М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика



бет8/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#5668
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
§ 13. ВАРВАРИЗМДЕР

Варваризмдер тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ, бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варварнзмдерді қолданудың әр түрлі жолдары бар:

1. Кейде бір халықтың шьшайы өмірін, түрмыс-салтын суреттеп көрсетпек болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бсйнелеу мақсатымен варваризмдер саналы түрде әдейі қолданылады. Мәселен, неміс халкының өмірін суреттегенде фрау, кухен, кай-зер сияқты сөздерді, ағылшын өмірін суреттегеиде сэр, мистер, коттедж тәрізді сөздерді, француз өмірін суреттегенде мадам, франк, мосье сияқты сөздерді, Орта Азия халыктарының өмірін суреттегенде шайхана, аул, кәуап, арық. пиала, паранджа, қыш-лак, тәрізді сөздерді қолдану орынды деп есептеледі.

2. Тындаушыга ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақығдары да варваризмдерді пайдаланады. Мысалы:

Астыма мінген атым генадушка,

Шабамын көңіл ашып немношка,

Не стоит, на свете жить етуге

Азырақ ойнап-күлмей молодушка (“Он алты қыз”).|



  1. Өзге тыдегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қнын тиген жағ- дайда, варвамдер сол калпында ешбір өзгертілмей алынады. Мәселен, Абай Құнанбаев шыгармаларында қазақ тіліне сіңбегсн мынадай орыс сөздері кездсседі внзит, внноват, военный, образование, уездный начальник, военный губернатор, наз-начение , впечатлительностъ сердца, закон, судья, занимайся прямотой, уголовный, дознание, еднница, сила прнтягательная однородного, подвижный элемент, посредник, прошение, сама- родный, счет, такт, т. б. Сол сияқты Абай шығармаларында араб-| парсы тілдеріне тән сөз тіркестері де сол қалпында келтірілелді. Мысалы: ағләмланған фиғлы хұда (алл-анын, салған ақ ісі), ала табарәкә уа тагала (жарылқаушы және ұлы тәңірі), әддуния мәздәғатүл ақирәт (бұл дүние ақиреттің егіні, азығы), саллалла у ғәләи и уәссәләм (алланың сәлемі мен рахметі болғыр хайрун-нас мән янфәғүн-нас (адамшылықтың абзалы — адамға пайда келтірген) т. б.

  2. 4.Варваризмдер кейде қоғамдағы жагымсыз жексұрын тиі терді халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін де қолданылалы. Мысалы:

Барымта мен партия

Бәрі мастық, жұрт құмар

Сыпыра елірме, сұрқия.

Қөп пияншік нені ұғар (Абай).

Нәпіл түгіл, намазы

Бэрі желге кетеді.

Еннатайына кәлкаусар”,

Пошол дереу күнәкар,

Аяғын ойлап айтқаны,

Эні-шаны күлатар” (Абай).

Абайдың алғашқы шумақ слеңіндегі пияншік деген орыс сөзі ел ішіне бүлік салып, қулық-сұмдықты кәсіп еткен сүрқияларды мысқилдап, жұртқа мазақ етіп көрсету үшін пайдаланылған. Соцгы шумақгагы варваризмдерді колдану арқылы ұлі ақын құранның ең оңай деген бір ауыз сүресін де жаттай ал. май, бірді-бірге бытыстырып, өз-өзінен әлек болып жүрген надан байларды сыкақ^етпек болган. Мүндағы еннатайына кәлкауасар, деген сөз — арабша инна агтайна кэ әлкэустр (кәусар суын саған береміз) дегсн сөзінің айтамып дсп айта алмай әбден бұзылған түрі Әні-шапы күлаптар дегені арабша иннэ шэниәка уал абтар (олап болмаса, борінен сымпиып, бос каласың) сөзінің бұрмаланган формасы. Бұлардың арасыида орыстың пошол сөжүруі бірді айтып, бірге кетіп отырран қас наданның бейнесін көрсетеді Абайдағы мэліш (мелочь), иіерміш (шермач) сөздері дс осындай мақсатпен қолданылган.



5. Ана тілін білуіе мән бсрмей, оган жүрдім-бардым қарап,тіл шұбарлаушыларды келемсждеу үшін де жазушылар варва-ризмдерді жиі пайдаланады. Мысалы: Осы ниметит еткен жұмыстардан реальный еш нәрсені жарыққа шығара алмадык

I. Жансүгіров). Марфуға.'>Марфуға. Вечно сендер маған күлесіңдер. По-робуй қатын болып мұндай күнде тамақ тасура. Марфуға. хорошо. Заниматься етсем, орыс грамматикасын как-нибудь біілуге болады. Ал қазақ тілімен миды ашытқаны, просто не тер-пимо!.. Марфуға. Әнуар, перестанешь или нет. Ну, хорошо, жүр-гісі келмеді, ажырасты, что в этом зазорного. Марфуға. Папам звонить етті. Мен оған сені Алматыға қалдырура бір шишкамен өйлес десем, оказывается сен өзің колхозға барамын деп нас-таивагь етіпсің ғой?! (Қ. Мұхамеджанов).

§ 14. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕП СӨЗДЕРДІ ӘДЕБИ

ТІЛГЕ ҚАТЫСТЫҒЫНА ҚАРАЙ ТОПТАСТЫРУ

Қазіргі қазақ тілі ауызекі сөйлеу тілі және әдеби тіл болып екі салага бөлінуімен байланысты оның сөздік құрамдағы сөздері де негізінен осы скі салага іштей бейімделіп топтасады. Сонымен бірге осы екі салаға бірдей қызмет атқаратын ортақ сөздер де болады. Мәселен, тілдегі жалпылама лексика әдеби тілде кандай мәнді қызмет атқарса, ауызекі сөйлеу тілінде де сондай маңызды қызметке жегіледі. Мүндай ортақ сөздер болмаса, бір тілдің екі түрлі формасы екі басқа тіл болып көрінері еді. Жалпылама лексика ешбір мамандықты талғамайды, бір тілде сөйлеуші халықтың бәріне бірдей сөйлегенде де, жазғанда да бірдсн-бір үйытқы, негізгі тірек болады. Сөздік құрамдағы жалпылама лексикага қатысты сан жағынан мол, ең қажетті сөздер-білмеген, түсінбейтін адам сол тілді еркін біледі деуге келмейді..



Әдеби тілде сөйлеп, әрі жаза білу үшін, жалпылама лексикамен қатар сол тілдің арнаулы сөздерін (герминологияны), көнерген сөздері мен неологизмдерін, эмоционалды-экспрессивті-сөздерді, біршама кәсіби сөздерді, кітаби сөздерді білу қажет. Осы аталған сөздердің барлыгы да әдеби тілдің аясында қолданылатын, соған бірден-бір телінді сөздер деп есептеледі. Жан-жақты дамыған әдеби тілдің лексикасы тек осшідай сөздерден құралады. Қазіргі қазақ әдебн тілінін құрамында аталған сөздер түгелдсй кез-десегіндігі жогарыда бірқыдыру баяндалды.Әр халықтыц тұрмыс жағдаятына, сол елдің үлттық өзіндік ерекшелігін сипаттайтын экзотикалық (шегел) сөздері де әдеби тілдің лексикасына жат- жатқызылады. Қейбір тіл мамандары осындай экзотикалық сөздерді варваризм дса те атайды. Сөйлеу тілінің (биэдеби) лексикасыва жалпылама лексика- қатар тұрмыстық сөздер мен қарапайым сөздер, диалектизмдер мен бірқыдыру кәсіби сөздер, сонымен бірге дөрекі сөздер мен балағат сөздер, алғыс пен қарғыс мағынасындагы сөздер де осы топқа жатады. Бұлардың кейбір нүсқалары гана көркем шығармада болмаса, әдеби тілдің өзге салаларының бірде-біреу, інен де кездеспейді. Көбінесе ауызекі тілде сақталған. Олар мына на сияқты сөздер: шпана, есік көрген, құдуанда, тоқ етері, қатынжанды, тырқырату, тәйкіш, ұят-сяят, қаншыл, көди-сөди, арзан-парзан, көсеу қара, түбі түскен шелектей, қазақпайски, рақатизм, езбалдақ, селтеңбай, боқмұрын, қара жаяу, обалы нешік, жанбызбалау, шақша бас, шуйке бас, әкесін таныту, тыраш, жыртақай, жолың болғыр, тондр жарылқасын, жасың ұзақ болсын, бала-шағаңның игілігін көргір, көсегең көгергір, жағың түспей жамандық көрмегір, адыра қал, атың өшкір, жүгірмек келгір, қараң қалғыр, албасты басқыр, топалаң келгір, бықпырт тигір, жуадай солғыр, жетпегір, тіліңе шоқ түскір, үйіңнен: уркіп шыққыр, жиған-тергснің өзіңе бұйырмағыр, көзің көріп

қолың ұстамағыр, ит ішкір, қасқыр жегір, жау алғыр, обалын жібермегір, көріңдс өкіргір, жолың болмай, жолда қалгыр, т. б Қазақ тілінде әдепсіз балағат сөздердің де неше түрлісі кез деседі. Әсіресе кемітіп мүқату мағынасында көбірек қолданы-

лады. Семіз адамды — мес қарын, боқ қарып, иі жұмсақ адамды — көк есек, аузын буған өгіз, өте арық жіңішке адамды — инелік, оқтау жұтқан, сұр адамды — сұр жылан, ұйқышыл

адамды — маубас, бір аяғы кем адамды — ақсақ Темір, бір

көзі кем адамды — Құнанбай, жалғыз көзді дэу, сараң адам

ды — Қарабай, әзәзіл адамды — Жантыщ, қолынан түк келмей

тін адамды — царақшы, қур сүлде, тір аруак, деп кемітіп айта-

ды. Айуанаттарға немесе тарихи белгілі кейіпкерлерге балап

колдану арқылы белгілі бір адамга деген жагымсыз көзқарасы

білдіреді. Осындай сөздердіц бәрі де — ауызекі сөйлеу тіліне

тән, сол топқа енетін сөздер. Бұлар көбіне-көп экспрессивті-эмо-

ционалды болады. Айтушының немесе бетпе-бет сөйлесуші екі

адамның бір-біріне деген жағымды-жағымсыз көңіл-күй көзқа-

расын білдіреді. Мұндай сөздердің ешқайсысы да жазба әдеби

тілдің аясынан орын алуга тиісті емес. Сондықтан да бір тілдің

әдеби және би әдеби формасы сөз байлыгы жагынан гана емес.

грамматикалық құрылым-құрылысы меп сгильдің нормасы

ғынан да бір-бірінен айырылар жігі бар дегеп сөз.

ФРАЗЕОЛОГИЯ

§ 1. ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗІНДІҚ БЕЛГІЛЕРІ



Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қол-данылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімнің саласы дегенді, екіышісі — бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Алай-да фразеологизмдер жеріне жеткізе зерттсліп біткен гылым деп айтуға болмайды. Мұның шріігілмеген даулы мәселелері ,өте көп. Сондықтан да соңғы 15—20- жылға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Қөбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 20—25 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары жан-жақты зерттеліп, қыруар еңбектер жарық көрді'. Әсіресе, ака-демик I. Қеңесбаевтың “Қазақ тілінщ фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түрколо--гияға қосылган елеулі үлес деп карауға болады. Автор аталган .сөздіктің “Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы” атты бөлі-мінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялык мәселеле-рін жан-жақты қарастырьш, біраз ілгері дамыткан. Біз осы бө-лімді жазу үстінде сол ецбекке сүйене отырып, соны теориялық арқау етіп жаздық.

Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласы екен-

дігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар

-I) даяр қалпыпда жүмсалу белгісі, 2) мағына тұтастыгы', 3) тір-

кес тиянақтылыгы.

Осы үш белгіні еркін түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып арайық. Фразеологизмдердіц даяр қалпында жұмсалу белгісі

Ш.Рахматуллаев.Некоторые вопросы узбекскоп фразеологии Ташкент, 1966,К.Бабаев. Түркмен дилинде идиомалар. Ашгабат, 1962- Г X Ахатов. Фразеологические выражения в татарском языке. ҚД Қазань 1954 ~Г ~Х Ахунжанов. Татар теленсц ндиомдары. Казань; 1972; Г. А. Байрамов. ' Устойчивые словосочетания в азсрб языке. “Изв. АН Азерб ССР”. Серия общественных Г-Іук. 1959, № 5, Р. Р. Юсипова. Устойчивые глагольные сочетания в турецком языке КД, М, 1961; 3. Г. Ураксин. Фразеология башкирского языка. Москва 1975и др.

2 1.Қецесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. 1977,

еркін сөз тіркесімен салыстырғаида айқын байқалады. Мәселен, Дәурен қалат жүрейін деп отыр деген бір сөйлемді әркім неше саққда жүгіртіп өзгерте беруіне болады. Мысалы; Дәурен қалаға жүрмекші, Дәурен жақын арада қалага бармақшы, Дәурен қалаға барам ба деген ойда, Дәуренніц қалаға жүрем бе деген ойы бар т. б. Бұл сияқты еркін сөз тіркестері қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады. Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе де еркі бар деген сөз. Ал тілдегі фразеологизм -мдер бұлай етуге, қүбылтуға көнбейді. Мәселеи, төбесі көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейіндеп тур, төбесі көкке~жетпекші деп өзгертуге болмайды. Бұлардыц сыртқы құрылым-құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен, сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жүмсалады. Ешкімнід ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де, сол қалпында сөй-лемніц қүрамыпа епсді. Еркін сөз тіркесінід әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүше ретінде жұмсалады. Сннтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер), формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Еркін тіркес пен фразалық тіркесті бір-бірінен ажыратудың түрлі амалдары да болады Мысалы: Ерке магазиннен 40 пышақ сатып алды. Қырық пышақпеп қыржыңдап тұрған тулкі, 0 да осал жау емес қыран пацга (Абай). Екі сейлемдегі қырық пышақ деген тіркестіц алгашқысы — сркін тіркес те, соңғысы — фразалық тіркес. Алғашқы сөйлемде қырык, дсген сан есім өзінің төрт оннан құралған сандық ұгымды тікелей білдіреді. Мұндағы қырық деген сөз лышақтыд сан мөлшерін көрсетіп түр. Соңғы сөйлемде бұл сөз (40) өзініц сапдық ұғымынан біржола қол үзіп, фразсологиялық байлаулы магынаға ауысқан. Еркін тіркесте тіркескен сөздердің арасына басқадай сөз салып, өзгертіп айтуга, я болмаса, түрліше сұрау қоюға көнсді. Мәселен, алғашқы сөйлемдегі қырық пышак, деген тіркесті қырық куміс пышақ деп өзгертуге, пышақтың санына карап, “Қанша?” деген сұрау қоюға болады. Ал соңгы сөйлемдегі қырық пышак, деген тіркес мұндай өзгерістіц ешқайсысына көнбейді. Оның есесіне фразалық тіркесіің белгілі бір синонимдік баламасы болады. Мәселен, соңгы сөйлемдсгі қырық пышақ деіеи түрақты тіркесті қырқысу, аңдысу, жесісу дегендермеп алмас-тыруға болса, алғашқы сөйлемдегі еркін тіркесте мүндай балама атымеп кездеспейді. Тура мағынадагы сөз шындык болмыспен тікелей байланысты болады да, контекстс тұрса да, тұрмаса да өзінің заттық логикалық қатынасымен белгілеиеді. Ал фразалық бай-лаулы мағынадағы сөздер әрдайым белгілі контекске телінді, бағынышты болып тұрады. [ Оң көз бен оң қол дегендерді түсіну үшін де пәлендей контекстің қажеті жоқ. Өйткені бұлар өзінің тура (заттық) мағы-насында жұмсалып тұр. Ал “менің оң көзім де, оң қолым да бір өзідсің” десек, мұндағы оң көз бен оң қол дегендер туынды мағгынада қолданылып, фразеологизмге айиалган. Бүлар сенімді серік, адал да мықты жәрдемші дегендермен баламалық қарым-

100

қатынаска түседі. Сондықтан фразалық байлаулы мағынадағы сөздер өзіне лайықты белгілі контексті талап етіп түрады.



Фразсологизмдср бір бүтін единица ретінде қолданылуы жа-ғынан лексикалық единица — сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күр-делі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған кұрылыс материалы ретіндс сөйлемнің қүрамына енеді. Мәселен, бала, балалы, балалык, балалау, бала-шаға, балажан, балажандық, балалы-шағллы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамына енгенде бұ-лар түбір морфсма, аффикстік морфемаға жіктелмейді, әрқай-сысы бір бүтін единица ретінде жұмсалады. Фразеологизмдер дәл осы сияқты қүбылыс деп тану керек. Бұлар бірнеше сөз-дсрдіц тіркесінен күралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысы-нан дербес магыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы: жер аяғы кеңіді, жерге қаратты, жерден алып, жерге салды, жер-жебіріне жетті, жерден жеті қоян тапқандай, жер-көкті басына көшірді, жер ортасына келген адам, жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты, жер-көкке сыйғызбады, т. б. Бұлар құрылым-құры-лысы жағынан қаншалыкты күрделілігіне қарамастан сөйлем ішінде әріқайсысы жеке “өздермен бірдей, теңесіп тұрады. Мә-селен, қыздың жиған жүгіндей деген фраза—эсем, кәркем көрікті дегеи синонимдсрдің біреуімен пара-пар, ит терісін басына қап-тады деісн — ұрысты, балағаттады, сөкті, дегендердіц орнын басып, сөйлемнің бір мүшесінің кызметін атқарып тұрады.

Сөз бен фразеологиэмдердің арасында да бірінен біріне ауы-сып жататын өтпелі қарым-қатыстық байланыстар болады. Тұ-рақты тіркестер мсн күрделі сөздер о баста сөз бен сөздің тір-кесуі арқылы келіп шықса, фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөз бен бірікксн сөзге айналып кететіндері болады. Мәселен, түпетабан, мысыққуйрық, атқұлақ, көріқыз, отагасы, ақсақал, жандайшап, атқамінер, атамекен, аткөпір, ауызекі, ауызба-ауыз, қырып-жою, өліп-өшу, күйіп-пісу, сүйіп-қушу, ат-сайман, атарман-шабармап, жатпай-турмай,- өліп-тіріліп сиякты біріккен сөздер мен қос сөздер идиомалану, лехсикалану, грамматикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өт-кізді. Қазіргі кезде бұлар лексика-грамматикалық жағынан бір-тұтас, ритм ыргағы жағынан бірыңғай болып барып фразеоло-гизмдерден күрделі сөзгс айналып кеткен.

Олай болса күрделі сөздерді жалаң сөз бен тұрақты тіркестерді өзара байланыетырып түратын дәнекер (көпір) деп есептеуге болады. Күрделі сөздер жалаң сөзбен де, фразеологизмдер мсн де екі жақты байланыста болады. Өйткені есім фразеологизмдср мсн күрдслі сөздері бір үлгімен (модельмен) жасалады. Мысалы: жсл аяқ, жел бау, жел буаз, жел бұйда, жел көз, жел қайық, жел көңіл, жел куық, жел құйын, жел құяң, жел өкпе, жел сөз, жел тиірмен, т. б.

Осылардың бәрі бір үлгімен жасалғанымен, мән-мағыналары бірдій емес, Бұлардың біреулері күрделі сөзге (желбау, жел қайық, жел тнірмен), енді біреулері фразеологиэмдерге (жел

101

аяк, жел буаз, жел көңіл, жел күйын, жел сөз, жел өкпе) жатады. Ал қайсыбіреулерінің (жел бүйда, жел көз, жел күян, т. б.) қайда барары күмәнды болып тұрады. Бұларды түр-түрпатына қарап бәрін бір категорияға жатқызу ғылыми жагынан ағат-тық болады. Демек, күрделі сөздер мен фразеологизмдерді өзара жіктеп бөлу үшін бұлардьщ әрқайсысына тән өзіндік белгілерін жете тани білу керек деген сөз.



Фразеологизмдердіқ өзіндік екінші бслгісі — магына түтас-тығы. Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікгі мағынасы болады. Ол машна түрақты тіркесті құрастырушы сынарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өзді-гінен өмір сүрсді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегсн-нен қатты куанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағына жер, жеті, қоян, табу дегсн төрт сөздін бір дс біреуімсн байла-ныспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолдануы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ре-тінде қолданып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас единица ретінде көрінеді. Мысалы: кір жуып, кіндік кескен жер (атамекен, туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (тық-сырды, састырды), инемен құдык, қазғандай (бейнеті көп, өте

ауыр), шаш стектен (көп, мол), аттың жалы, түйснің қомында (асығыста, қарбаласта) дегендердін, бәрі де құрылым-қүрылысы жағынан түрлі-түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына түтастығымен сипатталады. Фразеологизмдердің мағына түтас-тыгын жеке сөзбен нақ бірдей дсп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, ягни лексикалық магынаны білдіреді. Ал фразеоло-гизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен бала-малық қатыста емес, жанамалыі^байланыста тұрады. Зерттсуші-лер қазіргі кезде сөз бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, ал жанамалық катыста болатын түракты тіркестердін мағынасын фразеологиялық магына деп жіктеп бөледі. Мәселен^ біреулсрдің баеыныц көлеміие қарап, үлкен бас, кіші бас нсмесе басы үлкен, басы кіші деуге болады. Мұндағы улкен мен кіші дегенде сшқандай эмоциялық бояу жок. Сөздін. дәл ұғымын көр-сетіп тұрады. Осы ұғымды фразеологизмдермен де білдіруге бо-лады. Мәселен, бастың үлкенін — қауға бас, кішісін — шақша бас десек, онда бастың соншалықты үлкен, я кіші екендігін біл- дірумен қатар, оған күшті эмоциялық мән жамайды. Сөйтіп б-і реулердің ар-намысына тиіп, ашу-ызасын келтіретіндей жағдай жасайды. Сол сияқты кісілердің аузына қарап біреуін — дорб ауыз, екіншісін — оймак, ауыз десск те жағымды-жағымсыз көз қарас пайда болады. Олай болса, жеке сөздін лексикадық мағы- насы мен тұрақты тіркесіін, фразеологиялық мағынасы бір-бірі не тецбе-тең балама болмайды деген сөз. Жеке сөз де кейде ауыс мағынада қолданылып, бейнелі мәнге ие болады. Міысалы: Жыл- қыныи жылқысы бар, Қазанаты бір бөлек. Жігіттіц жігіті бар Азаматы бір бөлек (Мақал). Осындағы азамат дегсн сөз катар- дағы жән жігіт емес, адамгершілігі мол, парасатты ерекше кісі дегенді бейнелсп көрсетіп түр. Жеке сөздердегі бұл сияқты бей-

102 '

ислілік мағына соқпа-соқпада елең етіп, бір көрініп қалатын сирек құбылыс деп танылады. Ал фразеологизм біткеннің бәріне тәон басты бслгі туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудырады. Фразеологизмдердің мағынасында жағымды не-месе жағымсыз әйтеуір бір экспрессивті реңк болады. Сөз бен тұрақты тіркестердің айырықша көзге түсетіь бір ерекшелігі осында.

Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ен негізгі бел-гілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркім-нің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәсслен, мүрнын көкке көтерді дегеннін, орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тірксске айналып кетеді. Ал көк деген сөздін, орнына оиың синонимі аспан сөзімен ауыстырсақ (мурнын аспанға .көтерді), мағына тұтаастығы онша бұзылмағанымен, стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Кәтерді дегсн етістікті көтермеді, көтеріп түр, көтермейікші дегендей түрлендіріп, өзгерте беруге де көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптаеқан қалпында қолдануды талап етеді. Сол сияқты бар-мағын тістеді деудін, орнына саусагын тістеді десек, фразеоло-гиялық мағынасынан ажырап, баскаша мән алады.

Сондай-ақ санын соқты деген тұрақты тіркестің күрамындагы сан деген сөздің орнына тізе немесе бас деген сөздер қолданыл-майды .Қолданыла қалған күнінде тұрақтыдан еркін тір-кеске ауысады.

Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздін әр түрлі формасынан әлденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін. Мысалы, жамбасы жерге тигенше (өле-өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді, жер жаетәнды), жамбасы жерге тимеген (ешкімнсн жығылып көрмеген, күшті). Кей ретте жалғыз дыбыстың бір өзі--ак тұрақты тіркестің мән-магынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Мәселен, тіл тиді дсгсннен сүк, өтті, көз тиді дегенді тусінсек, тілі тиді болса, біреуді біреу балағаттап сөкті, тілдеді болып, мүлдем басқаша магынаға ауысады. Сол сиякты іш тартты, ішін. тартты, ішіне тартгы дегендсрдің сыртқы құрылым-кұрылысы бір-біріне соншалықты жақын болғанымен, мән-мағынасында елеулі айырмасы бар. Ауызға ілікті мен ауызға ілінді, ауыз ашты, ауыз ашпады, аузын ашырмады дегендердін бәрі де өэ алдына жеке-жеке фразеологизмдер деп есептеледі. Бүл жағынан карағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрактылығы сөздің морфемалық қүрамының тұрақтылык сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыдағы аталған үш түрлі белгі (түрақтылық, тутастық, тиянақтылық) арқылы фразерлогизмдер тілдін өзіе категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім-бейнесімен дербес өмір сүреді.

103


§ 2. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢТҮРЛЕРІ

Фразеологизмдерге тон үш түрлі ортақ белгі болғанымең бұлар бір-бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы бірінен ап-айқын көрінсе, екіншісінсн көмсскі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі, Сондықтан фразсологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мэселелердің бірінен саналады Зерттеушілср бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардыц ара қатысына қарай жік-. геп бөлсе скіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілер атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тілі білімінде академик В. В Виноградовтын, классифнка- циясын негізге алып бөледі1. Бұл классификацияны Отандық тіл- ғылымына басшылыққа алғалы 30—40 жылда уақыт өтті. Қазақ тіл біліміндс де осы классификацияны бірден-бір арқау етіп келе жатырмыз

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразоологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып негізінен үш топқа жіктеледі.

Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизм құрамын- дағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасьш кеткен олар-дың мағыналық жігін ешқандай ажыратуга болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бүрылуга мүршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындагы үш сөздін тұтас жиын-тығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуга көнбейді. Түйені түгімен жүтты дегеннен біреуден ойсырата пара алып, елді қана ды дсген мағына туады. Бұл магынаның жасалуына түйе, түк жұгу сөздерінің тікелсй қатысы жоқ, соларды бірінен соң бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы пайда болған. Жағына пышақ, жанығандай дегеннен тарамысына ілінген арық, жүдеу дегенді тусінеміз. Бұл мағынаны жасауга жақ, пышақ жану сөз- дерінің тікелей қатысы болмаган. 'Иегінен тағалы ат тайып жы- гылгандай дегеннен сақал-мұрттан жұрдай, көсе дегенді ұғына мыз. Мұндя да мағына тұтастықтың бірлігін, айқын байқаймыз. Аттың жалы, түйеніқ қомында дегашен қарбалас шақ, абыр-са-быр уақыт дегенді түсінеміз. Мұнда да тұрақты тіркестегі жеке сөздер мен фразеологиялық мағына арэсында тікелей байланыс-тын болмағандығы бзйқалады. Бір ұрты май, бір ұрты қан де-геннен екі жүзді, залым дегснді ұғынамыз Бұл фразеологиялық мағына тұрақты тірксстердің құрамындағы бір, ұрт, май, қан дегсн сөздердің меншікті магынасымен мүлдем сәйкеспейді. фра-

1 В В Виноградов. I) Основные понягия русской фразсологни как лингнистической дисциплиныы — Сб “Труды юбиленной научной сессии ЛГУ”, 1964.

2,Об основных типах фразеологических едпниц в русском языке Сб “Академик А. А. Шахматов”, 1947; 3) Русскнй язык (грамматические учение о слове) издание второе, 1972.

104

зеологиялық түтастық жске сөздердің тұгас жиынтығгынан пай-да болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрс-кетті, сапа мен белгіні, зат пен кұбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.



Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастык тәрізді орын тәргібі жагынан өте тиянақты болып келип. Алада-да құрамындағы сөздсрдің мағынагының қаншалыкты тасала-нуы, я болмаса, тасаланбауы жарынан елеүлі өзгсшеліктері бо-лады. Бұлар ен алгашқы еркін тіркесті_ауыс мағынада колдану-дан келіп шығады. Мәселсн, ескі жараның аузып ашты дегсннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді тү-сіңеміз. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына ең алғашкы еркін тірксстегі тура мағынасы негіз болган. Сол магынаға басқадай мән бсріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалгандығы бірден көзге шалынады. Жатқан жыланнық құйірыгын басты де-ген фраза біреудің кытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге тан болды дегенді білдіреді, Бір кимыл-әрекетті баска әрекстпсн салыстырып қолдану арқылы фразеологизмдерге айнальш кет-кен. Ит байласа түргысыз дегеннен адам түгілі ит екеш ит те тұ-рып болмайды дегснді түсінеміз. Соңгы фразеологиялық мағы-наның жасалуына еркін тіркестегі бастапқы (лексикалық) ма-ғына тірек болғандыгы айқын байқалады. Қөз көрмес, құлак, естімес жер дегеннен аяқ жетпейтін алыс жер, қиыр шет деген фразалық мағына пайда болған. Соңғы мағына мен алгашқы ма-ғынаның өзара байланыстылыры анық сезіліп тұрады. Ит көй-лекті бұрын тоздырған_дегеннен біреуден біреудің сәл үлкендігі бар дегенді түсінеміз./Жеке сөздердің қосындысынан пайда бол-ған жай ғана туынды магына емес, бейнеленген туынды магына екендігін көреміз. Фразеологиялык тұтастық пен фразеоло-гнялық бірліктің ара-жігін ажырату кей жағдайда қиынга соғады. Мәселен, ит басына іркіт төгілді (ағыл-тегіл молшылық) дсгенде екі жақты түсінік қалуға болады. Малмен көзі шыққан егде адамдар үшін бүл тіркес фразеологиялық бірлік болса, малдан сырт жүрген, әсіресе кейінгі жастар мұны фразеологиялык түтастық деп тануы сөзсіз. Тұрақты тіркестің алгашқы заттык мағынасы нерұрлым көмескіленіп, тасалана, күңгірттене бастаса, соғұрлым оның магына түтастығы да күшейе түспек. Мәселен, қарры бау деген тұрақты тіркестің үш түрлі магынасы бар: 1) иттің мойнына таратын бау, 2) қалың малдың алдына ала берілетін жоралғысы, 3) тамыр-таныстықпен қалап-сұрап алған зат үшін берілетін төлем ақы.

Қарғы бау тәрізді тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ бау, балақ бау, аяқ бау, т. б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда мұның соңғы екі магынасы тұрақты тіркес екендігін, оның ішінде фразеологиялық тұтастықка жататындығын бірден танытады. Сол сияқты мойнына мініп алды деген фразаның да екі мағынасы бар: 1) басынды, иыктады; 2) біреудің арқасында күн көрді, масыл болды.

105

Фразеологиялық соңғы мағына алғашқы заттық мағынадан келіп шыккандығына қарамастан, фразеологиялық тіркестін қай түріне жатқызуға келгенде кереғар пікірлер болуы мүмкін. Мұн- дагы негізгі басты себеп — тұрақты тіркесгің мағыналарынык" тым көнеленіп, ескіре, күнгірттене бастауымен тығыз байланыс- ты. Демек, тұрақты тіркестін мағына тұтастығы кейде кім қалай түсінумен байланысты шешіледі.



Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқ-ты сркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдатдан ксліп шықкан. Ягни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лекснкалы: мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуга жақындап, күң-гірт тарта бастаган. Мұнда ерікті мағынасындағы сөзбен фра- зеологиялық калпында, сөздіц тіркесуінен жасалып, сол қалпын-да, тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: бота көз, қоян жүрек,. асқар бсл, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауыр-сақ мұрын, кем иек, ала қол, кара бет, жел аяк, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мұрт, алтын айдар, жуан жұдырық, қош жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақал, торсық шеке,-жез таңдай, бір ұрт, қызыл тіл, күміс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тұмсық, бір төбс, зор кеуде. шер көкірек, аршын төс, қабырга ағайын, көк жұлын, жүйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды, т. б.

Фразеологиялық тізбектің құрамындагы срікгі (тура) магы- надағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілегі болса, фразеологнялық туынды мағынадагы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп колданылады. Мәселен. көк бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тізбектердің кұрамындағы бет (жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз), жол (үлкен жол, кара жол, сокпак жол) деген қыруар сөздсрмен тіркесіп қолдана берсе, фразеологиялы; мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз қысыр сөзімсп, жол қасқа сөзімен ғана тіркеседі,

Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапкы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып, сезіліп, , ұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жегкісіз, көзін тырнап аш қалы, көзі тірісінде, көз шалым жер, көз барда, көзімдсй көр, көзі жоғалды, көзі ілінді, көзі жетті, т. б. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шецбері шектеулі болады,

Фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағыаан скі топқа бөлі-неді: 1) Қүрылым-қүрылысы сөздердіц белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат көз, ашық ауыз, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жөн, қалкат құлақ, мұрты шағылмаған, жауырын құрлы көрмеді, саусақпен, сапарлықтай, кең иықты, ат жақты, иығы босады, алақанның аясындай, бармақ казы, езуі жиылмады, тісін басты, қас қарай-ды, кірпік қаққанша, сақалды басымен, ку тілді, кеңірдектен,

106

кслді, тұмсығы батпады, ецбегі қатпағаи, төбесі тесік, өр көкі-рек, аркасы бар, бүйірі шыкты, мұрынның қанындай т. б.



2) Қурылым-қурылысы жағынан өйлемге тең фразеологизм-дер. Мысалы: бір қолын екі ете алмады, екі иыгынан дем алды,

ұйықтаса, ойда жоқ, ел бетін көрместей болды, табанын жерге тигізбеді, аузына ақ ит кіріп, кара ит шықты, ішкен асы бойына тарамады, көзіне көк шыбын үймелетті, көрер таңды көзімен атырды, ашса алақанында, жұмса жұмырығында, ішкен асын жерге қойды, аяқ-колын бауырына алды, басы ауырып, балтыры сыздады, бұтын бұт, қолын кол кылды, қасынан бір елі тас-тамады, жеңген иттің желкесінен алды, көңілі су сепкендсй басылды, қашпаған кара қашардың уызына қарайтын, кой үстті-не боз торғай жұмыртқалады, т. б.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет