Математика əдістемелік нұсқау



бет273/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

110-сабақ. Өткенді бекіту.

Тақырып: Қазақстан қорықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.2.1.5 жақшалы жəне жақшасыз əріпті, санды өрнектерді (екі амалдан артық қосу мен азайту/ 5 көлемінде көбейту жəне бөлу) салыстыру

2.2.1.6 екі-үш амалды жақшалы жəне жақшасыз өрнектердің мəнін табу



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындаудың реті жөніндегі тəртіпті білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындаудың реті жөніндегі тəртіпті қолдану, жақшалы жəне жақшасыз əріпті жəне санды өрнектерді салыстыру

Кейбір оқушылар үшін:

Өрнектердегі амалдарды орындау ретімен байланысты логикалық тапсырмаларды орындау.




Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектерді дауыстап оқу.



Пəндік лексика жəне терминология: Амалдар реті, жақшалар, өрнек

Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:

Амалдарды орындау ретін түсіндір.

Өрнектердегі амалдардың ретін өзгерткен кезде, нəтиже өзгере ме.



Жазу:

Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектерді жазу.

Алдыңғы білімдер

Өрнек, қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-3

Қызығушылықты ояту.

Бүгін біз тек математикалық білімімізді толықтырып қана қоймаймыз, сондай-ақ біздің еліміздің қорықтары жөнінде де көп жаңа дүниемен танысатын боламыз.





4-6



Өзектендіру.

2-5 сандарының көбейту жəне бөлу кестелеріне, өрнектердегі амалдардың орындалу ретіне қатысты математикалық диктант.

Мысалы:

36 жəне 4 сандарының бөліндісіне 12-ні қосу;

27-ден 21 жəне 7 сандарының бөліндісін азайту; 5 санын 18 жəне 9 сандарының айырмасына көбейту.




7-11




Мақсат қою.

  • Бүгінгі сабақ неге арналатын болады? (Өткен тақырыптарды бекітуге.)

  • Біз өз білімімізді қалай бекітеміз? (Өздік жұмыстарды орындаймыз, қателіктер жібергенімізді немесе жібермегенімізді қараймыз; егер жіберсек, онда олармен жұмыс жасаймыз.)

  • Өткен сабақтарда қандай жаңа дүниелермен таныстыңыздар? (Өрнектердегі амалдарды орындау ретімен таныстық.)

–Сіздер алдарыңызға қандай мақсат қоясыздар? (2-5 сандарының көбейту кестесіне қатысты білімді жəне өрнектердегі амалдарды орындау реті жөніндегі ережені қолдана білуді тексеруді.)

Қазақстанның картасын қарастырыңыздар. Онда



Оқулық, дəптер







біздің еліміздің ең ірі қорықтары бейнеленген. Олардың бірі «Барсакелмес» деген жұмбақ атауға ие, оның мағынасы «барсаң, қайтып келмейсің» дегенді білдіреді. «Барсакелмес» қорығы — ғаламдық масштабтағы экологиялық апат аймағында орналасқан (Арал теңізінің деңгейінің төмендеуі), айрықша төтенше экологиялық жағдайлары бар, Қазақстан мен ТМД-дағы жалғыз қорық.

«Қорғалжын» табиғи-мемлекеттік қорығы Сарыарқа объектісі құрамында (Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері) ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мұрасының тізіміне кіреді. «Қорғалжын» қорығы 1968 жылы қоқиқаз бен бұйра бірқазанның сүйікті мекеніне айналған бірегей сулы-батпақты алқапты сақтау жəне зерттеу мақсаттарында құрылған.

«Алакөл» мемлекеттік қорығыҚазақстанның үш негізгі сулы-батпақты алқаптарының бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет