Марат Қабанбаев (1948 – 2000)


Света кеткен балалар үйі Ертістің Сібір жағындағы үлкен қалаға ауысты



бет13/13
Дата04.11.2023
өлшемі51,12 Kb.
#189432
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Бауыр

Света кеткен балалар үйі Ертістің Сібір жағындағы үлкен қалаға ауысты дегенді кезінде шала-шарпы естіп қалып ем. Тұрмыс түзегесін сол қаласы осы шығар деп, Омскіге кешіп келдік. Ізім-қайым... Көрші қалалардан да іздеп көрдім. Светлана Коновалова жоқ та жоқ... Кім білсін, күйеуге шығып, фамилиясын өзгертуі де мүмкін. Ірге теуіп қалған қаланы қиып кету де қиын, бұл күнде омскілікпін деп қойып, ақар-шақар тұрып жатырмыз, бауырым. Әрі осы қаладағы үрпек бас қыздар неге екенін қайдам, Светаға ұқсайды да тұрады. Өзін, кіріп шыққан балалар үйінің қасынан күніне екі-үш зуылдатып өтпесем, ішкен асым бойыма батпайды. «Вилтюк!»- деп, сол үш жасар күйінде шашы үрпиіп, қақпадан қалтақтап шыға келетіндей... Вокзалдан балалар үйіне тура тартатын жолаушылар да баршылық. Әр жерден өзің секілді інісін немесе қарындасын іздеп келіп жатқандар көп. Светадан тірідей айрылсам да, аңсап табысқан жандардың қуанышына ортақ болын, тым болмаса жәмшіктігіне жарап қалайын да. Солардың асып-төгілген қуаныш-шаттығының бір ұшқыны жүрегіме ұшып түспес деймісің. Қазір үйдің адресін жазып берейін. Қалтаңа салып қой, күндердің күні керегіңе жарар. Ұлтымыз әр басқа болғанымен, мұнымыз бір жігіттерміз. Келесі келгеніңде ініңді ертіп ал да, біздің үйге бас сұғып шық. Светам күндердің күні табылып қалар деген үміттемін. Өсіп қалған бойжеткені болса, кім біледі, сенің ер жетіп қалған інің бар, құда-құдандалы болып қалармыз,- деп, көзін қысып қойды. − Мына темір тұлпар аман болса, вокзалдан өзім қарсы алып, өзім шығарып саламын. Тек келетін күніңді бұрын хабарлап, телеграмма сал. Таксиін тоқтатып қойып, қойын кітапшасынан қағаз жыртып алды да, қалтасынан қалам суырып, әлденені асығыс сүйкектетіп шимайлады. Қағазды Манаптың төс қалтасына сұға берді де, жолаушының қол жүгін құрығанда бір түгендемесе, такси шофері бола ма, Манаптың аяқ астына көз жүгіртті.
− Бауырым, балалар үйінің қасынан түсіп қалғанда қолыңда қара дипломат бар-тын. Апалақтап жүріп, аялдамада тастап кеткен жоқсың ба? Манап басын шайқады.
− Інім алып қалды. Ер жете бастағасын, сын түзеуге кіріскен бозбала ғой, қызығып қарай бергесін: «Көзімдей көріп жүр!»- деп тастап кеттім.
Шофер жігіт Манаптың иығынан айқара құшақтап өзіне құшырлана тартып-тартып қойды.
− Қандай бақыттысың, бауырым!- деп, қазақ жігітіне мейірлене қараса, көзінің жиектері қызғылт тартып, кірпік ұштары дымқылдана қалған екен...

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет