М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика



бет6/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#5668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
§ 4. НЕГІЗГІ СӨЗДІК ҚОР

МЕН СӨЗДІК ҚҮРАМНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ

(БАЙЛАНЫСЫ)

Бір тілдегі сөздерді төл ж“не кірме деп белудің өзі тек дердін шыгу тегін, төркінін саралап көрсету үшін гана алынған шарпы белгі. Бұл бөлініс негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның шегін көрсетіп бсре алмайды, Өйткені төл сөздер тума болғаидықтан, бәрі бірдей негізгі сөздік қорға жатады да, ал кірме сөздер кірмс болкандықган, оған кіре алмайды_ десек, ғылым үшін үлкен ағаттық болар еді. Белгілі сөздің негізгі сөздік қорға жату-жатпауы, онын біреуі тума (төл), екіншісі кірме болуына қарай смес, әр сөздің жалпы халықтық, сипаты мен сөз тудырудағы қабілетгіліпне карай танылады. Сөздің тілде көп өмір сүруі нсмесе аз өмір сүруі де негізгі сөздік қорға деп-бір шартты белгі болып табылмайды. Мәсслеи, шидем, сәукелс, кебеже, асадал, қорамсак, қит кию, отқа салар, жылу, жаназа, підия, аптиек, иманшарт сияқты архаизмдер тілдс қншама ұзақ уақыт өмір сүрсе де, негізгі сөздік корга дәл казі алмайды. Ал, электр, спутник, космос, космонавг, космодром-синтетика, капрон, лавсан, тәрізді термин сөздер тілге кезде енгеніне қарамастан, жалпы халықтык, сипат алып отыр.Негізгі сөздік кор ор түрлі жолдармен, әсіресе сөз тудырғыштық амалдар арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесін әрдайым' сабақтастырып, байланыстырып отырады.

Сөздік құрамдагы белгілі контексте керегіне карай қолданылып жүрген көнерген сөздер де бір заманда негізгі сөздік қорлы болып, реполюцнядан кейін ғана мән-ыағыпалары ескіріп пассив сөзге айналган. Әрбір тілдің сөз тудыру тәсілі, бір жағынан нсіізгі сөздік қор мен грамматиканы жалгастырып, өзар байланыстыратын аралық дәнекер (звено) болса, екінші жағынан ол негізгі с“здік қор мсн сөздік қүрамды да ұштастыра отырып аралық қарым-қатынастын түрлері мен нормаларын белгілеп бсреді. Неіізгі сөздік қор ысн сөздік құрамның ара-жігі сіресіп катып калған өзгермейтін дүние емсс. Керісіншс, бұлар іштей бір-біріне игілікті осер ету арқылы үнемі жанарып толығуда жаңгырып өзгеруде болады. Демек, бұлардыц ара қатынасы жылжымалы, өзгермейтін, әрі шартты дсп түсіну керек.

ІII. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИҚАСЫНЫҢ СТИЛЬДІҚ МӘНІ! МЕН ҚОЛДАНУ ШЕҢБЕРІ

§ 1. ТІЛДІК СТИЛЬДІК ТУРАЛЫ ҰГЫМ

Адамға кандай ой туса да сөз арқылы көрінеді. Сөз ойлаған пікірді тек өзініц мағынасы арқылы гана жүзеге асыра алады Сондықтан мақсаты онды оз мәнінде дол жеткізу үшін сөзді ор- нымен дұрыс колдана біл; керек. Сөздің көркем де мәнерл болуы ойлы дәл әрі айқын қүра білумен тыгыз байланысты. Ұлттық мәдениеті карыштап дамыған алдыңғы катарлы елдер өз тіліндегі сөздерді мән-магынасына қарай да жіктеп-боліп, өзара саралап отырады. Сол арқылы ор сөздің озіне тэн тлі белгілерін (жазылу және айтылу нормаларын, қолдану аясы мен стиильдік мәнін) бір ізге салып жүйеге келтіреді. Сөздерді белгілі нормага салып жүйелендіругс байланысты әдеби тілдің өз тілдің ішінде неше алуан сөз қолданудың қыры-сыры келіп шығады Тілдегі әрбір жеке сөз қолданылу жиілігі жағынан болсын (актив пассив) қалыптасқан белгілі аясы (жанры) жағынан болсын, білдірегін әр түрлі мәні мен бояуы жагынан да бір-бірінен жіктеліп баліпіп түрады. Осының барлыгы да — тілдің қоғамдағы атқаратын қызметініц күрделілігі мен қолдапу шеңберінің өте-мөте ксңдігінен туған нәрсе. Адам баласының ойлауы логика мен сезімнін бірлігінен түрады. Логикалық-ойлаудың формасы мен эмоциялық сезімнің аралық қатысына шек қойып ажы-ратуға болмайды. Адамның алган әсері логнкалық қорытулар арқылы жүзегіе асады. Адамның. санасы белгілі бір шнндықты 'білдіріп қана қоймайды, сонымсн бірге сол жөнінде жақсылы-жаманды, жагымды-жагымсыз әсердс қалдырады. Ұлт тіліндегі .эмоциялык-зкспрессивтік ұғымдардың түрлері күні бүгінге дейін терең зергтелген емес. Бұлардың тілде бар екендігі айтылады да, солардың "жолдары мен түрлсрі жан-жақты текссрілмеген. Сондықтан бүл жөнінде нақтылы ғылыми талдаудан гөрі белгілі болжамдар көбірек айтылады. Тіл адам баласының бір-бірі мен пікір алысатын, сөйлесетін ен, керекті қатынас құралы бол-ғандықтан, әрбір саналы азамат өз ана тілінің сөз байлығын, оның өзіндік сыр-сипагын, сөйлеу моиерін, бір сөзбен айтқанда, сол тілге тән барлық заңдылықты емін-еркін меңгере білуі керек. “Өнер алды — қызыл тіл”, дегенде халық өнер атаулының ең күштісі шебер сөйлей білуде деп түсінген.

Қазір бір ғана қазақ тілійін, өз ішінен әлденеше стиль, бірне-ше тіл тудырып алып, соларды іштей саралап бөлс бастадық. Мәселен, әдби (жазба) тіл мен сойлеу тілі (ауызекі тіл) деп, ец алдымен, ұлт тілін скі салаға бөліп қараймыз. Әдеби тілдің бір өзінен: көркем шыгарманың тілі, газет (публицистикалық) тілі, ғылым тілі, іс-жүргізу тілі, техникалық-өндіріс тілі деп әлдене- ше бөлеміз. Қөркем шығарманың тілін өзара ақындық (поэти-калық) тіл, прозалық тіл, пьесаның (драмалық) тілі деп тағы да ^салага жіктеп жүрміз. Бір жанрда жазган жазушыньщ әр-қайсысының өз есімімен атап “пәленніц тілі^, “түгеннің. стилі” деп қолдануды шығардық. Тіл мен стиль дсгендер қазіргі кезде синоним^ретінде қолданылатын болды. Бұл екі соз бір бүтін нәрсенің екі жагындай әрдайым бірлікте, өзара тығиз қарым-катынаста ұгыпылады. Тілді стильден, стильді тілден бөліп алып ажыратуға келмейді.



Тілдің стиль, дегеніміз әркімнің көздеген нысаналы мақсаты на лайықтап, жалпы халыктық тілдеп сөз талгап қолдану тәсілдерін айтамыз. Жазушының стилі дегепіміз көркем әдебиеттіц белгілі даму дәуіріне лайык әр жззушынын эстетикалык талғамы мен өзіндік сөз қолданысы, тілдік кұралдарды паидалану тәсілдері1 дсп есептелсді.

Кім не жазса да оқырман халыққа түсінікті тілде жазады. Бұл жагынан алғанда әркім бұрыннан тілде бар_дайын сөз қорын, қалыптасқан сөйлем құрылысын, үйреншікті сөз қолданысын сол қалпында бұзбай пандаланады. Тіл қазынасы — халықтың, бөліндейтін еншісі.. Алайда әркім өзіне келген оиды^білетін сөздерді бейберекет қолдана салмайды. Адам баласы белгілі қогамда, өмір сүргендіктен, өзі өмір сүрген ортаға тікелей^бағынып бсйімделеді. Қай жерде қалай сөйлеу керек, кімге не айту керек дегенді үйренеді. Тек орнымен дұрыс айтылган сөз ғана өзікің тыңдаушысын табады. Әр адам сөз сөйлемес бұрын кіммен сөйлесетінін және не жайында сөйлесетіндігін білуте тиіс. Сөйлесетін адам жас жағынан өзінен үлкен бе, кіші ме, таныс па, жоқ, бейтаныс па, дос па, қас па, мамандығы мен кәсібі не, сөйлесетін орын оңаша ма, әлде көпшілікгін ортасы ма? дегендей толып жатқан нәрселерден хабардар болуы тиіс. Осыған қарай әркім тиісті сөздерді іріктеп, таңдап-талғап пайдаланады. Жазу жұмысында да осы ерекшеліктер түгелдей сақталады. Әркім алынған тақкрыпқа қатысты айтайын деген ойын белгілі сөздер арқылы білдіреді. Мәселен, ғылым тілінде білімнің түрлі саласына катысты терминдер көбірек қолданылып, сөйлемдері біртектес болып келсе, іс қағаздарында әрдайым талғаусыз жұмсай беретін жугірінді сөздер мен дайын сөйлем құрылыстар жиі кездесіп отырады. Соның өзінде, жалпы халықтык тіл л гамдағы өмір сүрген барша қауымға бірдей қызмет атқарады. Ал көркем әдебиет өзінің сипаты жағынан да, құрамы жағынан да тілдегі стильдік салалардың бәрінен кең, әрі түрліше, өзгеше. Бұл жағынан алып қарағанда, көркем әдебиет жалпы халықтық ұлттық тілдің бір көрінісін тұтас қамтиды. Көркем шыгармада ақын-жазушылар өз халқының салт-санасын, әдет ғұрпын, мінез-құлқын, өмір сүрген ортасын, түрмыс жағдайын, экономикасын, мәдениетін жан-жақты суретгей отыры кейіпкерінің шынайы бейнесін жасайды. Қөркем шыгармада жазушы біткен халық тілінің барлық сөз байлығын мейлінше кең, әрі емін-еркін пайдаланады әр кейіпкер өзінің маман, мен кәсібіне байланысты үйреншікті сөздер мен арнаулы миндср арқылы сөйлейді.Шебер жазушы өзінің тол тыға сында канша кейіпкер болса, соншама тіл үлгісін табуға тырысады. Сөйтіп бір халықтың сөйлеу мәдениетінің тұтас жиынтын оқушы қауымға айнытпай дол көрсетіп береді.Қөркем әдетте тілдегі стильдік қат-қабаттардыц кез келгені лайықты орын тауып қолданыла береді.Біреумен біреу бас қосылп, мелескенде немесе мінбеге шығып сөз сөйлеп лекция оқыға я болмаса, қойылган сұрауға тиісті жауап қайтарғанда алдыпда оз сөзін қайткенде тыңдаушыға тусінікті етіп' жеткізу

В. В. Виноградов. О яшке художественной литературы, 1959,

78


масаты ғана қойылады. Ал ақын-жазушылар үшін бүл мақсат мүлдем жеткіліксіз дсп есептеледі. Олар өз ойын оқушы жұрт-шылыққа жай жеткізуді гана емес, олардың сезімін оятып, бір күйіндіріп, сүйіндіріп, қалай да ой толғағына түсіруді мақсат етеді.Жазушы бұл үшін болған оқиғаның мазмұны жай баяндап шықпай,соның бейнесін нақ өмірдің өзінде болып атқандай,көріп тұрғандай етіп суреттеп,оқушылардың көз алдына елестетеді.Сондықта да көркем шығармаға тән басты,әрі негізгі ерскшеліктің бірі — оның тілі жай тіл смес, өте мәнерлі старлы да бейнелі болып келуінде. Егер музыкалық шыгармалар өзінін алуан сазды, осем әуенді үнімен, сурет алуан түсті көрікті бояуымен, кино экранга түсірген түрлі бейнслсрімен дамныи сезіміне әсер етсс, көркем шыгарма сөзбсн кестеленгсп өрікті ойлармен түйсікке әсер стеді.

Қазак, тілініц функционалдық стильдері, негізінен Абай дәуірінен басталды да, советтік дәуірде бел алып нығайды, соңғы жетпіс жыл ішінде әбден орнығып қалыптасты. Әрбір стиль бір-бірінен сөйлсм құрылысы жағынан ғана емес, сөздік материалы жағынан да өзара ерекшеленеді. Сөздердің қолдану аясына қарай жіктеліп бөлінуі көбінесе функционалдық стильдердің түрлері- мен үйлес келіп отырады. Бұл әсіресе синонимдердің ара-сынан өте-мөте жиі байқалады. Тілдегі функционалдық стильдер іштей сараланып әлденешеге бөлінгенімен, тұтас алғанда, ұлар бір-бірінен алшақ жатқан кереғар дүние емес, біріндегі ерекшелік кейде екінші біреуіне там-тұмдап өтіп отырады да, ара-жігі жылжымалы болады. Стильдің түрлерінің өзіндігінен гөрі жалпылыгы басым. “Шын балуанға оң-терісі бірдей”,— де-гендейін, тілге жүйрік, нағыз шебер адам белгілі бір ойды, я алған бір тақырыпты газет тілімен де, ғылым тілімен де, керек десеңіз, көркем шығармаиың тілімен де, өлеңмен де емін-еркін жазып шыға алады.

§ 2. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АУЫЗЕКІ ЖӘНЕ ЖАЗБА ФОРМАЛАРЫ

Қазіргі қазақ тілі — бүгінгі қазақ халқының ұлттық тілі. Әрбір ұлт тілінің ауызекі (бнәдсбн) және жазба (әдеби) тілі болады. Қазақтың ауызекі (биәдеби) тілі XIV—XV ғасырларда ру-тайпалардың басы бірігіп, өзге түркі тілдерден өз алдына-ел болып, жеке бөлініп шығу кезеңінен басталады. Қазақтың халықтық тіл өрнегі 3—4-гасырга созылган ру-тайпалардың, ұлыстардың тату-тәтті бірлесіп, өмір сүру нәтижесінде пайда болды. Аталған кезецде бұл халықтың бай ауыз әдебиетінін, ал-ғашқы нүсқалары қалыптасты. Ертегілерде небір қатыгез хандар мен патшалардың ашулы қаһарынан халықты тазша бала іп құтқарып алады. Алдаркөсе сияқгы айлакер ақылды адамдар өмірі қолы жазылып, ешкімге ас бермеген небір саран,байлардың іншесін ішіп, бермесін алады. Аяз би сияқты дана адамдар небір құрылған тордан, қиын-қыстау мехнаттан өзде-

79

рінің парасатты ақыл-айласымен жол тауып шығады да, ақыры халықтық қалауына хандық таппқа ие болады. Осындай қым-қуат іс-әрекеттік барлығы да жойқын күшпен емес,бірде амалын асырып,айлакерлік,бірде сөзден ұтып тапқырлықпен белгілі мақсатқа жетіп отырған.Шешендік,тапқырлық дегендерді халық ерекше бағалаған.Осындай дарынды адамдар өздері өмір сүрген,заманың басшысы,ақылшысы болып келеді.Жазба әдибетіміз жасалған дейін сол адамдар халық тілін біршама өңдеп,жетілдіріп отырған.Солардың жырауы ХІҮғ.,Асан қайғы ХҮғ.Доспамбет,Шалкиіз ХҮІҒ.,Марғасқа,ЖиенбекХҮІІғ.Төле би,Қаз дауысты Қазбек,Сырым сияқты тарихи аты қолған әйгілі өнер иелері екендігі даусыз нерсе.Бұлар қазақтың ауыз әдибетінің қалыптасын дамуына,әсіресе қазақтың шешендік өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты.Мұның өзі қазақтың халықтың тілін ұлт тіліне айналдыруға негізгі қор болғандығы сөзсіз..

Казамың жазба (эдеби) тілі. Зерттеушілер жазба аркылы белгілі нормаға түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тілді әдеби тіл дсйді1. Қазақтың жазба әдеби тілі үш кезенге бөлінеді. Біршші кезең — XV111 ғасырдың соны, XIX ғасырдың басында өмір сүрген__кітаби тіл.Бүл әдеби тілдің өкілдері:Бхар,Ақтамерді,Жанкісі,Тәттіқара,Махамбет,Шернияз,Дулат,Шортанбай,т.б.Екінші кезең-ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абай мен Ыбырай негізін қалаған жаңа әдеби тіл. Үшінші кезең — советтік_дәуіде басталған ұлттық әдеби тіл; Қазақтың жазба әдеби тілі көктен тұскен жоқ. Бұл тілдің жасалуына қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілі, ауыз әдебиетч мұралары, әр дәуірде өмір сурген атақты ақындар мен жыраулар белгілі шешендер бірден-бір ықпал еткен. Сонымен бірге Орта Азия халықтарына ортақ әдеби (жазба) тілден де нар алып дамыған. Қазіргі қазақ әдеби ті: белгілі шеберлердің қолынан өтіп, әбдел өңделген, шыңда; қалыптасқан біртұтас тіл. Мұның ауызекі сөйлеу жәпе жазба| деп аталатын екі түрлі формасы бар. Қазақ әдеби тілі ауі тілде лекция мсп баяндама түрінде, мінбеде немесе сахнада сөз сөйлеу арқылы, біреу мен біреу өзара пікірлесіп, әңгімелескенде көрінеді. Мұнда таза әдеби тілдің лексикаларымен қатар кейде кәсіби сөздер мен экспрессивті сөздер де оқта-текте ұшырасып қалады. Сонымен қатар адамның түрлі қимыл бейнелері сезімдері қатысады. Демек, әдеби тілдің сөйлеу және жазба малары бірін-бірі әрдайым дәл басып отыруы да, кенде сөйлеу түріндс аз-аздап ауытқуы да мүмкін деген сөз. Жазба тілде ой әр стильдің өзіне тон телінді сөздерімен жүйелсліп бір беткей баяндалса, сөйлеу тілінде тьщдаушыларға жақындатып, лайық-

М.Балақаев.Қазақ әдебиет тілі жоне оның нормалары, Алматы,1984 :

80

-тап нағыз стандарт ғылым тілінен ауытқып,жалпы халықтың тілде сөйлеу бел алады..



Эдеби тіл кейде кітаби-жазу тілі деген ұғымды білдіреді. Ал жазу стиліне келсе оның өзі әртірлі салаға бөлінеді. Бір стильдің өзіі іштей_ тағы да тармақталып жікгеледі. Мәселен, көркем әдебиет стилі поэзия, драма, проза болып үш жанрға дараланады. Ал ғылым саласында қанша ғылым болса, соншама өзін-сөзі, арнайы терминдері табылады. Қоғамдық ғылымдардың арлаулы терминдері техникалық ғылымдардан кездеспейді.Сол сияқты техникалық ғылым терминдері биологиялық ғалымда ұшраспауы да заңды құбылыс.Тілдің стнльдік әр саласында әр сөзді қолдануға қалыптасқан үйреншікті орны бар. Әр сөз өзінің сол дағдылы орнына тап басып,дәл қолдануды қажет етіп тұрады.

Сонымен қатар барлық ғылымдар саласыиа, бұкіл стиль біткенге ортақ жалпылама сөздер де көптеп кездесе береді. Осының бәрі тілдің қоғамдағы атқаратын мәнді қызметінің соншалықты күрделілігімен тығыз байланысты. Сонымен, қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздер қолданылу шеңбері кагыаан да стильдік мәні жағынан да ерекшеліктеріне қарай сараланып, дараланып әлденеше топ құрайды. Сол топ-арга жеке-жеке тоқталайық. _

§ 3. ЖАЛПЫЛАМА ЛЕКСИКА

Жалпылама лексика адам баласыныц күнделікті кункөріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен кұбылыстарға қатыстп жалпы танымал сөздерді қамтиды. Бұлар ешқандай мамандык пен кәсіпке қарап жарылып бөлінбейді, бір тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ болып жұмсала береді. Сондықтан да бұлар жал-пылама лексика деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамақ, үй, мал, нан, ағаш, көру, істеу, ішу, жеу, қоректену, суару, үлкен, кіші, жақын, ақ, қызыл, мен, сен, бес, он, жұз, мың, алға, кейін, төмен, жоғары, озық, үшін, дейін, сияқты т. б. Бұл сөздер малшыға да, егіншіге де, жұмысшыга да, аңшыга да, балықшыға ақынға да, ғалымға да, бір сөзбен айтқанда, қазақша тіл білетіндердің бәріне бірдей қызмет етеді. Жалпылама лексика-қатысты сөздер стильдік маиі жағынан бейтарап болады да, қолданылу жагынан ещқандай шек қойылмайды, барлық стильге бірдей, ортақ мәнді қызмет атқарады. Осындай сипатына қарай жалпылама лексика тіл білімінде бірде стильаралық сөздер межстилевая лексика) бірде бейтарап сөздер деп те аталады. Бұл топқа енстін сөздер дүниедегі зат атауларын, қнмыл-қозғалыстарды, сан-сапа мөлшсрін ешбір қосымшасыз нақ болған күйінде алып дәл көрсетеді. Жалпылама лексикаға тән сөздерде әркімнің өзіндік жагымды-жағымсыз немесе артық-кем түрліше көзқарасы көрсетілмейді. Әр сөз өзікің болган калпында тура мағынасында жұмсалады. Мысалы: Москвадан ұшқан самолет Алматыға дәл уақытында ксліп конды. Мал бныл қыстан күйлі шықты.Бүгін ауа райы ашық болды. Дарын өткен жылы университетті бітірді. Кетгірілгеп сөйлемдердегі әрбір соз тек өзінің тура мағына-ларында ғана колданылып түр. Сонымен катар осында қанша сөз болса, соныц бәрі де казақ тілшдеп жалпылама лексикаға жататын сөздер. Жалпылама лексика бүкіл.сөздік құрамдағы сөздердін сан жағыпан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайды, Бұл сөздер мейлі жазба тілде, мейлі сөйлеу тілінде болсын, қайда қолданылса да, жалпы халықі өте-мөте түсініктілігімен, анық-айқындылыгымен, табиғи да,қарапайымдылығымен бірден көзге түседі.

1 Жалпылама лексикаға жататын сөздер өзінің тура мағынасынан ауытқып, басқадай контекстке түскенде ғана әр түрлі экспрессивті мәнге ие болады. Мәселен, “Көйлектің кірі жусан кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді” дегендегі кір деген сөз екі түр лі мағынада жұмсалып тұр. Алгашкы сөйлемдегі кір таза емес деген өзінің тура мағынасында қолданылса, соңғы сөйлемде кір метафоралық ауыспалы мағынада келіп, өкпе, реніш деген ұгыыда жұмсалған. Сол сияқты “Су жерді көгертеді, еңбек ер, көгертеді” деген мақаладағы көгертеді деген етістік те екі түрлі ұгым тудырып тұр. Алғашқысында тура мағынада жерге өсіп, көктейді дегенді түсінсек, соңғысында адамның атақ-абыройға ие болуы, даңққа бөленуі бейнеленген. Демек, жалпылама лексикаға қатысты сөздер де өзгермейтін томаға тұйық сөздср смес, бұлар да басқадай синтаксистік қүрылым мен өзгедей грамматикалық форманың қарауына түскенде солардың ықпалына жүріп, ырқына көнеді де, түрліше мән алып отырады

§ 4. АРНАУЛЫ СӨЗДЕР

Әрбір тілдіқ сөздік қүрамында жалпылама ортақ лексикамен қатар ғылым мен техниканыц, өндіріс псн шаруашылықтың әр бір саласына телінді арнаулы сөздері де болады. Мұны бір сөз бен айтқанда терминдер деп атайды. Термпндердің тууы мен пайда болуы ғылым мен техника атауларына тығыз байланысты. Ғылымы жоқ, техникасы болмаған елдерде термин жайын, сөз де болуы мүмкін емес. Термнндер негізінен белгілі бір дара ұғымды дәл көрсететін болғандықтан, көбінесе бір мағынасы болып кездеседі. Сонымен қатар терминдерде стильдік эмоциялык мән де кездеспейді. Сондықтан да терминдердің мағынасы жыл-жымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, бір' ғылымды меншіктеп, соғап түпкілікті кызмст атқарады. Сондық-тан да терминдерді жалпылама ортақ сөздерден ерекшелеп арнаулы сөздер деп атайды, Арнаулы термпндер әрбір гылым' саласында бар. Мысалы:

1. Математика терминдері: логарифм, квадрат, аксиома, алгебра, трапеция, синус, косинус, радиус, котаигснс, биссектриса, теорема, коэффициент т. б.

2. Физика терминдері: вольт, ампер, энергия, амплитуда,ге- нератор, атом, монокл, квант, вектор, оптика, меланика т. *

3. Химия терминдері: катализ, нндикатор, ерітінді, аммиак, , азот, қышқыл, хлор, синтез, бром, йод, сульфат, лоллоид,гидрат т.б.

4 География терминдері: материк, глобус, планета, циклон, меридан; оазис, экватор, полюс, архнислаг, масштаб, клпмат, гайфун, муссон, карта т. б.

5 Спорт терминдері: бокс, атлетика, футбол, волейбол, бас-кетбол, штанга, спартакнада, тенис, физкультура, стадпон, шах-матшы, хоккейші, акробат, акробатика, т. б.

6. Қогамдық-саяси терминдер: революция, демократия, конституция кодекс, республика, реформа, совет, комсомол, ком-мунист, социализм, активист, программа, паргия, т. б.

7. Әдебиет пен өнер терминдері: театр, поэзия, сатира, опера, драма, комедня, роман, эпос, образ, филармонкя, консерваторья, актер, либретто, дирижер, режиссер, пьеса, т. б.

8. Лингвистика терминдері: лексикография, сгиліістика, орфография, фонема, морфема, фраза, идиома, эвфемнзм, табу,

синоним, антоннм, акцснт, археизм, т. б.



9 Медицина терминдері: хнрургия, терапевт, аптека, амбулаторня, диагноз, рентгенолог, фармацевт, процедура, препарат, кардиограмма, массаж, поликлиника, рецепт, диабет, т. б.

10. Биология терминдері: ботаника, зоология, белок, прото-плазима, аквариум, клетка, ткань, микроскоп, микроб, коллекция, калория, гибрид, коллекционер, биолог, ядро, т. б.

11. Әскери терминдер: команда, командир, солдат, офнцер,

гснсрал, маршал, танк, снаряд, пулемет, ракета, артиллерист, мина, бомба, штаб, миномет, стратегия, тактика, маневр, т. б.

Мұнан басқа өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының түрлі салаларына транспортқа қатысты толып жатқан терминдер де кездеседі. Бір тілдің шеңберінде қолданылагын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды герминология деп атай-ды. Қазақ терминологиясы казіргі таңда жан-жақты қарасты-рылып, қауырт жиналып терілудс, қазірдің өзінде терминдердің жетіпістен астам сөздігі басылып шықты.

§ 5. КӘСІБИ СӨЗДЕР

Қазақстанныц жері қандай кең, қапшалықты бай болса, мұндағы кәсіп пен шаруашылықтын түрі де соншалықты көп. Халқымыздың ежелден ата кэсібі болган мал мен егінді, ләнді дақылдарды атамағанның өзінде республиканың бір жерінде 'марал, бір жерінде балық, бір жерде күріш, бір жерде марал, б'ір жерде агаш, бір жерінде қызылша мен темекі, бір жерінде 'бау -бақша жеміс-жидек өсіріп, бір облыс екінші облыстан, бір 'облысқа енетін әрбір аудандардың өздері де бір-бірінен ерек-шеленіп отырады. Соның нәтижесінде кәсіптің әр түріне байланысты әр жерде әр алуан кәсіби сөздер пайда болган. Қәсіби сөздер белгілі территориялық аймакты гана қамтып шектелуі жағынан диалект сөздерге ұқсайды. Алайда диалектизмге жататын сөздердіқ әдеби тілде белгілі бір балама сөзі синонимі болады. Ал кәсіби сөздердіқ әдеби тілде^ешқандай балама кездеспейді. Осы жағынан қараганда кәсіби сөздер диалектизмдерден гөрі бір табан термии сөідсрге жақын, неге десеңіз, кәси- би сөздер де негізінен бір мағыналы болады да шаруашылықтың белгілі бір саласында белгілі бір аймақта ғана қызмет етеді. Қолдану шегі жагынан ғана кәсібн сөздер тсрмнндердсп сол өзгеше. Кәсіби сөздерді беліілі бір территорияны мскендеуші тұрғын халықтың бәрі білсе, терминдерді әр жерде тұратын бір маманы ғана қолданады. Сонымен қатар кәсібн сөздер әдеби тілдін, құрамьша кіреді. Демек, кәсіби сөздердің терминнен де, диалектіден де өзіне тон өзгсшеліктері меп ерекшеліктрі бар. Сондықтан да бұлар өз алдына жеке лексикалық тои құрайды. Қазақ тілінде кәсіби сөздердін мынадай түрлері бар:

1. Мақта шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер: жегеше| жегенелеу, көсек, күнжара, кауашақ, қоза, козакия, биті, шалшақ-шанақ, мақташы, мақталық, терім, терімші, косектеу, шит, шиті| макда, шиг егу, мақта теру, сүдігер, мақта майы, т. б. :

2. Қызылша шаруашылыгына қагысты кәсіби сөздер: ас қы-зылша, еркек қызылша, қант қызылшасы, қызылшашы, сірнеу гүлдеуік, тоспа, түқым жарнағы, қағгат, өркін, тамыр-жемі жүйек, т. б.

3. Темекі шаруашылыгына қатысты кэсіби сөздер: бүлықты-ру, бүркеніш, жал, жиым (орым), жіп, көңхана, құлақ-жұл, маты, сағақ, темекіші, қурай, тізбек, тікқүлақ, т. б.

4. Балық шаруашылығына қатысты кэсіби сөздер:жылым, сүзекі тоспай, ықпа, сере, қаяз, абақ, торта, қорытпа, сүйрік, тыран, қоқан, жорамал, азна, жақса, қарма, жүтпа, итерқұл көтергі, құрсақ, шөктірме, сүре, бүнек, т. б.

5. Бау-бақша және суармалы егіс шаруашыдығына қатысты кәсіби сөздер: алқор, нәк, шабдалы, әнжір, күләбі, болбол, қарық, оман, атыз, мәркі, шөнек, ауыздама, бал, жап, жарма жоя, ақаба, кесе, т. б.

Сонымен бірге қазақ тілінде саятшылыққа, қол өнеріне,ті- ' гіншілікке, омарташылыққа, дәрі-дәрмек өсімдіктерін өсіруші- лікке, бұғы-марал, құс иіаруашылыгына тэн көптеген кәсіби сөз- дердін, болуы заңды нәрсе. Мұныц барлыгы да әзірге сарқа жа- налмай, халық игілігіне жөнді жаратылмай жүр. Біздің алды- мызда тіліміздегі сөз байлыгының қүранды бір бөлігі деп сана- латын кәсіби сөздерді де барынша жннап-теріп, сөздікке ендіріп, жүртшылықтын кәдесіне асыру міндеті тұр.

§ 6, БЕЙНГЛІ СӨЗДЕР



Тіліміздің сөздер табиғатына қарай алуан түрлі болады.Белгілі бір сөздің тобы нені болса да атаса екінші біреулерінің сондай қызметінің үстіне сан алуан стильдік мәні мен бейнелі мағынасы болады. Осындай сезімге түрлі –түрлі әсер ететін сөздердің тобын бейнелі сөздер немесе эмоционалды-экспрессивті сөздер деп атайды. Бейнелі сөздер экспрессивті сөздер және эмоционалды сөздер болып екі топқа бөлінеді.

Экспрессивті сөздер бір нәрсені жай атап қоймайды, сонымен бірге сезімге айқын әсер етеді. Мысалы: абажадай, абдырау, адырандау, шатпақ, шайнама, шимай, текірек, үздігу, лекер, жырынды, былшыл, әңгүдік, болбыр, шоқынды, борбас, бұртаң-дау, бұртию, бүрсендеу, быртию, далақтау, есірік, жарбию, жем-'тіктес, жетімек, жымысқы, нтарқа, итаршы, кекжию, кеще, шоң-қию, шоқай, шошандау, деліқұлы, маубас, жортақы, жылпос, жаңғалақ, анқылдақ, былықбай, сандырақ, саңғу, состию, тазша, тажал, мықшию, сықсима, тымыраю, тырандау, ілмию, жырбию, жыртақтау, қаңсық, ноқай, малғұн, сұмпайы т. б. Экспрессивті сөздер стнль біткеннін, бәріне бірдей қолданылмайды. Бұлар негізінсн көркем әдебнетте көркем образ жасау үшін жұмсатады.

Эмоционалды сөздер де экспрессивті сөздердіқ бір түрі. Бұ-лардың арасына шек қойып ажырату кейде қиынға түседі. Эмо-ционалды сөздер адамның бір нәрсеге қатысьш көрсетеді. Эмо-ция бар жерде экспрессивтік те болады. Эмоционалды сөздер білдіретін өздеріне тән ұғымның үстіне адамның көңіл-күй, көз-карасын, жақсылы-жаманды қарым-қатынасын білдіреді. Қо-сымша ренктер жамайды. Бұларды мынадай түрге жіктеуге бо-ады: сүйіспеншілік, ұнатушылық, масаттанушылық, есіркеуші-лік, еркелік, сенімділік, мақтанушылық, таңырқаушылық, жа-ғымпаздык, сенімсіздік, айыптаушылык, өшпенділік, үрейлен-дірушілік, сес көрсетушілік т. б. Мысалы: бауырмал, қаншыл,діл- мар, жүректі, мысқылшыл, қалжыңбас, шошақай, сөзуар, сүйкімді, сорлы, ғажап, керсмст, есіл, сабаз, марқұм, лағнет, рақмет, жарықтық, пысыкай, қаһарлы, сойдиған, мыстан, сайкал , айналайын, көкетай, әкежан, балақай, т. б.

Бсйнелі сөздррдің кайнар көзі — еліктеуіш сөздер. Тіліміздегі бейнелік псн әсерліліктің, басым көпшілігі, әсірссе қайталама сліктеуіш сөздер арқылн жасалады. Мәселен, “Басасың аяғынды ырған-ырғаң, Сылдырлап шашбауың мен алтын сырған,” дегендегі бір гана “ыргаң-ыр^ан” дсген сөзден қаншама сурет ^ салуға болар еді. Бұл сияқты бейнелі сөздер қазақ тілінле мын,-.дап саналады. Мысальг былш-былш, быр-быр, кірш-кірш, қарқ-қарақ, сексн-секең, ырбан-ырбан, калш-қалш, жапақ-жапақ, зу-зу корс қорс, сар сар, ман-мац, сылқ-сылк, торсаң-торсан, қопақ-қопақ, жырп-жыра, шыр-шыр, былп-былп т. б.

Эмоционалды-экспрессивті сөздер түбір сөзден де, сөз тудыру тәсілдері ярқылы да, сондай-ақ, сөздерді ауыспалы мағынада қолдану жолымен де пайда бола береді, Сөздер негізгі заттық мағынасынан ажыраса болғаны сөзге әр түрлі стильдік мән жамалып, сезімге әсер етеді. Тілдегі экспрессивтік мағына тек лексикалық сөз қорында ғана емес, фонетикалық жолмен дауыс ырғағы аркылы, паузамси де жасалады. Тіл даму мен күрестің. құралы болғандықтан, ол жалпыға түсінікті болып қана қоймай, әсерлі де тартымды болуы керек. Бұл салада эмоционалды- экспрессивті сөздердіи тілдегі атқаратын мәнді қызмеп айрықша көзге түседі.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет