Атмосфера ауасының жай-күйі
Стационарлық ластану көздерден ластаушы зарттардың атфосфераға шығарылу динамикасы 1-суретте көрсетілген.
1-сурет. Барлық стационарлық ластау көздерінен шығатын ластаушы заттардың мөлшері
Маңғыстау облысының атмосфералық ауысының ластануына облыс орталығы Ақтау қаласының (20%), Жаңаөзен қаласының (17%), Бейнеу ауданының (17%) өнеркәсіптік кәсіпорындары мейлінше жоғары үлес қосады.
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайту мақсатында, мұнай-газ өндірісінің жаңа технологиялары қолданылуда. Мәселен, 2012-2015 жылдарда газды кешенді дайындайтын үш сзауыт салынды. Сондай-ақ, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының экологиялық паспорттары әзірленді.
Сонымен бірге, облыста «Қазгидромет» РМК-ның атттестатталған зертханасы жоқ Ақтау қаласындағы облыстық филиалының 4 бақылау бекетінен басқа қоршаған ортаның ластануын бақылау бекеттері жоқ.
Су ресурстарының жай-күйі
Солтүстік Каспийдің мұнай кен орындарын игеру бойынша жұмыстарға биологиялық саналуандықтың өмір сүру ортасын бұза отырып, су түбіндегі және кеме түбіндегі ағзаларды жоятын, 3 және одан көп метрге дейін шөгетін 300-ге жуық ірі тонналы кемелер тартылған.
Кен орындарын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар жер асты суларының пайдалану қорларын қайта бағалауды жүргізбейді. Осылайша, су алу кезінде осы аудандағы экологиялық теріс салдар есепке алынбайды.
Ақтау қаласының жағалауындағы қайраңның түрлiк сан алуандығын және биологиялық өнімділігін сақтау мақсатында, 2013 жылы «Каспий теңізінің Ақтау қаласы жағалауындағы шельфтік аймағында жасанды рифтер жүйесін құру» жобасы іске қосылды. Меловой мүйісіндегі теңіз түбінде түрлі нысандағы 9 риф орнатылды.
Теңіз суларының гидрохимиялық көрсеткішетін бақылау жыл сайын жылына екі рет өткізіліп тұрады. Каспий теңізінің суы «орташа ластанған» деп сипатталып, теңіз суы сапасының 3-сыныбына жатқызылады. Бұл да «Қазгидромет» РМК бақылауының деректерімен расталады.
2-сурет. Теңіз суындағы мұнай мөлшері
Ақтау қаласының Приозерный кентінде орналасқан Өлі көлдің экологиялық жағдайы да назар аударуға тұрады. Осы көл суындағы жалпы темір (5,4-19 ШҰК14), хлоридтер (454,4-647,1 ШҰК), құрғақ қалдық (158,5-406 ШҰК) және сульфаттар (40,5-107,5 ШҰК) концентрациясының айтарлықтай асып түсуі, оны шаруашылық-тұрмыстық мақсат үшін пайдалануға жарамсыз етеді.
Мұнай ұңғымаларын жою
70 жылдардың аяғында Қаражанбас кен орнының жағалау аймағында мұнай алу арқылы 11 іздеу-барлау ұңғымасы бұрғыланып, кейін олар жабылды. Алайда, 1977-1995 жылдардағы кезеңде Каспий теңізі деңгейінің көтерілу үдерісінде 8 іздеу-барлау ұңғымасын теңіз суы басып қалды. 3 үш ұңғыма құрлықта қалғанымен, олар жиналу-қарқындау құбылыстарының кезінде теңіз суының астында қалатын аймақта тұр.
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының ұйғарымы бойынша «Қаражанбас» АҚ 2009 жылы «Бұрын жабылған іздеу-барлау ұңғымаларында жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)» жұмыс жобасын әзірлеп, осы ұңғымаларды қайтадан жою бойынша жұмыстарды орындады. Осылайша, 2010 жылдан бастап 2013 жылды қоса алғандағы аралықта Қаражанбас кен орнындағы 11 ұңғыманың барлығы қайтадан жойылды.
«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» филиалы 2007 жылдан бастап 2013 жылды қоса алғандағы аралықта 7 ұңғыманы, оның ішінде 4 барлау ұңғымасын және 3 бағалау ұңғымасын жою бойынша жұмыстар жүргізді.
«Н» жобасының Операторы болып табылатын «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-нің учаскесінде 1991 жылға дейін жойылған 12 ұңғыма және 2010, 2012 және 2015 жылдарда жойылған 3 ұңғыма тұр.
Жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың барлығы су, ауа сынамаларын, су түбіндегі шөгінділерді алумен жойылған ұңғымаларға мониторинг жүргізеді.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары
Маңғыстау облысында, тұтастай алғанда елдегідей өндіріс және тұтыну қалдықтарының пайда болуы көлемінің үздіксіз өсуі байқалады. Ол көбінесе шаруашылық қызметтің өсіп келе жатқан көлемімен және тұтыну нарығының қарқынды дамуымен байланысты.
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың көлемі 2012 жылы – 478,7 мың теңгені, 2013 жылы – 470,7 мың тоннаны, 2014 жылы – 350 мың тоннаны, 2015 жылы – 427,56 мың тоннаны құрады.
Өнеркәсіптік қалдықтардың құрамында мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің қалдықтары басым (мазутталған топырақ, мұнай шламы және басқалар), олардың үлесі 37,3% құрайды.
Коммуналдық қалдықтар көлемінің жыл сайын өсіп келе жатқаны байқалады. Жиналатын коммуналдық қалдықтардың мөлшері бойынша Мұнайлы ауданы – бірінші орында (жалпы мөлшердің 38%-ы), Ақтау қаласы –еекінші орында (33%), Жаңаөзен қаласы үшінші орында (22%) тұр.
Маңғыстау облысында тұрмыстық қатты қалдықтарды қоймалаудың және сақтаудың негізгі орындары ТҚҚ-дың арнайы полигондары, ал ауылдық елді мекендерде жинағыштар мен ұйымдастырылған қоқыс тастайтын жерлер болып табылады. Коммуналдық қалдықтарды орналастыру үшін 744,5 мың тонна ТҚҚ жиналған 8 полигон бар.
Тұтыну қалдықтары көмілетін ұйымдастырылған (заңдастырылған) жерлер Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалаларында, Бейнеу, Құрық, Шетпе ауылдарында, сондай-ақ Қаламқас және Қаражанбас кен орындарында бар. Оның ішінде Ақтау және Форт-Шевченко қалаларындағы 2 полигон ғана санитарлық және экологиялық талаптарға ішінара сай келеді.
2015 жылы Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында жаңа полигондардың құрылысы басталды. Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Таушық, Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылдарында ТҚҚ полигондарын салуға ЖСҚ әзірленді.
Облыста қалдықтарды кәдеге жаратуды Жаңаөзен қаласында пайдалануға берілген қоқысты қайта өңдеу зауыты ықпал етеді.
Радиоактивті қалдықтар
Маңғыстау облысының аумағында өндіріс қалдықтарын және радиоактивті қалдықтарды орналастыруға арналған 34 полигон бар. Осы полигондардағы жалпы жинақталу 1511,7 мың тоннп улы және радиоактивті өнеркәсіптік қалдықтарды, оның ішінде 59,5 мың тонна радиоактивті қалдықтарды құрайды.
Құрамында ураны бар химиялық өндіріс қалдықтарының «Қошқар-Ата» қоймасы Каспий маңы өңірінің мейлінше маңызды экологиялық проблемасы болып табылады. Ол Каспий теңізінен 7-8 км қашықтықта және облыс орталығынан 3-4 км қашықтықта орналасқан.
«Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының аумағында радиациялық және улы қалдықтардың ауаға таралуын болдырмау және Ақтау қаласы мен жақын орналасқан елді мекендердің айналасындағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында, жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ауданның гидродинамикалық және гидрохимиялық жағдайлары бойынша қолда бар деректердің талдауы, бүгінге Қошқар-Ата қалдықтар қоймасының жерасты су жолдары арқылы енуі әсерінен Каспий теңізі суының ластануына нақты қауіп жоқ екенін көрсетеді.
Қошқар-Ата қалдықтар қоймасының Мұнайлы ауданының Басқұдық, Атамекен және Дәулет ауылдарына аса жақындығы қауіп төндіреді.
Биологиялық алуан түрлілілікті қалпына келтіру және сақтау
Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша, аша тұяқты жануарлардың кейбір түрлерінің саны бірнеше есе қысқарған. Мәселен, 1991 жылмен салыстырғанда ақбөкендердің саны – 22 есе, арқарлар саны – 8 есе, қарақұйрықтар саны – 1,7 есе азайды.
Табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру мақсатында, 2012 жылы жергілікті маңызы бар «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі (68,4 мың га), сондай-ақ жалпы ауданы 544,5 мың га болатын жергілікті маңызы бар «Жабайұшқан» (316,0 мың га) және «Тасорпа» (160,0 мың га) мемлекеттік табиғи қаумалдары құрылды.
Жердің тозуына қарсы күрес
2012-2014 жылдарда Сенек ауылының қасындағы Түйесу, Үштаған ауылына жақын жердегі Бостанқұм жұтаң құм алаптарының және Тұщықұдық ауылының өсімдік жабынын жыл сайын 100 гектардан қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі кезде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Сенек және Үштаған ауылдарының айналасында жасанды оазистер құрылды.
Орман қоры
Маңғыстау облысының орманды алқаптарының жалпы ауданы 122 431 гектарды құрайды.
Орман алабының негізгі бөлігін қара сексеуіл құрайды. Сондай-ақ, жыңғылдар, тауарпа, баялыш және тағы да басқа бұталы талдар кездеседі.
Қазіргі кезде өңірде екі мемлекеттік орман мекемесі бар: Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi мен Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi.
300 гектарға қара сексеуіл тұқымдарын егу бойынша жұмыстар жыл сайын жүргізіледі. Сондай-ақ, ормандарды патологиялық зерттеулер, өртке қарсы іс-шаралар және қорғау жүргізілуде.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша SWOT-талдау
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
табиғат қорғау жобаларының іске асырылуы;
қоршаған орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қолайсыз антропогендік әсерді төмендету үшін қажетті зерттеулердің жүргізілуі;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған қаржыландыру көлемінің ұлғаюы;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың құрылуы;
жергілікті экологиялық проблемаларды жою жөніндегі шаралардың әзірленуі;
Жаңаөзен және Ақтау қалаларының, Мұнайлы ауданың экологиялық паспорттарының болуы
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
қоршаған ортаның ағымдағы және тарихи ластануы;
су ресурстарының, бірінші кезекте ауыз судың болмауы, су көздерінің ластануы, тазарту құрылыстарының нашар жағдайы;
өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша өндірістік қуаттылықтардың болмауы;
мемлекеттік мониторинг жүйесінің болмауы, мұнай өндіру үлерісінде Каспий теңізінің ластануын болдырмау үшін бақылаудың жеткіліксіздігі
|
МҮМКІНДІКТЕР:
қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджетке түсетін төлемақылар мен табиғат қорғау шараларына жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың барабарлығын қамтамасыз ету, өзекті табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек;
тазарту құрылыстарын жаңғырту, ұйымдастырылған қоқыс төгетін жерлермен бөлініп қалған, ауыл шаруашылығы үшін жарамды және өзге мақсаттта пайдаланылатын жерлердің аудандарын қалпына келтіру;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластау көлеміне бақылауды арттыру;
мониторингтік бақылау үшін стационарлық экологиялық алаңдар саны арттыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің техногендік қызметіне жедел ден қою есебінен қоршаған ортаның сапасын көтеруге мүмкіндік бермек;
экологиялық міндеттерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушы инвесторлардың ақшалай қаражаты мен технологияларын тарту
|
ҚАТЕРЛЕР:
атмосфераны, су қорын ластау көздері үшін тазарту құрылыстарын нашар жаңғыртқан жағдайда экологиялық ахуалдың шиеленісуі;
жерде және Каспий теңізінің қайраңында қарқынды мұнай операцияларының жүргізілуі;
су алып кету және су астында қалу аймағындағы және теңіздік биоресурстарына айтарлықтай қауіп төндіретін жойылуға тиісті мұнай ұңғымаларының (23 бірлік) айтарлықтай санының бар болуы;
БН-350 реакторын пайдаланудан шығару жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын» орындау кестесіңнің бұзылуы;
стационарлық және жылжымалы ластаушы көздерден атмосфреға шығарылудың артуы;
бақыланбайтын браконьерлік
|
Қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі проблемалар:
атмосфералық ауаның ластануы;
қоршаған ортаның ластануын бақылау бекеттерінің жоқтығы;
Каспий теңізі мен Өлі көлдің ластану деңгейінің артуы;
коммуналдық қалдықтар көлемін дәлме-дәл есепке алудың бірыңғай жүйесінің болмауы, ауылдық елді мекендерде ТҚҚ-ды жинау мен шығарудың тұрақты жүзеге асырылмауы; ТҚҚ-ды жинау үшін контейнерлер санының жеткіліксіздігі;
ТҚҚ-ды қайта өңдеудің, ТҚҚ-дағы пайдалы компонентттердің айтарлықтай мөлшерін қайтадан пайдаланудың болмауы;
«Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының шекті межедегі ахуалы;
биологиялық саналуандық мөлшерінің бірнеше есе азаюы;
орман алқаптары аумағының қысқаруы.
2.1.5.2. Жер ресурстары
Маңғыстау облысының 16 564,2 мың гектар болатын жалпы ауданының ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5 134,7 мың гектарды (31%), елді мекендердің жерлері 993,7 мың гектарды (6%), өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, және өзге ауыл шаруашылғы мақсатындағы емес жерлер 276,0 мың гектарды (2%), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер 223,7 мың гектарды (1%), орман қорының жерлері 241,6 мың гектарды (1%), босалқы жерлер 9 694,5 мың гектарды (58%) құрайды.
Облыста су қорының жері жоқ, бұл жергілікті жерлерде су қорғау аймақтары мен Каспий теңізінің жолақтарының шекараларын белгілеу қажеттілігіне, ауданын айқындау арқылы су қоры жерлерінің санатын қалыптастыруға әкелмейді.
Облыс аумағы пайдаланылатын жерлер бөлінісінде, негізінен жалпы ауданы 12654,2 мың гектарды (76,4%), оның ішінде жайылымдық жерлердің ауданы 12652,3 гектарды (76,3%), егістік жер 0,5 мың гектарды, тыңайған жер 0,3 мың гектарды, кені бар жер 0,3 мың гектарды, пішендік жер 0,3 мың гектарды, көпжылдық екпе ағаштар 0,6 мың гектарды және басқалары 0,2 мың гектарды құрайтын жайылымдық алқаптарды қамтиды.
Егін салынатын жерлер облыс аумағында бытырап орналасқан және суаратын судың шектеулі мөлшеріне байланысты болмашы ауданды алады.
Пайдалы жерлердің негізгі түрі – жайылым өнімі аз, шығымдылығы 1,0-3,0 ц/га болатын шөл өсімдігін қамтиды.
Құрғақ климат, өсімдік жабынының сиректік жағдайларында дәрменсіз құнарлы жер қабаты қалыптасқан, бұл тиісінше топырақтың сапасына әсер етті. Топырақ жабыны негізінен орташа бонитет балы 4-5 баллға дейін болатын қоңыр және сұр-қоңыр топырақтан тұрады.
Жер реформасын одан әрі дамыту жер ресурстарының әлеуетін пайдаланудың және оларды қорғаудың тиімді тетігін іске асыру қажеттілігімен байланысты.
Одан әрі жекешелендіру үшін барлық пайдаланылмайтын пайдалы жерлерді мемлекеттік қорға беру арқылы оларды тиімді пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді рыногтық айналымға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жерді меншікке берудің және жер пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, облыс аумағында жер рыногын қалыптастыру және жер учаскелерін аукциондар мен конкурстар арқылы сату практикасын енгізуде мақсатты жұмыс басталды.
Қайтарылған жерлерді және босалқы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында, жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
1-кесте. Қайтарылған жерлердің жалпы ауданындағы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлердің ауданы, мың гектармен
Атауы
|
Ауыл шаруашылығы айналымына тартылды
|
Оның ішінде
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
саны
|
ауданы
|
саны
|
ауданы
|
саны
|
ауданы
|
саны
|
ауданы
|
Маңғыстау облысы
|
184,4
|
52
|
50,0
|
100
|
105,9
|
35
|
28,5
|
27
|
8,0
|
Маңғыстау ауданы
|
177,5
|
46
|
45,5
|
95
|
103,5
|
35
|
28,5
|
25
|
7,0
|
Қарақия ауданы
|
6,9
|
6
|
4,5
|
5
|
2,4
|
-
|
-
|
2
|
1,0
|
Қарақия және Маңғыстау аудандардағы жерлердің ауыл шаруашылығы айналымына белсенді тартылуы, тартылған жерлердің қызмет көрсету орталықтарына мейлінше жақын орналасуымен, су көздерінің, жол желісінің бар болуымен түсіндіріледі. Бейнеу ауданының жері түгелдей Үстірт шоқысында орналасса, Түпқараған және Мұнайлы аудандарының жерлері болмашы ауданға ие және және жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы құрылымдарымен белсенді пайдаланылуда.
Жер ресурстары бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
облыстың жалпы аумағында 58% босалқы жердің болуы;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрылуы және қорғалуы, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары анықталған кезде және игеруге мемлекеттік қажеттіліктер үшін, магистралдық құбыржолдарлы салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп бөліп алу.
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін қажетті жағдайлары бар жер учаскелерінің жоқтығы (су көздерінің, жолдардың, электрдің жоқтығы).
|
МҮМКІНДІКТЕР:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукциондар мен конкурстар, оның ішінде электрондық конкурстар арқылы беру жолымен жер пайдаланушылардың санын арттыру.
|
ҚАТЕРЛЕР:
табиғи-климаттық факторлардың облыстың жер қорына әсері;
Каспий теңізінің су деңгейінің азаю немесе арту тәуекелі.
|
Саланың негізгі проблемалары:
ауданын анықтаумен су қоры жерлерінің санаты қалыптасқан жоқ;
облыстың елді мекендері бойынша 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабындағы картографиялық материалдардың болмауы, бұл – жер учаскелерінің тиімсіз болуына, шекараларды белгілеу кезінде қателіктерге және тағы басқаларға әкеледі;
қазіргі заманғы жоспарлық-картографиялық, топырақ және басқа зерттеу материалдарының болмауы, бұл жер-кадастрлық жұмыстарды жүргізу сапасына әсер етеді, жер учаскелерінің тиімсіз пайдалануылуына, жерлерді сапасыз экономикалық бағалауға әкеледі;
инвестициялар тарту, жер учаскелерін одан әрі игеру мақсатында жерлердің жай-күйі, оларда болып жатқан өзгерістер туралы толық және шынайы ақпараттың жетіспеушілігі.
2.1.6. бағыт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Жергілікті атқарушы органдар (облыстық басқармалар, қалалық және аудандық әкімдіктердің бөлімшелері, сондай-ақ кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдіктері) 2015 жылы барлығы 1 126 162 мемлекеттік қызмет көрсетті (2012 жылы – 1 014 799 бірлік). Оның 5857-і – халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 17547-сі электрондық түрде көрсетілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 159 стандарты бекітіліп, облыс әкімдігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 157 регламентін бекітті.
1-кесте. Қалалар мен аудандар бойынша 2015 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны (облыстық құрылымдарды есепке алмағанда)
Атауы
|
Барлығы
|
ХҚКО
|
ЭҮП
|
Ақтау қаласы
|
27618
|
3144
|
2675
|
Жаңаөзен қаласы
|
39163
|
8437
|
4651
|
Бейнеу ауданы
|
81932
|
5416
|
943
|
Қарақия ауданы
|
25453
|
4525
|
1422
|
Маңғыстау ауданы
|
27636
|
4131
|
1184
|
Мұнайлы ауданы
|
64840
|
9105
|
1282
|
Түпқараған ауданы
|
19083
|
5734
|
232
|
Барлығы
|
285725
|
40492
|
12389
|
Мейлінше қажет етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметтер болып табылады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген облыс әкімдігі қызметтерінің 170 түріне (2012 жылы – 77) «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша бағалау жүргізді. Нәтижесінде облыс өңірлер арасында 12-орын алды (2012 жылы – 16-орын).
Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі 56,50 балл бағалау көрсеткішімен «төмен тиімді қызмет» деп бағаланды (2012 жылы – 33,17 балл). Осы көрсеткіш бағалау жүргізілген 6 жылда әкімдік алған бағалардың ең жоғарысы болып табылады. 2014 жылмен салыстырғанда бағалау көрсеткішінің 2,13 баллға өскені байқалады.
Әкімдік жұмысының оң аспектісі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлықтан алдын ала сақтандыру бойынша тиімді шаралар қабылдау болып табылады. Есепті кезеңде әкімдіктің мемлекеттік және ведомстволық бағынысты мекемелері қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылу фактілері болған жоқ.
Бұдан басқа, мерзімдерді бұзған қызметкерлерге қатысты тәртіптік шаралар қолдану бойынша тиімді жұмысты атап өтуге болады. Мәселен, тиісті шаралар 96%-ға қабылданды.
Сонымен бірге, мынадай теріс үрдістер анықталды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылық саны 2014 жылмен салыстырғанда 1,7 есе, 44-тен 76 фактіге дейін артты (2012 жылы – 214 бұзушылық).
Қоғамдық мониторингтің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың әкімдіктің көрсетілетін мемлекеттік қызметтеріне қанағаттанушылығы ортадан төмен (10 мүмкін баллдың ішінде 7,6 балл). Бағаланатын мемлекеттік органдардың арасындағы орташа мән 7,9 баллды құрады. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету бөлігіндегі жұмыс ортадан төмен деп бағаланды (10 баллдың ішінде 7,3 балл).
Электрондық көрсетілетін қызметтерді алуды танымал ету бойынша жұмыстың тиімсіздігі байқалды –көрсетілетін қызметті алушылар әкімдіктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне өтініш жасау кезінде баламалы негізде көрсетілетін «электрондық үкімет» порталын тек қана 1,8% жағдайда пайдаланған.
2015 жылдағы тиімділікті 1-бағыт бойынша бағалау қорытындысында «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру» индикаторының жоспарына қол жеткізілмегені байқалды – социологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша 76% (жоспар – 78%).
1-сурет. Халықтың мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылығы
Бірінші кезекте, бұл көрсетілетін қызметтер тізбесінің 2015 жылы толықтай жаңартылуымен және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер санының көбейтілуімен байланысты болды, яғни бағалау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа тізбесі бойынша жүргізілді. Екіншіден, пікіртерім жүргізу кезінде орын алған бірқатар әлеуметтік өзгерістер (теңгенің құсыздануы, бензин бағасының өсуі, тамақ өнімдерінің арналған бағалардың өсуі және т.б.) тұтастай алғанда ҚР Үкіметі жұмысының жалпы бағасына өте қатты әсер етті.
Жұмысты жақсарту үшін облыс әкімі аппараты басшысының 03.05.2016 жылғы № 72 бұйрығымен Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын қадағалау жөніндегі 2016 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде және облыстық басқармаларда бақылау іс-шаралар жүргізілуде. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде ұсынымдар берілді.
Облыс әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша барлық қажетті ақпарат орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықты уақытылы анықтау мақсатында, ақпараттық жүйелердің мониторингі күн сайын өткізіліп тұрады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің нәтижелері бойынша ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Актілері жасалып, қол қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |