бұдан тұрақты тіркестің мағынасы ойсырамайды. Сондайак, пешенеден белгілі дегенді бешенеден, бес ене-ден белгілі деп те айта береді. Осындай параллель түрлердің мынасы дұрыс, анасы қате деп үзілді-кесілді тұжырым жасаудың өзі кейде қатеге ұрындырады. Қашанда өте жиі айтылатын, халық аузындағы форма дұрыс деп есептеледі. Лексикалық варианттар фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасады. Мысалы: ағама жеңгем сай — апама жездем сай, аға өлсе, іні мұра — аға өлсе, жеңге мұра, адыра қалды — қаран калды, ажар білдірді — қабақ білдірді, азуы алты карыс — азуы^кере карыс, ай дала — жапан дала, айтып-айтпай вемене — айтып-айтпай не керек, айт-үйт жоқ — ай-шай жоқ — ай жоқ, шай жоқ, ақылы ауысты — есі ауысты, ала кеуім — ала көлеңке. алақанын жайды — қолын жайды, албасты басты — әбілет басты — қара басты, алдына кара салмады — алдына жан салма ды, амал жоқ — амал нешік, ант атқан — ант ұрған, артына түсті — соңынан түсті, аспанмен таласкан — аспанмен тілдес кен, атарға оғы жоқ — атарға оғы болмады, ат кекілін кесті ат құйрығын үзді, аузы-мұрнынан келді — аузы-мұрнынан шық ты, ауыздыға сөз, аттыға жол бермеді, аяғынан тік қойды — аяғынан тік тұрғызды, аяқ астынан — табан астынан, даңғы жол — сара жол, егде тартты — мосқал тартты, екі дай бол ды — екі жар болды — екі жақ болды, жас өспірім — жас ұлан — жас түлек т. б. Кей жағдайда фразеологизмнің құра мындагы әрбір сөзден әр түрлі варианттар өрбиді. Мысалы Көңілге қуат (медет, медеу) қылды (түтты, етті), Көңілден кір (дак, дық, кірбің, қаяу, қылау) арылды, ашылды, кетті, көңи ауды (бөлінді, кетті, құлады). Көңіл көншіді (жайланды, тынды, орнықты, демдеді), көңілін жыртты (жықты, қайтарды, қал дырды), көңілі өсті (сергіді, тасыды, шалқыды), кірерге же\. (тесік, көр) таппады, Қабағы салыңқы (жабыңқы, түйіліңкі, ка тулы, қатыңқы, салық), Маңдайыныц соры бес батпан (бес елі, кере қарс), Мұрттай (калпақтай, жұлындай) түсті (ұшты) т. б. Лексикалық варианттардың бір-бірінен сәл болса да ерекелігі байкалады. Сондықтан бұларды фразеологизмдердің синонимдік тәсілімен түрленуі деп те атауға болады. Варианттарда (фонетикалык, лексикалык) қалайда ең кемі бір сыңары ортақтаса қолданылса, синонимдес фразеологизмдерде ешбір компонент қайталанбайды. Қайталанған күнде кұрылым-құрылысы-мен қатар мағынасын да сәл өзгертіп, стильдік мән алады. Мә-селен, аза бойы қаза болды аза бойы тік тұрды, ала ауыз — алты бақан ала ауыз дегендердің мән-мағыналары нақ бірдей деуге болмайды. Соңғыларының айтарлықтай семантикалык ал-

118


шақтығы болмағанымен, стильдік мәні алғашқыдан гөрі күш-тірек, әдемділеу сезіледі.

§ Ю. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ШЫРУ АРНАЛАРЫ

Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыс-тар, ұғымдар, түсінік-тер себеп болған. Солардың бастылары мы-налар:

1) Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында корытылған қүбылыс-тардыд нақтылы бейнесі негіз болған. Мы-салы, жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген түрақты тіркестің негізінде көп мініліп, арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында аттан шыққанымен, қазіргі мағынасы қайта жаса-лынып, адамға байланысты айтылады. Арс етті (беттен алды, қарсы келді) деген фразеологизмнің негізінде иттің адамға қарсы келіп, айбат шегуі жатыр. Кейіннен бұл мағына адамға катысты айтылатын болған. От ала келген кісідей деп, асығыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге ай-тылады. Бұл тұрақты тіркестің о бастағы от ала келу мағына-сы ұмытылып, қазір адамның өзіне тікелей қолданылып кеткен. Сол сияқты ағынан жарылды, айдап салды, астынан су шыққандай, асығы алшысы-нан түсті, ас ішіп, аяк, босатар, ат басына күн туды, атқа мінер, ат-тонын ала қашты, ауыз жаласты, ау-ыздықпен алысты, жеп еті, ішіп сорпасы жоқ, жілігі татымайды, аяғынан келді, аяғынан тік тұрды, аяғының ұшынан басты, аяқ-қолын жерге тигізбеді, бал ашты, беті бері қарады, дэмін татты, ет жемесе де, сорпа ішкендей болды, еттен өтіп, сүйекке жетті; етігімен су кешті, жағасын устады, жайып салды, жанбай жатып сөнді, аузынан ақ май ағызды, жас иіс, жастығын ала жатты, жатып ішер, жау жетті, ел көшті, жауырды жаба тоқыды, желі оңынан тұрды, жең ұшынан жалгасты, жерге түкірді, жер шуқыды, жол көрсетті, жібі бос, жібі түзу, жіпке тізді, иі жумсақ, иі қанды, исі мурнына кірмейді, кэрі қойдың жасын-дай жасы қалды, қаймағы бұзылмаған, қамшы салдырмайды, қойнына барды, орнын сипап қалды, өңін айналдырды, өті жарылды, көшсе көш басында, отырса от басында, санын соқты. сорпаға шығар, су татиды деген фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қортылған қүбылыстардың нақтылы бейнесі себеп болғандығын танып білуге болады.

2) Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негі-зінде пайда болған. Мысалы: а) Уақыт — мерзім өлшемдері: Күн шыға, сәске түсте, тападай тал түсте, шаңқай түсте, тус ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынға отыра, көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде, іңір караңғысында, ел жата, түн ортасында, таңға жақын, _жылқы жусар кезде, тауық шақырғанда, таң ата, құлқын сәріде, таң аппақ атқанда, ала жаздай, қыс бойы, ақ қар көк мұзда.^ұзын сарыда, мал балалап жатқанда, ел қосқа шыққанда, көктің көлінде, ит басына іркіт төгіліп жатканда, ел жайлауға көшерде, күзем

119


алып жатқанда, ел күзекте отырғанда, соғым сойып жатқанда; ә) Көлем өлшемдері: бір топ (ошар) жан, бір тай, бір тайпа ел', рулы ел, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір^қоспақ (келе) түйе, бір табын сиыр, бір көген қозы, бір желі құлын, бір айдам жер| бір мая шөп, бір ұрттам су, бір жағым отын, бір тең жүк, бір сабақ жіп, бір шүйке жүн, бір киер киім, бір жалқы, бір түйір дән, бір туп көде, бір қанат ши, бір шумақ жіп, бір кесек киіз, бір жайым құрт, бір білем май, бір.асым ет, бір шайлық сүт, бір тілім нан, бір қайнатым шай, бір шағым қант, бір саба қымыз, бір атым насыбай, бір қарын май, бір қап астық, бір шана шөп, бір шайнек шай, сыңсыған қалын, орман, мыңғырған мал, жер қайысқан қол, жайқалған егін, шаш етектен, қыран күлкі, мн-даи-дяля, т. б. б) Ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері: бармақ қазы, сала құлаш жіп, қол_озьш~жер_, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ат шап-тырым, айлық жол, кісі бойы, оқ бойы, ат кекілінен, бір кез,~бір шақырым, иек асты, түстік жер, бір көш жер, көз көрім жер, арқан бойы, тұла бойы, өн бойы, есік пен төрдей, аспан мен жердей, _жырта (кере) қарыс, бір сүйем, сынық сүйем, бір құшақ."т."б.

Қазақ халқы революцияға дейін ұзақ уақыт көшпенділік дәуірді басынан өткізгендігі белгілі. Олар жаз жайлауда, қыс кыс-тауда, күз күзекте бірден-бірге көшіп-қонып жүргенде уақыт мерзімін, ұзындық пен көлемді қалай өлшеп білген деген заңды сұрау туады. Сол заманда біздің халқымыз уақытты сағатпен, көлем мен салмақты таразымен, ұзындық пен кеңістікті метрмен өлшеуге әлі онша дағдыланбаған, үйренбеген кезі еді. Бәлкім, сол кезеңге бүл өлшемдердің көшпенділік тұрмысқа соншалықты қажеті де болмаған шығар. Қалай дегенмен сол заманның ғұрмыс-тіршілігіне лайық өз өлшемдері болғандығын тілдегі өлшемдік ұғымды білдіретін қыруар сөздер мен тұрақты сөз тіркестері арқылы танып білуге болады. Өткен заманда қазақтар уақытты сағатпен нақтылап өлшемегенімен, секунд, минут, са-ғат деген уақыт өлшемдерін шамамен дәл болжай білген. Мә-селен, секунд ұғымын қас қағым, кірпік (қабақ) қаққанша, көзді, ашып-жұмғанша, демніқ арасында, табан аузында деп, дене мүшелёрінің қимьіл-қозралысы арқылы білдірген. Секунд деп айтпағанымен, секунд ұғымын айнытпай дәл түсініскен. Минут пен сағатты бие_ сасым, сүт пісірім, шай қайнатым, ет асым сияқты нақтылы мөлшерлі уақытпен білдірген. Осы фразеологиялық тіркестер сағат болмағанымен, сағаттың орнына жүрген Тәулік пен жыл ішіндегі мерзімдерді нақтылап дәл айыру үшін казақтар Ай, Күн, Шолпан, Жеті, қарақшы, Үркер, Темірқазык, Есекқырған тәрізді толып жатқан аспан денелерін молынан пайдаланған. Олардың күнбе-күнгі (тәулік бойындағы) айлык, жылдық қимыл-қозғалыстарын қадағалап бакылап отырған.

Уақыт-мезгіл өлшемдерінде қас, кірпік, қабак, көз, ауыз, дем сияқты адамның дене мөлшерінін. қимыл-қозғалысы пайдаланылса, ұзындық пен қалыңдықты өлшеуге елі, сүйем, қарыс, табан, адым, тұтам, құшақ тәрізді атаулар қатысқан. Мәселен, жылқы-'

120 ^


ньщ қазысын өлшегенде пышақ сырты, қыл елі, жарты елі, шынашақ, бір елі, бармақ, екі елі, үш елі, төрт елі, сынық сүйем, табан, сере деп талдайды. Бұл өлшемдер ел арасычда әлі күнге сақталран. Тігінші, үйші, етікші, ұста, ағаш ұстасы дегендердің бәрі де метрлік өлшем тұрмыс тәжірибесіне әлі ене қоймаған кезде негізінен жоғары да аталған өлшемдерді қолданған. Бірак әрқайсысы әр түрлі өлшемге пайдаланылған Мәселен, ендей матадан киім пішкенде құлаш, қарыс, сүйем, елі жұмсалған. Жіпке қарыс, тұтам, құлаш, сала құлаш, ал шашылып-төгілетін және жұмыр нәрсеге жұтым мен құшақ қолданылғын.

3) Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет-ғұрыптарға байланысты жасалған. Мысалы ант су ішті, аруақ (құдай, дәм) атсын, бата қылды (оқыды), бір тарының қауызына сыйғызды, дін мұсылман ағайын, дші қатты, жазымыштан озмыш жоқ, жан берді (тапсырды), жан таласты, жетісін берді, қырқын берді, заман ақыр, қыл көпір, зәмзом суы, зікір салды, иманды адам, иман жүзді, иманы жолдас болсын, кәусар суын ішті, кешу айтысты, пірге қол тапсырды, т б

4) Кейбір тұрақты тіркестердін, жасалуына ақыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: Қайда барса да Қорқыттың көрі, Есімханның ескі жолы, Қасымқанның қасқа жолы, ердің құны, нардың пұлы, есте жоқ ескі мез-гілде, жазған құлда шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты, жыланы қайтты, ер кезегі үшке дейін, ер қаруы бес қару, күл төбенің басында күнде жиын, жеті атасынан қара көк, шынжыр балақ шұбар төс, қара нар, қалы кілем, қамқа тон, ат-шапан айып, ақ сүтін көкке сауды, теріс батасын берді, жер үйық, қой үстіне боз торғай жұмыртқалады, қойтұяқ жамбы, т. б.

Тілдегі фразеологизмдердін, бәрінде о баста конкретті тура мағынасы болган. Профессор Ғ. Ғ. Мұсабаевтың пікірінше, осы күнгі жүрек жутқан, к,ан ішер, қатарға қосылды, санатқа ілінді, ит терісін басына цаптады деген фразеологизмдердің бәрі де о баста тура мағынада қолданылған. Бұлар талай заманның белгісін сақтап, кейіннен баска мағынаға ауысып кеткендігін айтады1. Бет моншағы үзілді (түсті), бет пердесін сыпырды (ашты, жүлды) деген түрақты тіркөстер де басында тура конкретті мағынаны білдірген. Кейіннен қатты ұялып, біреуге тіктей қарай алмау, біреудің айыбын бетіне басып масқаралау мағынасында фразеологизмге айналып кеткен. Әр заманнын. сөз жұрнағы тілде сақталады. Соған қарай отырып, тіл фактісі арқылы көненің сырлы қоймасын ақтаруға болады. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі ит шана, ит арба деген сөздер көне заманда итті көлік еткен кезде калыптасқан. Ит өлген жер, ит арқасы қиян дегендер аркылы бір заманда иттін көлік болғанын білеміз. Фразеологиялық мағынаның түп-төркіні лексикалық мағынамен астасып, іштей өзектесіп жатады.

Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан, 1966, 13-16 бет-

тер.


121

§ 11. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СӨЗДІКТЕРДЕ БЕРІЛУІ

Шындық болмыстағы заттар мен кұбылыстар жеке сөздермен ғана емес, фразеологизмдермен де түсіндіріледі. Фразеологизмдер сөздікке берілгенде ұйытқы сөздің ұясына топтастырылады. Әрбір ұядағы тұрақты тіркестер іштей алфавит тәртібімен орналастырылады. Олардың әрқайсысына тілдегі колданылуындағы нақтылы дәлел ретінде бірлі-жарым мысал беріледі. Қазақ тілінің сөздіктерінде фразеологизмдерді беруде бір ізділік жоқ, ала-құла. Қазақ тілінің екі тілді аударма сөздіктерінде фразеологизмдер бірінші сөздің ұясына ғана беріліп, негізгі ұйытқы сөзге барғанда көп жағдайда қалып кетіп жүргендігі мәлім. Мәселен, бота көз, мол қол, шот мацдай, ай қабақ, қызыл тіл тәрізді фразеологизмдер бірінші сөзгс ғана алынып, негізгі ұйыткы сөз (көз, қол, маңдай, қабақ, тіл) екінші компонент болып тұрғандықтан, белгілі ұяға ілінбей, тектен-текке сырылып қалып жүр. Орфографиялық сөздікте сөздің тек қалай жазылуын ғана нысана етіп, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің құрылым-құрылысына, яғни ұя мен ұйытқы сөзге койылатын жүй-елі принциптің жоқ екендігі анықталып отыр. Қөп томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” фразеологизмдер біраз жөнге келтірілді. Мұнда тұрақты тіркестің құрамында қанша сөз болса, сонша рет қайталанып алынды. Сөз тіркестерін қай-талап алудағы негізгі мақсат — әрбір сөздің фразеологизм-дерді жасаудағы өнімді-өнімсіз қызметін айқындап, әрқай-сысын өз ұясында жинап-теріп бір жерде көрсету болды. Бірінші ^өздің ырқымен кете берсек, ұйытқы сөздің мәнді қызметі жан-жақты ашылмай, сыңар жақ болып қалатындығы ескерілді. Мәселен, жұмған аузын ашпады дегендегі ұйытқы сөз — ауыз бол-ганымен, ол сөз бірінші емес, екінші тұрғандықтан, өз ұясынан (ауыз) қалып кетуі мүмкін екендігін аңғардық. Алайда аталған түсіндірме сөздікте тіліміздегі фразеологизмдердің бәрі бірдей белгілі бір ұяға жиналып-терілген деуге мүлдем болмайды. Бірі бар да, бірі жоқ болып отыратын жайттар жиі кездеседі. Мәселен, көз ақы, қол ақы, табан ақы, ауыз ақы, сүт ақы, жамбас ақы дегендердің ақы деген сөзге алғашқы үшеуі алынған да, соңғы үшеуі атаусыз қалып кеткен. Аш деген сөзге ауыз ашар-ды алған да, тіл ашарды, жол ашарды тастап кеткен. Ауыр деген сөзге аузы ауыр, сүйегі ауырды алған да, қолы ауыр, еті ауыр дегендерді қалдырып кеткен. Қолы ауыр деген фраза қол деген сөзге де, “Фразеологиялық сөздікке” де мүлдем ілінбей қалғандығы осы айтылғандарға айғақ бола алады.

Фразеолргизмдерді сөздіктерде сұрыптап беруде толып жатқан кемшіліктерге жол беріліп жүргені аиықталып отыр. Мұнын өзі бұл ғылымның жан-жақты зерттелініп, жүйеленіп бір ізге түспегендігін танытса керек.

ЛЕКСИҚОГРАФИЯ

§ 1. СӨЗДІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

Тілдегі сөздер мен фразеологиялық тіркестерді жинап-теріп, оларды жүйеге келтіру жұмыстарын тексеретін тіл білімінің саласын лексикография дейді. Яғни бұл сөздік жасаудың методикасы мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз. Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми түрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-катынаста болатын егіз ғылым. Сездіктердің сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай дәрежеде зерттелуіне байланысты. Зерттеу жұмыстары неғұрлым жорары әрі жемісті болса, шығарылран сөздіктер де сорұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапа-, сына да ерекше назар аударылады. Сондықтан сөздік кез келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген рылыми маман кадрлардың шоғырланран жерінде жасалады. Біздер орыс сөздіктерінен лексикографиялық еңбөктердің тек методикасы мен құрылысын рана үйреніп отырғанымыз жоқ. Октябрь революциясы тудырган барлық жаңа үрымдарды осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабылдасак, кейде өз сөзімізбен аударып алудамыз. Сол арқылы қазақ тілініц сөз байлырын шексіз молайтып, жан-жақты кемелдендірудеміз. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді, пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі емін-еркін дәл жүзеге асырура болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлығын жиьш-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасаура мүмкіндіктер туып отыр. Қазіргі кезде орыс тілі білімінде қандай сөздіктер шықса, өзге ұлт республикалары да осы үлгіні творчестволық жолмен пайдаланып, өз тәжірибелеріне ендіріп келеді. Советтік түркологиялық лексикографияның кұранды бір саласы—қазақ лексикографиясы да қазір даму, жетілу дәуірінде. Біздер сөздіктердің құрылым-құрылысы мен методикасын жылдан-жылға жетілдірумен келеміз. Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай отырып, оларды белгілі бір нормаға келтіру бірінші орынға қойыла бастады Бұран дейінгі басылып шыққан сөздіктерде

123


әртүрлі алалықтарға жол беріліп келді. Ен, алдымен, сөздердің жазылуында бір ізділік жөнді сақталмады. Бұл әсіресе біріккен сөздер мен күрделі сөздердің, сөз тіркестерінің арақатынасы жөнінде біркелкі көзқарастын жоктығынан туғандығы рас. Лұғат (словник) жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтындығын ескерсек, бір сөздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиындықтар келтіретіндігін түсіну қиын емес Көркем шығармаларда кездескен диалектизмдер мен вариант сөздерді кез келген сөздікке орынды-орынсыз ендіруге жол берілді. Әдеби тілдің сөздігіне алынатын грамматикалық формалар мен тұлғалар да күні бүгінге дейін сараланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналары-ның түр-түрін жіктеп-бөліп, оларға дәл түсінік беру, сөздерді қолданудағы арақатынасын айқын-дап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркес-терден ажыратып көрсету — сөздік жұмысына үлкен жауапкершілікті арттырып, қиындата түседі.

Лингвистикалық сөздіктердің түрлері тіл-тілде өте-мөте көп. Олар әралуан мақсат-мүддеге лайықталып жасалады. Лингвистикалық сөздіктер бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік бір тілдің өз сөзімен түсіндіріледі Ал, екі немесе көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің сэздерімен түсіндіріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академиялық нормативті сөздік және анықтағыш сөздік болып іштей екі салаға жіктеледі.

Қазақ тілінде шыққан бірнеше сөздіктер бар.

§ 2. АУДАРМА СӨЗДІҚТЕР

Қазақ халқының сөз байлығын ең алғаш жинап-теріп, жекі сөздік етіп шығару тәжірибесі өткен ғасырдың екінші жартысынан кейін ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдары академик В. В. Радловтың “Түрік тілдерінің сөздігін жасаудағы тәжірибе” (1893—1911) атты төрт томдық сөздігі мен профессор Н. И. Ильминский-діқ “Қазақ тілін зерттеудегі материалдар” (1861) деген арнаулы еңбегі ана тіліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп шығарудың үлгілерін көрсетті. Революциядан бұрын барлығы отызға жуық екі тілдік (орысша-қазақша немесе қа-зақша-орысша) аударма шағын сөздіктер жарық көрді. Бұлардың азды-көпті тәжірибелері революциядан кейінгі сөздіктердін бел алып еркін дамуына белгілі дәрежеде себін тигізді.

Қазақ лексикографиясының шын мәнінде ғылыми түрғыдан тексеріліп, етек алып жан-жақты дамуы советтік дәуірде екі тілді аударма сөздіктерден басталды. Лениндік ұлт саясатының арқасында Совет Одағы халықтарының өз ана тілін емін-еркін дамытуға қолы жетті. Бұрынғы кенжелеп артта қалған көптеген ұсақ ұлттар хат танып, білім алып, социалистік мәдениеттін биік шыңына көтерілді.

Орыс тілі — озық мәдениет пен ғылымның, прогресшіл пі-кірдің тілі. Сондықтан да біздің елдердегі халықтар орыс тілін

124


үйрену өсу мен дамудың, аса қуатты қаруы деп білді. Ұлан-байтақ -Отанымыздагы ортақ экономикалық-мәдени мүддс мен қоғамдық жалпы мақсат баршамызға бірдей ортақ бір тілдің болуын қажет етті. Социалистік біртұтас семьядағы мүдделес әр түрлі халықтар бір-бірімен бүгінде орыс тілі арқылы пікірлесіп, өзара тіл табысады. Орыс тілі интернациональдық қарым-қатынастың ұлтаралық қүралына айналды. Демек, орыс тіліне деген құштарлықты күнделікті өмірдіқ өзі тудырды, халқымыздыц өскелең талабы мен талғамы қажет етті. Совет Одағындағы үлкенді-кішілі барлық халық революциядан кейінгі жылдардың өзінде-ақ, орыс тілін үйрену, білу мақсатымен ең әуелі орысша-ұлт тілдерінің сөздігін, соңынан ұлт тілдері мен орысша сөздіктерді жасауға жаппай жұмылды. Қазақстанда екі тілді сөздік жасау мәселесі кең жолға қойылды. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілдік шағын сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі том “Орысша-қазақша сөздік”, 1954 жылы бір томдық үлкен “Орысша-қазақша сөздік”, ал 1978, 1981 жылдары “Орысша-қазақша сөздіктің” толықтырылған екі томы Ғ. Мұсабаевтың жетекшелігімен жарық көрді.

Аталған сөздіктер туысқан екі халық (орыс пен қазақ) бірінің тілін бірі оқып үйренуі, біріндегі сөз байлығы мен сөз шеберлігін меңгеріп алуы үшін баға жетпес үлкен құрал. Орыс мэдениеті, әсіресе оның бай сөздіктері біздің еліміздегі халық-тардың жалпы дамуына, ең алдымен, рухани-мәдени жағынан жетілуіне үнемі мінсіз қызмет атқарып келеді.

Жалпы біздің республикаларымызда ғана емес, бүкіл Одақ көлемінде екі тілді аударма сөздіктер шығаруда қыруар жұмыстар істелді. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы, мәселен, 1965 жылы шыққан профессор К. К. Юдахиннің “Қырғызша-орысша сөздігі” 1968 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Біз мұны үкімет пен партияның еліміздегі ұлт тілдерін мейлінше еркін түрде дамытуга ерекше қамқорлық жасап отырғандығыныи айғағы деп білеміз.

Қазақ тілінің сөз байлығы өзге тілдермен де салыстырып аударылды. Мәселен, шағын түрде болса да “Ағылшын-қазақ сөздігі” (1960), “Монғолша-қазақша сөздік”, (Монғолия, 1954), ^Арабша-қазақша түсіндірме сөздік” (1969), “Парсыша-қазақша тұсіндірме сөздік” (1974), “Қазақша-арылшынша сөйлесу” (1966), “Қазақша-немісше сөйлесу” (1968) шықты. Қазақ тілі-нің басқадай сөздіктерін мол тәжірибелері бірден-бір негіз болды.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет