Математика əдістемелік нұсқау


- сабақ. 1 санымен амалдар орындау



бет229/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

89- сабақ. 1 санымен амалдар орындау




Тақырыбы:Мақал –халық даналығы.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.2.1.4. Санды 1-ге көбейту жəне бөлу жағдайларын əріпті теңдік түрінде: a×1=a; a:1=a көрсету.

2.5.1.8. Санды өрнектер түрінде барлық арифметикалық амалдарға берілген қарапайым есептерді шешуді; қосу мен азайтуға берілген құрама есептерді санды өрнектер түрінде шығарудың моделін құру.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•1 санымен көбейту жəне бөлу амалдарын орындау.



Көптеген оқушылар:

•санды 1-ге көбейту жəне бөлу жағдайларын əріпті теңдік түрінде көрсету.



Кейбір оқушылар:

• санымен көбейту жəне бөлу амалдарын мысалдармен көрсету.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар: 1 санына көбейту жəне бөлу ережелерін қалыптастыра алады. Пəндік лексика жəне терминология.

Көбейту, бөлу, теңдік.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: 1-ге қалай көбейтетінін түсіндіре аласың ба?

1-ге қалай бөлетінін түсіндіре аласың ба?



Жазу:

1санына көбейту мен бөлуді əріппен жазу.



Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту жəне бөлу амалдарының мағынасы, көбейту мен бөлудің өзара байланысы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3 минуты



Қызығушылықты ояту.

Ағаш тамырымен,

Адам досымен мықты.

Мұғалім оқушылардан мақалды қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардан топта, жұппен қалай жұмыс істеу керектігін сұраңыз.



Топтық, жұптық жұмыс ережелері.



Өзектендіру.

Жұптық жұмыс.





4–6



Оқушылар көбейтуге байланысты өрнектер жазылған, мысалы 6  2 карточкаларын алады.

Көбейту жəне бөлуге мысалдар төрттігін құрастыру керек. Мұғалім көбейту жəне бөлу амалдарының қалай байланысқанын жұпта талқылауды ұсынады. Мұғалім жауаптарда компоненттердің атаулары мен амалдардың нəтижелерінің атауларын қолдануды өтінеді.






7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Оқулықтағы 1-тапсырма топпен орындалады.

Оқушылар зерттеу жүргізеді.





12–29




Жаңаны ашу

Қандай қорытынды жасауға болады?

Оқушылар бақылау негізінде қорытынды жасайды жəне оны оқулықтағы тұжырымдамамен салыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Ары қарай дəптерде 1 санына көбейту мен бөлуге өзара байланысты мысалдар төрттігі құрастырылады.

Ережені қалай толықтыруға болады?

1-ге бөлгенде бөлінген сан шығады (бөлінгіш).

Мұғалім əріпті жазбаны оқып, оның мағынасын

түсіндіруді ұсынады: a · 1 = a ; a : 1 = a



Оқулық.

Дəптер.


Тренажер.

30–40




Жаңаны қолдану.

Құрастырмалы жинақта мынандай түрдегі тапсырмалар бар.

6  1 9  1 12  1

Оқушылар жұппен талдайды жəне мысалдар төрттігін құрастырады.



Бағалау критерийлері

1санына көбейту мен бөлуді орындай аламын.

Өзара байланысты мысалдар төрттігін құрастыра аламын.

Өткенді қолданумен өздік жұмыс Оқулықтағы 2–5- тапсырмалар беріледі.

Дəптердегі 2–4-тапсырмалар ұсынылады.



Құрастырмалы жинақ.

41–45



Рефлексия.

Оқушылардың жетістіктерін бағалаңыз:



  • 1 санымен көбейту жəне бөлу амалдарын орындау.

  • санды 1-ге көбейту жəне бөлу жағдайларын əріпті теңдік түрінде көрсету.

  • 1 санымен көбейту жəне бөлу амалдарын мысалдармен көрсету.

Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады.

Жетістіктер жолағы

  1. сабақ. Бекіту



Тақырыбы: Қазақстан халықтарының ұлттық киімі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.2.2.1.х< жəне х> түріндегі теңсіздіктерге сəйкес келетін сандарды анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: х < жəне х > түріндегі теңсіздіктерді жазу, оқу.







Көптеген оқушылар:

х< жəне х> түріндегі теңсіздіктерді қалай құрастыратынын түсіндіру.

Кейбір оқушылар:

•теңсіздіктер құрастырудың түрлі нұсқаларын ұсыну, өз таңдауын негіздеуде санды сəуле мен кесіндіні қолдану.



Тілдік мақсаттар



Оқушылар:

•теңдік жəне теңсіздік қалай құрастырылғанын түсіндіре алады. Пəндік лексика жəне терминология: теңдік, теңсіздік.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: Қандай сандар берілген саннан үлкен?

Олар санды сəуледе қалай орналасады ? Түрлі шешімдерді атай аласың ба?

Жазу:

х< жəне х> түріндегі теңсіздіктер.

Тірек білім, білік, дағдылар

Натурал сандар, теңдіктер, теңсіздіктер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3 минут

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім Қазақстан жерінде ежелден қандай халықтар тұратыны, оқушылар түрлі халықтардың ұлттық киімдері туралы не білетіні туралы əңгіме жүргізеді.

Карточкалардағы киімдердің түрлі бөліктерінің суреттерін ұсынуға жəне оларды топтастыруға (түсіне, формасына, материалына, т.б. қарай) мүмкіндік беруге болады.


Əртүрлі ұлттық киімдердің суреттері.

4–6


Өзектендіру.

Оқулықтағы 1-тапсырмаға қарауды ұсынады.





7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдаят) –Бұл жазбалар қалай аталады?

–Бүгінгі сабақта біз х < жəне х > түріндегі теңсіздіктер құрастырамыз.





12–29




Жаңаны ашу

1- тапсырма оқушылардың теңсіздіктер құрастыруына арналған.

Құрастырмалы жинақты қолданыңдар. Оқушылар теңсіздіктер құрастырып, жазады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

3-тапсырма жұппен орындалады. Оқушылар өз сандықтарын таңдайды жəне өз таңдауларын түсіндіреді.



Өздік жұмыс

Дəптердегі 1- тапсырма. Бұл тапсырма алдыңғы тапсырмаларға ұқсайды, алайда ол меңгеру деңгейін анықтауға берілген. Оны орындаудың ерекшелігі – оқушылар сандарды өздері таңдап алады. Аяқтаған соң оқушылар өз жұмыстарын бағалау критерийлерімен салыстырады: х< жəне х> түріндегі теңсіздіктердің мағынасын түсінемін.



х< жəне х > түріндегі теңсіздіктерге сəйкес сандар таңдай аламын.

Тапсырманы табысты орындағандар өткенді



Оқулық.

Дəптер.


Құрастырмалы жинақ.




қолданумен келесі тапсырманы орындауға көшеді.

Тапсырманы орындай алмаған оқушылар,өз сандықтарына басқа заттарды таңдап , соңынан тексереді.






30–40




Өткенді қолдану.

Оқулықтағы 3- тапсырманы топтық жұмысқа ұсынуға болады. Мұғалім командалық спорттық ойындарда əр ойыншы өз міндеттерін орындайтыны туралы əңгіме жүргізеді. Жəне өз шағын топтарында міндеттерді бөліп алуды ұсынады. Алдымен карточкаларды топтастыру керек. Содан соң бір оқушылар санды өрнектердің мəнін тапса, басқа оқушылар – əріпті өрнектермен жұмыс істейді. Содан кейін өзара тексеру ұйымдастырылады.



Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы №4 тапсырманың орындалу нəтижесі бойынша мұғалім өткен матеиралды меңгеру деңгейін бағдарлайды. Оқушылар өрнектер құрастырады. Сəйкес əріптерді таңдайды жəне əріпті өрнектердің мəндерін табады. Дəптердегі 4-логикалық тапсырманы орындауда мұғалім оқушылардың назарын есеп шығарудағы кестенің қандай рөл атқаратынына аударады. Оқушылар есептерді өздері шығарып, үлгі бойынша тексереді.



Оқулық.

41–45



Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін оқушыларға өз біліктерін мақсатпен сəйкестендіру ұсынылады: Кім сабақты өзі орындай алатынын түсінді:



  • теңсіздіктерді оқу, жазу;

  • теңсіздіктер құрастыру;

  • теңсіздіктерді қалай құрастыратынын түсіндіру. Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады.

Дəптер.

Жетістік сызғышы







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет