Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


Су және қосымша материалдар



бет14/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

Су және қосымша материалдар

Су спирт өндірісінде суытқыш агент ретінде бу қазандарын қуаттандыру үшін технологиялық мақсаттарға жұмсалады.
Технологиялық үдерістерде су уыт өсіруде дәнді сулау, уыт сүтін дайындау, заместі немесе меласса суслосын дайындау, жабдықтарды жуу үшін пайдаланылады.
Өндірістік орталарды суыту үшін су ашу сатысында, ашытқыны дайындау, брагоректификацияда қолданылады.
Технологиялық мақсаттағы суға ауыз суына қойылатын талаптар қойылады: кермектігі 7 мг-экв/дм3 көп емес, улы элементтердің болуына рұқсат етілмейді, коли-титр 300 см3 көп емес. Биохимиялық үдерістердің өтуі үшін судың рН-ы 5-6-дан аспауы тиіс. Кальций және магний гидрокарбонаттары, уақытша кермектік тұздарының көп мөлшерде болуы судың сілтілігін арттырады, бұл қанттандыруға, ашытқы күйіне нашар әсерін тигізеді. Сонымен бірге кальций гидрокарбонаттары ашытқы қоректенуі үшін қажетті шикізат фосфаттарымен оларды ерімейтін күйге айналдыра отырып реакцияға түсуге қабілетті.
Судың өте жоғары кермектігі, 8 мг-экв/дм3-ден аса, уыт алуда дәннің өсуін қиындатады, оның амилолитикалық белсенділігін төмендетеді.
Өндіріс талаптарын қанағаттандырмайтын табиғи суды қажетті операциялар кіретін сұлба бойынша түзетеді: қалқыма бөлшектер болса, сүзеді, коллоидты қоспаларды алып тастау үшін коагуляциялайды, нормативтен артық кермектік болғанда, белгілі тәсілдердің біреуімен жұмсартады. Сілтілікті күкірт қышқылымен қышқылдату арқылы төмендетеді.
Заместі дайындау үшін кермектігі 12 мг-экв/дм3-ден көп емес, рН 5-тен кем емес, құрамында ашытқының жетілуін тежейтін улы элементтер, нитриттер, аммиак, нитраттар және басқа да қосылыстар болмайтын техникалық суды пайдалануға болады. Жылу алмастырғыштар үшін судың құрамында көп мөлшерде қалқыма және коррозияға ұшырататын заттар болмауы тиіс, оның кермектігі 3-6 мг-экв/дм3 аралығында, ондай судың температурасы 20-22 0С-тан артық болмау керек.
Қазандарды қуаттандыру үшін, әдетте, температурасы 60-65 0С дефлегматорлардан келген айналма суды пайдаланады.
Судың шығыны сумен жабдықтау жүйесі, қабылданған технологиялық сұлба, шикізат түріне және т.б. факторларға тәуелді. 1462 м3 астықты қайта өңдегенде суды тұтыну жылдық орта нормасы, соның ішінде ауыз суды қосқанда – 442 м3; сәйкесінше картопты қайта өңдегенде – 2145 және 434 м3. Екісатылы вакуум-суыту тәсілін пайдаланғанда қосымша температурасы 10 0С-тан аспайтын 150 м3 су шығындалады. Жыл бойы жылдық орта норманың өзгеру коэффициенті (К) құрайды: астық үшін К жаздық – 1,39; К қыстық – 0,77; картоп үшін К жаздық – 1,29; К қыстық – 0,85.
Қосымша материалдарға спирт өндірісінде дайын өнім құрамына тікелей кірмейтін, бірақ технологиялық үдерістердің жақсырақ өтуіне мүмкіндік беретін шикізат түрлерін жатқызады. Бұл – ашытқы үшін қосымша қоректену көздері, уыт өсіруді жылдамдату үшін биостимуляторлар, суслоны қышқылдату үшін қышқылдар, көбік сөндіргіштер, жуу және залалсыздандыру құралдары.
Ашытқыны қосымша қоректендіру үшін фосфор көзі ретінде техникалық ортофосфор қышқылын; азот көзі ретінде аммоний сульфаты, карбамидті; азот және фосфор көзі ретінде диаммоний фосфатын қолданады.
Астық, астық-картопты суслоны қышқылдату үшін күкірт қышқылын, меласса суслосы үшін күкірт және тұз қышқылдарын қолданады.
Уыт өсіруде дән өсуінің биостимуляторы ретінде 600-800 мг/тонна астыққа мөлшерінде гиббереллин препараттарын пайдаланады.
Көбікті сөндіру үшін беттік-белсенді заттарды қолданады: майлар, өсімдік майлары, олардың гидролиз өнімдері: олеин қышқылы, кашалот майы, соапсток (өсімдік майын сілтілік рафинациялаудың қалдығы), т.б.
Жабдықтарды жуу үшін дәстүрлі түрде каустикалық соданы (техникалық натрий гидроксиді) және кальцийленген соданы (техникалық көмірқышқылды натрий) қолданады. Залалсыздандырушы заттар ретінде хлорлы әк (кальций гипохлориті препараты), антиформин (хлорлы әк, кальцийленген және каустикалық сода қоспасы), формалин (формальдегидтің 37%-дық ерітіндісі), синтетикалық жуу және залалсыздандыру құралдарын (катамин, катапин, сульфонолдар және басқа) пайдаланады. Синтетикалық жуу және залалсыздандыру құралдары жоғары антимикробты белсенділікке ие болуы және аз шығындалуы арқасында кең тарап жатыр, олардың ерітінділері, әдетте, бейтарап ортаға ие және жабдықтар материалына әсерін тигізбейді. Қосымша материалдар туралы жан-жақты /1/-де қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет