Дайын мәтiн бойынша мазмұндама. Дайын мәтiн бойынша мазмұндаманың өзiн бiрнеше түрге бөлуге болады:
Мәтiнге жуық немесе толық мазмұндау.
Мәтiннiң мазмұнын сақтай отырып, бiрақ баяндалу формасын өзгертiп баяндау.
Қысқарта баяндау.
Толықтырып мазмұндау.
Мәтiнге жуық немесе толық мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрiнде мәтiннiң мазмұны бүтiндей қайталанбағанмен, түгелге жуық меңгерiледi. Мәтiндегi сөз тiркесi, сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы мүмкiн, алайда кейбiр жаңа сөздердiң, сөйлемдердiң, көркемдегiш құралдардың оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкiн. Бұл дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па? Мұны әр түрлi түсiнуге болады. Бiрiнде оқушы мәтiн мазмұнын терең меңгерiп, ондағы кейбiр сюжеттiң, көрiнiстiң, өзiне ұнаған сөз үйiрiмiнiң бастапқы қалпын сақтағысы келсе, кейбiр оқушы мәiн мазмұнын өз сөзiмен беруге сөз қолданыс, сөйлем құрау дағдыларының қалыптаспауынан шығарма авторын сөзбе-сөз қайталауға келiп соғады. Бiрiншi жағдайда сол жазған мазмұндамасындағы жаңадан игерген сөз қолданыстары оқушының актив лексикасына айналса құба-құп. Ал, өткiншi, тек баға алу үшiн бiр-ақ рет пайдаланып, кейiннен жадынан шығарса, онда алға қойған мақсаттың орындалмағаны.
Мазмұндама жазғанда көркем мәтiндi қаз қалпында қайталауға жол бермеу үшiн белгiлi әдiскер-ғалым С.Тiлешева мұғалiмдердiң мына мәселелердi мазмұны тартымды, оқиға қызғылықты, көркемдiк қуаты жағынан жоғары талапқа сай болуы, мазмұндама жазар алдында мәтiндi оқу, әңгiменi негiзгi бөлiмдерге бөлiп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тiлiн талдау, т.б. жұмыстарды орындатқан жағдайда оқушылар мәтiндегi барды қайталау болмай, нағыз шығармашылық жұмысқа айналатынын айтады.
Жазу техникасы: мазмұндама жазылатын мәтiн ең алдымен сыныпта мәнерлеп оқылады. Қандай да болмасын әсерлi шығарма ұсынылған, ол нақышына келтiрiп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, қызығушылық сезiмiн тудыра алмас едi. Өйткенi мазмұндама мәтiндерiн оқушыларға оқып беруде мұғалiмнiң дауыс сазының әсерлi болуының маңызы зор. Сондықтан мазмұндама мәтiнiн оқығанда мұғалiм дауыс ырғағын бiрқалыпты сақтап, өзiнiң дикциясына қатты көңiл бөлгенi жөн. Мәнерлеп оқуда екi түрлi талап қойылады. Олар – физикалық және психикалық. Бiрiншiден, оқыған кезде дұрыс тұру, демдi еркiн және терең алу, дауысты бiрқалыпты сақтау болса, ал екiншiсiне оқудың ритмiн сақтау, сөздi анық айту, бiрқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгiлерiне сәйкестендiру, т.б. жатады.
Мiне, сондықтан мазмұндама мәтiнiн мұғалiмнiң өзi оқып бергенi жөн. Одан кейiн мазмұны айтылып, мәтiндегi мағынасы түсiнiксiз сөздер мен сөз тiркестерi (фразеологизмдер) түсiндiрiледi. Мазмұндау жоспары түзiледi. Алғашқы кезде мұғалiмнiң көмегiмен, кейiннен оқушылар өз беттерiнше жоспар құрады. Жоспар жазылмақшы мәтiннiң мазмұнына байланысты жай және күрделi болып келедi. Мәтiнге жоспар құру, оның мазмұнын жоспарлап жазу дегенiмiз – мәтiн мазмұнын бөлiм-бөлiмге бөлiп беру деген сөз. Мәтiндi жоспарлау – оқылған шығарманың мазмұнын жүйелеп беру, ондағы оқиғаның, iс-әрекеттiң орындарын алмастырып алмау үшiн қажет. Жоспарлау мәтiндегi әңгiме болып отырған негiзгi мәселенi тани бiлуге баулиды. Мәтiнге жоспар жасау, әдетте, жай жоспар күрделi жоспар жолымен жүзеге асырылады.
Мәтiннiң мазмұнын сақтай отырып, баяндау формасын өзгертiп мазмұндау. Мұнда бiрiншi жақта баяндалған мәтiндi үшiншi жақта, өткен шақта құрылған мәтiндi келер шақ формасында өзгерте мазмұндау.
Дайын әңгiме бойынша жазылатын мазмұндаманың келесi түрi – ықшамдап мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрiнде берiлген мәтiннiң айтылайын деген негiзгi ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып, ең негiзгi, түпкi ойды жазады.
Қысқарта, ықшамдап мазмұндаудың да өзiндiк маңызы бар, өйткенi әңгiмедегi iс-әрекеттердiң негiзгi және қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады. Мәтiндi ықшамдау барысында әңгiмедегi қосымша детальдардан түйiндi ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып, қажеттi материалды жинақтауға, көп ойды аз сөзбен беруге, пiкiрiн қысқаша баяндауға дағдыланады. Ұсынылып отырған мазмұндаманың бұл түрiн оқушыларды сөздi талғап, таңдап қолдануға, сөйлемдi жинақы құруға, аз сөзбен көп мағына беруге, тiлiн ширатуға септiгiн тигiзедi.
Дайын мәтiн бойынша жазылатын мазмұндаманың келесi бiр түрi – толықтырып мазмұндау. Бұл жоғарыда айтылған ықшамдап мазмұндауға керiсiнше берiлген әңгiме мазмұнын толықтырып, кеңейтетiн, ұсынылған ойға тың пiкiрлер, жаңа сюжеттер тапқызу мақсатында жүргiзiледi. Мұнда оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту мақсат етiледi.
Жұмыстың бұл түрiнде бiр әңгiменiң қысқаша мазмұны берiледi. Негiзгi ой ұсынылады. Оқушы өз жанынан берiлген ойды күшейтетiндей детальдар қосып, мәтiндi толықтырады. Жаңа сюжеттер қосып, баяндалған iс-әрекеттi дәлелдей түседi. Мұндай жұмыстар оқушылардың таным процестерiн дамытып, тiлiн ширатады.
Мазмұндаманың бұл түрiн жаздыру мұғалiмге үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Тыңғылықты дайындалуын қажет етедi. Ұстаздардың үнемi есiнде болатын мәселе: оқушыларға ұсынылатын мәтiндер мазмұны олардың күнбе-күн араласып, көрiп-бiлiп жүрген, етене таныс зат, құбылыс оқиға және iс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар сонда ғана жұмыс барысында онша қиналмай, тез төселiп кетедi.
2) Сурет бойынша мазмұндама жаздыру. Жұмыстың бұл түрiн жүргiзуде дайын әңгiме бойынша жүргiзiлетiн мазмұндамаға ұқсас жүргiзiледi. Олай дейтiнiмiз мұнда да әңгiме мәтiнiн мұғалiм алдын-ала әзiрлейдi. Бұл жұмыстардың бiр-бiрiнен айырмашылығы сөз болып отырған мазмұндамада даяр мәтiнге қосымша сол оқиға желiсiн ашатын сурет болады. Жұмыс барысында қылқалам туындысын пайдалана отырып мазмұндама жазу оқушылардың сурет мазмұнын түсiнуге, шығармада бейнеленген зат не құбылыстарды бейнелi де көркем сөзбен өрнектеудi үйретедi. Баланың эстетикалық талғамын байытып, шығармашылық қиялына қанат бiтiредi.
Суреттi пайдалана отырып жазылатын мазмұндаманың мынандай түрлерi бар:
а) белгiлi оқиғаға арналған бiр сурет бойынша мазмұндама;
б) бiр оқиға мазмұнын ашатын сюжеттi суреттер арқылы жаздырылатын мазмұндама.
Сурет және сюжеттi суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндамаларды түрлендiрiп өтуге мүмкiндiк мол. Атап айтқанда, сюжеттi сурет бойынша өткiзiлетiн мазмұндама мәтiнiндегi қайырымдар мен сөйлемдердiң орындарын ауыстырып берiп, оны суреттiң сюжетiне байланысты түзеттiрiп немесе орны ауыстырылған суреттердi мәтiн мазмұны бойынша жүйеге түсiрiп, түрлерi оқушының ойлауы мен қиялын дамытып, шығармашылық қабiлетiн арттырады.
а) Сурет бойынша мазмұндаманы мына жүйеде жүргiзуге болады:
Алдын-ала дайындалған қыс келбетi бейнеленген суреттi iлiп, сұрақ-жауап тәсiлi бойынша дайындық жұмысы жүргiзiледi.
1. Суретте жылдың қай мезгiлi бейнеленген? Оны немен дәлелдейсiңдер? 2. Су-реттiң алдыңғы жағында кiмдер көрiнедi? Олар не iстеп жүр? 3. Балалардың көңiл-күйлерi қандай? 4. Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар? 5. Суретке қандай ат қоямыз? 6. Қандай ой қорытындысын жасаймыз?
Суреттiң мазмұны жоғарыдағы жоспар бойынша талқыланып, сұрақтарға дұрыс берiлген жауаптар iрiктеледi.
Мұғалiм осы сурет бойынша дайындап келген мәтiндi мәнерлеп оқып шығады.
Мұғалiм мзмұндама мәтiнiн оқып болғаннан соң, әрбiр қайырым суретпен салыстырылады. Балаларға мағынасы түсiнiксiз деген сөздер мен сөз тiркестерi синоним сөздер арқылы түсiндiрiледi. Кейбiр сөздердiң орфографиясын есте сақтау қажеттiлiгi ескерiлiп, тақтаға жазылады.
Ұжым болып мазмұндаманың жоспары түзiледi.
Жоспардың үлгiсi:
1. Таңертеңгi табиғат көрiнiсi.
2. Өзен жағасында.
3. Балалардың қыс қызығы.
4. Балалар соққан аққала.
5. Қорытынды.
Мәтiн мазмұнын құрылған жоспар мен суреттi салыстыра отырып бiрнеше оқушы айтып шығады. Мұғалiм қорытынды жасайды. Балалар мазмұндама жазуға кiрiседi.
2. Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндама жаздыру. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшiн алдын-ала мәтiн дайындайды. Сол әңгiме мазмұнына сай бiрнеше суреттер әзiрлейдi. Нәтижеде мәтiндi негiзгi бөлiктерге бөлуге, баяндалған оқиғаның құрамды бөлшектерiн тануға, ең бастысы – ондағы идеяны тап басуға дағдыланады. Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндаманың тағы бiр ерекшелiгi, бiрiншiден, сөзден сурет, екiншiден, суреттен сөз тудыру қабiлетi қалыптасады. Яғни, шәкiрттердегi ойлаудың абстракт-логикалық түрiнiң дамуына игi ықпал етедi.
3) Аяқталмаған мәтiн бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат – оқушыларды өз бетiнше сюжет ойлап, әңгiменi әрi қарай жалғастыра отырып, сәттi шешiм тауып аяқтауға дағдыландыру.
Бұл шығармашылық жұмыс түрiнде мазмұндама мен шығарманың элементтерi кездеседi. Бұрын ылғи дайын мәтiнмен жұмыс iстеп қалыптасқан оқушы алғаш рет өз ойынан әңгiме құрап, өзiндiк ой қорытындысын жасайды. Мұғалiмнiң негiзгi мақсаты – баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзiндiк “менiнiң” қабiлетiне қанат бiтiру, қайнар бұлағын ашу. Бала бойындағы “туа бiткен тiлдiк қабiлетiн” ояту. Мұғалiм бұл жұмысты “жеңiлден ауырға қарай жүргiзу” принципi негiзiнде iстейдi.
Алғаш рет оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған әңгiменiң оқиға желiсi, сюжетi суреттер арқылы бағыт-бағдар беру негiзiнде жүргiзiледi. Демек, оқушылар аяқталмаған мәтiндi сюжеттi суреттерге және ұжым болып құрылған жоспар негiзiнде жазып шығады. Атап айтқанда:
а) келесi кезеңде аяқталмаған мәтiн, жартылай түзiлген жоспар, әңгiме соңына бағыт-бағдар беретiн сюжеттi суреттер негiзiнде мазмұндама жаздыру;
ә) аяқталмаған мәтiн мен әңгiменiң, сәттi тұжырымдауға сiлтеме жасайтын жоспар негiзiнде мазмұндама жаздыру;
б) соңына дейiн түзiлмеген жоспар мен аяқталмаған мәтiн арқылы мазмұндама жаздыру.
Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
Мектеп бiтiрушiлердiң сауаттылығын, бiлiмiн бағалау үшiн жүргiзiлетiн бақылау диктанттарындағы сөз саны белгiленген нормаға сәйкес болуы қажет.
Бақылау диктантының белгiленген нормасы төмендегiдей:
5-сынып – 90-100 сөз; 6-сынып – 100-110 сөз; 7-сынып – 110-120 сөз; 8-сынып – 120-150 сөз; 9-сынып – 150-170 сөз; 10-сынып – 170-190 сөз; 11-сынып – 190-200 сөз.
Диктант мәтiнiне байланысты мұғалiмдердiң ескеретiндерi:
Қажет болған жағдайда мәтiн мазмұны жөнiнде қысқаша мәлiмет беру.
Сөйлемдердiң құрылысы мен тыныс белгiлерiн, оқылу интонациясын ескеру.
Жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердiң қандай түрлерiнiң барын анықтау, ондағы екпiн, тыныс белгiлерiне көңiл бөлу.
Сызықша, тырнақша тәрiздi тыныс белгiлердi қолдану жүйесi.
Егер диктанттың мәтiнiнде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсiндiрiлмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады.
Мұғалiм мәтiндi әуелi мәнерлеп оқып шығады, содан кейiн жеке сөйлемдердi оқып жаздыра бастайды. Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтiнi толық қайта оқылады. Бұл ретте мәтiн баяу оқылады. Соңында мұғалiмнiң рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады. Диктант мәтiнiн таза қағазға көшiруге рқұсат етiлмейдi.
Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгiлiк қателерi жеке-жеке есептеледi де жалпы бiр баға қойылады.
Диктантты бағалау төмендегi өлшемдерге негiзделедi:
“5” деген баға еш қатесi жоқ немесе орфографиялық жеңiл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгiсiнен жеңiл 1 қатесi бар (0/1) диктанттарға қойылады.
“4” деген баға емледен 3, тыныс белгiсiнен 3 қатесi бар (3/3), немесе емледен 2, тыныс белгiсiнен 4 қатесi бар (2/4) немесе емледен 1, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (1/5) диктанттарға қойылады.
“3” деген баға емледен 6, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгiсiнен 6 қатесi бар (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгiсiнен 8 қатесi бар (3/8) диктанттарға қойылады.
“2” деген баға емледен 9, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (9/5), немесе емледен 8, тыныс белгiсiнен 9 қатесi бар (8/9) диктанттарға қойылады.
“1” деген баға қате саны “2” деге бағаға көрсетiлген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.
Мазмұндама – оқушының өз ана тiлi мен әдебиетiнен алған бiлiмiн тексерудiң негiзгi нысандарының бiрi. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелi баяндай бiлу қабiлетi мен тiл байлығы, сауаттылық деңгейi айқын көрiнедi.
Мазмұндама мәтiнiнiң көлемi төмендегiдей болады:
5-сынып – 100-150 сөз; 6-сынып – 150-200 сөз; 7-сынып – 200-250 сөз; 8-сынып – 250-300 сөз; 9-сынып – 300-350 сөз; 10-сынып – 350-400 сөз; 11-сынып – 400-450 сөз.
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтiн мазмұны мен негiзгi ойға сәйкестiгi, тақырыпың толық ашылуы, бяндау жүйесi ескерiлiп, сөздiк қорының деңгейiне, сөйлем құрылысына, мәтiннiң стильдiк бiртектiлiгiне, тiл шеберлiгiне назар аударылады.
Мазмұндама мен шығармаға екi баға: бiрiншiсi жұмыстың мазмұны мен көркемдiк сапасы, тiл шұрайлылығы үшiн, ал екiншiсi грамматикалық сауаттылығы үшiн қойылады.
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетiнен алған бiлiмiн өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркiн ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегi. Оқушыдан көркем шығарманы өзiндiк ой-пiкiрi, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлi, көркем тiлмен жүйелi баяндауы талап етiледi.
Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкiндiгiне қарай, мiндеттi емес), кiрiспе, негiзгi бөлiм, қорытынды, сонымен бiрге материалды баяндау әдiсi мен оның реттi жүйесi сияқты мәселелерден тұрады.
Шығарма жазуға қойылатын негiзгi талаптар:
Тақырыпты оқушының өз ойы және сөзi арқылы (оқулықтан көшiрмей) толық аша бiлуi.
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсiз дәлелдемелер мен көпсөздiлiкке жол бермеу.
Шығармада сөз болған жайды оқушының өзi ғана емес, басқаларға да түсiнiктi болатындай орамды тiлмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы.
Шығарманың барлық бөлiмдерiнiң бiр-бiрiмен тақырып, негiзгi ой арқылы шебер байланысуы.
Шығарманың кiрiспе мен қорытынды бөлiмдерi қоса алғанда тұтас жұмыстың 1/4 бөлiгiндей болуы қажет.
Мiндеттi түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-ретiмен жүйелi баяндауы қажет. Жоспар болмауы себептi шығарманың бағасы кемiтiлуi мүмкiн.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиiстi қорытынды жасау.
Оқушының өз шығармасында әр түрлi көркем шығарма кейiпкерлерiн салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз келтiруi, ауыз әдебиетi үлгiлерiнен, сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерiнен өте шағын үзiндiлердi қисынымен қолдану жоғары бағаланады, оның терең бiлiмiн танытады.
Шығармада қолданылған дәйексөздiң қайдан алынғандығы айқын көрсетiлуi және ол оқушының ойын қайталамай, оны дәлелдеуi, жалғасты-руы қажет.
Шығармада жазушының өмiрбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейiпкерлерге қатысты қателiктер жiберiлмеуi керек.
Оқушының жұмысы стильдiк бiртектiлiгi мен тiл шеберлiгiне қарай (сөздiк қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегi көрiктi ой, көркем тiлi, тiлiнiң образдылығы, ой сергектiгi, сезiмталдығы) бағаланады.
Шығарма көлемi мен уақыты төмендегiдей болады:
5-сынып – 0,5-1бет; 6-сынып – 1-1,5 бет; 7-сынып – 1,5-2 бет; 8-сынып – 2-3 бет; 9-сынып – 3-4 бет; 10-сынып – 4-6 бет; 11-сынып – 6-8 бет (оқушы дәптерiнiң бетi).
Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесiнен қатарынан екi сағат берiледi. Бiтiру емтиханында - 6 сағат.
Шығарманың бағалануы туралы
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесiн негiзiнен төрт салаға бөлiп қарайды:
1. Мазмұндылығы мен идеялылығы.
2. Ой-пiкiрдiң жүйелiлiгi.
3. Стилi.
4. Грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың қай-қайсысы да оқушы бiлiмiн бағалауда маңзы. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенiң дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдiгi, негiзгi ойды жеткiзе алуы жатады. Пiкiр жүйелiлiгiне шығарманың жоспарға сәйкестiгi, әрбiр бөлiмнiң мөлшерi мен ой жүйесi, пiкiр ұтымдылығы, т.б. енедi. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткiзгендiгi, сөйлемдерiнiң оралымдылығы, сөз қолданысы, бiр сөздi бiрнеше рет қайталамауы, дәйексөздi қолдана бiлуi, сөйлемдi ұрыс құруы сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгiлерiне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.
Әдебиет бойынша
“5” деген баға:
1. әдеби материалды терең ұғынып, өте жақсы түсiнсе, оны тақырыпты ашу үшiн дұрыс қолдана бiлсе;
2. тақырыпқа толық әрi нақты жауап берсе;
3. мәселенi өзiндiк ой-пiкiр тұрғысында дұрыс талдай бiлсе;
4. ойын жүйелi желiмен жаза бiлсе;
5. тiлi бай әрi әдеби тiл нормаларына сай болса;
6. шығарма құрылысы ой жүйесiне сай шебер қиысып келсе, стиль бiрлiгi сақталса;
7. фактiлiк қателер болмаса, сөздi орынды қолдана бiлсе;
8.қорытынды пiкiрi орынды, тиянақты болса.
Мазмұнында 1, тiлiнде 1 елеусiз қате болуы мүмкiн.
“4” деген баға:
1. жұмыс мазмұны негiзiнен тақырыпқа сай болса;
2. әдеби тiлмен жазса, бiрақ ойын баяндауда бiрен-саран дәлсiздiктер жiберсе;
3. қажеттi қорытындылар мен түйiндеулерiн дұрыс жасай алса;
4. ой жүйесiнiң шамалы бұзылуы байқалса;
5. стиль бiрлiгi сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлi, бай болса.
Мазмұнында 2, тiлiнде 2-3 кемшiлiк болуы мүмкiн.
“3” деген баға:
1. тақырыптан айтарлықтай ауытқыған болса;
2. материалды баяндау негiзiнен дұрыс, бiрақ жекелеген фактiлiк дәлсiздiктер кездессе,
3. баяндау желiсi аздап бұзылса;
4. сөздiк қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бiр үлгiде, бiркелкi болса, сөздi орнымен қолдана алмаса;
5. стиль бiрлiгi сақталмаса, тiлi солғын болса.
Мазмұнында 4, тiлiнде 5 кемшiлiк кездесуi мүмкiн.
“2” деген баға:
1. жұмыс тақырыпқа сай келмесе;
2. көптеген фактiлер бұрмаланса;
3. шығарманың барлық бөлiмдерiнде баяндау жүйесi бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе;
4. сөздiк қоры өте жұтаң, сөйлемдерi қысқа, бiркелкi, өзара байланыспаса, сөздi орнымен қолданбау жиi кездессе;
5. стильдiк бiркелкiлiк сақталмаса.
Мазмұнында 6, тiлiнде 7 кемшiлiк болуы мүмкiн.
“1” деген баға:
1. тақырыпты мүлдем ашып жаза алмаса;
2. мазмұнында 7 және тiлiнде 7-ден артық кемшiлiктер кездессе.
Мектепте әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерi
Мектепте мұғалiмдердiң пәндiк әдiстемелiк бiрлестiктерi барынша кең тараған. Ол пәндес мұғалiмдермен бастауыш сынып мұғалiмдерiн бiрiктiредi де, ең кемi 4-5 пән мұғалiмiн топтастырады.
Пән бiрлестiктерiнiң әдiтемелiк жұмысының мазмұны көп қырлы болып келедi. Онда оқу-тәрбие жұмыстарының және оқушылар бiлiмiнiң деңгейiн көтеру, тәжiрибе алмасуды ұйымдастыру, озық педагогикалық тәжiрибенi және педагогика ғылымының жетiстiктерiн енгiзу мәселелерi қаралып, жаңа оқулықтар мен оқу бағдарламаларының күрделi тараулары талқыланады. Сонымен бiрге тәжiрибелiк оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының нұсқалары, олардың нәтижелерi деп талқыланады. Бiрлестiк мүшелерi бiлiм беретiн және қадағалайтын компьютерлiк бағдарламаларды талдап жасайды және сынақтан өткiзедi. Оның тиiмдiлiгi мен нәтижесiне баға бередi. Бiрлестiк жұмысының мазмұны оқушылар бiлiмiн тексеретiн тақырыптық, шығармашылық бақылау жұмыстарын қарастыруды да қамтиды.
Әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмысы сол пәннiң мұғалiмдерiнiң педагогикалық қызметiн, оқушылардың бiлiм сапасын арнайы жоспармен iске асырылады. Жоспарда жаңа оқу жылының мақсаттары мен мiндеттерi айқындалып, негiзгi ұйымдық-педагогикалық шаралар (кабинеттердi безендiру, дидактикалық материалдарды сыннан өткiзу, бақылау жұмыстарының мәтiнiн бекiту және т.б.) қамтылады, ғылыми-әдiстемелiк баяндамалардың тақырыптары, пән бойынша ашық және үлгiлi сабақтар белгiленiп, оқушылардың бiлiм, iскерлiк және дағдыларының сапасын тексерудiң мерзiмi мен түрi айқындалады.
Әдiстемелiк жұмыстардың тиiмдi түрлерiнiң бiрi бiрыңғай әдiстемелiк күн (мектептiң барлық педагог қызметкерлерi үшiн оқу тоқсанына бiр рет) екi тоқсан аралығында атқарылған әдiстемелiк жұмыстарды қорытындылауға арналады. Бiрыңғай әдiстемелiк күннiң тақырыбы мұғалiмдерге алдын-ала хабарланады. Бiрыңғай әдiстемелiк күннiң қарсаңында арнайы тақырыпқа педагогикалық бюллетень шығарылып, әдiстемелiк талдамалардың, мұғалiмдермен оқушылар шығармашылығын, психологиялық-педагогикалық әдебиеттердiң көрмесi ұйым-дастырылады.
Бiрыңғай әдiстемелiк күн атқарылар жұмыстың мазмұны мыналарды қамтиды: ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткiзу, оларға талдау жасап, кеңiнен талқылау, жаңа әдiстемелiк әдебиеттерге шолу жасау, өткiзiлген шараға баға берiп, талдау жасайтындай бiрыңғай әдiстемелiк күннiң қорытындысы мен “дөңгелек үстел”, мәжiлiс немесе баспасөз конференциясын өткiзу.
Мұғалiмнiң теориялық және практикалық дайындығының бiртұтастығы проблемалық семинарлар мен практикумдар барысында көрiнедi. Олар мұғалiмнiң өз бiлiмiн көтеру әрекетiн ынталандырып, оны педагогикалық инновацияға ұмтылдырады. Проблемалық семинар жұмыстарының мазмұны қазiргi заманғы педагогикалық теорияны қамтиды.
Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. Осы мақсатта біз жас маманға қаншалықты дәрежеде көмек беріп келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандырып жүр ме? Жас маман неден қиналып, нені меңгере алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік. Сабаққа жақсы дайындалғанымен кейде қандай мұғалім болсын, тіпті тәжірибелі болса да, өтетін сабағында қандай жағдаяттар кез келерін алдын-ала біле бермейді. Сондықтан, кей жағдайда мұғалім жоспарынан ауытқып кетуі ықтимал. Сол үшін мұғалім психологиялық жағынан дайын тұруы керек. Сабақты жақсы көңіл-күймен, шабытпен, шығармашылық ізденіспен мақсат қоя отырып жоспарлағанда ғана сабақ нәтижелі шығады. Ең бастысы, мақсаттан ауытқымау керек. Жас маман ең бірінші кезекте сабақтың құрылымын дұрыс білгені жөн. Олар мыналар:
1. Сабақтың тақырыбы
2. Сабақтың мақсаты
3. Сабақтың түрі
Сабақтың әдісі
Сабақтың көрнекілігі
Сабақтың типі
Сабақтың барысы
Сабақтың формасы
Екіншіден, сол сабақтағы әрбір сәтті алдын ала жоспарлап, сол сәттерде орындалатын жұмыстардың қалай атқарылатындығын қалт жібермей қадағалап отырғанда ғана мұғалім өз мақсатына жетеді.
№
|
Сабақтың сәттері
|
Мұғалімнің атқаратын жұмысы
|
Оқушының міндеті
|
1
|
Ұйымдастыру сәті
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалайды
|
Оқушы оқу құралдарын әзірлеп, сабаққа дайындалады
|
2
|
Үй тапсырмасын сұрау сәті
|
Мұғалім әр түрлі әдіспен үй тапсырмасын сұрайды (жазбаша, ауызша)
|
Оқушы үйге берілген тапсырма бойынша сұраққа жауап беруге дайын отырады, жауап береді
|
3
|
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру сәті
|
Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру үшін дайындаған сұрауларын қоя отырып жаңа сабақпен байланыстырады.
|
Оқушы тыңдайды, сұраққа жауап береді
|
4
|
Жаңа сабақты түсіндіру сәті
|
Мұғалім алдын ала дайындаған әдісімен жаңа сабақты түсіндіреді
|
Оқушы тыңдайды
|
5
|
Жаңа сабақты пысықтау немесе бекіту сәті
|
Алдын ала әзірленген сауалдар бойынша оқушылардың білімі тексеріледі
|
Алған біліміне қарай оқушы жауап береді
|
6
|
Жаңа сабақ бойынша тапсырма орындату сәті
|
Мұғалім бұл сәтті мүмкіндігінше жазбаша жүргізеді. Кейде ауызша да жүргізіледі
|
Оқушы орындайды
|
7
|
Оқушыларды бағалау сәті
|
Мұғалім үй тапсырмасы мен жаңа сабақтағы меңгерген біліміне қарай әр түрлі әдіспен бағалайды
|
Оқушы бағасын күнделіктеріне қойғызады
|
8
|
Үйге тапсырма беру сәті
|
Мұғалім жаңа сабаққа байланысты үй тапсырмасын түсіндіреді
|
Оқушы тыңдап күнделіктеріне жазып алады
|
Ендігі бір мұғалімге керекті нәрсе, сабақтың түрін ажырата білу. Сабақ екі түрге бөлінеді: 1)дәстүрлі сабақ, 2)дәстүрлі емес сабақ.
Оқытудың дәстүрлі әдісіндегі мақсат: мұғалім білім беруі қажет. Бұл жерде мұғалім түсіндіреді, сөйлейді, белсенеді. Ал оқушылар тыңдайды, тапсырманы орындайды. Оқытудың басым түрі + түсіндіру. Тек біржақты қатынас. Мұғалім жеке оқушылармен де жұмыс істеуі мүмкін. Дәстүрлі сабақ кезеңдері: а)үй тапсырмасын сұрау, тексеру; ә)жаңа сабақты түсіндіру; б)оқушыны бағалау; в)үйге тапсырма беру.
Яғни, дәстүрлі әдісте оқушы аса көп белсенділік көрсетпейді. Ал енді дәстүрлі емес, қалыптан тыс сабақ дегеніміз не? Дәстүрлі емес сабақтар: 1)пікірсайыс, 2)саяхат сабағы, 3)ойын, концерт сабағы, 4)сот сабағы, 5)конференция сабақ, 6)семинар сабақ, 7)сахналық сабақ, 8)баспасөз сабағы, 9)дәріс сабақ, 10)дебат сабақ т.б.
Оқытудың дәстүрлі емес әдісінде немесе түріндегі мақсат – оқушының дағды мен білімге қолын жеткізу. Сабақтың бұл түрінде оқушының өзара белсенділігі артады. Бұл жерде жұмыс топтық не ұжымдық болуы мүмкін. Сондықтан, мұғалім бағыттаушы. Мұғалім жұмысты тапсырманың орындалуына қарай ұйымдастырады. Оқушылардың танымдылық белсенділігін арттырып отырады. Әрбір сабақта оқушылар сұрақтарға жауап іздеп, белсенді әрекет жасайды. Сабақтың дәстүрлі емес түрін таңдағанда мұғалім төмендегі мәселелерді ескергені жөн.
Сабақта берілетін тапсырманы оқушылардың қабілетіне қарай таңдау
Тапсырманы орындауға қажетті материалдық ресурстардың қаншалықты жетімділігін ескеру
Егер топқа бөлу керек болса, оның құрамын анықтау
Берілген тапсырманы орындау кезінде оқушыға қиындық келтіретін мәселелерді анықтау
Бағалау әдісін таңдау
Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек. Бұл күнде мұғалімдер жаңа технологияларды өз сабақтарында пайдаланып та жүр. Кейде сол технологияларды орынсыз қолданып, сабақта өзі көздеген мақсатына жете алмай жүрген мұғалімдер де кездеседі. Сонымен, әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі. Ал технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынтығы. Сөзіміз түсініктірек болуы үшін, көз алдымызға үлкен бір құрылысты елестетіп көрейік. Сол құрылысты салу үшін көптеген кірпіш керек. Ал сол кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір маман басқаруы керек. Міне, біздің технологиямыз да осы іспеттес. Мұғалім – басқарушы ретінде әдістерді тиімді пайдалана білмесе, ол технологияны түсінбегені. Ондай жағдайда мұғалім мақсатына жете алмайды. Өйткені, мұғалімге сабақтың жоспары белгілі. Енді, жоғарыдағы дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақтарды еске түсірейік. Соңғы кездері оқыту үрдісіне интерактивті әдістер көбірек қолданылып жүр. Оны, әсіресе, қалыптан тыс сабақтарда пайдаланған тиімді. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті қашан және қалай қолдану керектігін алдын ала жоспарлап отыруы керек.
Сонымен әдістің түрлерін еске түсірейік:
сұрақ-жауап әдісі
оқушының логикалық қабілетін арттыру
баяндау (дәріс)
ойын элементтері
топтық, ұжымдық
деңгейлеп оқыту
ой қозғау
ой қорыту
іскерлік ойындар
танымдық ойындар арқылы оқушының белсенділігін арттыру
оқушының шығармашылық қабілетін арттыру т.б.
Жас маманға ең қажетті дүниенің бірі – сабақтың түрлерін ажырату. Олар төмендегідей:
1. жаңа білімді меңгерту
қайталау сабағы
2. білімді тексеру және бағалау
3. қорытындылау (жүйелеу)
4. аралас (комбинацияланған)сабақ
Сонымен, жаңа білімді меңгерту сабағының басты мақсаты – жаңа
сабақты жан-жақты түсіндіру. Бұл кезде басқа сәттердің көлемі азаяды. Тек жаңа сабақ жайлы толық ақпарат беріледі. Терең, тиянақты білімнің негізін үйрету болып табылады. Оның кезеңдеріне мыналар жатады:
1. ұйымдастыру
2. жаңа материалды үйретуге дайындық
3. жаңа материалды түсіндіру
4. жаңа материалдар бойынша түсінігін бекіту, пысықтау
осы бойынша оқушы білімін бағалау
5. үй тапсырмасын беру
Ал қайталау сабағында бұрынғы өткен сабақтардан алған білімдерін
тереңдету, еске сақтағандарын нақтылау, ұмытуға жол бермеу, оқушы біліміндегі олқылықтарды жою басты мақсат болып табылады.
Оның кезеңдері мынадай:
1. ұйымдастыру
2. үй тапсырмасын тексеру
3. білімді жан-жақты тексеру
4. оқушының өткен сабақта алған білімін пысықтау, оқушы білімін бағалау
5. үйге тапсырма
Бекіту сабағында оқушылардың танымдық біліктері мен дағдылары
жетілдіріледі. Сондықтан, бұл сабақта жаттығулар мен қайталаулар көбірек орындалуы керек. Бұл жерде баяндап түсіндіру емес, өткенді пысықтау үшін жүргізілетін жұмыстар болады. Оның кезеңдері мынадан тұрады:
1. ұйымдастыру
2. жаңа материалды үйренуге дайындық
3. жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмалар
4. оқушыларды бағалау
5. үйге тапсырма
Білімді тексеру және бағалау сабағындағы мақсат – оқушы білімінің деңгейі мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл сабақты топтық, ұжымдық етіп интерактивті әдістермен жүргізген тиімдірек. Өйткені, білімді тексеруге командалық әдіспен өту (жалпы сынып бойынша) қолайлы болады. Сабақтың өн бойында өткенді қайталап, оқушылардың әрқайсысының қаншалықты сабақты меңгергендігін білу басты мақсат болып табылады.
Қорытындылау (жүйелеу) сабағында жалпы білімді жалпылама қорыту жүреді. Бұл типі жағынан білімді тексеру сабағына ұқсас келеді. Бірақ, бұның бір ерекшелігі: әрбір тоқсанның соңында жүргізіледі. Сондықтан бұл сабақты қорытудың ауқымы кеңірек болады. Айталық, алдыңғы типтерде бір немесе екі тақырыптың төңірегінде болса, сабақтың бұл түрі көлемді үлкен тақырыптар немесе тараулар бойынша жүргізіледі. Мысалы, қазақ тілі бойынша бүкіл сөз таптарын қайталау, тарих пәні бойынша бір дәуірді қайталау, т.б.
Сабақтың формалары төмендегіше түзіледі:
сыныптағы сабақ (жүйелі)
зертханалық сабақ
сарамандық жұмыс
өзіндік жұмыстар
Сабақтың көрнекілігіне техникалық құралдар, кеспе суреттер,
сюжетті суреттер, семантикалық карталар, тірек сызбалар, кестелер, портреттер, көркем шығармалар, газеттер, журналдар, қолдан жасалған карточкалар, бейне таспалар мен үн таспалар, слайдтар, т.б. жатады. Қазіргі кезде кейбір мектептерде заман талабына сай компьютерлер мен мультимедиялар да қолданылып жүр. Мұғалім сабақтың тақырыбына сай көрнекіліктерді іріктеп алдын ала дайындап қояды. Сабақтың жоспарына қарай қай сәтінде қандай көрнекілікті пайдалану керектігін және оны қалай қолдану керектігін ескеру керек. Сонда ғана сабақта оқушыны қызықтыра, сабақты әрлендіре аласыз.
Ал сабақтың барысында жоғарыда көрсетілген сабақтың сәттерін негізге алуға болады. «Тамызығын тапса, тас та жанады» деген халық даналығы бекер айтылмаған шығар. Қысқасы, мұғалім әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың өн бойында негізгі мақсатты, оның түйінін естен шығармай әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда ғана өз мақсатына жетеді.
Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану
Қазақ тілі – бастауыш мектепте оқылатын пәндердің ішіндегі жетекші басты пән. Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен берілетін іскерлік пен дағдылар оқушылардың жоғары сынып материалын жақсы меңгеріп, алған білімдерін практикада қолдануға негіз болады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін өткенде жүйелілік, бірізділік, сабақтастық ұстанымдары берік сақталуы қажет. Оқушылар білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оларды жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге, мақсатқа жетуде табандылыққа, қиындықтан қорықпауға баулиды. Сонымен қатар, оқушылар білімінің тиянақтылығын және тереңдігін арттырады. Жұмысты жеңілдету үшін білімді тексерудің алуан түрлі жолдарын іздестіру – әр мұғалімнің міндеті.
Сондықтан жаңа педагогикалық іскерлікті қолдануға ерекше мән беріп, пайдаланатын әдістерге тоқталайық.
1. В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба нұсқасы және өзара байланысты бірнеше деңгей әдісі.
а) Сыныптағы тақтаға салынған сызба нұсқа арқылы сабақты түсіндіру. Мысалы: «Көктем», «Наурыз» тақырыптарына тірек сөздерді оқушылардың өзіне жазғызу, сосын мұғалім толықтырып отырады.
Ағаш
бәйшешек көктем жылы
ұя құстар
ериді
табиғат мейрам
наурыз
теңелді Ұлыстың
Ұлы күні
ә) Әдемі салынған сурет немесе плакатты көрсету арқылы түсіндіру. Балалар суретті көре отырып, соны жазбаша жазады. Оқушылардың көру қабілеттеріне әсер етеді. Мысалы: «Отбасы мүшелерінің» суретіне тірек сөздер жазу
оқып отыр ата
көріп отыр отбасы мүшелерінің әже
суреті
тоқып отыр әке
бала
В.В.Фирсовтың диффернциялды оқыту түрі. Материалды блок түрінде жеткізу. (2-3 сыныпта «Туған жер») оқушыларды микро топтарға бөліп, қабылдау ерекшеліктерін ескерту.
Канаржаевский әдісі – жаңа сабақтың тақырыбын жасырып ұстау арқылы оқушының назарын сабаққа аудару. Мысалы: 2 сыныпта «Отан!» тақырыьы сиқырлы тік төртбұрыш арқылы беріледі.
-
О
|
р
|
ы
|
н
|
д
|
ы
|
қ
|
Т
|
а
|
қ
|
т
|
а
|
|
|
А
|
ғ
|
а
|
ш
|
|
|
|
Н
|
а
|
н
|
|
|
|
|
Осы жұмыс түрін суреттер арқылы жүзеге асыруға болады. Мысалы: 3 сыныпта «Достық» тақырыбына қажет суреттер қолдану.
Д әптердің
О рманның
С өмкенің
Т ерезенің
Ы дыстың
Қ аламның
1)Жыл құстарының бірі 1-буыны екі рет қайталанады. Бұл құстың аты не? БҰЛБҰЛ
2)Бұл құстың атын қыздарға қояды. ҚАРЛЫҒАШ
3)«Орман дәрігері» атанған құс. ТОҚЫЛДАҚ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Құстар
профессор-зерттеуші Ж.Қараевтың технологиясы.
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Оқушылардың білім дәрежесіне
сәйкес тапсырмалар беру. Оқушылардың білім дәрежесіне сәйкес тапсырмалар беру. Оқушылардың өз білім дәрежесіне сәйкес тапсырмаларды таңдап алу. Мысалы: Әр тақырып бойынша өтілген сабақтарды пысықтай отырып, нәтиже сабақтарында қолдану.
Қызыл, жасыл, сары түсті кеспелерге деңгейлеп тапсырмаларды жазып, оқушыларға ұсынамын. Әр оқушы өз деңгейіне сәйкес тапсырманы таңдап алады. Немесе осы әдісті үй тапсырмасын беру арқылы да қолдануға болады.
1. Қыс туралы әңгімелеу
|
2. Қыс(пришла). (Снег) жауды. Қыста (день) суық болады.
|
3. Қыста не жауады? Балалар не істейді?
|
Үй тапсырмасы:
өлең жаттау
сөздік жаттау
өлеңді мәнерлеп оқу
Проблемалық оқыту әдісі. Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылады. Тақырып бойынша оқушыға сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару, осыдан келіп, сабақтың соңында эвристикалық әдіс қолданылады, яғни оқушының өз ойын түйіндеп сабақты қорыту.
Ойын технологиясының түрлері.
ситуациялық ойындар, халық педагогикасы, ой-қабілеттерін арттыру, т.б. Мысалы: 1. «Оқушы» ойының 1 сыныпта қолдану тиімді. Бір оқушы екінші оқушыдан сұрақ қою арқылы тиісті тақырыпта ашады.
- сөмкеде не бар?
- сөмкеде кітап, дәптер бар
- сөмкеде тағы не бар?
- сөмкеде тағы күнделік, қалам бар.
«Қоржында не бар?» ойыны. Жеке әріптерден бірнеше сөздер құрап жазу, айту. Оқушылардың сөздік қорын жазу үлгісін тексеру. Осы ойынды жуан, жіңішке дауысты дыбыстарға да тексеруге болады. «Бәйге» ойыны оқушыларды үш топқа бөліп, әрбір топқа тапсырмалар беру арқылы бекіту (Тақтаға үш аттың бейнесі ілулі тұрады). Жауап берген топтың атын ілгері жылжытып тұру керек. Бұл ойын оқушылардың топтасып, жұмыстануын, бірлігін көрсетеді. Осы ойындарда ұлттық нақыштарды қолданамын.
«Сыңарын тап» ойыны. Мағынасы бір сөздерді біріктіру.
Сәлеметсіз бе? Тағам
Қонақ Қоштасу
Үлкен кісі Сыйлау
Көріскенше төр
Дастарқан Амандасу
«Баламасын тап» ойыны жазулған сөздердің орнын ауыстырып, орысша баламасын табу.
Рахмет Молодец!
Жолыңыз болсын! Уважать
Оқасы жоқ! Простите!
Жарайсың! Счастливого пути!
Құрметтеу Спасибо
Ғафу етіңіз! Ничего!
«Әрі оқу – әрі ойын». Бір оқушы орысша сөз айтады, екіншісі қазақша баламасын айтады:
Здание – ғимарат, город – қала, природа – табиғат, мальчик – бала.
«Тест» жұмыстары бастауыш сыныпта нәтиже сабақтарында алған білімдерін текмеруге көп өмек береді. Мысалы: «Қыста» тақырыбына тест сұрақтары (1-2 сынып)
1. Қыс айлары қандай?
а) наурыз, сәуір, мамыр ә)желтоқсан, қаңтар, ақпан б)қыркүйек, қазан, қараша
2. Қыста күн қандай болады?
а) суық ә)жылы б)ыстық
3. Қыста не жауады?
а)қасқыр ә)жаңбыр б)қар
4. Қыста адамдар не киеді?
а)төп ә)топ б)тон
Қандай тақырып, сынып болса да, мұғалімнің шеберлікпен жүргізген, әрбір сабағы оқушы үшін мол білімнің көзі болуы керек.
Морфологияны дамыта оқытуға арналған жаттығулар жүйесі.
Ойын «Артық сөзді тап» . Неге бұл сөз артық деп ойлайсың?
Дәлелдеуге тырыс.
Шай, сүт, нан, айран, кітап, сыр, кәмпит, балық, май, қаймақ.
Сөйледі, жазды, отырды. Асқар, оқыды. Алма, қызанақ, қияр, алмұрт, бидай, апельсин.
Тары, күріш, сұлы, алақай, бидай.
Ойын «Ойлан тап». Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын үш әріптен тұратын сөзді тап.
Кез (...) дік, жұ(...)ық, дәп(...) ме, ой (...)ғау
1. Берілген төрт сөздің ішінде үшеуінің мағынасы бар. Артық сөзді тауып, анаграмманы шеш.
АҚЗАҒ
СҮЛЕТ
МАЛҚА
АПҚАР
Барлық сөздің мағынасы шығатындай етіп, ортақ жалғауды тап.
Бі
ше
көй (...)
ті
ә
Төменде берілген әріптерден комбинация әдісімен кем дегенде 10 сөз (зат есім болсын) тауып жаз.
Т, Ж, А, Н, Р, Қ, У
Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын жұрнақты тап.
Ба быс
қал мақ
жо (...) лант
үс маша
бал бақ
Сөзде «бір» әріп бола ала ма? (Сөзжасаммен байланысты )
Анаграмманы шеше отырып, артық сөзді тап.
МАҚҰҒЫЗЛАҚТО
ХАШТАМ
МЫЛҒЫ
РАНЫД
Берілген сөз тіркесін толыққанды етуге жетпей тұрған грамматикалық тәсілді тауып, сөз тіркесін толықтырыңыз.
Жақсы ... сөзі, ғалым... хаты, ауыр... үсті, жеңіл,,, асты, жүрек... өшпейді, ой... кетпейді.
Барлық сөздің мағынасы шығатындай етіп, алғашқы буынды тап.
лем
тап
(...) сен
ріс
Түсіп қалған әріптерді тауып қойыңыз.
Н Л
Л Н
Сын есімдерге зат аттарын тауып жазыңыздар.
Жүйрік... Қарапайым...
Алқызыл... Асқар...
таза... Нұрлы...
Ақылды... Биік...
Екі-екіден әріптер берілген. Бұл сөз тіркесіндегі сөздердің бас әріптері болғандықтан тез арада сөз тіркестерін құрап жаз. Мысалы: ДА – дана.
ТО, АҚ, ЖБ, АТ, ШЖ.
Нүктенің орнына жақша сыртындағы сөздермен мағыналас сөзді қой.
Саусақ (...) тырнақ, құлып (...) есік, құпия (...) бояу.
Берілген сөз тіркесінен қажетті емес сөздерді алып тастаңыздар.
ЫСТЫҚ ТЕРЕҢ
КӨРКЕМ ДӘМДІ
НҰРЛЫ АҚЫЛ АЛТЫН СЫР
ТЕРЕҢ ТАЙЫЗ
Берілген мақал-мәтелдердегі антоним сөздерді орнына қойып жаз. Мысалы: Көз ..., қол ...(қорқақ, батыр)
1)Жақсыдан ... туады, бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан ... туады, адам айтса нанғысыз.
2)... басқа қарайды, ... аяққа қарайды.
3)... айналар, байланар
4)... болса көре алмас, ... болса бере алмас
5) Ілгері кеткен ..., кері кеткен ... тоқталады
6)... адам айқайлай келеді, ... адам жай-жай келеді.
Керекті сөздер: (бар-жоқ, жасты-кәрі, жаман-жақсы, ақ-қара, дос-дұшпан, ақылсыз-ақылды)
Берілген сөздің әр әріппен жеке-жеке сөз құрап жаз.
-
16.Ой сергіту жаттығуы: «Таласқа» таластық
Достарыңызбен бөлісу: |