Медиа және ақпараттық сауаттылықты жүйелі түрде мектеп бағдарламасына енгізудің маңыздылығы зор. Бұл мәселені шешудің бірнеше жолдары мен құрылымдары бар:
Мектепте цифрлық, медиа және ақпараттық сауаттылыққа байланысты нақты пәндерді оқыту қарастырылады;
Оқу жоспарларын құру стратегиясы таңдалады, МАС барлық пәндерде қалыптасады, білім алушылар да, мұғалімдер де оқиды;
Медиа білім пәндерге қосымша немесе практикамен біріктіріледі [1,17].
МАС қалыптастыру білім алушыдан медиа контентпен жұмыс істеу тәжірибесін, тәжірибе жасауды, медиаконтентті өндіру және тарату процесінде әртүрлі рөлдерді үйренуді талап етеді. Балаларды сұраққа жауап табуға үйрету керек: «осы жаттығуды орындау барысында медиа туралы не білдім?».
МАС-ты дамытудың ең тиімді тәсілі- мұғалімнің жетекшілігімен әртүрлі медиа құралдарын пайдалану, сенімді ақпаратпен нақты медиаресурсты таңдауды талқылау.
Күнделікті оқытуда медиа және ақпараттық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру алынған дағдыларды бастапқы деңгеймен салыстырв отырып, жүргізу керек. Оқушылардың сауаттылық деңгейі бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану және ересектердің қолдауына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
Осылайша, медиа және ақпараттық сауаттылық ақпараттық мәдениеттің негізгі элементтері ретінде білім алушыларға білім беру нәтижелеріне қойылатын талаптарға ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу мақсаттарына да қызмет етеді. Мұндай дағдыларды қалыптастыру көптеген мектеп кітапханаларының маңызды міндетіне айналады. Сабақтан тыс уақытта оқушылар мектеп газеттері мен журналдарын, радио бағдарламаларын шығарады, аудиовизуалды модульдер жасайды, практика жүзінде әртүрлі медиа ресурстар мен технологияларды қолдануды үйренеді.
МАС қалыптастырудың барлық үш құрылымының негізінде іргелі дағдыны қалыптастыру идеясы қарастырылып отыр, ал қалған құрылымдары үшін негіз ұжымдық практиканы, құндылықтар жүйесін, сыни қабылдау және шығармашылық тәсілді қолдану қабілеттерін жүйелі түрде біріктіру қажет.
МАС адамды үнемі дамып келе жатқан әлеуметтік салаға белсенді түрде қатысу құралдарымен жабдықтайды.
Медиа сауаттылық негіздерін оқыту үш деңгейде болуы мүмкін: қарапайым, негізгі, жетілдірілген.
Қарапайым деңгейде жұмыс негізінен бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |