МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫН ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ (СЕМИНАР) Қарастыратын сұрақтар: Геометрия түрлері;
А. Планиметрия
В. Стереометрия
2. 12 жылдық оқыту жүйесіндегі геометрия курсы.
Зерттеу объектісі: орта мектепте геометрияны оқыту процесі.
Зерттеудің мақсаты - орта мектепте геометрияны оқытуда оқушылардың конструктивтік қабілеттіліктерін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеп, оны жүзеге асырудың әдістемесін жасау. Зерттеудің міндеттері: -орта мектепте геометрияны оқытуда оқушылардың конструктивтік қабілеттілігін салу есептері негізінде қалыптастыруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу; -салу есептерін іріктеудің ерекшеліктері мен оларға қолданатын әдістемелік талаптарын анықтау, есептердің деңгейлерін анықтау; -геометрияны оқыту барысында оқушылардың конструктивтік қабілеттілігін дамыту әдістемесін жасау және олардың тиімділігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру. Зерттеудің болжамы: егер мектеп геометрия курсына геометрия курсын түгел қамтитын мазмұнды-әдістемелік бағыттардың бірі ретінде конструктивтік есептер жүйесін негіздеп кірістірсе, онда бұл көрнекілік-практикалық және логикалық-дедуктивті тәсілдердің өзара байланыстары негізінде оқушылардың конструктивтік қабілеттілігін дамытудың мақсатты бағытталған процесін қамтамасыз етеді, геометрия курсын меңгеруде жоғары дәрежеге жетуге жағдайлар жасайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: - конструктивтік геометрияны оқыту бойынша ұсынылатын әдістеме жасалды;
- 5-6 сыныптарға конструктивтік геометрияның алдын-ала оқытылатын есептер топтамасы жасалды;
- 7-9 сынып оқушыларының конструктивтік қабілеттілігін дамытуға бағытталған геометриялық салу есептерінің жүйесі құрылды;
- факультативті сабақтарға конструктивтік есептер жүйесі қарастырылды.
Феликс Клейн 1872 жылы Эрланген программасында геометрия түрлерін алғашқы рет зерттеу нысандарына байланысты зерттеген. Осыған байланысты геометрияның келесі түрлері айқындалады:
Қазіргі заманның геометриясына тағы бөлімшелер қосылды:.
Көпөлшемді кеңістік геометриясы.
Евклидтық емес геометрия.
Сфералық геометрия.
Лобачевский геометриясы.
Риман геометриясы.
Аралуандық геометриясы.
Топология
Пайдаланған әдістеріне байланысты:
Аналитикалық геометрия
Алгебралық геометрия
Геометрия негіздемелері курсының мақсаты – элементар геометрия саласында оқытушы дайындау. Жалпы геометрия пәнін мектеп курсында планиметрия және стереометрия деп екіге бөліп қарастырамыз. Енді соларға тоқтала кетсек: