7–11
|
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
Оқулықтағы1-тапсырма топтық жұмыс.
Мұғалім əрбір топқа 10 данадан түрлі түсті өзі жабысатын қағаздан қиылған қандай да бір фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш жəне шаршы) жəне А4 немесе А3 пішінді ақ түсті қағаз таратады. Оқушылар 10 жəне 100 сандарының модельдерін дайындайды.
100 санының бірнеше моделін ойлап тауып, осы үлгілер арқылы 100, 500, 400, 800 сандарын көрсету талап етіледі. Оқушылар жүздіктермен санаудың қолайлырақ графикалық үлгісін құру үшін ондықтарды белгілейтін үлгілерді біріктіруді ұсынады, ол үшін осындай 10 модель керек екенін есептейді.
Демек, үшбұрыш, көлемі үлкен шеңбер немесе ондықтағы бірліктерді білдіретін 10 шаршыдан тұратын, жүздікті құрайтын 10 жолақтан құрылған шаршы 100 санының моделі болуы мүмкін.
|
Оқулық.
Түрлі түсті қағаздан фигуралар.
А3қағазы.
|
12–29
|
Жаңаны ашу.
(Топтық жұмыс жүргізіледі.) Проблемалық жағдайдан шығу үшін мұғалім оқушыларға оқулықтағы жазбаларды қарап, толық жүздіктерді қалай қосу жəне алу керек екенін түсіндіруді ұсынады.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау нəтижесінде оқушылар жүздіктерді қосу жəне азайту кезінде (10……90) ондықжəне жүздіктермен (1 …. 9) жүздік бойынша санауға болады деген қорытындыға келеді.
|