Материалдары



Pdf көрінісі
бет186/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10
1-курс ГЕОГРАФИЯ оқу, 1-курс ГЕОГРАФИЯ оқу, Документ Microsoft Word (2), Презентация Microsoft PowerPoint, Ресей ХХ
 
 
 


228 
ЛИНГВОТАНЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҼНЕ ЛИНГВО – МҼДЕНИЕТТАНЫМ 
 
Қуанова Манзура Айдарқызы 
Қазақ тілі мен ҽдебиеті, 2 курс магистранты 
Баишев университеті, 
Ақтөбе, Қазақстан 
8(707) 362 68 49, manzura.kuanova@bk.ru
.
Танымдық лингвистика тілді адамзат санасының органикалық жҽне ажыратылмайтын, сонымен қатар 
таныммен, ойлаумен бір қатарда тҧратын бҿлігі ретінде қарастырады. Тілді танымдық тҧрғыдан қарастыру 
негізінде тіл тҥсінуге тырысатын тҧтас қҧбылыстың бір бҿлігі екендігі жҽне оны тҥсіну ҥшін дҥние туралы 
білім қажет екендігі тҥсінікті болды. Ҽрбір тіл тек қана ҿзіне тҽн танымдық қҧрылымдар мен танымдық 
перспективаларды тасымалдаушы болып табылады. Семантикалық сҽйкессіздік негізінде білім кҿрсететін 
қҧрылымдағы танымдық ерекшеліктер жатады. Танымдық лингвистиканың ең ҿзекті мҽселелерінің бірі адам 
санасында ҽлемнің тілдік бейнесін адамның ҽлем туралы тҥсінігінде бейнелеп кҿрсету. Ҽлемнің тілдік бейнесі 
адамның ҽлем туралы тҥсінігі негізінде жасалады. Тіл объективтік ҽлемнің субъективтік бейнесінің моделін 
қҧрайды [1]. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының интеллектуалды ҿмірінде 
қҧндылықтар қаншалықты рҿл атқаратынын белгілеп береді. Тіл біліміндегі жаңа бағыттар танымдық 
ҧстанымдармен тығыз байланысты. Соңғы ізденістердің кҿпшілігі тілдік деректердің танымдық қазынасын
мағыналық қоймасын зерделеу негізінде жалпы тілтанымдық ҥрдістің ішкі жҽне сыртқы мҥмкіндіктерін 
дҽйектеп, тҥсіндіруге жағдай жасады. Танымдық ізденістер – когнитивтік ізденістер [2]. «Бҥгінгі танымдық 
қағидалар тарихи мҽселелерді шешуде де, салыстырмалы-салғастырмалы талдауда да, тілдік универсалий 
негіздерін сҧрыптау кезінде де, тілдегі уҽж себептерін айқындау барысында да. басшылыққа алынып, жаңа 
танымдық теориялардың қалыптасуына ықпал етері сҿзсіз» [3,45]. Ҽрбір тіл ҽлемді ҿзінше бҿледі, ҿзінің 
консептуалдық тҽсілі бар, соған орай ҽрбір тілдің ҿзінің ерекше ҽлем бейнесі бар жҽне адам ҿз ойын осы 
бейнеге сай білдіруі керек. 
Сонымен 
танымдық 
лингвистика адам ҽлемді қалай танып біледі деген сҧраққа жауап іздейді, ал лингвамҽдениеттану адам ҽлемді 
қалай кҿріп, таниды деген сҧраққа жауап беруге тырысады жҽне тілде бейнеленген, бекіген халық мҽдениетінің 
кҿріністерін зерттейді [3]. 
Лингвомҽдениеттану тіл мен мҽдениеттің ҿзара қатынасының тілдегі 
кҿрінісін зерттейді. В.Телияның ойынша, лингвистикалық мҽдениеттану тіл мен мҽдениеттің синхрондық 
тҥрдегі қарым-қатынасын зерттеуге арналған. Ол сҧрыпталған жҽне ҧйымдастырылған нақты бір мҽдени 
байлықтарды, сҿздің тууының тірі коммуникативтік ҥрдістері мен қабылдауын қарастырып, ҿзіндік тілдік 
тҽжірибе жҽне ҧлттық менталитет бейнесін, сонымен қоса дҥниенің тілдік бейнесінің жҥйелік сипаттауын 
береді. Білімнің жаңа бір ҿз алдына жеке саласы ретінде лингвомҽдениеттаным ерекше міндеттерді шешіп, 
бірқатар мҽселелерге жауап беруі тиіс, бҧл мҽселелерді В.А. Маслова келесі тҥрде атап кҿрсетеді:
1) мҽдениет тілдік концептілердің жасалуына қалай қатысады; 
2) тілдік таңба мағынасының қай бҿліміне "мҽдени мағыналар" ҧғымы бекітшіп кҿрсетіледі;
3) осы мғыналар сҿйлеушілер мен тыңдаушылар тарапынан таңбалана ма жҽне олар тілдік стратегияға қалай 
ҽсер етеді; 
4) шындығында тіл тасымалдаушының мҽдени—тілдік хабардарлығы, компетенциясы бар ма, соның негізінде 
мҽдени мағыналар мҽтіндерде орын алып, тіл тасымалдаушылар тарапынан таныла ма; 
5) бір мҽдениеттің универсалияларды мҽдениетті кҿрсетуге бағытталған мҽдениет дискурстары, концептілік 
саласы (осы мҽдениеттің негізгі концептілерінің жиынтығы) қандай, осы тілдік таңбалардың мҽдени 
семантикасы ҽр тҥрлі екі сала болып табылатын тіл мен мҽдениеттің ҿзара ҽрекеті негізінде қалай қалыптасады;
6) осы ғылымның негізгі ҧғымдарын қалай жҥйелеуге, яғни ҧғымдық аппаратты қалай қҧруға болады [4]. 
Тілді зерттеудің осы тҽрізді тҽсілдерінің негіздері Э. Бенвенистің, Л. Вайсгербердің, В. Гумбольдттің, А. 
Потебняның жҽне басқа ғалымдардың еңбектерінде кҿрінеді. В. Гумбольдттің тіл бірліктері, ойлау жҽне 
мҽдениет феномендерінің бірлігі туралы айтқан ойлары лингвистиканың жҽне мҽдениет туралы ғылымның 
қосылуының негізі болды. Ҽртҥрлі тіл бірліктерін зерттеуде лингвомҽдени тҽсілді қолдану арқылы тілдің 
сыртқы қҧрылымын оның тереңдегі болмысын жҽне олардың мҽдени кҿрінісін анықтауға болады. 
Лингвистикалық зерттеулерде кҿп уақыт бойы сипаттау теориялары мен тҧжырымдамалары (концепциялары) 


229 
басым болды. Соңғы жылдары тҥсіндірмелі лингвистика теориясы дами бастады. Ол тіл білімінде лингва-
елтану, этнолингвистика, танымдық лингвистика мен лингвистикалық мҽдениеттану сияқты жаңа бағыттардың 
дамуына тҥрткі болды, бҧл бағыттарда тіл дамуының негізгі факторы ретінде адам қарастырылады. Қазіргі 
кезде тіл тек қана қатынас жҽне таным қҧралы ретінде емес, сол сияқты ҧлттың рухани мҽдениеті ретінде де 
бірнеше бағыттарда қарқынды тҥрде зерттелуде [5]. Лингвомҽдениеттану этномҽдени жҽне этнопсихологиялық 
факторлар мен тілдегі ҧлттық мҽдени мағына компоненттерімен қоса, тіл арқылы мҽдениеттану бағытында 
жазылған еңбектерді зерделей отырып, ҽрі қарай тілдің дҽл қазіргі қолданыс қызметінде кҿрінетін ҧлт 
менталитетін (национальная личность) ешбір идеологиясыз заманға сай болған келбетін таныту. Бҧл ретте тіл – 
ҧлт (национальная личность) – мҽдениет дейтін ҥштік (триада) лингвомҽдениеттану пҽнінің зерттеу 
материалдары болмақ [6].Қалай дегенмен де, тіл арқылы мҽдениеттанудың ғылыми ҥлгілері: 
этнолингвистиканың, елтанудың, лингвомҽдениеттанудың пҽн ретіндегі жалпы жҽне ҧқсас мақсаттары мен 
міндеттері – ҧлт тілі арқылы ҧлтты тану, ойлау жҥйесінің ерекшеліктерін айқындау, бір сҿзбен айтқанда ҧлттық 
менталитетті айқындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет