Марат Қабанбаев (1948 – 2000)


Маңдайдан шерткен, сыртқа тепкен Текебай тентек



бет8/13
Дата04.11.2023
өлшемі51,12 Kb.
#189432
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Бауыр

Маңдайдан шерткен, сыртқа тепкен Текебай тентек бірен-саран еді. Аудан орталығындағы мектеп-интернатқа алынып, сонда жатып оқыды. Жазғы, қысқы демалыстарында әлгілердің балалары ата-аналары тапсырғасын ба, әлде өздері біліп шақыра ма, әйтеуір, қоймай үгіттеп, ауылға ала кететін. Алда-жалда қырсығып ермей қалса, әке-шешелері: «Манапжанға дұғай-дұғай сәлем!» - деп, өңкей көрген көздің аузынан жырып берген піскен ет, құрт-ірімшігін балаларының сөмкесіне салып жіберетін. Қазір де жазғы демалыста қай үйге түсем деп қиналмайды. Ендеше, осы ел мен жер деген киелі сезімнен бүлдіршін жастан жұтап қалған қаршадай інісіне шүйілгені неткені? Тамағы тоқ, көйлегі көк болса да «туған әке, шеше, туған аға, іні, туған ауыл, ел» деген қасиетті ұғымнан қағылған баладан не сұрап, нені дәметіп отыр? Бесіктен белі шыққалы көрген-білгені өзі сықылды жетімектер, тәрбиешілер мен төрт қабырға, жағалай қойылған жетім төсек, жетім парта... Кімге кінә қоярсың? Ошақтың күлін аспанға шығарған соғысқа ма? Ол айып-айбанаң кімге дәрі? Кілең қам көңіл сөз тізбегі көмейіне лықып келіп еді, Қалиға кенеттен тіл бітті. Аша берген аузын жаба қойды. «Сөйлесінші, іштегі шерін сыртқа шығарып, емін-еркін есіліп ағылсын бір, туған жердің алақандай қолатын алыстан арқалап жеткен аға алдынан бауыры жазыла өтсінші» деген ой ауыздан қақты.
− Мереке қарсаңында жас өспірім боксшылардың қалалық біріншілігі өтеді. Соған жатпай-тұрмай дайындалып жатырмыз. Былтыр финалда ұтылып қалғанмын. Биыл қайтсе де есе қайтару керек. Жас өспірімдер тобы бойынша бірінші разрядым бар... Бөсіңкіреп кеткенін кеш аңғарған бала бетін бұрып ала қойды.
Манап сергіді. Аз-мұз мақтаныш аралас лебізді естігенде барып жанында кәдімгі алаңғасар бала отырғанына сенді. Жора-жолдастарының үйіне барғанда ойыншықтарын жинап, қайта шашып, ойынға алданып жүретін көп қара домалаққа қара да, мына Қалиға қара, бәрібір. Дегенше және сезікті ой сумаң қағып, маңдайы суып берді. Бауыры жабысып, бірге туған дос-жарандарының інісіне теңеп, өзінен алыстата түсіп, құйрығын сыртқа салып отыр екен. Өз інім, қандас Қали інім дегенді санасына қалай сіңіргісі келсе де болатын емес. Жанбай жатып өшкен бұл неткен көңіл?
Қалған көңіл де...
Қалың ой Манапты әбден меңдетіп, тұралатып тастады. «

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет