Математика əдістемелік нұсқау


сабақ. Бұрыш жəне фигуралар салу



бет186/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

сабақ. Бұрыш жəне фигуралар салу.

Тақырыбы: Орманда серуендеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.3.2.2.Тік бұрыш сызу.






Сабақтың

Барлық оқушылар:







мақсаттары

•торкөз дəптерге берілген мəндер бойынша жазық фигуралар салуды біледі.

Көптеген оқушылар:

• торкөз бойынша жəне үшбұрышты сызғыштың көмегімен тік бұрыш сызуды, периметрдің берілген мəндері бойынша торкөз дəптерге жазық фигуралар салуды біледі.

Кейбір оқушылар:

• берілген өлшемдер бойынша фигуралар салуды жəне жақтардың ұзындықтары өзгергенде периметр қалай өзгеретінін түсіндіруді біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

•периметр дегеніміз не екенін түсіндіре алады;

•бұрыштардың түрлерін ажырата алады. Пəндік лексика жəне терминология.

Фигуралар, бұрыштар, тік бұрыштар.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

Кесіндіні, тік бұрышты қалай салуға болады? Қандай фигуралартікбұрышты деп аталады?

Жазу:

Фигуралардың құрылысы, фигуралардың атауларын латын əріптерімен жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Фигуралар, бұрыштар, тік бұрыштар , көпбұрыштар, қабырғалар, периметр.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет



Ресурстар

0–3




Ынталандыру.

Бұл сабақта біз орманға серуенге шығамыз. Серуен кезінде жəне туристік саяхат кезінде көбінесе картаға ғана қарап қоймай, сонымен бірге жоспар мен маршрут бағытын құруға да тура келеді.





4–6



Өзектендіру.

Мұғалім оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма ұсынады.

Мұғалімжұптық жұмыс ұйымдастырады. Оқушылар құралдардың көмегімен керекті ұзындықтағы кесіндіні қалай салатынын түсіндіріп, көрсетеді.



.

Сызғыш, қарандаш, тор- көз дəптер.





7–11




Мақсат қою.

Мұғалім жергілікті жердің картасын көрсетеді. –Қандай фигураларды көріп тұрсыңдар?

(Бұрыштар, тік бұрыштар, шаршылар.)

–Біз оларды сала аламыз ба? (Сала алмаймыз.) –Бүгінгі сабақтың мақсаты не? (Бұрыштар салуды үйрену.)



Құрастырмалы жинақ, үлестірмелі материал.

Оқулық.


Дəптер.

12–29



Жаңаны ашу.

Оқулықтағы суретке қарауларын ұсыну.

–Тік бұрыш салу үшін бізге қандай құралдар керек болады?

Бұрыш салудың алгоритмі.


  1. Торкөз дəптердің бетіне нүкте саламыз.

  2. Осы нүктеден басталатын сəулені үшбұрышты сызғыштың көмегімен сызамыз.

  3. Үшбұрышты сызғышты сəуленің бойына тік бұрышты сызғыштың қабырғаларының біріне сəйкес келетіндей етіп қоямыз.

  4. Нүктеден екінші сəуле жүргіземіз.

Тік бұрыш салудың алгоритмі.

  1. Тік бұрыш салу.

  2. Бұрыштың жақтарының бірінде тік бұрыштың ұзындығын өлшеу.

  3. Түзу бұрыштың екінші жағында тік бұрыштың енін өлшеу.

  4. Қарама-қарсы жақтар салу.

  5. Фигураны атау.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту Оқулықтағы 2-тапсырма.

Өздік жұмыс

Дəптердегі 1-тапсырма.



Жетістік критерийі.

Тік бұрыш салудың алгоритімін білемін.

Берілген өлшем бойынша тік бұрыш сала аламын.



Оқулық.

Дəптер. Сызу құралдары.



30–40




Жаңаны қолдану.

Дəптердегі 2-тапсырма орындалады. Осыған ұқсас карточкалармен орындалатын жеке жұмысты ұсынуға болады.



Өткенді қолдану. Өздік жұмыс

Дəптердегі 3-тапсырма ұсынылады.



Үлестірмелі материал.

Дəптер.


41–45



Рефлексия.

— Сабақта қандай жаңалық аштыңдар?

— Нені үйрендіңдер?

— Бұл білімдеріңді өмірде қалай қолдануға болады?

— Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады.







  1. сабақ. Фигуралар тізбегі.

Тақырыбы: Таңертеңгілік жаттығу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Оқыту мақсаттары

2.4.3.2. Берілген заңдылық бойынша тізбекті құру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•фигуралардың немесе сандардың тізбегін берілген үлгі бойынша құра алады.

Көптеген оқушылар:

•берілген заңдылық бойынша тізбекті құру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табуды жəне оны жоюды біледі.

Кейбір оқушылар:

•сандардың, заттардың, фигуралардың жəне т.б.тізбектерін өздігінен құра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

•тізбектің қалай құрылғанын түсіндіруді;

•тізбектерде неліктен заңдылық бұзылатынын анықтауды. Пəндік лексика жəне терминология:

Тізбек, заңдылықтың бұзылуы, фигуралар, сандар, заттар.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

Тізбек қалай құрылған?

Қандай фигураларзаңдылықты бұзады (тізбекті)?

Заңдылық бұзылғанды қалай түзетуге болады?


Жазу:

Санды тізбектерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Фигуралар, санды тізбектер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет



Ресурстар

0–3




Ынталандыру.

Біз адам денсаулығына пайдалы нəрселерді талқылауды жалғастырамыз.





4–6



Өзектендіру.

Тақтаға (жинақ полотносында) дөңгелектер қойылған.



Оқушылардың алдында түрлі түсті шеңберлердің жинағы қойылған.

– Енді қандай шеңберді қою керектігін айта аласыңдар ма? –––Неліктен екенін түсіндіріңдер.

–Тағы да үш шеңбер қойыңдар.

–Оларды қай түстен жəне қандай ретпен орналастырасыңдар?


Қима фигуралар.

Құрастырмалы жинақ, үлестірмелі материал.








7–11




Мақсат қою.

1-тапсырманың суретіне қараңдар. Құйтақандай адамдар жаттығу жасап жатыр.

–Олар белгілі бір ретпен орналасқан ба? Қатарды қандай ретпен жалғастыру керектігін түсіндіре аласыңдар ма?

Оқушылар тізбекті талдайды. Оқушыларға практикалық жұмыс жүргізуді ұсынуға болады. Карточкаларға осындай адамдардың суретін салып жəне карточкалардан тізбек тұрғызу. Мұғалім жұмысты күрделендіруіне болады. Оқушылар ол үшін өзінің тізбегін (немес жұппен) құрастырып жəне оны сыныптастарына шешуді ұсынуға болады.

– Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Оқушылар сабақтың мақсатын тұжырымдайды: фигуралар, сандар, затттар жəне т.б. тізбектер құрастыру жəне шешуге үйрену.



Оқулық. Дəптер

12–29



Жаңаны ашу.

Кестеге қараңдар.



–Оның қалай құрылғанын түсіндіре аласыңдар ма?

–Қандай фигуралар қолданылған?

–Қандай түстер?

Ары қарай оқушыларға құрамында үш шаршы (қызыл, көк, жасыл түсті), үш шеңбер (қызыл, көк, жасыл түсті), үш үшбұрыш (қызыл, көк, жасыл түсті) бар фигуралар жинағы жəне кестенің дайындамасы таратылады.

Ары қарай жұппен «сиқырлы шаршы» құру ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет