Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет103/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Мамандыққа бағдарлау

Кәсіптік мәлімет - мамандықты таңдау кезіндегі алғашқы кезең. Бұл жерде әр түрлі мамандықтар оның еңбектегі іс-әрекеті жайлы және адамға қойылатын талаптар жайлы білімдерді білу жатады. Бұл кеңес және еңбек сабақтарында өтпей, әр түрлі ұйымдастырылған формада өткізіледі: арнайы кездесулерде, оқушылармен әңгімелесу барысында, арнайы оқу конференцияларын ұйымдастыру барысында, түрлі кинофильмдерді көру барысында, экскурсиялар және басқа сабақтар барысында өткізіледі.

Кәсіптік кеңес - мамандыққа бағдарлау жұмысының 2-ші сатысында тұр. Ол оқушылардың мамандық таңдауға жеке қабілеті, психофизикалық мүмкіншілігін ескеріп, көмек көрсету болып табылады. Бұл кезеңнің міндеті әр қилы: оқушылардың қызыққан мамандығын таңдауын көріп қана қоймай, олардың жұмысқа орналасуына, мекемеде бос орын табу және мектеп бітірушілермен жұмысқа тұру туралы кеңес жүргізу және тағы басқа. Әрбір баланы жеке зерттеу барысында педагогикалық балаға көзқарасын, жанұядағы мектептегі достары арасындағы достарымен қарым – қатынасын зерттеп білу керек. Кәсіби кеңес жүргізуде мектеп дәрігерімен жетекшілік рөл үлкен көмек болып саналады.

Кәсіптік диагностика - есту қабілеті зақымдалған оқушыларды жан -жақты зерттеу негізінде өткізіледі. Оқушыны нақты мамандыққа дайындауда оның биологиялық немесе туа біткен қасиетін психологиялық қызығушылығымен ұйымдастыру қабілеті, коммуникативтілігі, сенсорикасы және психикалық процестерінің барлық ерекшеліктері ескеріледі.

Кәсіптік іріктеу - бұл бағдарлауда мамандық таңдауды оқу мекемесінің мамандарымен мекеменің өкілдері өткізіп жіктейді. Оқуға немесе жұмысқа түсушілерге белгілі талаптар қояды. Кәсіптік бейімделу - кәсіптік бағдар берудің соңғы сатысы болып табылады. Мектеп бітірушілердің еңбек шартын табысты қолданып үйренуін көздейді. Мектептің міндеті өздерінің түлектерін жұмысқа орналастыру және олрдың үйреніп бейімделіп кету қабілетін зерттеу, кәсіптік бағыт беру, қоғамдық еңбекке бейімдеу сондай-ақ оларға қиын түспейтін жұмыс түрімен қамтамасыз ету болып табылады. Мектепте мамандық таңдау барысында есту қабілеті зақымдалған оқушылардың сөйлеу қабілетінің дамуы мен танымдық және психикалық процестерінің ерекшеліктерін ескеруді ұсынады.

Жалпы техникалық дайындық кезеңінде мектепте ең маңыздысы ағашпен, металмен электромонтажды жұмыстар өткізіледі.

Қазіргі машиналарды түсіну үшін алдын ала қолдық құрал-жабдықтармен және олардың құрылымымен таныстырады. Шеберханадағы тәжірбиелік жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін қолдану мен еңбек дағдыларын қалыптастыратын, сөйлеу тілінің дамуына жол ашатын қолайлы жұмыс түрі болып табылады.

Оқушылар жалпы техникалық дайындықтан толығымен өтіп, мұғалімнің жоспарлаған меңгеруге тиіс білімдері мен дағдыларын меңгерген соң олар мамандыққа даярлау кезеңіне өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет