8. Байланыс ақпараты:
Сабақ кестесіне сәйкес биохимия, биология және микробиололгия кафедрасында өткізіледі. Кафедраның орналасқан жері: Әл-Фараби алаңы – 1, medakadem@rambler.ru бас оқу ғимараты, 3- қабат (301,303-1,305,307,308-1,308-3,310 ауд.)
9. Пәннің саясаты
түзілген кестеге сәйкес, міндетті түрде дәріс және тәжірибе, ОСӨЖ сабақтарына қатысу;
сабаққа кешікпеу;
сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпак);
сабақты жібермеу, ауырған жағдайда анықтаманы көрсету;
жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;
оқу процесіне белсенді араласу;
академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;
үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын өз уақытында және нақты орындау;
тапсырмалар орындалмаған жағдайда және дәріске себепсіз қатыспаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;
оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;
кафедра мүлкіне ұқыппен қарау.
2 Бағдарлама:
1. Кіріспе.
Микробиология базалық пән ретінде білуі әр бір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым жағынан клиникалық және теориялық медицинаның маңызды мәселелерін шешеді.
Медициналық микробиологияның зерттейтін нысанасы – микро-организмдердің жүйелеуін, морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын зерттейді; адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерін, аурулар қоздырғыштарының патогенді факторларын, олардың клеткалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде әсер ету механизмдерін, оларды бөліп алуы мен идентификациясын, спецификалық терапиясы мен алдын алуы.
Микробиологияны оқымай медицинаның аса маңызды мәселелерін шешуі мүмкін емес, мысалы адамдардың жұқпалы ауруларын төмендету және жою, шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған ауруханаішілік инфекцияларды төмендету және жою, олардың арнайы сақтандыруы мен терапиясы.
Пәннің мақсаты:
Студенттерге адамның инфекциялық және инфекциялық емес паталогияда микроорганизмдердің ролі; клиникалық диагнозды дәлелдеу және микробиологиялық әдістердің мүмкіндіктері; инфекциялық үрдістің арнайы терапиясы мен алдын алу қағидаттары; қоршаған орта нысандары биологиялық ластану деңгейін индикациялау және оларды тұрғындар денсаулығын қорғауын қамтамасыз етуіне қолдану; биоқауіпсізділікті қамтамасыз ету әдістері туралы заманауи білім қалыптастыру.
3. Пәннің міндеттері:
патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің жіктелуі және биологиялық қасиеттері туралы ақпарат беру;
табиғатта микроорганизмдердің таралуы және олардың адам өміріне, инфекциялық аурулар дамуына қатысатыны туралы түсінік беру;
қоршаған ортаның әртүрлі нысандары, медициналық мекемелер мен нысандарының санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдер туралы білім қалыптастыру;
нормофлораның (микроэкология) рөлін және олардың адам организміне әсер етуін зерттеуді үйрету;
кең таралған инфекциялық және инфекциялық емес микробты аурулардың микробиологиялық диагноз қоюдың заманауи әдістерімен және олардың тәжірибелік денсаулық сақтау саласында қолданылуын таныстыру;
микроорганизмдердің химиопрепараттарға сезімталдығы/төзімділігі туралы түсініктемелер беру;
макро және микроорганизм арасындағы қарым-қатынастың негізгі молекулалық механизмдеріне сипаттама беруді үйрету;
инфекциялық агенттерден макроорганизм қорғанысының негізгі механизмдері және иммунологиялық реакциялардың сипаттамасымен таныстыру;
микроорганизмдер тудырған аурулардың арнайы профилактикасы мен емдеу қағидаттарымен таныстыру;
микробтармен ластануды бағалау әдістерін, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдермен биологиялық ластануын болдырмау жолдарын үйрету;
гендік инженерия және биотехнология туралы түсініктеме беру;
4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
Студент:
пәннің мақсаты, міндеттері және келешек маманның қызметіне оның маңыздылығын;
микробиология және иммунология тұрғыдан микроб-адам-қоршаған орта экожүйе қызметінің заңдылықтарын;
инфекциялық және инфекциялық емес микробты аурулар пайда болуына микроорганизмдердің этиологиялық маңыздылығын және микробты аурулардың арнайы профилактика мен емдеу қағидаттарын;
инфекциялық иммунология және аллергологияның негіздерін;
адамның кең таралған инфекциялық аурулардың, ауруханаішілік инфекциялардың заманауи микробиологиялық диагноз қою қағидаттарын;
антибиотикотерапияның,микроорганизмдердің сезімталдығы/төзімділігінің микробиологиялық негіздерін;
дезинфекцияның,стерилизацияның,асептиканың,антисептиканың микробиологиялық негіздерін білуі тиісті ;
Студент
инфекциялық аурулардың диагностикасы мен санитариялық-көрсеткіштік микроорганизмдерді анықтау үшін микробиологиялық зерттеулердің стандартты əдістерін қолдануды;
микробиологиялық зерттеулер қорытындыларын талдауды;
инфекциялық аурулар індеті таралуына қауіп төнгенде микробиологиялық қауіпсіздік жөнінде білімді пайдалануды;
микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне клиникалық- микробиологиялық зертханаға жолдама құжатын толтыруды;
аурухана нысандары, ауасы, суы, топырағы, дəрілік өсімдік шикізаты мен дайын дəрілер формасын микробиологиялыќ баќылаудан өткізу жəне алынған мəліметтерді талдауды;
дезинфектанттармен қоршаған орта нысандарын (соның ішінде дəріхана мен фармацевтикалық өндірістерді қоса) залалсыздандыруды үйреніп алуы қажет.
5. Реквизитке дейін: физиология.
6. Реквизиттен кейін : жалпы патология, мейіргер ісі негіздері, мейіргер ісі бағыттары бойынша.
7. Пәннің қысқаша мазмұны:
Микроорганизмдердің жіктелуі, морфологиясы, микроорганизмдердің анатомиясы және физиологиясы. Микроорганизмдердің генетикасы. Жалпы вирусология. Антимикробты препараттар. Микроорганизмдердің патогенділігі. Инфекция. Қалыпты флора. Иммунитет. Жеке микробиологияның мақсаты мен міндеті. Асқазан-ішек тракты инфекциясының қоздырғышы. Респираторлы инфекция қоздырғышы. Зоонозды инфекция қоздырғышы. Тері аурулары инфекциясы. Урогенитальді инфекция қоздырғыштары. Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары. Микроорганизмдердің санитарлық көрсеткішін үйрену. Санитарлық микробиологиялық зерттеу әдістері. Емдеу, алдын алу мекемелеріне бактериологиялық бақылау, микробиологиялық мониторинг жүргізеді
8 Тақырыптық жоспар
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№
|
тақырыбы
|
Өткізу түрі
|
Сағат ұзақтығы
|
1
|
Микробиология пəні, мақсаты жəне міндеттері. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Мейіргер ісі маманы үшін микробиологияның маңызы.
|
тақырыпты
|
1
|
2
|
Жалпы микробиология. Микроорганизмдердің морфология жəне
физиология негіздері. Прокариоттар, эукариоттар, вирустар, фагтар
морфологиясы. Микроорганизмдердің қоректенуі, тыныс алуы, өсіп көбейюі.
|
Интерактив
ті
тақырыпты
|
1
|
3
|
Дезинфекция, асептика, антисептика негіздері.
|
тақырыпты
|
1
|
4
|
Микроорганизмдер экологиясы. Санитарлық микробиология негіздері. Қоршаған орта, тағам өнімдері, адам организмі микрофлорасының микробиологиялық мониторингі.
|
Проблема
лық
|
1
|
5
|
Инфекция ілімі негіздері. Макроорганизм жəне инфекциялық үрдіс. Қоршаған орта жəне инфекциялық үрдіс. Инфекция түрлері мен формасы. Эпидемиялық үрдіс.
|
Проблема
лық
|
1
|
6
|
Инфекциялық аурулардың иммунопрофилактика жəне иммунотерапия негіздері. Иммунобиологиялық препараттар туралы түсініктемелер.
|
Презента
ция
|
1
|
7
|
Клиникалық микробиология негіздері. Вирустық, бактериялық, саңырауқұлақтық жəне паразитарлы инфекцияларға диагноз қоюына тексеруге материал алу жəне тасымалдау ережелері.
|
Презента
ция
|
1
|
8
|
Бактериялық жəне саңырауқұлақтық инфекцияларға микробиологиялық диагноз қоюының жалпы қағидаттары. Этиологиялық диагноз қою.
|
Проблема
лық
|
1
|
9
|
Вирустық инфекцияларға микробиологиялық диагноз қоюының жалпы қағидаттары. Этиологиялық диагноз қою.
|
Презента
ция
|
1
|
10
|
Паразитарлы ауруларға микробиологиялық диагноз қоюының жалпы
қағидаттары. Этиологиялық диагноз қою.
|
Презента
ция
|
1
|
Жалпы сағаты: 10
|
Тәжірибелік және зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізу түрі
|
Сағат ұзақ
Тығы
|
|
№1 кредит
|
|
|
1
|
Бактериологиялық зертхана құрылымы. Микроскопия əдістері. Қарапайым жəне күрделі бояу əдістері. Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Іріңді қабыну аурулар. Ауруханаішілік инфекциялар. Зертханалық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.
|
Сұрау, талқылау
|
2
|
2
|
Микроорганизмдер физиологиясы. Бактериологиялық және вирусологиялық əдістер негіздері. Микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу əдістері, бактериялардың дақылдық қасиеттері. Вирустарды индикациялау жəне идентификациялау əдістерінің негіздері.
|
практикалық жұмыстарды орындау жəне талқылау.
|
2
|
3
|
Микроорганизмдердің генетика негіздері. Иммунобиотехнология негіздері. Гендік инженерия жəне конструкциясы. Химиотерапия ілімі негіздері. Антибиотиктер, жіктелуі. Микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақтылығы дамуының механизмдері. Антибиотиктерге сезімталдылығы / тұрақтылығын зерттеу əдістері.
|
Талқылау
|
2
|
4
|
Дезинфекция, асептика, антисептика, стерилизация туралы ілім негіздері. Оларды бағалаудың микробиологиялық əдістері. Микроорганизмдер экологиясының негіздері. Адам денесінің, қоршаған ортаның қалыпты микрофлорасы. Санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдер. Дисбактериоз.
|
Сұрау,
практикалық жұмыстарды орындау және талқылау
|
2
|
5
|
Инфекция туралы ілім. Микроорганизмдердің патогенді факторлары, маңыздылығы, анықтау əдістері. Инфекциялық аурулардың иммунодиагностика, иммунопрофилактика негіздері. Иммунодиагностика əдістері (агглютинация, преципитация, ИФР, радиоиммунды əдіс, ИБР, БР, лизис реакциясы жəне комплементті байланыстыру реакциясы, ИФА, ПТР жəне т.б.).
|
Ой өрістерін кеңейту,
мини-зерттеу.
|
2
|
Барлығы: 10 сағат
|
Кредит №2
|
1
|
Ішек инфекциялары (бактериялық, вирустық). Патогенді кокктар. Микробиологиялық
зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары
|
Шағын топтарда жұмыс істеу
|
2
|
2
|
Жыныстық жолмен жұғатын аурулар қоздырғыштары. Анаэробты инфекция қоздырғыштары (газды гангрена, сіреспе, бо-
тулизм). Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері.
Микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.
|
Ситуациялық есептерді шешу
|
2
|
3
|
Биоқауіпсіздік негіздері. Патогенді топтар дақылдарымен жұмыс істеу тəртібі. Зоонозды инфекция қоздырғыштары (оба, бруцеллез,
туляремия, сібір түйнемесі). Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.
|
Шағын топтарда жұмыс істеу.
|
2
|
4
|
Грипп, парагрипп, аденовирусты инфекция, қызылша, қызамық қоздырғыштары. Гепатиттер қоздырғыштары. АИВ-инфекция. Онкогенді вирустар. Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу.
|
Мультимедиа
лық базаларымен ,
компьютерлік
модельдермен
және бағдарламамен жұмыс істеу.
|
2
|
5
|
Патогенді саңырауқұлақтар. Протозойлы инфекциялар қоздырғыштары (безгек, лейшманиоз, трипаносомоздар). Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.
|
Талқылау,
ситуациялық
есептер
шешу.
|
2
|
Барлығы: 10 сағат
|
Жалпы сағат саны: 20
|
Достарыңызбен бөлісу: |