Гипервентиляция синдромы-ауа жетіспеушілік сезімі
Жетекші синдромды бөліп алыңыз және ажыратпалы диагноз үшін аурулар тобын атаңыздар.
Жеткші синдром:Жедел коронарлы синдром
|
Миокард инфаркті
|
Кенеттен дамыған пневмоторакс
|
Ауру аймағы
|
Төс артында,жүрек маңында
|
Кеуде тұсында
|
Ауру сипаты
|
Қысып
|
Кенеттен,жедел
|
Аурудың иррадиациялануы
|
Төстің артыңда орналасқан, мойынға, төменгі жаққа, сол жақ иыққа таралады
|
Жүрек маңына,бүйір аймаққа,иыққа
|
Немен туындайды
|
Физикалық жүктемеде
|
Тыныс алғанда күшейеді
|
Ауру уақытының ұзақтығы
|
30 минуттан бірнеше сағат күндерге дейін
|
30-60 мин
|
Ауру басылуы
|
Аспирин,промедол, морфин
|
Ауырсынуды басатын6муколитиктер
|
Тері қабаты
|
Бозарған,акроцианоз
|
Бозарған,цианоз
|
Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін интерпретациялаңыз
ЖҚА және ЖЗА көрсеткіштері қалыпты, өзгерістер жоқ.
Қанның биохимиялық анализінде: липопротеидтердің мөлшері қалыптыдан жоғары, тропонин «I» 0,9нг\мл (қалыпты жағдайда - 0,5нг\мл);нормадан жоғары мөлшерде, яғни ол миокард инфарктысы болуын дәлелдейді. АСТ- 46 ед (қалыпты жағдайда - 0-37ед) жоғарылаған, некроз ошағы барын дәлелдейді.
Холестерин-7,0 ммоль/л (қалыпты жағдайда -3,1-5,2 ммоль/л) жоғарылаған атеросклерозға қауіп бар.
ЭКГ-да МИ-ның бастапқы сатысын байқауға болады, І, aVL, V4-V6 тіркемелерінде ST сегментінің жоғарылауы. Q патологиялық тісшесі
Клиникалық диагнозды құрыңыз және негіздеңіз.
Диагноз: ЖКС.Миокард инфаркты ST сегментінің жоғарылауымен, Q тісшесінің қатысуымен
Диагнозды негіздейтін болсам: Төстің артыңда орналасқан, мойынға, төменгі жаққа, сол жақ иыққа таралатын күйдіріп ауырсыну және ауа жетпеу сезімі, жалпы әлсіздік.
Анамнез деректерін: Аурудың интенсивтілігі біртіндеп артқан, 2 сағаттан кейін шыдатпайтын қатты ауырсыну дамыды. Тіл астына салған нитроглицериннің әсері өте қысқа және мардымсыз болды.
Зерттеу нәтижелерін ескере отырып: Қанның биохимиялық анализінде: АСТ- 46 ед (қалыпты жағдайда - 0-37ед); холестерин-7,0 ммоль/л (қалыпты жағдайда -3,1-5,2 ммоль/л); КФК – 45 ед (қалыпты жағдайда 0-25ед); Тропонин«I» 0,9нг\мл (қалыпты жағдайда - 0,5нг\мл);
ЭКГ да :ST сегментінің көтерілуі Q тісшесінің уақытының ұзаруы және тереңдеуі V2 V3 тіркемелерде,I,III,aVL,aVF QSкешенінің 1 мм жоғары болуы , V1 V2 тіркемеде R тісшесінің уақытының ұзаруы.Осы деректермен диагноз қойдым
Емдеу жоспарын құрыңыз.
Дəрі-дəрмексіз ем: физикалды жəне эмоциональды тыныштық.
Дəрі-дəрмектік ем
1. Ацетилсалицил қышқылы 325 мг шайнау
2. Оксигенотерапия.
3. Ауыру сезімін басу үшін (айқын ауыру сезімге, жалпы жағдайына, жасына байланысты) Морфин 10 мг 2-4 мг бөліп к/т еңгізу (тыныс жиілігінің 1 минутына 10 - 12 рет төмендеуі қарашықтың тарылуы, АҚ төмендеуі).
4. Коронарлы қан айналымды жақсарту үшін динитрат-изосорбит инфузиясын 10 мг АҚ бақылай отырып к/т баяу тамшылату.
Қарсы көрсеткіштері болмаса атенололды ішке 50-100 мг береді
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Ацетилсалицил қышқылы таблетка:100-150 мг.
Морфин инъекциялы ерітінді ампулада 0,1% 1 мл- ден.
Фентанил инъекциялы ерітінді ампулада 0,005% 2,0.
Прометазин инъекциялы ерітінді ампулада 50мг/2мл.
Дроперидол 2,5% инъекциялы ерітінді 10,0.
Трамадол 50мг. 1мл-де.
Преднизалон 25мг 1 мл-де.
Декстроза 5% ерітінді 200,0, 400,0 фл.
Оттегі: ингаляция үшін (медициналық газ).
Атенолол таблетка 50мг, 100мг.
Гепарин 5000 МЕ, фл.
Стрептокиназа: ұнтақ инъекциялық ерітінді дайындау үшін флоконда 1 500 000МЕ.
Достарыңызбен бөлісу: |