Математика əдістемелік нұсқау


сабақ. Көпбұрыш түрлері. Шаршының жəне тіктөртбұрыштың қасиеттері



бет183/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

сабақ. Көпбұрыш түрлері. Шаршының жəне тіктөртбұрыштың қасиеттері



Тақырыбы: Спорт жəне туризм денсаулықты нығайтады.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.3.1.1. Бұрыштардың (тік, сүйір, доғал) түрлерін ажырату жəне атау; тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін анықтау.

2.3.1.2. Көпбұрыштарды жүйелеу.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) мен фигуралардың түрлерін (тікбұрыш, шаршы) танып біледі.

Көптеген оқушылар:

  • фигуралардағы бұрыштардың түрлерін біледі жəне бұрыштар құрайды (тік, сүйір, доғал);

  • тікбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін ажырата алады.







Кейбір оқушылар:

• фигураларды түрлі белгілері бойынша жүйелеуді біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

• сөйлеу барысында бұрыштардың (тік, сүйір, доғал) жəне фигуралардың атауын қолдана алады. Пəндік лексика жəне терминология:

Бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) жəне фигуралардың түрлері (тіктөртбұрыш, шаршы, көпбұрыш).


Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

–Əр топтың фигураларына не ортақ?

–Тақтадағы фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады?



Жазу:

Фигураларды латын алфавитінің əріптерімен белгілеу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бұрыштардың, фигуралардың түрлері.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3


Ынталандыру.

Бүгін біз тағы да денсаулығымызды нығайтып, оның күшті жəне төзімді болуына əсер ететін нəрсе туралы айтамыз.





4–6



Өзектендіру.

Жұптық жұмыс. «Шаршыны жина» ойыны. Тақтада фигураларға бөлінген 3 шаршы бейнеленген. Олар фигураларға бөлінген. Мұғалім оқушылардан шаршы қандай фигуралардың көмегімен жасалғанын айтуларын сұрайды.



(Оқушылар барлық фигураларды атайды.) – Бұлар – үшбұрыштар мен төртбұрыштар.





Құрастырмалы жинақ, тақта.

7–11




Мақсат қою.

Парталарда фигуралардың жинағы жатыр. Ол оқушылардың тақтада көрсеткен жинағына сəйкес келеді.

Мұғалім фигураларды үшбұрыштар мен төртбұрыштарға бөлуді ұсынады. (Партада жұппен орындайды.)

Мұғалім төртбұрыштарға арналған тапсырма ұсынады.



Құрастырмалы жинақ, үлестірмелі материалдар.







–Ойланындар, оларды топтарға бөлуге бола ма?

Мұғалім мынадай екі топқа бөлуді ұсынады: тіктөртбұрыштар жəне тіктөртбұрыштар емес. (2 оқушы тақтада жұмыс жасайды.) –Не байқадыңдар?

Оқушылар тіктөртбұрыштар мен шаршылардың бір топта болатыны туралы қорытынды жасайды.

– Неліктен?

–Өйткені барлық фигуралардың бұрыштары тік.

–Сабақтың тақырыбын тұжырыдандар.

–Біз тіктөртбұрыштар мен шаршылар туралы айтамыз.





12–29



Жаңаны ашу

а) «Дұрыс жəне бұрыс пікірлер» тəсілі. Мұғалім.

–Сендердің парталарыңда мына тақтадағы тəрізді кесте сызылған парақтар жатыр.

1

2

3

4

5

6

























Сұрақтардың нөмірі цифрлармен көрсетілген. Мұғалім «... рас па?» деп аяқталатын сұрақтарды оқиды. Сендер жұптасып талдайсыңдар.

Егер рас болса, екінші қатарға «+» белгісін, ал егер жоқ болса, онда «–» белгісін қоясыңдар.


  1. Тіктөртбұрыштың барлық бұрыштары тік болатыны рас па?

  2. Кез келген тіктөртбұрыш шаршы болатыны рас па? 3. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болатыны рас па?

4.Тіктөртбұрыштың шаршы екені рас па?

5.Шаршының барлық бұрыштары тік екені рас па?

6.Шаршының барлық қабырғалары тең екені рас па?

Оқушыларкестені толтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет