Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы



бет13/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

Ферментті препараттар

Ферментті препараттар қанттандырушы материалдар ретінде қолданылады. Олар спирт зауыттарында, сонымен бірге, микробиология өнеркәсібінің арнайы кәсіпорындарында өндіріледі.
Олардың ассортименті едәуір кең, олардың продуценттері болып зең саңырауқұлақтары, сонымен бірге бактериялар, ашытқы тәріздес микроағзалар да бола алады. Өнеркәсіпте ферментті препараттарды алу үшін, негізінен, ферменттердің берілген жиынтығын продуцирлейтін селекциямен шығарылған штаммдарды пайдаланады. Продуцент-микроағзаларды іріктеу жақында өткен уақытқа дейін олардың амилолитикалық ферменттерді – α-амилаза мен глюкоамилазаны жинау қабілеттілігіне қарай өткізілді. Қазіргі кезде спирт шығымын арттыру үшін қанттандыру үшін пайдаланылатын препараттардың ферментативті жиынтығына крахмалды емес полисахаридтерді гидролиздейтін ферменттер кіруі тиіс деп саналады.
Спирт зауыттарында, негізінен, Aspergillus awamori (Глюкоаваморин Пх) және Aspergillus oryzae (Амилоризин Пх) зең саңырауқұлақтарының беттік жолымен алынған құрғақ культуралары, Bacillus subtilis – Амилосубтилин Г3х бактериалды амилазаның құрғақ препараты, Aspergillus awamori (Глюкоаваморин Пх), Aspergillus batate (Глюкобататин Гх) зең саңырауқұлақтары микроағзаларының тереңдей алынған культуралары, Bacillus mezentericus (Амиломезентерин Гх), Endomicopsis bispora (Глюкоэндомикопсин Гх) бактериялары пайдаланылады. Соңғы уақытта құрамында термотұрақты амилаза, глюкоамилаза, сонымен қатар ақуыз бен крахмалды емес полисахаридтерді гидролиздейтін ферменттері бар әртүрлі шетел фирмаларының ферментті препараттары кеңінен қолданылады.
Ферментті препараттар сапасы стандарттар талаптарына сәйкес физико-химиялық және биологиялық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Олардың сипаттамасы 2.2-2.7 кестелерінде келтірілген.
Кесте 2.2. – Зең саңырауқұлақтарының беттік жолымен алынған құрғақ культураларының сипаттамасы

Көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормалары

Глюкоаваморин Пх МЕМСТ 59-10 бойынша

Амилоризин Пх МЕМСТ 59-6 бойынша

категориялар

1

2

3

Сыртқы түрі

Ұсақ түйірлі өнім

Түсі

Ақшыл сұр немесе сарғыш

Бөлшектер көлемі, мм, көп емес

5,0

Ылғалдылығы, %, көп емес

13,0

Амилолитикалық қабілеттілігі (АҚ), бірл/г, кем емес

45,0

250±25

200±20

150±15

Қанттандыру қабілеттілігі, (ҚҚ), бірл/г, кем емес

Нормаланбайды

10,0


Протеолитикалық қабілеттілігі (ПҚ), бірл/г, кем емес

Нормаланбайды

0,5

Глюкоамилазалық белсенділігі (ГлБ), бірл/г, кем емес

50,0


-


-


-


Су сүзіндісінің мөлдірлігі

Сүзінді лай болмауы тиіс, опалесценция рұқсат етілген

Саңырауқұлақтардың құрғақ культураларының сапасы зауыт зертханасында тексеріледі.


Қанттандыруда әрекет етудің оңтайлы жағдайлары: Глюкоаваморин Пх және Амилоризин Пх – температура 56-58 0С, рН 4,8-5,6.
Амилосубтилин Г3х-1 (бактериалды амилаза) ферментті препаратын Bacillus subtilis бактериясының тереңдей алынған культурасының культуралық сұйықтығының алдын-ала қойылтылған сусүзбесін бүріккіш кептіргіште кептіру жолымен алады. Физико-химиялық көрсеткіштер бойынша препарат МЕМСТ 59-9 талаптарына сәйкес болуы тиіс (кесте 2.3).
Кесте 2.3 – Амилосубтилин Г3х ферментті препаратының сипаттамасы

Көрсеткіштер атауы

Сипаттамасы мен нармалары

Сыртқы түрі

Ұсақ ұнтақ

Түсі

Ақшыл сұр немесе ақшыл сарғыш

Ұсақтау ірілігі:
- елек № 38 арқылы өтуі, кем емес
- елек № 27-дегі қалдық, көп емес

65,0
20,0



Амилолитикалық белснділігі (АҚ), бірл/г (колориметрлік әдіспен), кем емес

600,0

Протеолитикалық белсенділігі (ПҚ), бірл/г (Ансон-Мирский әдісі бойынша), кем емес

1

Ылғалдылығы, %, көп емес

8,0

Мөлшер тестінде зиянсыздығы

Зиянсыз

Кесте 2.4 – Глюкоаваморин Гх-466 ферментті препаратының сипаттамасы



Негізгі көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормалары

Сыртқы түрі

Қою жылжымалы масса

Сусүзбенің сыртқы түрі

Әлсіз лай не опалесценциялайтын сұйықтық

Түсі

Сарыдан ақшыл қоңырға дейін

Сахарометр бойынша сусүзбедегі құрғақ заттар мөлшері, %

8,0±1,5

Ашытылатын көмірсулардың мөлшері, г/100 см3

5,0±1,0

30 0С-та және рН 4,7 болғанда глюкоамилаздық белсенділік, бірл/см3

200±20

1 см3-де бөгде микрофлораның мөлшері, көп емес

105

12-15 0С температурада белсенділік шығынынсыз культураның сақталуы, сағат

150

рН

3,2±0,5

Глюкоаваморин Гх әрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар – температура 50 0С, рН – 4,0±0,5. Көрсетілген препараттың құрамында, негізінен, глюкоамилаза болады.


Глюкоаваморин Гх уытты ішінара алмастыра алады немесе α-амилазаның басқа көздерімен қоспасында уытты толығымен алмастыруға пайдаланылуы мүмкін.
Амиломезентерин Гх – құрамында сұйылтатын әсері бар α-амилаза болатын бактериалды препарат. Өте термотұрақты, заместі алдын-ала қайнату сатысында пайдалануға болады.
Оның сапа көрсеткіштері 2.5 кестесінде келтірілген.
Кесте 2.5 – Амиломезентерин Гх-467 ферментті препаратының сипаттамасы

Көрсеткіштер атауы

Сипаттамасы мен нормалары

Сыртқы түрі

Жылжымалы сұйық масса

Иісі

Гидролизденген ақуыздың

Түсі

Сарылау-сұр

Құрғақ заттар мөлшері, %

3,0±0,5

Амилолитикалық белсенділігі (АҚ), бірл/см3

40±44,0

Амиломезентерин Гх ферментті препаратын 12±1 0С температурасынан асырмай 4 тәуліктен артық емес тот баспайтын болаттан жасалған немесе эмальданған зарарсыздандырылған сыйымдылықтарда сақтауға рұқсат етіледі. Осы температурада 12 сағаттан асырмай жылу өткізбейтін зарарсыздандырылған сыйымдылықтарда тасымалдайды («сүт тасушы» машина).


Aspergillus batate-61 (Глюкобататин Гх) зең саңырауқұлағының тереңдей алынған культурасының құрамында α-амилаза мен глюкоамилаза болады. Оған талаптар ТШ 18-3-1 техникалық шарттарымен анықталады (кесте 2.6).
Кесте 2.6 – Глюкобататин Гх ферментті препаратының сипаттамасы

Көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормалары

Сыртқы түрі

Қою масса

Сусүзбенің сыртқы түрі

Мөлдір сұйықтық

Түсі

Ақшыл қоңыр

α-амилаза белсенділігі (АҚ), бірл/см3*

2,0-4,0

Глюкоамилаза белсенділігі (ГлҚ), бірл/см3*

2,0-5,0

Сақталуы, сағат

24-36

* АҚ және ГлҚ барданың қатқыл сусүзбесінің құрамына және осындай кең аралықтарда өсіру ұзақтығына байланысты өзгеріп тұрады.


Endomicopsis bispora ашытқы тәріздес саңырауқұлақтың тереңдей алынған культурасы – Глюкоэндомикопсин Гх құрамында тек глюкоамилаза болады. Осы препаратқа қойылатын талаптар 2.7 кестесінде келтірілген.
Кесте 2.7 – Глюкоэндомикопсин Гх ферментті препаратының сипаттамасы

Көрсеткіштер

Сипаттамасы және ортада культивациялаудағы нормалар

бардамен

соя ұнымен

Саңырауқұлақ культурасының сыртқы түрі

Қою масса

Сусүзбенің сыртқы түрі, түсі

Мөлдір емес сұйықтық, сарылау

Мөлдір емес сұйықтық, ақшыл қоңыр

Глюкоамилаза белсенділігі (ГлБ), бірл/см3*, кем емес

25

30-36

Сақталуы, сағат

36-48

Қанттандыру үшін Глюкоэндомикопсин Гх тек Глюкобататинмен Гх қоспасында қолданылады. Соңғысы α-амилаза көзі ретінде пайдаланылады.


Соңғы кезде глюкоамилазаның тазартылған препараты Глюкоаваморин Г3х өндіріледі. Оның сипаттамалары 2.8 кестесінде келтірілген.
Кесте 2.8 – Глюкоаваморин Г3х ферментті препаратының сапа көрсеткіштері (ТШ 483-05803071-02 бойынша)

Көрсеткіштер

Сипаттамасы немесе нормасы

Сыртқы түрі мен түсі

Түсі ақшыл сарыдан ақшыл қоңырға дейін болатын біртекті ұнтақ

Глюкоамилазды белсенділігі (ГлҚ), бірл/г

330±30

Ылғалдың массалық үлесі, %, көп емес

8,0

№ 025 сым торлы електегі қалдықтың массалық үлесі, %, көп емес

15,0

Мөлшер тестінде зиянсыздығы

зиянсыз





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет