М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


§ 3. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСЫ



бет9/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#5668
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
§ 3. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСЫ

Сөйлеу кезінде тыцнан жасалынбай, даяр қалпында колдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге. ұқсайды. Ма-қалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түй-індеп қорытындылайды. Я болмаса, екі нәрсені бір-бірінс қарсыт қойып, салыстырады. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, же-терсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсақ, қаларсыц уятқа. Сұлу-сұлу емес, сүйген сүлу. Суьщ ширатады, жылы жасытады. Аягы жаман төрді былғайды, Аузы жаман елді былғайды. Балық аулай алмаған суды лайлайды. Ағың барда жер таны, желіп жүріп, Асың барда ел таны беріп жүріп, т. б. Мақал—тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Сондықтан да бұрыннан келе жатқан даяр материал болғандығына қарамастан жұрт мақалдарды айтуға да, сонымен қабат тыңдауға да соншалықты құмартып тұрады. Мақал-мәтелдердің адам баласының өмірінде камтымайтын саласы жоқ. Соның бәріне аз сөзбен көп магыналы етіп білдіреді. Халық: Түз астық дәмін келтірсе, Мақал сөздіц сәнін келтіреді, Мақал—сөздің атасы, Сөздіц көркі—мақал, Мақалсыз сөз татымсыз аспен тең,— деп тұжырымдайды. Мақал-мәтслдердің фразеол-огизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі даяр тұрған материал болғандығында ғана емес мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жатады. Мәселен, Құс қанатымен ұшады, құйрыгымен қонады дегенде біз құстың ұшып-қонуын ойламаймыз, ең алдымен, адам туралы, күнделікті өмір-тіршілік туралы ойлаймыз. Құстарды ұшырып-кондырып тұратын олардың қанаты мен кұйрығы болса, сол сияқты адам да бір мен бірі селбесіп, бір-бірінің тілін тауып, бірлесіп, қол ұстасып өмір сүрмесе болмайды екен ғой деген ойга келеміз. Сол сияқты Ит тойған жеріне, ер туган жеріне, Қісі елінде сүлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол дегендердегі ит пен ерді, жат ел мен туған елді бір-біріне қарама-қарсы шендес-гіріп қолдану арқылы тұжырымды оймен бірге астарлы мән-

107

мағына беріп түр. Мақал-мәтелдср жайдан-жай айтылмай^ белгілі мақсатты ойды жузеге асыру үшін, тындаушының жан сезіміие ерскше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтслдер де обден қалыптасқан, орныққан, орны бекем болады. Бұлардың коміюненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен езгертуге келмейді. Сонымсн қатар сыртқы түрі жағынан яғни өздерінін семантикасы мен құрылым құрылысы жагынан мақал-мәгелдердін, фразеологизмдсрден елеулі өзгешеліктері болады. Фразсологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнде келеді. Ал макал-мәтелдердін көпшілігі



игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатвнда_ болады.Мақал мен мәтелдср қаншалықты ауыс мағынада айтылганымен, құрамын-дагы сөздер өзінің байырғы лексикалык мағыналарынан қол үзіп, онша тасаланбайды. Сөз саны жағынан макал-мәтелдерге қараганда фразеологнзмдерде өге шектеулі, көпшілігіне екі, я үш компонентті болады. Мысалы: қол бала, қолы ұзын, қолы тар, қол артты, қолды болды, қолы алдына сыймады,қолды жепсіз байлайды,қол-аяғы балғадай,жеткендей,екі қолын төбесіне қойды,екі өкпесін клына алып жүгірді,қолынжылы суға малды,біреудің қолымен от көседі,т. б.Мақал мен мәтелдер де мән-мағанасымен қатар құрылым-құрлысы жағынан да сан түрлі болатындығы белгілі.Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді.Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел белгілі бір ұғымды жамалап,меңзеп,тұспалап атайды.Мысалы:Бөрік кигеннің намысы бір,Саусақ илікпей,ине ілікпейді,Палуанға оң,терісі бірдей,Ат аунаған жерде түк қалады,Қорыққан бұрын жұдырықтар,Кісідегінің кілті аспанда,Алған қолым береген,Сұлуынан жылуы,Көрмегенге көсеу тан,Жығылсаң нардан жығыл,Сүйгенін шұнағым дейді,Көңіл жүйрік пе,көк дөнен жүйрік пе,Соқыр атқа қотыр ат үйір,Бұралқы ит үргнімен жағар,Ит үреді,керуен көшеді,ебін тапқан екі асайды,т.тб.

Мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы бір ойды түйінден айту басым болды.Сондықтан бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы сөйлем ұқсайды.Ал фразеологизмдер керісінше, нақ-тылы бір ұғымды астарлап айтып,сыртқы формасы жағынан жеке сөзге теңесіп тұрады.Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер талай замандар бойына жасалып,ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Алайда бұлардың жасалып,қалыптасу мерзімінде үлкен кере-ғарлық бар.Мақал мен мәтел әр заманның өзіне лайық күнбе-күн туып көбейе береді.Қазіргі біздің советтік дәуірде пайда болған мақал-мәтелдерден өзі қаншама.Мысалы:Табы бірдің-ары бір, Еңбексіз елге сыймас,Есепсіз колхоз-есіксіз үй,Егін ексең тыңға ек,онан өнер өнім көп,Еңбегі жоқтың өнбегі жоқ,Опасызда Отанжоқ,Жолдас қадірін жорықта білерсің,Сынның өзі ащы бол-ғанмен,жемісі тәтті,Жылылық күннің көзінде,даналық Ленин сөзінде,Партия айтса болғаны,

108

женістің қолга қонганы, Партия қайда болса — жеңіс сондай, Партия сөзі — барлық женістің көзі, т. б. Фраяеологпзмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе- күн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үіпін, белгілі ситуациялық жағдай қажет. Әсіресе идиомның шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану , грамматикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты (заманды) қажет етеді. Сол себептен |болса керек, фразеологизмдерді, әсіресе, идиомды бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға онша көнбейді.Ал мақал-мәтел-дер тілден тілге сөзбе-сөз де, емін-еркін де аударыла береді.



§ 4. ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ҮЙЫТҚЫ СӨЗДЕР

Тұрақты сөз тіркестері мен күрделі сөздер сөздікке берілгенде бірінші сөздің алфавиттік тәртібіне қарай орналастырылады. Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады. Әсіресе сып есімдерден (ақ, ала, кец, кер, көк, қара,қоңыр,қызыл,сары), сан есімдерден (бір, екі, үш, төрт, бес, алты,жеті,тоғыз,он,он екі,қырың, мың), бірлі-жарым етістік-терден болған ұйытқы сөздер әрқашан фразеологизмнің біршші

сөзі болып жүмсалады. Мысалы: ақ айыл, ақ боран, ақ білек, ақ жарқыи, ақ жауын, ақ жем, көк айыл, көк долы, көк бақа, дауыл, көк жал, көк майса, көк мылжың, бір шүйке, бір үзім,бір ілім,бір отар,бір үйір, бір қора, екі жүзді, екі қабат, талай, екі ұшты, қырық жамау, қырық, қырық пышақ, өлгенде көрген, өлер жері, өлгсн-тірілгенін жақсы көрді, өлдім-талдым дегенде, өле жаз-қорқады, өлеріне көрінді, өлмегенге өлі балық, өлмегенге қара жер, ішкен асын жерге қойды, ішкен-жегенін мұрнынан шығарды, ішкені алдында, ішпегені артында, ішкені ірің, жегені желім, ілінсе кетті, іреп сойды, алып қашты, жабулы казан жабуымен, жатып ішер, жазбай таныды т. б. Ұйтқы сөз фразеоло-гизмдердің бірінші сөзі болып келуі басты шарт болып табылмай-ды. Екі компоненгті зат есімнен болган фразеологизм-де ұйтқы сөз біріпші болып та, соңынан скінші болілп та тұра 'береді. Дегенмен үйтқы сөз фразеологпзмдердіц бірінші басқы ком-понсіпі болып қолданылуы өте жиі үшырасатындығын жоқ-ка шығаруға болмайды. Мұны мына төмендегі фразеологизмдердің

құрылым-құрылысынан айқынкөруге болады.Мысалы:



Тіс сөзіне қатысты фразеологизмдер. Оныц ішінде есім фразеологизмдер: а) сүт тіс,.күрек тіс, қасқа тіс, мандай тіс, ақыл тіс, үры тіс, азу тіс, қой тіс, жылқы (ат) тіс, сиыр тіс, бұзау тіс, ит тіс, сойдақ тіс, қашау тіс, сары тіс, маржан тіс, ұрғашы тіс, еркек тіс (тараққа қатысты) т. б. ә) тіс қаққан, тіске басар тіс гимеген, тісі шыккан, тісі каладаіі, тісі меруерттей т. б. Етігтік фразеологизмдер: тіс жарды, тіс жармады, тісі батпады, тісін басты, тіске басты, тісіи батырды, тісінен шыгармады, тісін қай-

109


рады, тісі шықты, тісі тісіне тимеді, тісің барда ысқыр, тіске сыздық етті, тісінің сыздығына сақтады т. б.

Бел сөзіне қатысты фразеологизмдер. Онын ішінде есім фра-зеологизмдер: а) кұмырсқа бел, кузен бел, таспа бел, қақпац бел, күдері бел, қынай (қынама) бел, бұран. бел, қыз бел, асқар бел, аш бел, т. б. ә) бел ағаш, бел бала, бел құда, бел омыртқал орақ, белі жок, бел ауру, бел күрек, бел ата (сы), елді атабел немересі, бел орта, бел ортасында, т. б. Етістік фразеел байлады (буды), бел бермеді, бел (і) кетті, бел көрді, бел көрсетті, бел қайысты, бел қылды, бел ұстасты, бел шешпеді, бел шешті, бел бүкпеді, белі бүгілді, бел көтерді, бел болды, белге шықты, бел жазды, бел суытты, белін сындыр-ды, белі ауырмайды, бел асты, белі шойырылды, белге көтерме болды, бел күшке кірісті, бел қызығын көрді, бел омыртқасы үзілі шықпай жатып т. б. Тілдегі кез келген сөз фразеологизмдерге ұйтқы сөз бола алмайды. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйытқы сөз бола алады. Сөздің сапа жағынан қаншалықты да-мығандығын көрсететін бірден-бір белгі — оның көп мағыналық сипат алып, туынды мағынада жұмсалып, әлденеше фразеоло-гизмдерді тудыруға себеп болуыңда. Осы ретте қазақ тілін-дегі фразеологизмдерді жасаудағы анотомиялық атаулардың қызметі айырықіпа екендігін атай кеткен жөн. Әсіресе көз, қан, бас, ауыз, қол, бет, аяқ, жүрек, тіл, қүлақ, қабақ, төбе, кеуде, көкірск тәрізді адамның дене мүшелері сөзге арқау, ойға тірек-гаяныш болып, тіліміздегі фразеологиэмдердің бай қорын жасау-дағы мінсіз қызметі бір төбе екендігін анықтадық.

§ 5. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СӨЗ ТАБЫНА ҚАТЫСЫ

Белгілі бір ұғымды бір сөзбен де екі немесе одан көп сөздер-дің жымдасып келіп, жанама марынада айтылуы арқылы да біл-діругс болады. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н. М Шанскнй фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің қыз-метін атқарады1 дейді. Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың қүрамындағы сөздер дараланбай, мағынаның тұтас-тыгы меп бірлігіне багынышты, әрі тәуелді болады да, бір сөз-діц орнына жүреді. Мәселен, араға от жақты деген ндиомның мағынасы араздастыру, жауластыру деген ұгымды білдіреді. Бұл ұғым ондағы жеке сөздерден туып тұрған жоқ, сондағы үіи сөздіц жалпы жиынтығынан шыгып түр. Фразеологизмдер мағына жагына бір ұрымды білдіріп, бір сөздің орнына жүргендік-тен, сөйлем ішшдс бір гана сөплем мүщесініц кызметін аткарып түрады. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты, телінді болады дсген сөз. Мәселен, күлі көке ұшты деген күйреді дегси сөздіц орнына жүреді Бұл идиом лексика-грамматикалық магынасы жагынан етістіккс ұқсайды. Сол се-

1 Н.М.Шанский.лексиколгия современного русского языка,1972, стр. 165.

110


бептен, бүл сөз сөйлем ішінде баяндауыштың қызметш атқарады. Тайға таңба басқандай деген фразаның мағынасы айқын, аіпық дстеп сындық ұгымды білдіреді. Сондықтан бүл сөз сөй-лемде анықтауыштыц қызметін атқарады. Көзді ашып жүмғанша дегеннен тез, жылдам деген мағынаны түсінеміз. Бұл мағына устеуге қатысты болғандықтан, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады. Сол сияқты дүниенің төрт бұрышы деген бүкіл злем, окер шары дегенді білдіреді. Магынасы жағынан зат есімге жатады. Сөйлем ішінде, сөз жоқ, бастауыштың қызметінде жұмсалады. Түрақты тіркестердіц белгілі сөз табына қатыс-тығы әрбір тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады. Алайда тіркестегі негізгі сөздердің лексика-грамматикалық мағынасы мен фразеологизмдердін, тудыра-тып мағыналары үнемі сәйкес келе бермейді. Мәселен, арасынан қыл өтпейді деген идомнын, сыртқы грамматикалық сипатына қарасақ, етістікке жататын сияқты. Ал, мұның беретін ұғымы тату-тәіті, дос деген сын есімге қатысты болып тұр. Сол сияқты жердіц түбі дегенді грамматикалық сипаты жагынан зат есім деуге болады. Ал мағынасы қашық, алыс дегенді білдіріп, үстеулік қызметте жұмсалады. Сондай-ақ, су аягы құрдым деген де зат есімге келгенімен, магынасы аяқсыз қалу, құру дегенді білдіріп,. етістікке қатыстьі больш түр, Олай болса, фразеологизмдердің қай сөз табына катыстығын апықтау үшін негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатып фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешуді талап етеді. Мәселеге бір жақты емес, жан-жақты карау керек.

Қазақ тіліндегі фразеологпзмдерді сөз табына қатыстылығы жағынаи негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:

1. Егістік мағыналы фразеологизмдер.

2. Сындық мағыналы фразеологизмдер.

3. Заттық мағыналы фразеологизмдер.

4. Үстсу магынасындагы фразеологизмдер.



Етістік мағыналы фразеологизмдер: Көзінің еті ості — көкірек керді, меименсіді; қолды болды — үрланды, жоғалды; басына іс тусті — істі болды, шаіылды; екі аяғын бір етікке тықты тықсырды, қуырды; көз жаздырды — адастырды, айырылып қалды; пысқырып та қарамады -- менсінбеді, көзіпс ілмеді; опық жеді — өкінді, санын соқгы; аягына отыргызбады — теңдік бермеді, жуытпады; қолды-аяққа турмады — сабырсыздан-ды, шыдамы кетті; көз байланды — қас қарайды, кешкірді; шыр бітті — семірді, қоц бітті; өкпссі өшті — шаршады, титықтады; Қаламы үшталды ~ жазуга қалыптасты, төселді; шаң берді — бой көрсетті, көрінді; насырга шапты — асқынды, қырсықтіл; монтаң қақты — телмең қақты, жаутанды; жік-жаппар болды --жалынды, жалбарынды, өтіпіп сүранды; оқпаны толмады — азырқанды, місе тұтпады; аузының суы құрыды — таңданды, тацыркады; екі көзі төрт болды — зарықты, сарыла күтті; ат қуйрығын кесті — арыздасты, қастасты; ат ізін салмады - қа-тыспады, көріспеді; көзін жогалтты — кұртты, жойды; қолқа

111


салды — сұрады, қалады; жіпке тізді — есепке алды, жинады т. б.

Сындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен ~ биік, үзын; қара қылды қак, жарган —әділ, турашыл; қағанағы қарқ, сагананл сарқ, — мәре-сәре, мәз-мейрам; қаламы жүйрік— жазгыш, қаламы төселген; ит түмсыгы өтпейтін — қальщ, бітік, ау; көк жан — арык, жүдеу; үріп ауызга салгандай — сүйкім-ді, әдемі; қой аузынан шөп алмас — момын, жуас; тонныц ішкі бауындай — ең жақын, әкей-үкей; он саусағынан өнер тамган — шебер, ісмер; тілінен бал тамган—шешен, тілмар; қөзі қырағы— көреген, жіті; көзден бір-бір ұшады — зәру кат; қара бет — ар-сыз, бетсіз; екі жүзді — опасыз, тұрақсыз; жүрек жүтқан — батыл, өжет, ер; аяк, алып жүргісіз — көп, қалың; аты шулы — атақты, әйгілі; аузын буған өгіздей — үндемейтін, мылқау; қолы ашык, — мырза, жомарт; еті тірі — пысық, ширақ; іске татыр — жарамды, іліп алар; кеспеге қарасы жок, —- семіз, май-лы; тас бауыр — мейірімсіз, т. б.

Заттық мағыналы фразеологизмдер: Кіндік кесіп, кір жуған — туған ел, отан; бір ауыздылық — ынтымақ, бірлік; аяі\ алысы — беталысы, багыты; суык, қол —- ұры-қары, жау-"жала; бас араздық—өшпенділік, қастық; ауыз бастырық—пара, ақы; бой щйсздік — жалқаулық, енжарлық; ел атсы — басшы, бас-қарушы; ұзын етек — әйел, қатын; к,ан ішер — бас кесер, жеп-дет; қара көлеңке — апақ-сапак, бейуақыт; қара халык, —- бұқара, көпшілік; қара мал — сиыр, ірі қара; құлақ естілмес, көз көрмес жер — алыс жер, қиыр шет; қара шаңырақ — үлкен үй, шыққан ұя; қара орман — жиған-терген, дүние-мүлік, бар дәулет; о дүние — ақырет, махшар; от басы — үй іші, ошақ басы, семья; ұзын қүлақ — өсек, сыбыс; шикі өкпе — перзент, бала; шынжыр балақ, шүбар төс — бай, манап, шонжар, т. б.

Үстеу мағынасындағы фразеологизмдер: Сақадай сай — дайын, әзір; атқан оқтай — түп түзу; тура; салған жерден — бірден, ә дсгеннен; ат үсті — үстіртін, жеціл-желпі; шу дегендс — о баста, әуелді; ит өлгсн жер — алыс, қашық; жүлып алғанша ~ тез, жылдам, ак, кар, көк мүзда — қыс ішінде, қыстыгүні; демнің арасыпда — аитқанша, лезде; көз ұшында — алыста, қашыкта; құлқын сәріде — ертемен, азанда; о баста — басында, алғашқыда; айдың күні аманында — тыныштықта, жайшылықта; қараптан қарап жүріп — бостан-боска, тсктен-текке; аттың жалы, түйенің қомында — асыгыс, қарбаласта; табан аузында — жал-ма-жан, қапелімде; тиіп қсииты — үіліргін, соқпа-соқпада; біртөбе — ерекше, апырықша; қаннен қаперсіз — жайбарақлт, бем-кам; коз алдында — бстпе-бёт, жүібс-жүг, аяқ, астынан ~~ кенеттен, жоқ жердс, т. б.

Қазақ тіліндегі Фразеоалоизмдсрдің сөз табыпа катыстығы жагынан еп кебі — етістік фразеологизмдер. Онан кепінгілерІ сындык жәие заттық мағынадағы фразеологизмдер. Бұл үшеуінен азырагы үстеу магынасындагы фразеологизмдер екендігіні анықтадық. Жеке сөз бен тұрақты тіркес мағына жағынан бір|

112

ұғымды білдіріп, бірінің орнына бірі жүргенімен, бұлардың білдіретін мән-мағыналары бірдей, тепе-тең деген сөз емес. Тұрақты тіркестен туатын ұғым жеке сөэбен салыстырғанда анағұрлым күшті, өсіңкі айтылады. Сонымен қатар жағымды-жағымсыз көркемдік мәні болады. Жеке сөз нақтылы дәл ұғымды көрсетсе фразеологизмдер дара үғымды күрделендіріп, онын, үстіне-бейнелеп, суреттеп көз алдыңа келтіреді. Мәселен, жарыстан озып келген атты жүйрік, бэйге ат десек, бұл сөздер нақтылы болған, шын нәрсені сол қалпында дәл білдіріп тұрады. Ал, сол жүйрік атты асырып мақтағымыз келсе, бэйге, жүйрік деген сөздер мүлдем жетімсіз болады да оның орнына аузымен құс тістеген, алдына қара салмайды деген фразеологизмдерді қолдануға тура келеді. Бұлар жүйріктің жүйрігі, асқан жүйрік деген күшейтпелі ұғымды білдіреді. Олай болса, фразеологизмдер жеке өздің орнына жұмсалса, оны дәл балама демей, жанама түрдегі қолданыс деп қарау керек.



§ 6. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚӨП МАҒЫНАЛЫГЫ

Омономия мен көп мағыналылық (полисемия) құбылыстары мегізінен жеке сөздердің арасында жиі үшырасады. Ал фразеологизмдерге бұл қүбылыс онша тән емес. Дегенмен бұлардың арасынан да ара-тұра кездесіп қалады. Әсіресе омонимия кұбылысы фразеологизмдерден тым сирек байқалады. Мысалы: 1. Ат қойды — атой салып шаба жөнелді. 2. Ат қойды — балаға қойылатын есім, ныспы. 1. Жүзі қайтты — кесу-шабу құралдары-іьщ өткір жағы жапырылып, майырылып қалды. 2. Жүзі қайтты — тауы шағылып, беттей алмады. 1. Аузы берік — ораза ұстаған, аузы ораза. 2. Аузы берік — сыр сақтағыш, құпияға берік. Омонимия болу үшін сөздердің түп-төркіні бөлек болуы қажет сияқты.

Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестердің де кейбіреулері көп мағыналы болып кездеседі. Алайда фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиом біткендері әрдайым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болатындығы байқалады. Мыоалы, бой бермеді: а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді, ә) ырық бермеді, күші жетпеді. Көзі мықты: а) соқыр болды, әз болды, ә) көзі қанды, маманданды, жылқы бағумен көзі шықты. Дымы қүрыды: а) діңкеледі, шар-шады, ә) лажы қалмады, не істерін білмеді. Жайын ауыз: а) ау-зы үлкен, дорба ауыз; ә) обыр, қомағай. Көңілдес болды: а) тату-тәтті, дос; ә) ашына-жай, көңілі жақын. Жігіт ағасы: а) ер-жетті, есейді; ә) ақылшы, басшы. Қара су: а) ақпайтын көлшік су; ә) жай ғана (қайнаған) судың өзі. Өлі ет: а) бірер күн тұрып қалған ескі ет; ә) жараның ішіндегі, шемен бөлегі. Ат үсті: а) жол-жөнекей, жолшыбай, ә) жеңіл-желпі, үстіртін. Сыцар езу: а) бір жарына бұра тартып жүретін жылқы, ат; ә) өз ырқы болмаса көнбейтін, бір бет адам. Жүзіктің көзінен өткендей: а) сұлу, әдемі, мүсінді; ә) еті тірі, пысық, жылпос. Аузымен құс тістеген: а) жүйрік, ұшқыр, алдүзік; ә) сөзге шешен, ділмар

113

адам. Аузы-мүрнынан шыгып отыр: а) екі қабат әйелдіц ай-күніне жетуі; о) лық толды, отыруға орын жоқ. Түгырдан түсті: а) қартайған бүркіттің тұғырда отыра алмаптындай халге жетуі; ә) баладан қалған, тоқтасқан әйел; б) әйелден қалган еркек т. б.

Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық екі түрлі жол-мен жасалады. Оның бірі — жалғаса туады, екіншісі — жарыса туады. Мәселен, ат үсті деген тұрақты тіркестің ед алғашқы мағынасы, сөз жок, ат үстінде тұрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымғачжалғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған бүркіттің тұгырда орныгып отыра алмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану арқылы соңғы екі мағына жарыса шыққандығын аң-ғару қиын емес. Жеке сөздің көп мағыналылыгы мен фразалық тіркестердің көп мағыналылығының дамуында бірыңғай жалпы ортақ .заңдылықтар бар. Фразеологизмдердің де көп мағыналығы да негізгі заттық мағынадан өрбиді. Туынды магына сол алғашқы лексикалық мағынаны ауыстырып" қолданудан келіп шырады. Мәселен, иі қанды (жетті) деген тұрақты тіркестің ен алғашқы мағынасы илеген заттың илеуін жеткізу, әбден жұм-сартып, жұмсақ қалыпқа келтіру болса, одан соц бір нәрсені әбден жетілдіріп шыңдап кемеліне келтіру үғымы келіп шықты. Соңғы фразеологиялық туынды мағына, сөз жоқ алғашқы мағынаның негізінде жалғаса пайда болды. Қей жағдайда жалғаспалы мағынамен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды магына жамай беруі мүмкін. Мәселен, зэрі қайтты дегеннен; а) уы тарады; ә) жыли бастады; б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туындаған. Бойдағы удың таралуын табиғат құбылысына одан кейін адамның мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылы туынды мағыналар бір-біріне ұласып отырғандығы айтылған ойға айқын дәлел бола алады,

§ 7. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СИНОНИМДЕР

Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қой-майды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына^бірі балама болып та қол-даныла береді. Мұндай қүбылысты тіл_ білімінде фразеологиялық синонимдер деп аталады. Қазақ тілі лексикалық синонимдерге қандай бай болса. фразеологиялық синонимдерге де соншалықты бай. Мәселен, аза бойы қаза болды, аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат-тонын ала қашты дегендер мән-мағынасы жағынан бір-бірі-не жақын келгенімен, іштей өзіндік сәл ерекшеліктері бар. Сол сияқты алғаны ас болмады, алғаны көзінен шықты, жегені желім болды, жегені желкесшен шықты, ішкен-жегені мұрнынан шык,-ты дегендер де белгілі бір ұғымды сан-саққа жүгіртіп, жан-жақты сипаттап түрғанымен, стильдік мәні жағынан бірдей деуге келмейді. Фразеологиялық синонимдер де ұгымы жағынан бірі-

114


нен-бірі сатылап өсіп, күшейіп отырады. Мәселен, көз (кірпік) ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн үйқысын төрт бөлді, көрер тацды көзімен атырды деген фразеологиялық синонимдер бірімен бірі, өтіп, күшейе түседі. Біреу-ден біреудің артықшылығын айтқымыз келсе: пар келмейді, тең емес, ширегіне келмейді, астар болмайды, бақайынан келмейді дейміз. Біреудің бір нәрсеге қалай кұмартқандығын айт-қымыз келсе: айызы қанды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шүбырды, аузынық суы қурыды, көзін жұмып, аузын ашып цап-ты дейміз. Ал біреудің қалай қорыққандығын айтқанда: жүрегі (зәресі, үрейі) үшты, құты қашты, иманы кетті, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болды, иманы қасым болды, иманы қалмады, жүрегі тас төбесінен шықты, зәресі зэр түбіне кетті де-гендер қолданылады. Мұның барлығы етістік фразеологиялық синонимдердің соншалықты байлығын көрсетеді.

Фразеологиялық синонимдер сындық және үстеулік мағына-да да кездеседі. Мәселен, біреудің асқан сұлулығын бейнелеп айтқымыз келсе: ай десе аузы бар, күн десе, көзі бар, туған айдай, үріп ауызға салғандай, ай қабак,, алтын кірпік, қызыл ерін, еліктіқ лағындай, қыздың баласындай, ай мен күндей дейміз. Біреудің әкесіне үқсастығын айтқанда: әхесінен айнымайды, ай-на қатесі жоқ, әкесініц аузынан түскендей, экесінщ терісін сойып к,аптап қойгандай дегендер қолданылады. Біреудің байлығын сөз қылғанда: төрт түлігі сай; төрт құбыласы түгел; бес енесі бес-тен; не ішем, не жейім демейді, ішкені алдында, ішпегені артын-да; үріп ішіп, шайқап төгіп отыр дегендерді айтамыз. Ал біреу-дің бейқамдығын, жайбарақа-ттығын бейнелесек: қаннен қаперсіз, үш уйықтаса, түсіне енбеген дегендер қолданылады. Қатты ауырып жатқан адамды көргенде: эл үстінде, өлім халінде, өлім аузында, өлі мен тірінің арасында, бір аягы жерде, бір аяғы көрде дегендер жұмсалады. Осылардың бәрі біздің ана тіліміздің шексіз байлығын танытады. Бұл тілдің соншалықты орамдылығы мен икемділігін көрсетеді. Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасау үшін қолданылады. Сондықтан бұлар тілдегі кез келген стильде талғаусыз қолданыла бермейді. Бұлардың өзіне лайықты орын тепкен мекені — көркем әдебиет. Көркем шығармада белгілі оқиға жай ғана баяндалмайды. Жазушы болған оқиғаны өзінің ой елегінен өткізіп, оған түрлі-түсті астар беріп, бояу жағып әшекейлейді. Сондай бейнелі сөз қазынасы — тілдегі фразеологизмдер екендігі сөзсіз.

Тілдегі лексикалық синонимдер мен фразеологиялық сино-нимдер екеуі екі түрлі аталғанымен, түптеп келгенде, бір мақсатқа қызмет етеді. Ол мақсат — ойлаған ойды баяндау болып табылады. Сондықтан бұл екеуі үнемі бірлікте өзара тығыз қа-рым-қатынаста, түтас бір бүтін нәрсенің екі жағы деп қаралуға

тиіс.


Фразеологиялық синонимдер тәрізді тілдеп мақал-мәтелдер де бір-біріне синоним болып жұмсала береді. Бір ойды білдіру үщін мағыналас, мәндес бірнеше мақал-мәтелдер қолданылады.

115

Мысалы: біреугё мал қайгы, біреуге жан қайгы; қасапшыга Мал қайгы, қара ешкіге жан қайғы; мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек т. б. Бұл үшеуі үш түрлі құрылымда келгенімен, ай-тайын деген ой біреу ғана. Бұлар әркімнің ойы әр басқа дегенді-аңғартады. Іш қазандай қайнайды, күресерге ддрмен жоқ; көкіректе сайрап тұр, тілді құдай байлап тұр дегендер ерегіскен-мен қолдан келер ештеңе жоқ деген дәрменсіздікті білдіреді. Жер жерінде, жекен суында; щараған өз жерінде дүрілдейді дегендер әр нәрсе өз жерінде қадірлі дегенді мегзейді. Аш пәле, аш пәледен қаш пәле; аш құлақтан тыныш құлақ, дегендер мазаңды алдыра бергенше, құтылып тын дегенді аңғартады. Құда да тыныш, қүдағи да тыныш; сен тимесең, мен тимен бадырақ көз дегендер адамға тыныштық керек, пәлесінен аулақ дегенді білдіреді. Еңкейсем күбіні сындырам, шалқайсам айранды төгем; отырсам опақ, түрсам сопақ дегендер біреуге қалай да жақпау, көңілден шықпау дегенді білдіреді. Қөптеген мақал-мәтелдер құрылым-құрылысы жағынан бір үлгімен (модель) жа-салып, бір-біріне әрдайым синоним болып жұмсала береді. Мысалы. ат түяғын ат басады — нар ізін нарша басады, тай тулап үйірінен кетпес — түйе тулап жүктен қүтылмас, біреу қальщ беріп қатын алады, біреу қисайып жатып қол салады, түйені Түймебай бағады, сүтті Сүйкенбай ішеді, қойшы көп болса, қой арам өледі — түйе көп болса, жүк сыймайды, т. б.

Мақал-мәтелдердің өзді-өзіне синоним болуы фразеологиялық синонимдерге ұқсас. Айырмасы тек мағынасында. Фразеологиялық синонимдер жеке сөздің орнына жүріп, соның білдіретін ұғымын білдірсе, мақал-мәтелдер тұтас сөйлемдік қызметте жұмсалып, әрқайсысы аяқталған түгесінді ойды білдіреді. Мақал-мәтелдердің синонимдік қатынасы айтайын деген ой-пікірдің сарындас, үндес келіп, бір жерден шығуында.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет