Спирт өндірісі шикізатының салыстырмалы сипаттамасы
Құрамында крахмалы бар шикізат бір технологиялық сұлба бойынша қайта өңделеді. Астық пен картоп үшін ортақ негізгі талап – крахмалдың максималды мөлшерде болуы. Алайда картоп астыққа қарағанда, спирт өндірісінің талаптарына көбірек жауап береді деп есептеледі. Картоптың орташа өнімділігінен келе, картопты өсіргенде, егіс алаңының бірлігінен астықпен салыстырғанда 3-4 есе көп крахмал алынады.
Картоп крахмалы оңайырақ қайнатылады, одан спирт шығымы жоғарырақ. Картоптан жасалған сусло ашытқының азотты және фосфорлы қоректенуі үшін аса толық құнды құрамға ие. Картопты қайта өңдеуде зауыт өнімділігі астықты қайта өңдегеннен 10% жоғары, отын шығыны азырақ және толықтай алғанда, спирттің өзіндік құны төменірек.
Бірақ картоп өсіргенде, еңбекті көп қажет етеді, оны алыс қашықтықтарға тасымалдауға тиімсіз, оны сақтағанда, ылғал мөлшері жоғары және ауруларға шалдыққыш болғандықтан, шығындары жоғары. Картоп спиртінің құрамында пектинді заттар ыдырауынан түзілетін метанолдың шамадан жоғары мөлшері болады.
Астық жақсырақ сақталады, тасымалданады, астықты қайта өңдегенде, спирт өндірісінің барлық сатыларында шығындар азырақ.
Астық спиртінің сапасы картоп спиртіне қарағанда жоғары, бірақ онда спиртке күйдіргіш дәм беретін терпендер бар болуы мүмкін.
Мелассада ашытқының жетілуі үшін қажетті барлық заттар бар, сондықтан меласса суслосы тезірек ашытылады. Мелассаны қайта өңдегенде, технологиялық сұлба қарапайым болады, өйткені қайнату және қанттандыру сатылары шығарылады. Меласса бардасы өнімдердің үлкен ассортиментін өндіру үшін пайдаланылады.
Алайда, мелассадан алынатын спирт сапасы ең төмен, себебі ашытқанда қосалқы өнімдердің көп мөлшері түзіледі.