Мазмұндама түрлерi Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi а Диктан жұмысына қойылатын талаптар


Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау



бет6/6
Дата20.06.2018
өлшемі489 Kb.
#43344
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6

Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау

жөніндегі Кеңеске ұсынылған жаңа материалдарға

қойылатын талаптар

Сараптамаға мөр қойылған (тұжырымдамалар, бағдарламалар, жобалар және әдістемелік ұсыныстар, оқу-әдістемелік құралдар және т.б.) құжаттар қабылданады.

Ұсынылған материалдардың мазмұны «Білім туралы» Заңның талаптары мен «Білім беру» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.

Сараптамалық бағалаудың негізгі өлшемдері:



  1. Жаңартпа жоба тақырыптарының өзектілігі мен оқыту саласы (оқыту әдісі, тәрбиелеудің жалпы мәселелері, білім берудегі басқару, білімді материалды-техникалық қамтамасыз ету, білім субъектілері қызметін психологиялық жағынан қолдау, арнайы педагогика, жаңа үлгідегі білім мекемелерінің қызметі, ШЖМ мәселелері, жас шама педагогикасы, ЖБО оқу-әдістемелік жағынан қолдау)

  2. Жаңартпа қызметінің сипатталу түрлері:

- оқу немесе тәрбиенің жаңа технологиясын ойлап табу;

- білім мекемесінің бағдарламаларын әзірлеу;

- эксперименталдық бағдарламаны мақұлдау;

- білімде жаңа нәтижелерге қол жеткізуге септігін тигізетін, әдістемені әзірлеу;

- жаңа дидактикалық құралдарды әзірлеу;

- оқытудың жаңа әдістері мен нысандарын мақұлдау.



  1. Мақұлдау мен зерттеу нәтижелерінің дұрыстығы мен негізділігінің деңгейі

  2. Ұқсас жобалардың айырмашылық сапасының бар болуы, шынайылығы

  3. Жүзеге асырылмақ жобаның мақсаты мен жаңа қызмет нәтижелерінің сәйкестігі.

Материалға қосымша:

  • аудандық /қалалық Кеңесінің қорытындысы мен жоба авторы туралы қысқаша мәлімет көрсетілген хат, өтінім және жаңартпаға берілген сипаттама/ бұл жоба ма, әлде әрекет етуші үлгі ме, жаңартпаның ішкі және сыртқы сай келуін тексеруді жүзеге асыру, материалдардың мақұлданған мерзімі, нәтижелері/;

  • мақұлданған мерзімі, нәтижелері/;

  • сыртқы пікірі;

  • мақұлдаудың нәтижесі.

Оқу әдебиетін әзірлеуге қойылатын талаптар

Оқу әдебиеті үйренушілердің өздігіне жұмыс істеуі мен оқыту үрдісінің нәтижесінің арналған құзыреттілікті дамытуға бағытталады. Оқу әдебиеті келесі баспа түрлерінен тұрады.



  • Оқулықтар, құралдар;

  • жаттығулар мен тапсырмалар жинағы;

  • анықтамалықтар;

  • үйренушілердің өзін-өзі оқыту және өзіндік жұмысына арналған материалдар мен жетекші құралдар;

  • электронды оқулықтар, мультимедиялықтар және үйретуші бағдарламалар.

Әдебиет бәсекеге қабілетті, технологиялар мен еңбек нарығының өзгергіш талаптарына бейімделе алатын жаңа дәір тұлғасын дайындауға ықпал етуі керек. Оқу әдебиеті оқу үрдісінің нақты шарттарымен белгілі бір нәтижелерге жетуге есептелуі керек.

Оқу әдебиеті дидактикалық жүйе ретінде әзірленіп: ақпараттық, ауыстырмалы, жүйелі, интегралды, үйлеспелі, бақылаушы, өзін-өзі бақылаушы функцияларын жүзеге асыруы керек.

Оқу әдебиетінің мазмұны өмірдің құны бағыттарын қалыптастырып, үйренушінің тұлға, қызмет субъектісі ретінде дамуына ықпал етуі керек. Оқу материалдарының мазмұны:

а)белгілі бір қоғам дамуының кезеңіне сәйкес, білімнің жалпы мақсаттарының;

ә)аталған салаға арналған білім міндеттері мен білім сатысының;

б)аталған пәнінің оқу-тәрбие міндеттері жүйесінің;

в)оқу материалын топтастыру және іріктеу қағидаларының;

г)оқу материалдарын құрастыру құралдары мен нысандарын қалыптастыру үлгілерінің;

д)болжаған оқыту нәтижелері арасындағы байланысты қалыптастырады.

Оқу әдебиетінің материалы білім сапасына сәйкес, құзыреттілік түріндегі, сапалы қорытынды нәтижеге бағытталған үйренушілердің дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек.


Оқу-әдістемелік кешенді әзірлеуге қойылатын жалпы талаптар

Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз – үйренушілердің таным қызметін басқаратын әдістемелік жүйенің толықтығын қамтамасыз ететін, оқу құралдарының жиынтығы. Оқу-әдістемелік кешен білімнің барлық сатысына араланған бірыңғай коммуникативтік-танымдық тұжырымдаманы есепке ала отырып, әзірленуі керек.

Оқу-әдістемелік кешен құрамы келесі бөлшектерден тұрады:


  • нормативтік құжат;

  • педагогтарға арналған кітап, оған сабақ үлгілері, жалпы тақырыптық жоспарлау, қарым-қатынас біліктілігін үйрету бойынша ұсыныстар мен авторлық курс тұжырымдамасының сипаттамасы енуі керек;

  • әр түрлі мазмұн мен бағыттағы әдістемелік құралдар;

  • курстың тақырыптары мен мәселелері, оның әдістемелік әзірлемелері;

  • оқытуды жекелеу мен саралауға арналған дидактикалық материалдар;

  • қажетті мәтін, сурет пен қосымша материалдардан тұратын оқушыларға арналған кітап;

  • оқуға арналған кітап;

  • оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыруға арналған тапсырмалары бар жұмыс дәптері, жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік сатысына қарай сараланып берілу керек;

  • өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, тестілеу, қайталауға арналған тапсырмалар мен қосымша материалдар;

  • мультимедиялық және аудиовизуалдық құралдар;

  • оқытуға қажетті дидактикалық және үлестірме материалдарынан тұратын көрнекі құралдар альбомы;

  • компьютерлік оқыту бағдарламалары мен автоматтандырылған оқыту жүйелері;

  • ауыртпалығы бар факультативті материал.

Оқу-әдістмелік кешеннің барлық материалдары аяқталған блок /модуль/ түрінде ұсынылып, үйренушілерге аса қиындық тудырмайтын, үйренудегі ауыртпалықтарды жоюға көмек беріп, аталған пәнді меңгеруде ғылыми және идеялық деңгейдегі тапсырмаларды ашуда, пәнаралық байланысы болып, оқытудың практикалық бағытын күшейтуге және жеке тұрғыда оқытуға мүмкіндік туғызуы керек.
Вариативті (элективті) курстардың оқу бағдарламасын

әзірлеуге қойылатын талаптар

Бағдарламаны әзірлеуде мұғалім келесі бағыттардың талаптарына назараударғаны дұрыс:



Үйренушілерге арналған жаңалықтың деңгейі: Бағдарламаға базалық бағдарламаларда жоқ оқушыларға арналған жаңа білім енгізілуі керек.

Бағдарламаларының дәлелдігі: Бағдарламаның білім мазмұны үйренушілердің танымдық қызығушылығын тудырып, жоғары сыныптарда кәсіби оқу түрін таңдауға көмек беруі керек.

Мазмұнының толықтығы. Бағдарлама мазмұнында жоспарланғанмақсаттарға жетуге қажетті барлық білімнің болуы.

Мазмұнының ғылымилығы. Бағдарламаға болашақ ғылыми білім мен адам қызметіндегі бағалы практикалық тәжірибе енгізілуі керек.

Мазмұнның түрлі нұсқалығы. Бағдарламаға енген материал оқушылардың әртүрлі топтары арасында қолданылып, ондағы білім жалпыланады; барлық оқушыларға жалпы кәсіптік және кәсіпалды міндетті даярлауға сәйкес іріктеуді; бағдарламаны модуль қағидасыме құру;

Мазмұнның жалпылану деңгейі. Білім бағдарламасына енген мазмұнның жалпылану деңгейі ондағы оқушылардың ойын дамыту мен оқыту мақсаттарына сәйкес болуы керек.

Курстың практикалық бағыты. Білім саласындағы оқылатын бағдарлама оқушылардың шығармашылық байқаулары мен практикалық қызметінің қалыптасуын жүзеге асыруға мүмкіндік беруі керек.

Оқу материалының байланысы мен жүйелілігі. Бағдарламадағы білім мазмұнын ашу барысында соңғы тақырыптардың өтілуі міндетті түрде алдыңғы тақырыптарды оқытумен меңгеріліп, бөлімдер мен жалпы білім арасында байланыс болатындай құрастырылуы керек.

Бағдарламада тұрған міндеттерге оқу материалын ашу тәсілінің сай келуі. Бағдарламада тұрған міндеттерге оқу материалын ашу тәсілі сай келіп, ғылыми білімнің даму деңгейімен анықталады.

Оқу әдістерін таңдау. Эвристикалық байқауды өткізу мүмкіндігі оқытудың белсенді әдістерін оқытуда қолдануды қамтамасыз етеді.

Бақылаушылық – Бағдарламаларға бақылау жасап, оған енген білімдердің операционалдық және иреархиялық сипаттамасы, нақты жетекші тақырыптың немесе толық бағдарламаның аралық және қорытынды нәтижелердің әрқайсысы бойынша жетәстәк деігейі, ақу үрдісінің кез келген уақытында бағдарламаны өтудегі жаңылыстылықты анықтауға мүмкіндік беруі керек.

Қор көз – қарасы жағынан шынайылылығы. Бағдарлама материалы ондағы жоспарланған нәтижеге жету уақытының есебіне сай бөлінуі керек. Кәсіби өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін кәсіпалды даярлық курстары ұсынған курстардың жиыны вариативті сипатта болып, сан мөлшерінің көптігі жағынан сұранысқа сай келуі мен қатар, оқу үрдісін ұйымдастыруға жағдай жасап, оқу жылында оқушыға екі рет жеке оқу жоспарын еркімен таңдау курстарына ауыстыру мүмкіндігін беретін еркімен таңдау курстарының мазмұны тек оқу пәні бойынша мәліметті кеңейтетін ақпараттан ғана тұрмай, сонымен қатар оқушылардың осы не басқа кәсіп бағдарламасын жетістікпен игеруге қажетті қызмет тәсілдерімен талаптарына сай келуі тиіс. Осы не басқа кәсіпке таныстыруының жаңа аспектілер мазмұны мен еркін курстардың мазмұн қызметі бұдан да күрделірек тәсілдер арқылы мектеп бағдарламасынан тыс (ғылым тарихы мен техника, астрофизика, математикалық статистика элементтері, түрлі практикумдар және т.б.) меңгерту арқылы оқушылардың қызығушылығы мен оң мотивациясын қалыптастыруы арқылы оқушылардың қызығушылығы мен оң мотивациясын қалыптастыруы керек.
Элективті курстың оқу-әдістемелік кешеніне қойылатын талаптар

Элективті курстың ОӘК келесі негізгі элементтерден тұруы тиіс:



  1. Курс бағдарламасы.

1.1. Мазмұндама (атауы, негізгі мазмұны, курс кімге арналады). Бастысы

мазмұндаманың қысқа болумен қатар әрі тұтынушысына оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға жалпы мектеп қоғамдастығына арналған курстың тартымдылығы неде екені жайлы толық мағлұмат беруі керек.

1.2. Курстың оқу үрдісінде алатын орны

Жалпы білім беретін курстың жалпы білім беретін сондай-ақ базалық кәсіби пәндермен салыстырғандағы орнын анықтау: ЭК зерделеуде қандай пән аралық байланыстар жүзеге асатынын, кәсіби өзін-өзі анықтау, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда қандай жағдай жасалатынын, нақты мектептің оқу жоспарына енгізілген курс қандай мектеп қоғамдастығының мәселелерін (мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту; оқушылардың демалысын ұйымдастыру; мектеп пен отбасының, сонымен бірге мектеп, жергілікті әкімшілік, қоғамдастықтың өзара іс-әрекетін күшейту; аймақтың компонетті есепке алу; мектептің өзіндік ұстанымын жақсартып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруды)анықтап,шешеді.


1.3. Мүмкіндігінше курстың мақсаты мен міндеттерін тұтынушыға – яғни, мұғалім мен оқушыға түсінікті терминдермен беру. Не үшін оқылады, оқу үрдісі субъектілерінің қандай жетістіктерін қанағаттандыратыны – курстың мақсаты болып табылады.

Мүмкіндігінше білім үрдісінің барлық субъектілерінің: оқушылардың, мұғалімдерінің, мектеп қоғамдастығының, толық қоғамның мақсаттарын ойластыру керек. «Білім үрдісіне қатысушылардың яғни, ата-ана, педагог, оқушы, білім мекемесінің рөлін арттыратын және білім субъектілері арасындағы жауапкершілікті тарату негізінде ашық мемлекеттік жүйе ретіндегі» білімді дамыту қажеттігіне бағыттанған жөн.

Мақсатқа жету үшін – мақсатқа сәйкес курсты оқыту міндеттері қалыптасады. Курсты оқу барысында оқушы мен мұғалімге нақты қандай жұмыс істеу керек?

1.4.Курс мазмұнының негізгі компоненттері. Бағдарламаның бұл бөлімі теориялық және практикалық сабақтардың мазмұнын (фактілер, ұғымдар, ұсыныстар, идеялар, қағидалар), білім мен дағды, қызметтің әдістері мен түрлері және оны меңгеру тәжірибесінен тұрады. Қандай бөлімдер және мектеп курстарының қай бөлімдері алдын-ала меңгерілуі тиіс екендігі көрсетілуі тиіс.

Бұл мазмұнның кәсіпшілік оқыту мамандығына әсер ететін және қандай пайдалы мамандықтың білім мен біліктілігін қалыптастыратын /қызмет аясы/ көрсетіледі.

Мүмкіндігінше курс мазмұны қай материалдарда іске асырылатынын (оқу құралы, оқушыларға арналған жұмыс дәптері, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, хрестоматия, электрондық/мультимедиялық құрал, интернет қорлары және т.б.) көрсеткен жөн.



    1. Оқытудың әдістері мен нысандары оқытуды кәсіптендіру, оқушының жеке және жас ерекшеліктерін есепке алу, тұлғаның дамуы мен өзіндік даму талаптарына сай анықталуы керек.

ЭК зерделеу әдістерінің негізгі бағыттары:

  • толық көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық интеграция;

  • тәжірибе мен ынтымақтастық негізінде оқыту;

  • оқушының жеке ерекшеліктері мен тұтынушылықтарын есепке алу;

  • өзін-өзі тануда қоршаған әлем туралы ақпаратты іріктеу, жеке танымдық тәсілдердің түрлілігі (кіші топтарда рөлдік ойындар, имитация, үлгілеу, тренинг, жоба әдістерінің интерактивтілігі);

  • тұлға қызметі, субъект, субъект тәсілдері (мұғалім мақсатына емес, оқушы тұлғасына назар аудару, өзара әрекет ету теңдігі);

  • фасилитация.

Оқытуда оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруда шығармашылық және ізденімпаздық тәсілдері – оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Өзіндік жұмыс істеуде түрлі оқу ақпарат көздерімен жұмыс атқару бөлігіне аса мән беру керек.

Өзара қызмет негізінде жалпы білім беру мақсатына бағытталған мұғалімнің басты қызметі сонымен қатар – лидерлік қасиет. Бұндай тәсіл – психологиялық климатты, сенімділікті, өзара көмекпен ынтымақтастықты құруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, мұғалім білім әлеміне жетелейтін «жетекші», өзіндік тапсырмалар мен теориялық материалды зерделеудегі – кеңесші және сарапшы, имитациялық ойын мен тренингте – жетекші, оқу жобасын орындау барысында үйлестіруші және кеңесші болады.

Оқу сабақтарының ұйымдастыру нысандарын анықтағанда ең алдымен курстың арнайы мақсаттарына сүйену керек. ЭК бір не одан артық бірнеше оқушы оқығандықтан жеке-топтық және ұжымдық жұмыс нысандарының нұсқалары ретінде қарастырған жөн. Егер курстың мазмұны тек топтық немесе ұжымдық нысанда игерілуі мүмкін болса, онда оқитын топтың минималдық санын нақтылау керек.

Таңдаған кәсіп түріне қарай болашақ кәсіп қызметінің үрдісі мен шарттары туралы оқушыға түсінік беретін оқыту түрлері мен әдістерін қолдануды қарастыру арқылы кез-келген деңгейде оларды жобалаған маңызды.

ЭК оқытудың мазмұны мен әдістемесін қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар:


  • тақырыптың тұлғалық өзектілігімен әлеуметтік маңыздылығы;

  • базалық курстарды қолдау, тереңдетілген кәсібилендіру мен бірге оқытудың жеке траекториясын таңдау;

  • мұғалім мен оқушының оқу сұранысына ие болып, оқушының болашақ кәсіби қызметіне барабар оқытудың түрлі нысандары мен әдістеріне сүйеніп оқытуды ұйымдастыру.

Сонымен қатар, оқушылардың кәсіби оқуына сәйкес практикалық қызметке араласқаны да маңызды. Жалпы – оқу, интеллектуалдық және ұйымдастырушылық қабілет пен дағдыны дамытып, қалыптастыруды қамтамасыз етуі де керек.

1.6. Курсты оқу нәтижесі. ЭК оқытуда күтілетін нәтижесі сауалының жауабы: жеке білім траекториясын мектепте құруға қандай білім, білік, тәжірибе қажеттігі мен мектепті аяқтаған соң сәтті кәсіби карьера алынып, қандай қызмет түрлері игерілетіні, оны игеру үшін қандай құндылықтар қажет екені ұсынылмақ.

Оқыту нәтижесі «оқушы білуі керек» (мысал келтіру, түсінік алу, білу), «тәжірибесі болуы» терминдері түрінде беріліп, құзырлы термин ретінде қалыптасуы керек. Курстағы оқуды аяқтағанда оқу құзырлығының кем дегенде негізгі үш түріне сәйкес – топпен жұмыс, ақпаратпен жұмыс, мәселені шешу құзырлықтары бойынша білім алған оқушының деңгейін анықтауға болады.


    1. Барлық бөлімдері мен тақырыптарының негізгі мазмұны көрсетілген курстың тақырыптық жоспары мен оларды оқудағы бюджет уақыты.

    2. Қосымша оқу материалдары: мұғалім мен оқушыларға арналған (негізгі және қосымша) әдебиеттер, электронды басылымдар (компакт дискілер, компьютерлік оқыту бағдарламалары), интернет қорлары.


2. Оқушыларға арналған оқу құралы.

Курстың негізгі мазмұны дәстүрлі оқулық түрінде де, басқа да нысандарды (бейне курс, интерактивті компьютерлік бағдарлама, интернет қорлары т.б.) ұсынылуы мүмкін. Оқу материалын баяндау мұғалімді дәріс оқуға бағыттауға емес, керісінше оның атқаратын функциясы бойынша – оқушыға сыныпта жасайтын тапсырмаларды ұсынуға (мәтіндер мен материалдарды талқылауға, берілген материалдар бойынша пікірталас ұйымдастыруға), курсты меңгеру бойынша өзіндік жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындауға және шығармашылық жобаларды дайындауға бағытталуы керек.

Құралдың мазмұны оқушыларды өздігінен мәселелерді шешуге үйретуі керек. Материалдың баяндалуында оқушылардың алдына мәселе қойып, соңынан оны шешу жолдары көрсетілетін проблемалық стильді қолданған дұрыс. Шешімнің өзі анық құрастыру маңыздылығымен қатар, танымал болған мәселемен салыстырылуы керек.

Құралдың анықтамалық-әдістемелік аппараттары да: курс пен оның бөліктерінің кестелері, айдаршалары, сөздік, бақылау, мәселе мен шығармашылық сауалдар мен тапсырмалар, иллюстрациялық тапсырмалар, қаріптік белгілер (терминдер, мағыналық екпіндер, мысалдар, қызықты деректер және т.б.) маңызды.

Элективтік курс құралының оңтайланған нысаны – өзі үйреткіш. Бұнда оқу кітабының «мектептен кейінгі» болашағын есепке алу маңызды; оқушыға мектеп бітірген соң қандай сапада (сөздіктің, анықтаманың, оқу кітаптарының) пайдалы екендігі.
3. Әдістемелік ұсыныстар/сабақ әзірлемелері.

Бұл оқу-әдістемелік кешенінің элементтері оқушылар мен мұғалімдердің сабақтарын дайындап, сапалы өткізуіне әсерін тигізуі керек. Әдістемелік ұсыныстар мен құрал оқушы мен мұғалім өзіне керегін алатын кітапқа біріктірілуі мүмкін. Бұндай нұсқадағы оқу кітаптары баспахана үшін де тиімді болады, себебі жеке мұғалімге арналған әдістемелік құралдар кітаптардың көп мөлшердегі данамен шығарылғанда ғана мақсатты болмақ.


4. Хрестоматия/Мазмұндамаланған әдебиеттер тізімі.

Курс материалы игеруге қиын материалдарға негізделген жағдайда ғана хрестоматияны әзірлеу қажет. Егер ұсынылған әдебиетке қол жеткізу мүмкін болған жағдайда, мазмұндамаланған әдебиеттердегі тақырыптардың қандай ақпарат көздерінен алынатын тізімі көрсетілгені жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет