М. У. Анартаева


Тест тапсырмаларын орындау



бет5/21
Дата31.01.2018
өлшемі2,87 Mb.
#36761
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Тест тапсырмаларын орындау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тесттік тапсырмаларды орындау


Өте жақсы

86-100 % дұрыс жауап

Жақсы

75-85 % дұрыс жауап

Қанағаттанарлық

50-74% дұрыс жауап

Қанағаттанарлықсыз

50% -дан төмен дұрыс жауап

Рефераттар дайындау және қорғау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Рефераттар дайындау және қорғау



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, тиянақты, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға сенімді, қатесіз жауап береді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберді.

Қанағатта__нарлық'>Қанағатта

нарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, бел жазылған Рефератты қорғауда тексті оқиды. Берілген сұрақтарға сенімсіз және қателіктермен жауап береді.

Қанағатта

нарлықсыз

0-49 балл



Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, компьютерде басылған, ұқыпсыз жазылып, уақытында тапсырылмады. Рефератты қорғау кезінде тексті оқиды. Сұрақтарға жауап беруде бағдарлама материалдарынан ауытқып, дұрыс жауап бермеді.

Тақырыптық презентация


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тақырып

тық презен

тация


Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарды талқылау барысында ешқандай қателіктер жіберген жоқ.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша білімінің жақсы екенін көрсетті. Сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберіп, оны өзі түзеп отырды.

Қанағаттанар__лық'>Қанағаттанар

лық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнсыз.Сұрақтарға жауап беру кезінде және талқылауда қателіктер болды.

Қанағаттанар

лықсыз

0-49 балл



Презентация белгіленген уақытта тапсырылған жоқ, көлемі 20 слайдтан аз. Әдебиеттер тізімі 5-ден аз. Слайдтар мазмұнсыз. Презентацияны қорғау кезінде автор көптеген қателіктер жіберді. Өз материалдарынан ауытқып кеткенде қойылады.


Тест тапсырмаларын дайындау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тест тапсырмаларын дайындау

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті және адекватты. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленген.




Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес.




Қанағаттанар

лық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз. Тест тапсырмалары нақты емес, дәл емес, ұқыпсыз құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленбеген.




Қанағаттанар

лықсыз

0-49 балл



Тест сұрақтары 10-нан кем құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз, сұрақ дұрыс қойылмаған.. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптарының жауабы 50%-дан төмен, дәл белгіленбеген.

Ережеге сәйкес, оқыту барысында бірнеше бақылау түрі колданылады.

Оқу журналына орташа бағасы қойылады.
Аралық бақылау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тестілеу/әңгімелесу



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді. Тест сұрақтарына 86-100% дұрыс жауап берді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады. Тест сұрақтарына 75-85% дұрыс жауап берді.

Қанағатта

нарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады. Тест сұрақтарына 50-74% дұрыс жауап берді.

Қанағатта

нарлықсыз

0-49 балл



Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады. Тест сұрақтарына 50% -дан төмен дұрыс жауап берді.


Рейтинг

Пән бойынша үлгерім жалпы бағамен анықталады:

ЖБ ═ ЖРБх 0,6+ҚББх0,4; мұнда:

ЖБ – жалпы баға

ЖРБ – жіберілу рейтингісінің бағасы;

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы.

Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) пән бойынша жалпы үлгерімнің (ЖБ) 60 % құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы жалпы бағаның (ЖБ) 40% құрайды:

Емтиханға жіберілу рейтингісінің

бағасы (ЖРБ) ═ АғББ+АрББ ;

2

Мұнда: АғББ – үлгерімді ағымдық бақылау бағасы



АрББ – үлгерімді аралық бақылау бағасы, 2 аралық бақылау:

(АрББ1 + АрББ2)/2

Үлгерімді ағымдық бақылау (АғББ) ═ практикалық сабақтардың орта бағасы + ОЖСӨЖ орта бағасы + СӨЖ

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Пән: Микробиология
Пән коды: Мiс 2206
Мамандық: 5В110100 «Мейіргер ісі»
Оқу сағатының көлемі 90/2
Курсы және оқу семестрі: 1, II
Тәжірибелік (семинарлық) сабақ 20 сағат


Шымкент 2013 ж.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «Мейіргер ісі» мамандығы - 5В110100 негізінде құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____ «____» ________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. _____________ Есіркепов М.М.

1


1. Тақырыбы: Бактериологиялық зертхана құрылымы. Микроскопия əдістері. Қарапайым жəне күрделі бояу əдістері. Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Іріңді қабыну аурулар. Ауруханаішілік инфекциялар.Зертханалық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.
2. Мақсаты: Суденттерді микробиологиялық лабораторияның құрылымы, құрал жабдықтары мен тағайындалу мақсатымен, жұмыс істеу ережесімен таныстыру. Микробиологиялық лабораториядағы кеңінен қолданатын құрал-жабдықтармен таныстыру және үйрету. Иммерсионды жарық микроскопта жұмыс істетуді үйрету. Бактерия дақылынан дайындалған фиксацияланған жұғындыны қарапайым әдіспен бояу.Боялған препараттарды қарапайым иммерциондық жүйеде микроскоптау.
3. Оқыту мақсаты: Микроскопия әдісін және микропрепараттарды дайындау техникасын үйрету. Қарапайым және күрделі әдіспен боялған фиксацияланған препаратты микроскоптау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Бактериологиялық зертханамен таныстыру.

    2. Жұмыс істеу ережелерін меңгеру.

    3. Микробиологиялық лабораториядағы кеңінен қолданатын құрал жабдықтармен таныcтыру және үйрету.

    4. Иммерсионды жарық микроскопта жұмыс істетуді үйрету.

    5. Грам әдісімен бояу механизмі және кезеңділігі.

6 . Ожешко, Нейссер, Бурри-Гинс, Цилю-Нильсен бояу әдістері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрау, талқылау.
6. Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.

4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.

5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.

6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.

7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.

8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.

10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.

Қосымша әдебиеттер:

1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.

2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.

3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.

4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.

5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.



Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер.)

Жағдайлық есептер:


  1. Егер сіз байқаусыздан микроб дақылы бар түтікшені сындырып қойсаңыз және оның ішіндегісін столға, қолға немесе киіміңізге төгіліп кетсе не істеу керек?

  2. Сіз бактериологиялық лабораторияда жұмысыңызды бітіріп, стол үстіндегі, ілмек отпен заласыздандырып, штативке қойдыңыз, спиртовканың қақпағын жауып, қалпақ, халатыңызды шешіп, жұмыс аяқ киіміңізді ауыстырып лабораториядан шықтыңыз сіз қандай жеке гигиеналық және санитарлы-эпидемиологиялық қателік жібердіңіз?

  3. Студенттер оқу бөлмесінде үзіліске тамақтанады. Сіз қандай жеке гигиеналық және санитарлы-эпидемиологиялық қателік жібердіңіз?

  4. Сүртілген шыныға 1 тамшы изотоникалық ерітіндісін тамызады. Оған ілмекпен тексерілетін материалды жұғындыны ауада кептіреді. Жұғынды жағылған шынының астынан 3 рет жалын үстімен жүргізіп өтеді. Жұғынды дайындау процесіндегі қандай этап? Бұл этап дұрыс жүргізіледі ме?

  5. Грам әдісімен боялған жұғындыда қызыл түсті, шеті тұйықталған орама пішіндегі таяқша байқалады. Микроб морфологиясын анықтау және Грам әдісімен бояудың оған қатысы.

  6. Грам әдісімен боялған жұғындыда «жүзім шоғыры» тәрізді күлгін коктар байқалады. Микроб морфологиясын анықтау және Грам әдісіне қатысу.

  7. Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұқпада көк-күлгін иірілген ірі біркелкі емес оралымдармен микроорганизмдер көрінеді. Бұл қандай микроорганизмдер?

  8. Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұқпада бірнеше оралымдармен, латын «S» әрпі тәрізді қызғылт түске боялған микроорганизмдер көрінеді. Бұл қандай микроорганизмдер?

  9. «Жаншылған» тамшы препаратынан, қараңғы жазықты әдіс арқылы бірқалыпты оралымдары бар микроорганизмдер анықталады. Бұл қандай микроорганизмдер?

  10. «Жаншылған» тамшы препаратында бөлінген, септирленген мицелиялары бар, олар бір-бірімен айқасып тығыз саңырауқұлақ тобын түзген, одан бір клеткалы конидие тасымалдаушы шығып аяқ жағы желдеткіш тәрізді ұйыған. Бұл қалталы саңырауқұлақтардың қай түрі?

  11. «Жаншылған» тамшы препаратында септирленген мицелия жібі көрінеді, одан ұшы шашақталған конидия тасымалдаушы тараған. Бұл саңырауқұлақтың қай түрі?

Тесттер:

1. Биологиялық микроскоптың иммерсиондық обьективімен көру мүмкіндігінің ең төменгі шегі:



  1. 0,2 мкм

  2. 0,1 мкм

  3. 200 нм

  4. 100 нм

  5. 10 нм

2. Микроорганизмдерді иммерсионды жүйеде зерттеу үшін қолданатын обьектив:

  1. х 8, 40

  2. х 8

  3. х 10

  4. х 40

  5. х 90

3. Ішкі ортаның қолайсыз факторларынан қорғайтын бактерияның жасушалық элементі:

  1. капсула

  2. L - форма

  3. жасушалық қабырға

  4. талшықтар

  5. цитоплазматикалық мембрана

4. Микробтық дакылдар, қоректік орталар, қан, вакциналар және биопрепараттар сақталатын лабораториялық жабдық:

  1. бөлме температурасындағы шкаф

  2. термостат

  3. Пастер пеші

  4. Кох аппараты мұздатқыш

  5. Мұздатқыш

5. Микроскоптың иммерсионды жүйесінде зерттелетін препарат:

  1. жағынды

  2. “жуан” тамшы

  3. ”езілген” тамшы

  4. “ілінген” тамшы

  5. вирустық препараттар

6. Флюоресценция кұбылысының негізінде қолданатын микроскоп:

  1. фазалы-контрасты

  2. люминицентті

  3. жарыктық

  4. электронды

  5. күңгірт-жазықтық

7. Алғашқы рет микроорганизмдерді көру мүмкіндігін дүниеге келтірген ғалым:

  1. Р.Кох

  2. И.МечникоЛ.Пастер

  3. А.Левенгук

  4. Д.Ивановский

8. Бактериялардың талшығын көруге мүмкіндік беретін бояу әдісі:

  1. Грам

  2. Ожешко

  3. Леффлер

  4. Бури-Гинс

  5. Романовский-Гимза

9. Микроорганизмдердің қауіптілік дәрежесі бойынша бөлінетін топтарының саны:

  1. төрт

  2. екі

  3. үш

  4. бес

  5. алты

10. Бактериялардың дақылдық қасиеттерін зерттеуде қолданатын әдіс:

  1. биологиялық

  2. бактериоскопиялық

  3. аллергологиялық

  4. серологиялық

  5. бактериологиялық

11. Микроорганизмдерде молекула ішілік айналымдар реакциясын катализдеуші

  1. изомераза фермент

  2. лиаза

  3. трансфераза

  4. гидролаза

  5. оксидоредуктаза

12.Бактерияның нитрифицирлеуші және денитрифицирлеуші қызметіндегі элемент:

  1. темір

  2. күкірт

  3. мырыш

  4. алюминии

  5. азот

13. Таза дақылды алудың бірінші этапында жүргізетін шаралар:

  1. қиғаш агарға егу

  2. оқшауланған колонияларды зерттеу

  3. лабораториялық жануарларды залалдау

  4. Гисс ортасына егу

  5. қоректік агарға егу

14.Бактерия жасушасындағы тотығу-тотықсыздану процессіне қатысатын фермент:

  1. оксидоредуктаза

  2. ревертаза

  3. хеликаза

  4. лигаза

  5. лиаза

15.Басқа бактериялармен салыстырғанда фототрофтарға аса қажетті өсу факторларының бірі:

  1. ылғал

  2. құрғақтық

  3. ауа

  4. сілтілі орта

  5. жарық

16. Бактерия жасушасының 80-90%-тін құрайтын элемент:

  1. ақуыз

  2. липид

  3. көмірсу

  4. минеральды заттар

  5. су

17. Атомдарды тасымалдау реакциясын катализдейтін фермент

  1. гидролазы

  2. трансферазы

  3. лиазы

  4. изомеразы

  5. лигазы

18. Бактерияларды бөліп алуындағы бірінші этапында жүргізілетін шаралар

  1. протеолитикалық қасиеттерін зерттеу

  2. жұғындыларды микроскоптау

  3. қиғаш қөректік ортаға егу

  4. оқшауланған колонияларын зерттеу

  5. Гиса орталарына егу

19. Микроағзаларды бірқалыпты температурада өсіруге арналған аппарат

  1. термостат

  2. автоклав

  3. центрифуга

  4. мұздатқыш

  5. Пастер пеші

2


1.Тақырыбы: Микроорганизмдер физиологиясы. Бактериологиялық. вирусологиялық əдіс негіздері.Микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу əдістері, бактериялардың дақылдық қасиеттері. Вирустарды индикациялау жəне идентификациялау əдістерінің негіздері.
2.Мақсаты: Микроорганизмдерді дақылдау үшін қоректік орталарды дайындау техникасын меңгеру. Бактериологиялық зерттеу әдістерінің кестесімен танысу.

Облигатты паразиттерді-вирустарды дақылдау әдістерін меңгер.


3. Оқыту мақсаты: Қоректік орталарды дайындау әдістерін үйрету жекеленген колонияларды таза дақыл алу мақсатта қоректік орталарға себу. Бірқабатты жасушалық дақылдарды дайындау этаптары туралы түсінік беру. Тауық эмбрионын жарақаттау және ашып алу, фагтарды қоршаған ортадан бөліп алу әдістерің және техникасын меңгеру. Қоректік орталарды дайындау әдістерін үйрету жекеленген колонияларды таза дақыл алу мақсатта қоректік орталарға себу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қоректік орталардың жіктелуі.

  2. Қоректік орталарға қойылатын талаптар.

  3. Универсальды қоректік орталар.

  4. Элективті /селективті/ қоректік орталар, оның тағайындалуы.

  5. Дифференциалды - диагностикалық қоректік орталардың құрамы мен

қолданылуы.

  1. Таза қоректік орталарды стерильдеу әдістері.

7.Вирустардың жасушамен өзара әсерлесу типтері.

8.Вирустардың жасушамен өзара әсерлесу стадиялары.

9.Вирустық инфекцияларының интегративті формалары

10.Вирустарды дақылдау әдістері.

11.Вирустарды сезімтал жануарларының ағзасында дақылдауы.

12.Вирустарды тауық эмбрионында дақылдауы.

13.Ұлпалық дақылдардың жіктелуі. Оларды алудың негізгі этаптары.

14.Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды табу әдістері (цитопатикалық

әсер, теңбіл дақтар әдісі, түрлі түсті сынама, гемаглютинация не болмаса

гемадсорбция реакциялары).

15.Вирустарды идентификациялау әдістері (типтеу).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет