М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика



бет4/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#5668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
§ 6. СӨЗ ВАРИАНТТАРЫ

Тілдсгі омоннмдер мен синонимдер мағыналык жағынан да. тұлғалық жагынан да әркайсысының өзіндік дербестігі бар жеке-жеке сөздср деп танылады. Бұларды белгілі бір сөздің әр түрлі вариантымен шатыстыруға болмайды

Сөздің лексикалық бірлігінде ешқандай жоқ Морфемдік кұрамы ұқсас (үйлес) келген құрылымдарды сөз варианттары дейміз. Мысалы: риза—разы—ырза, дәнеме—дәнеңе, ештеме— ештене, әжім—ажым, әжуа—ажуа, үлгіру—үлгеру, су-ару-суғару, түгендеу—түгелдеу, жұбану—жуану—уану, ұқсау-ұсау, тырнактау—тірнектеу, айқай—айғай. кария— кәрия, абдыра_әбдіре, жазғытұры—жазғытұрым, бешпст—бешпент, әне-әні; мүлде—мүлдем, гөрі—көрі, сонан—содан, осынан— осыдан, бәле—пәле, бірдеме—бірдеңе, түңлік—түндік, ертек— ертегі, әшейін—әншейін, кәне—кәні, балуан—палуан, бектре—мекіре, пияз—бияз, азар—әзер, әбжылан—абжылан, дайын—даяр, мунша—бұнша, барабар—парапар, екіншілей—екіншідей. зыту -жыту, жылылай—жылыдай, зәлім—залым, кане—кәне—кәні казір—кәзір, сейтіп—сүйтіп, бана—мана—бағана, найзағай— нажағай, үйткені—өйткені, сайтан—шайтан, шөгір—шөңге, пенде -бенде, тыныш—тиыш, тынышталу—тиышталу, үждан—өждан, мандымды— мардымды, міне—мінеки—мінекей, рәсім—ресім. жирену—жиіркену, мирас—мұра, тамам—таман, каніки— кәніки, естіген—есіткен, көнбіс—көмбіс, бәлкім—бәлки, бұлғау— былғау, бұлғақтау—былғақтау, кәдімгі—кәдуелгі, кемзал—қамзол, таяу—тақау, бақай—башай—башпай, баған—бағана, қадір—кәдір, ары—әрі, дөңгелек—доңғалак, лазым—ләзім, жаю— жәю т. б.

Осы тәріздес фонетикалык варианттәрды бір сөздің дыбыстык құрылымы жағынан түрленуі деп есептеледі Бұл сияқты турлену сөздін лексикалық мағынасын өзгертуге пәлендей себеп бола алмайды Сондыктан да бұлар әр баска сөз емес, неше вариант болса да, бір сөз ретінде танылады.

Сөз варианттары мынадай үш түрлі белгі аркылы ажыратылады. а) Сөздің түбірінде ортақ ұқсастық болуы қажет, ә) Лексикалык-семантикалык жалпылығы (ұксастыгы) сақталуы керек, б) дыбыстық өзгешелігі, лексикалық-семантикалық өзгеріс тұдырмауға тиіс1. Шсттен кірген кірме сөздерінің кейбіреулері басқа тілге ауысып келгенде бір сөз_екі.де_одан да көп вариантта айтылады да, жүре-жүре сол варианттардың әрқайсысы әр түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлініп, өз алдына ербес сөз больш қалыптасады. Бір кезде казак тіліне араб-парсы тілдерінен ауыскан көптеген сөздер бірнеше вариантта айтылып келген болса, казір сол варианттар жеке-жеке сөз болып,дараланып бөлінді Мысалы: әл—хал, қисап—ессп, қаракет—әрекет, ғылым—ілім, ғаділ—әділ, газиз—әзиз, сағат—сәт, казір—әзір, оқиға—уакиға, абырой—әбүйір, каржы—каражат, қате-кәте, мақсат—максұт, мағлұм—мәлімет, ңесіп—нәсіп, нышан-нышана, шарт—сорт, қагида—коде, үкім—өкім, мағлұмат-мәлімет, халық—калайық, нәсіп—несібе, өкімет—үкімет,

І ' В. В Виноградов О формах слова, “Известия ОЛЯ”, т. з вып I, 1944, ГІР 40—41 А И Смирницкий К вопросу о слове (проблема рождества глова). Труды Института языкознания ЛНСССР” т 4, 1954 О. С Ахнанова Очерки "° общей и русской лексикологни. 1957, стр 192—252 Р. П. Рогожникова Варианты слов в русской яэыке, 1966, стр 3—14

кінә—күнә, ауа—әуе, ғазиз—әз, пұл—бүл, хайуан—айуан, таби-ғат—тобет т. б.

Бұл тәрізді тілдік фактілер жалгыз казак, тілінде ғана емес орыс тілінде дс көптсп үшырасады. Орыс тіліндс байырғы төл сөзден бөлініп, скі түрлі магына алган түбірлес сөздер де кездеседі. Мәселсн, власть дегеннен волость, гражданиннан горожанин, странадан сторона, переградадан перегородка жасалған.| Бір түбірдсн таралған дыбысталуы бір-біріне өте ұксас сөздердің бәрін вариантты сөздер тобына жаткыза беруге мүлдем болмайды. Түбірлсс синонимдер мсн сөз варианттары^ бір- бірінен дұрыс ажырата білу кажет. Мәселен, садака—садаға күзеу—күзек, қыстау—қыстак, жанка—жонка, шұнқыр—шұқыр, сұрау—сұрақ, қоңырсу—көңірсу, пысылдау—пышылдәу.жұдырық—жұмырык, кабырга—кабыртка, дсгендердің _әрқайсына тән өзіндік сол магыналық срскшеліктері бар екендігі дәлелден- ген. Сонымен бірге мынадай түбірлес синонимдердін нұскаларға бар екендігіи еске түсіре кетейік. Мысалы: егін—егіс, бау- бақ кез—ксзең, жара—жарақат, сарғаю—сарылу—сарсылу, еліру- елурсу, көгеру—көктеу, аңкию—аңыру, қызықты—қызғылықты қорғаншақ—қоргалақ, барлық—барша, кайта—кайыра,салақ- салғырт, маң—маңай, ортала—ортайт, акта—ағарт, қапылыста капыста—қапелімде—капияда т. б. Кейде бір түбірге бірнеше қосымшалар қосып, түрлсндіріп айта беруге болоды. Мэселен ага деген сөздсн агатай, агажан, ағеке, агашым деп айтсақ қалқа деген сөзден қалқам, қалқаш, қалқатай, қалқажан, калқабас деп мың құбылтып, әр түрлі көціл күн, көзкарасымызды үлкен мен кішіге деген зор ілтипатымызды білдіреміз. Бұл, тәрізді кұбылыстардың бәрін сөз варианттары деп қарасақ,онда орны толмас, кешірілмес кате жібереміз.

Тілдсгі сөз варианттары әдеби тілді калыптастыру барысын да екшсліп, сұрыпгалып жуйсге келтіріледі, Әдеби норма тілдің дыбыстық, грамматнкалық құрылысы мен сөздік жүйесінің ішін- дегі ең өміршең дсгсн элемепттерді тандап алу негізінде калып тасады. Әрбір тілдің әдеби нормасы ұлт тілінің ең жоғарғы өң- делген нормасы деп есептеледі. Бұлар тіл мамандарының ғылы-| ми еңбектерінде, норматнвті грамматикалар мен сөздіктерде кө- рінеді. Сөйтіп, баспасөз, радио, театр, телевизия, кино аркылы таралып, жалпы халыктык, қалыптаскан сипат алып, мектептер- дегі сабақ жүйесінің негізім құрайды. Олай болса, казіргі жарыса қолданылып жүрген жарыспа сөз варианттары әлі де талай өцдеуден (сыннан) өтіп, шындала береді деген сөз.

Сөз варианттарының тағдыры негізінен екі түрлі жолмен ше-шілу мүмкін. Сөз вариантының біреулері екі түрлі мағына алып бір-бірінен сараланып бөлінуі ықтимал. Мәселен, ащы мен ашты, ыстық пен ыссы тәрізді сөз варианттары орыстың горький.

В.Ф.Любченко Пути возникновения лексических синонимов в р-русском языке Ученые записки стерлитемакского гос.пед.института серия пед.,вып.1963,3,стр.171

соленый горячий—жарко сөздерінің баламасы ретінде екеуі екі ' бөліп кетуі ғажап емес. Сөз вариаитынын енді біреулері әдеби мен сөйлеу тілінің ыңғанына карай арқайсысы екі салаға телінді болып қолданылуы да сөзсіз. Моселен, оне--әні, кәне—кәні міне_мінеки, өйткені—үйткені, қария—кәрия, қазір—кәзір, сөйтіп—сүйтіп дегендердің алғашқы варианты қазірдің өзінде Ө 'әдеби тілде жиі қолданылады да, ал, соңгы сыңарлары сөйлеу тілінен мықтап орын тепті. Демек, сөз варианттары алдағы уа-қытта талай талқыдан өтпек, сараланып, екшеліп бір ізге түспек.

Қазақ тілінде сөз варианттары өте көп. Бүлардың көпшілігі әлі күнге сараланып бөлінбеген. Сондықтап бізде бұл жайында талас та, дау да баршылык. Әсіресе варнант сөздерді сөздікке беруде

керегар пікірлер бар. Қейбірлеулер варианттардың белгілерін (адеби иұскасын) сөздікке алайық та, қалгандарын ескіртіп барып, қолданыстан мүлдем жояйық дегснді айтады. Орфо-графпялык, сөздікте варианттарды саралап, әдсби нүсқасын көр-сетумен шектелу керек. Ал көп томдық түсіпдірме сөздікте ва-риант біткендерді барынша мол қамтьш, оларды стнльдік белгі-леріне қарай саралап көрсеткен жөн. Мүның өзі, біржагынан, тілдегі варианттардың нақтылы санағын (есебін) алу болып шы-ғады.

§ 7. АНТОНИМДЕР

Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапа-сын, артық-кем қаснетін, мөлшср-көлемін салыстырып, бір-бірі-не қарама-қарсьі қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң, кейі мыр-за. Кейде қапа, ксйі ырза, Барша жұртты сынадық (С. Сейфул-ин). Кейдс қайғы, кейдс шат, кейде түнық, кейде ылат, кейде қорқақ, кейде өжет, кейде тірі, кейдс өлет (I. Жансүгіров). Бо-лысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейдс жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейдс сарақ (Ғ. Мүстафнн). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә. Сәрсепбаев). Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйадей көретініңіз қалмаган, мыр-за (Қ. Оразалин).

Осыпдағы сараң—мырза, қапа—ырза, қайғы—шат, тұнық— ылат, қорқақ—өжет, тірі—өлі; паң—мүләйім, жұмсак—қатты, береген—,сараң, әлді—әлсіз, әділет—қияпат, түймедей—түйедей дегендер жагымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жа-| маншылықтын, үлкен мсн кішініц керегар ұгымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жагыныц салмақ-мөл-. шері бірі артық, бірі кем емес, нақ бірден, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз магынасы бір-біріне карама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндінтсн, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері ксдей, нс болмаса, тіптеп ксздеспсуі де гажап емес.

Қазақ тілінде антоннмдер көбіне-көп сын есшдерден болады онан соң етістіктерде зат есімдерде, үстеулерде азды-көпті кез- деседі. Ал калған сөз таптарьшан ангонимдер тым тапшы.

Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар: түбір күйінде кездесетіндері: ауыр—жеңіл, кең—тар, ыстық- суық, үлкен—кіші, жас—кәрі, биік—аласа, ұзын—қысқа артық—кем, аш—тоқ, жақсы—жаман, қалың—жұқа, терең-арарық—семіз, оңай—қиын, араз—тату, ашы—тәтті, көп-аз,оң- теріс т. б.



ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: ашық-жасырын, өэімшіл—көпшіл, ашық—жабық, тілазар—елгезек, қаты—ақырын, орнықты—шалағай, олақ—іскер, оңқай—солақай сүйкімді—жексүрын, бүтін—жыртық, жүрдек—шабан, түзу-қисық т. б. Қазақ тілінде сындық мағынадағы туынды антоним- дер көбінесе -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы анто- нимнің жағымды сыңарларын ал -сыз, -сіз жұрнақтары сыз мағынадағы сыңарларын жасайды. Мысалы:

Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,

Аргымақ бірде жалды, бірде жалсыз.

Ақылдыны алысым деме,

Ақылсызды жақыным деме.

Куэлі істі куә табар,

Куәсіз істі күман табар.

Арлы арына қараса,

Арсыз жеңдім дейді.

Сол сияқты сын есімнің -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы да туынды антонимдер жасала береді. Мысалы: бастапқы соңғы, бұрынғы—қазіргі, үйдегі—түздегі, сыртқы—ішкі, күндізгі— түнгі, қысқы—жазғы т. б. Етістікке тон мынадай антонимдер бар: а) тубір күйінде кездесетіндері: озу—қалу, кету—келу,| қону—ұшу, айырылу—қосылу, шашу—жинау, бару—қайту, 1 жату— тұру, ашу—жабу, кіру—-шыгу, ұту—ұтылу, жеңу—жеңілу, қуану—ренжу, сүйіну—күйіну, көшу—қону, күлу—жылау, сату—алу, ысу—суу, шабу—ілбу, даму—тоқырау, қату-жібу , ауыру—сауығу т. б. ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: таю—жасару, жогарылау—төмендеу, татуластыру—араздастыру, ақтау—қаралау, елдестіру—жауластыру, мақтау—даттау күшею—бәсеңдеу, баю—кедейлену, арықтау—семірту, жаңар- күшсю —бәсеңдеу, баю—кедейлену, арықтау — семіру, жаңару ескіру т. б.

Зат есімге тән антонимдер де негізгі және туынды түбір күй- інде кездеседі; а) түбір күйінде кездесетіндері: өтірік—шын алғыс—қарғыс, рақат—бейнет, бақ—сор, өмір—өлім, өц—түс', алды—арты, шарапат—кесепат, асты—үсті, пайда—зиян, бай-. кедей, жаз—қыс, күн—түн г. б. ә) Туынды түбір күйінде кезде-| сетіндері: аласы—бересі, байлық—жоқтык, кісілік—иттік,аш- тық—тоқтық, тарлық—кеңдік, жеңіс—жеңіліс, ұтыс—ұтылыс азшылық—көпшілік, кіріс—шығыс, алыс—беріс, сыпайыгерші- лік—арсыздық т. б.

Үс т т е у г е қ а т ы с т ы а н т о н и м д е р: ерте--кеш, ілгері—кейін жогары—томен, алыс—жақын, әрі—бсрі, сылбыр~тез т.б." Е е і м д і к к е қ а т ы с т ы анау—мынау, әне- міне, осы—'сол тәрізді бірен-саран антонимдер гана үшырасады. Тілде қарама-қарсы ұгыммен қатар, кейде, аралық ұгым да кездеседі.

Мәселен ескі мен жаңаның арасында көне (көнетоз), шикі мен пісінің арасында дүмбілез, суық пен ыстықтың арасында жылы.ұтыс пен ұтылыстың арасында теқ, ерте мен кештің арасыпда дәл біткен мен бітпсгснніц арасында шала, жеңу мен жецілудің арасында итжығыс деген аралық ұғымдар бар. Бұлар антоним (бітксннің бәріне тең емес, кейбірлеулеріндс ғана үшырайды. Аралық ұгым кереғар екі ұғымды тең ұстап тұрады. Тілдсгі антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды біріне-біріп шендестіріп,салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен, антонимдер өте-мөте мақал-мәтелдерде жиі қолдапылады. Антонимдерді қолданудыц негізінен үш жолы бар:

1. Антонимдер бір сөйлемнің, өз ішінде салыстырылып айты-лады. Мысалы: Қорльіқ өмірден ерлік өлім артық. Ер бакыттың қонганын білмейді, ұшқанын біледі. Еріншек егіншідсн елгезек масақшы озады. Ақымақ бұзуга бар, түзеуге жоқ. Өлі арыстан-нан тірі тышкан артық. Досыңның асын қасыңдай іш.

2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы койылып шен-дестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Тоқшылықта жеген тоқпан жілік. Ашаршылықта кезіцнен бір-бір ұшар. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Жаңаны күтіп, жалаңаш үйден шыкпай қалған-нан, Ескіні жамап киіп, жацаны іздеп тапқан артык. Көп ақы-мақтың ағасы болғанша. Бір ақылдының інісі бол. Жауластырмақ жаушыдан Елдестірмек елшіден.

3. Аигонимдер ыцғайлес кезектесіп қатар жұмсалады Мыса-лы: Арымақ, семірмек көңілден. Палуанға он, терісі бірдей. Ылдисыз өр болмайды. Ит үрер жақсыга да, жаманға да, Қылмағы бірақ залал құдайдан-ды (Ы. Алтынсарин). Ащы менен түщынытатқан білер, Алыс пенен жақынды жорытқан білер. Бір суып,бір ысып,

Барады іш пысып (Абай). Қарсы койылып айтылгаиныц бәрін антоним деп тануға болмайды. Ксйде синоним• сөздер де бір-біріне салыстырылып антыла беретд. Мысалы: Гүрілдеи келген жаудан, Күлімдеп келген қас жаман. Қауіп бар жерде қатер бар. Қауіп қайдан болса, қатер содан. Өлім бар жерде аза бар. Бет көрсе, жуз ұялады. Жан-жақты дамып, ке мелденгсн тілде белгілі бір ойды әр турлі мақсат-мүдеге карай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануга болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге де оншалиқты тапшы емес екендігін байқаймыз.

§ 8. ТАБУ ЖӨНЕ ЭФЕМИЗМДЕР МЕН ДИСФЕМИЗМДЕР

Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуга тыйым салын-ған сөздер тіл білімінде табу деп аталады. Қараңғылык пен дін-шілдік құрып тұрған өткен замандарда адам баласы өмірді жете таиьш білмеу салдарынан, зат пен оның атауының арасында табиги байланыс бар деп жансақ түсінушілік болған Адамзат өзі тудырган кейбір создерді күндслікті түрмыст өз| атымен атамаи, баскаша атауға можбүр болган. Мұндай тыйым салынган сөздер дүние жүзіндегі халыклардың көпшілігінде кез- деседі. Бүл әдет түрік халиқгарыныц тарихында кең тараған Қазак халкының революцияга дейінгі тұрмылсында да бұл сияқ- ты соқыр сенім біркыдыру өмір сүріп келгсндігі аян. Осындай тарихи оқиғаның нактылы бір айғағы (көрінісі) ретінде мынадай бір аныз әңгімені келтіруге болады.

Аталардың аты

Баяғыда Аюбай, Түлкібай, Итбан деген үш ағайынды адам өмір сүріпті. Булардың отырган ауылы терең сайдың ішінде екен Қүндердің бір күнінде ағайынды ақсақалдар үйде әңгіме дүкен құрып отырады Бір кездс ауылдың иттсрі жабыльш үріп шулап коя береді. 'Төрдегі аксакалдардың бірі босаға жақта күйбеңдеп жүрген келінге:— Шырагым, иттер неге үріп кетті, байқап келші,- деп жүмсайды. Келін жүгіре басып далаға шықса ауылдың арт жағында үлкен бір аю түлкіні куалап барады екен де, иттер соган үріпті. Үйге қайта енбек болган келін кенет “Япыр-ау, мұныц бәрі аталардыц аты гой, калай айтсам ексн деп кысыла-кысыла ішке енеді — Иә, балам, иттер неге үріл деп сүрайды ақсақалдың бірі. Сасқалақтаган келін:-—Ауыл сыртындағы аршалы бстте атакем тэкемді зыттыра куып бара жатыр екен, осы ауылдагы жэкемдердң бәрі соларға қараи үріп жүр,— депгі (“Қазақстан әйелдері”, 1967, № 7, 27-бет).

Қазақтыц ескі әдет-ғұрпы бойынша келін болып түскел қыз күйеуінің туған-туыстары өз атымен атамайтын болган. Солар-. дыц әрқайсысына лайықтап (жолына, жасының үлкен-кішіі қарай) өз тұсынаи басқадай ат коюға мәжбүр еткен. Мәс кызга қарп көз, бикеш, шырайлым, еркежан десе, ұлға кекілдім, айдарлым, түлымдым, шырақ, тетелес, мырза жігіт, төре мырза ага, би ага делінген. Егер аты дөрекілеу болса, иттеріс деп те атаған. Сол тәрізді ата-ене, абысын-ажын, кайын аға қайын жұрт, нагашы, жиен-жиеншарларга дейін шетінеи ат қойып шығатып болган. Қелін ат қойғанда кездейсоқ түрде емес ат қоятын адамдардыц мінез-құлқыи, тұр-тұрпатып, өнер-талабын жан-жакты текссріп, түрлі касиеттеріне қарай сәйкестен діріп атаған. Мәселен, тете емес кайнысын тетелес деп атамаған тұлым қоймаган қайнысын тұлымдым демеген. Жасы үлкен адамдардың аттары басқа зат атауларымен аттас болып келсе, онда келін оларға да басқаша жаца ат ойлап табатын болған. Мәселен, Жылкыбан болса мінгіш деп, Қойшыбай болса — азбан дсп, Бүркітбай болса — үлкен құс деп, Тышқанбай болса-- қаптесер деп, Қарабай болса — баран деп, Ақберген болса-- шаңкан деп атайтын болған. Ауылды жерде әлі күнге дейіи ескі салт-сананың сарқыншақтары жасы мосқал тартқан адамдардың арасынан там-тұмдап болса да кездесіп қалады. Бұлар қазір кедесе калса, ескі ырым, діни ұғым бойынша емес, халықтын 6 зтикалык, эстетикалық калыптаскан көне нормасы түрінде жұм-салады. ¥ят сактап, сыпайыгершілік білдіру иба, рәсім ретінде қолданылады. Демек, табудың бұл түрініц мән-мағынасы түбірі-° мен өзгерген, көнеріп, бір жола күнделікті колданыстан шыққан леуге болады. . _

Казак тіліндеп табудың ендіп бір түрлері табиғаттыц дүлей күшімен, адамды опат қылатын ауру аттары мен каскүнем жырт-қыш ан-жондіктермен тікелей байланысты шыққан. Мәселен, ре-волюцияға дейінгі казақ аулында жай түсті десек, “адамға кыр-сығы тиюі мүмкін” деген наным бойынша, оны жасыл деп атай-тын болған. Шешек ауруының атын атасақ, “жұғады”, “жабыса-ды” деген сенімге байланысты шешек ауруының атын тура ата-май, әулие, қорасан, мейман, қонақ, деп өзгеше атаран. Қасқырды қаскыр деп атасак, естіп қойып, “малымызға шабады” деп қорқып, оны итқүс, қара қүлақ, серек құлақ, ұлыма деп атайтын еді. Жыланды да жылан десек, “келіп шағады” деп үрейленіп, оның түйме, қамшы, үзын қүрт деп айтқызған. Ұры алган, жо-ғалған малды ұрланды десек, “мүлдем табылмай кетуі мүмкін” деген сеніммен қолды болды деп айт дейтін. Мал сауылып бітті егеннің орнына мал байыды, кун батты дегеннін орнына күн айыды, жиналган адамдар кетейік, қайтайық дегенніц орнына көбейейік деп айтуды әдетке айналдырған еді. Соның нәтиже-сінде осы ұғымдарға катысты бірнеше синонимдер пайда болған. Бұлар белгілі контексте әр түрлі стильдік мән тудырады.

Бір затты, қубылысты өз атымен тура атамай, басқаша атау мен атау тек табумен ғана байланысты емес. Сөздің ұғымы дөре-кілеу қолайсыздау, көңілге тиетіндеу болып келген жагдайда а тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыл^ береді. Мұндай жағдайда магынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, еңілдетіи жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер келіп басады. Мұн-дай құбылыс тіл біліыінде эвфемизм деи аталынды. Эвфемтм табу сияқты үрейленуден туған соқыр сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер өскелең халқымыздың бү-гінгі таңдагы қалыптасқан этикалық және эстетикалық норма-фыныц күнделікті керіністері деп есептеледі. Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатыстыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан.

Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мына-аи дай олдары бар:

1. Ауру аттары алмастырылады. Науқас адамның көзінше аурудың нақ өзін атамай, оның жеңілірек түрін айту дәстүрі бар Мәселен, туберкулез немесе құрт ауру деудің орнына өкпе 'ауруы, рак нсмесе қылтамак, деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе сөз деудің орнына жіңішке ауру, сифилис деудіц орнына 'самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін 'сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады.

2. Адамның дене мүшесіндегі кем-кетік: атаулары алмастыры- лады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгелек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлағының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосақ деген сөздермен, аягы ақсақ дсгспді аяғы-ың сылтымасы бар деп алмастырып айта беруге болады.

3. Мағынасы айтушы мен тьщдаушыға бірдеіі соншама жағым-сыз, өрекі сөздер алмастырылады. Мэселен, нәжіс, қи несеп, дайрақ, үлкен дәрет, кіші дәрет, дәрет сындыру, ұлы дегендердің бәрі де белгілі контексте сыпайылық мән тудырады.

4. Үйлену мен турмыс қүруга байланысты сөздер алмасты- рылады. Мәселен, тұрмыс күру, түрмысқа шыгу, баласын құтты орнына қондыру, баласын аяқтандыру, қолына кұс қон үйлі-баранды болу, семья қүру, отау тігу, бөпелі болу, аяғы ауыр, орауға отыру тәрізді сөздср үйленуге байлаиысты айтылады.

5. Қогам өміріндегі адамдардыц бір-бірінің жагымсыз қарым-қатынастарына қатысты сөздер алмастырылады, Мәселен аузы жеңіл, қолының жымысқысы бар, қосып айтады, ауыз бастырық, сөзге келу, бет жыртыспау, жасы үлғаю, қалтасы тесік көзіне шөп салды, жаяу почта, үзын күлақ, аузының желі бар ішінде букпесі бар, сымсыз телефон дегендер сыпайылық мәнде айтылады. Эвфемизмдер ойды бейнелеп, көрксм түрде жеткізудің негізгі бір тәсілі. Сондықтан алдагы уақытта да сан түрлі эвфемизмдер туып қалыптасатындығына ешбір шек келтіруге болмайды.

Күнделікті қарым-катынаста магынасы жагымсыз тұрпайы сөздерді жағымды сыпайы сөздермсн алмастырып қолданатын дығымыз сияқты тілде әдепті сөзді әдепсіз (дөрекі) сөздермен де ауыстырып айта беру әдеті болады. Мұндай құбылысты тіл- білімінде дисфемизм немесе какофемизм деп атайды. Дисфмизм — мағынасы жағынан эвфсмизмге қарама-қарсы қүбылыс. Белгілі контексте жөнімен дүрыс жұмсалған сөзді магынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру — сөзді ауыспалы мағы-нада (троп) қолданудың бір жолы. Мысалы Бұт артары мен шақырак, саларларын жауга берді (Қ. Оразалин) Өздсріц бір-бір тулақтарыца мініп-ақ шапқылап кетсендер (К Оразалин Хазірет пен Әбунүсіптің сол езбалдагының өзіне мынау отырған қошеметшілердің кейбіреуі аузын аңқайта тыңдагансиды (Д.Әбі- лев). Жеңілетініңді білетін" болсаң, ссн бес кырт атанар маедің? (М. Әуезов). Осындағы бүт артар деген мініс, көлігі орнына, шаңырақ салар күшкөлік (түйе) орнынп, тулақ мінетін ат орнына, езбалдақ мылжың, сөзуар, сөз соқты дегсндердің орны- на, қырт-көк тантық, көк мылжың дегепнің орныпа жұмсалынып отыр. Сол арқылы сан қилы жагымсыз эмоциялық мән тудырган. Дисфемизм кеміту, корлау, іске жаратпау үгымии тудырады. Мысалы: боқ мүрын бала, боқтан өзгені сөз кылды, боғымен жасты баламен ойнады т б Қазак тілінде бір сөзге қатысты көптеген дисфемизмдер бар Бұларды бсліілі контексте жөнімен дұрыс колданылған сөздердін орнын бұрыс сөздермен , алмастырып айтуға болады. Дисфемизмдер — әдеби тілдің үлгі-?' сіне жатпайды. Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады. Сол ' арқылы әр жазушы өзінің қаһарманының міиез-құлқын, іс-әре-кетін ой-өрісін бейнелеп, нақтылы шынаны образын жасайды. Қоғам өмірініц қыр-сыры өте көп. Жылы сөз айтып, біреудің көңілін көтеруге болатындығы сияқты қатты сөз айтып, біреудіц намысына тиіп, ренжітуге де болады. Осының бәрі тілдегі сөз-дердің кұдіретті күшін танытады. “Басқа пәле — тілден”, “Тіл тас'жарады, тас жармаса бас жарады” дегендс халық сөздің

қоғамдык мәнін, кадір-қасиетін жете отырып айтқан.

II. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕҚСИКАСЫНЫҢ



ШЫҒУ АРНАЛАРЫ

§ 1. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ НЕПЗП СӨЗДІК ҚОРЬІ



МЕН СӨЗДІК ҚҮРАМЫ

Тілдегі сөздердің тұтас жинтығы тілдің сөдік құрамы деп аталады

Сөздік құрамы белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын,күнкөріс тіршілігін,кәсібі түгел қамтып көрсетеді.Белгілі бір халықтың қоғамдық шаруашылық мәдини тұрмысы неғұрлым күрделі болса,соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз.Мәселен,17томдық Қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігіне 120480 сөз енген екен.Бұған енбей қалған қаншама сөз бар десеңші.Алайда сөздікке енген сөздердің бәрі осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мүмкін. Қсйбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап сап емес, Сол сияқты “Казақ тілініц түсіндірме сөздігінің” 1974) бірінші томына ғана (А—Ә) 5310 сөз енген. Ал ол сөздік он том болып шықты. Қез келген қазақ осы сөздерді түгел еді, таныс деп айту қиын. Сонда сөздік құрамындагы сөздерді, қолдаиу жиілігіне қарай, актив сөздер (жпі қолданылаты және пассиві сөздер (сирек қолданылатын) деп, екі салаға болуге болады.

Актив сөздерге осы тілде сөнлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сойлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Дсмек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне оргақ болып табылады. Бұған күнделікті өмірдс өзіміз ай-^ тып,°әрі естіп жүрген таныс сөздердің борін жатқызуға болады.

Пассив сөздерге көпшілік түсінгенмен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне гана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, кәсіби сөздер кітаби лексикалар жатады. Актив сөздер мен пассив сөз-дердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы, өзгер-1 мелі депп түсіну қажет.

Сөздік қүрамдағы сөздер түрлі принципке негізделіп,өзара әлденеше топқа бөлінеді:



    1. әдебн лексика мен дналектілік лексика сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай бөлінуі

    2. Жал- пы халықтық лексика мен арнаулы лексика — әдеби тілдегі сөз- дердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай б

    3. бейтарап сөздер мен _экспрессивті сөздер — тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бөлінісін көрсетеді.

Сөздік күрамдағы сөздер тілдегі өмір сұру тарихына, тұрақты-| лығына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қазақ тіліиі байырғы сөздері түбірлеріне тән мынадай белгілері бар:

1)толық мағыналы, көп мәнді болады,

2) бір буынды болып келеді 3,өзге түркі тілдеріндегі байыргы түбірлерімен дыбысталуы жағынан да, мағынасы жағынан да ұқсас, тектес, мәндес келеді; Мысалы: жел, кел-, от, көз, төс, жыл, құс, қал, ай, қой, кес, көш,от, сан, сен, ор, өр, қаз, аш, куз, күн, көн, ат, жас, тас, қол, мол,кет, ет, ақ, бас, бар, бер, бел, көк, т, б.

Тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқаи, сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйытқы болған, аз буынды көп мәнді жалпы халықтық сездер негізгі сөздік қор есептеледі. Бұлардың сан мөлшері, көлемі сөздік қүрамдағы сөздерден әлдеқайда (анағұрлым) кем болады.

Қазақ тіліндегі барлық сөздің жиынтыгы сөздік қүрам болса, негізгі сөздік қор солардың қайнап шыққаи, өсіп-өнген негізгі көзі, қайнар бұлағы деп танылады. Яғни негізгі сөздік қор-баяғыдан келе жатқан өнімді сөздердің тобы. Негізгі сөздік қор- болмаса, сөздік құрамдағы сөздер де көбейіп, байымас еді. Негізгі сөздік қор үзақ өмір сүргендіктен жоне ең қажетті сөздер болғандықтан, бір тілде сөйлейтін барлық адамга, барша ұрпака бірдей қызмет атқарады. Сонымен бірге бұлар тілдегі стилдік тармақтар мен әдебиет жанрының ешқайсын жатырқамайды, бәріне ортақ түрде жалпылама қолданыла береді. Демек негізгі сөздік қордағы сөздер өзінің жасамалы тұрақты қасиетімен, жалпы халықтық ортақ қызметімен сипатталады.Жаңа тіркес, жаңа сөз жасаудағы өнімді де белсенді эрекетімен көзге түседі. Қогам өміріндегі болып жатқан тұрлі жаңалықта мен өзгерістер барлығы да тілге әсер етеді. Әсіресе оныц лекс өзгеріске неғұрлым бейім, неғүрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекеті мен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам адам өмірінде пе бар соны дереу және тікелей көрсетіп отыраду.

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан берті кезеңде; ғана қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістеу болды:



    1. Казақ тілінің лексикасы бұрынды-соңды тарихта болып көрмеген күшті қарқынмен дамып, жаца сөздермеи толыгып, кемелденіп байыды. Бұлар жаңа өндірістің, жаңа ауыл ша- руашылығының, жаңа системаның, жаңа мәдениеттің, жаңа мо- ральдың, техника мен ғылымның дамуымен байлаиысты тасқын- дап енді.

    2. Ескі салт-сана, әдет-гұрыпқа қатысты, көнс құрылыс пен көне тұрмысқа байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды. Мысалы: барымта, әмеңгер, дүре, калың мал, болыс малай, жалшы, шабарман, кебеже, ұлық, сәукеле, бесік )0' қүда,ұрын келу, отқа салар т. б.

    3. Сөздік құрамдағы бірқыдыру' сөздердін мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады. Бұлардың өзін бірнеше топқа бөліп карауға болады:

а) Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан

үстеме мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасады. Мәсе-лен тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғым-ында ғана жұмсалатын еді. Қозрамбайдың табы Бәйнеке ата-натын. Бір жерде 12—13 үй қыстайтыя (Қ. Тайшықов). Соңғы 10—65 жыл ішінде бүл сөздің бұрынғы тар мағынасы мүлдем кеңейіп, орыстың класс деген саяси термин сөзініц қазақша ба-амасы болып, түпкілікті қалыптасты. Сөйтіп бұл сөз адамның туыстық қатынасын ғана емес, сонымен бірге олардың коғам-дағы байлыктан алатын орны мен үлесіне карай топтасқан жігін де білдіретін болды. Бұл сөз тіл біліміндегі сөз табы деген жаңа тсрмннді жасауға да негіз болды. Сонымен тап деген сөз қысқа мерзімнін, ішінде-ақ ең актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.

ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие олган сөздср де кездеседі. Мәселен, бұрьш ұран дсген сөз ел мен ел, ру мсн ру жауласқанда, ат жарыстырып, балуан күрес-тіргендс ата-бабасынын аруағын шақырып рухтандыруды білдіргсн болса, казір коғамдық саяси мәні бар үндеу, шақыру дегенді білдіріп отыр. Сол сиякты жасақ деп бұрын әскер қол мағынасында айтылса, қазір коғамдык тәртіпті сақтайтын срікті астар, кызметкерлер ұйымьш (жасақшы) айтатын болдық.

б) Кеибір сөздіц бұрынғы заттық мағынасы ұмытылды да, оның косымша мағынасы актив болып айтылып жүр Мәселен, талқы легсн сөздің құрал мағынасынан гөрі, оныц дискуссия ұғым күнделікті қарым-қатынаста жиі колданылады.

г) Бұрын көп млғыналы болып келген кейбір сөздері қазір мағынасын тарылтьш, аз мағыналы сөзге айналған. Мәселен, бұ-рын ел билегсн үстем тап өкілдерін жуандар, күштілер деп ата-ған еді Казір бұл сөздер ол мағыналарынан мүлдем кол үзді.

д) Енді бір сөздеюдің экснрессивті-эмоциялық мәні өзгерген. Яғни революциядан бурын жағымды стильдік мән туғызса, енді жағымгыз мағьшаға ауысқан немесе керісінше қалыптасқан. Мәселен, \ұлық, төре, мырза, атқамінер, қасқа менен жайсаңдар ; деген сөздер бүрын ең қадірлі сөз болса, осы кезде бұл сөздер жағымсыз мән тудырып отыр. Қазір бүл сөздердің орнын халык, қалаулылары, халық сүйгсн кандидат, Еқбек Ері, еқбек озаты, басшылар, екпінділер дсгсн толып жатқан жаңа сөздер басты. Сондай-ақ, нашар, буқара, кедей, шаруа дегендердің де стиль-дік_мәні өзгерді, жағымсыздан жагымдыға ауысты. Бір дәуір- дегі жаңа сөз көпеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағы-налыға актив сөз пассив, сөз акливке, бейнелі сөз қара- пайым сөзге, жай сөз бейнеліге ауысып отыру заңдылығы әрбір, тілдің сөздік күрамына тән нәрсе. Бұлар үздіксіз дамып толығып өзгерумен болады. Мұндай зандылыктар әлі де бермек.

Біз енді казақ тілінін сөздік қүрамындағы сөздердің шыққан арналары мен пайда болған жолдарына тоқталайық. 1


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет