Мемлекеттік қызметті жетілдіру және жемқорлықтан тазарту. Мемлекет Басшысы мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік аппараттың қызметіне баса назар аударды.Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілік реформалардың басым бағыттарын айқындап, Үкіметке келесі шараларды орындауға тапсырды:
мемлекеттік органдардың құрылымдарын, басқару шешімдерін қабылдауда мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру;
нақты орындалған еңбек нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру;
мемлекеттік қызметтің жоғары сапасына қолжеткізу;
мемлекеттік органдар қызметі және бюджеттік процестерге жаңа жол табу жолдары ;
мемлекеттік аппараттың басқарылуы және тұрақтылығы , беріктігін арттыру;
жемқорлықты азайту;
мемлекеттік қызметтің оң имиджін бекіту және құру.
Айтып өту керек, 2004 жылы басталған әкімшілік реформасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жыл, 13 қаңтарындағы «Қазақстан Републикасында мемлекеттік басқаруды модернизациялау шаралары туралы» Жарлығында айқындалған принцптер бойынша жүргізілді. Бұл кезеңдердің бірізділігі мен тұрақтылығы; реформалаудың қойылған міндеттерінің жинақтылығы және ұсынылып отырған шешімдердің жүйелілігі; транспаренттілігі; қабылданған шешімдердің үздіксіз мониторингі және барлық тартылып отырғын мемлекеттік органдардың өзара әрекет етулері нәтижелілігі.
Әкімшілік реформасының берілген кезеңде комплекстік шаралардың іске асырылуына қарамастан , мемлекеттік басқару жүйесінде шешілмеген мәселелер қалды: жемқорлықтың болуы, бүкпесізідік пен тазалықтың болмауы; мемлекеттік органдар қызметінде бірін бірі қайталау жұмыстарының (дублирование) болуы және т.б.Осыған орай мемлекеттік органдарды модернизациялау жұмыстары жүргізілу қажеттілігі туындады, өйткені мемлекеттік органдардың жұмысының сапасына мемлекеттік реформалардың іске асырудың нәтижелі болуы тәуелді болды. Мемлекеттік қызметке талантты кадрларды тарту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін құру, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы жүйесін жетілдіру, мемлекеттік менеджменттің тиімді әдістерін енгізу сияқты қорытындысы нәтижелі болатын жұмыстарға баса назар аударылды. Бұл кезеңде мемлекеттік басқару құрылымыдарын оптимизациялау бойынша функционалдық талдауды негізге ала отырып, жоспарлауды жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, мемлекеттік органдар қызметіне рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары жалғасын тапты. Мемлекеттік басқарудың реформаларының жаңа басымдықтары айқындалып отырды. Бұл белгілі бір қоғамдық өмір салаларындағы мемлекеттік саясаттың өзгеруімен, жаңа мақсаттар мен міндеттердің алға жылжуымен көрініс тауып отырды.
Дамудың жаңа сатысында Қазақстанның шешуге тиісті міндеттерінің қиындығы, кейде мемлекеттік басқаруға жол табуды қажет етеді. Сондықтан да жаңа стратегиялық курстың жаңа мақсаттық басымдығының бірі мемлекеттіктің беріктігі және қазақстандық демократияның дамуы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан стратегиясы -2050»: мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты Жолдауында мақсат қойылған – « мем лекеттік басқарудың жаңа түрін құру. Ол қоғамға қызмет етудің жаңа міндеттері мен мемлекеттің беріктігін сақтауға жауап беруі қажет». Қойылып отырған міндеттерді іске асыруға арналған негізгі міндеттері айқындалды. Олардың шешімі мемлекеттік басқарудың тиімділігі және рационалдығы, әрбір мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметкердің қызметіне байланысты болады.Алдыңғы әкімшілік реформалардың кезеңдеріндегідей ең алғашқы міндеттердің біріне, мемлекеттік қызметті жетілдіру, мемлекеттік аппаратты кәсіби деңгейде құру, мемлекеттік қызметтегі кадрлар құрамын кәсіби дайындықтан өткізіп, іріктеудің дамыған, жаңа әдістерін енгізу арқылы таңдау кіреді. Халыққа жедел және тиімді қызмет көрсету, бизнес-қауыдстықпен өзара қарым-қатынас жасаудың жаңа жүйесін құру үшін мемлекеттік аппаратқа талаптар арта түсті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуыме бірге жаңа мемлекеттік қызметті құру белсенді түрде жүргізілді. Мемлекеттік құрылымдағы бастапқы кезеңінде мемлекеттік қызметтің негізін бұрынғы партиялық - кеңестік мемлекеттік аппарат құрды. Әрине, тәуелсіздік жағдайында берілген аппараттың түрі жаңа егеменді мемлекеттің шындығына қарай өзгеріп, қазақстанның өзіндік мемлекеттік қызметін құру бойынша жұмыстар қатарынан жүріп отырды.
Мемлекет пен қоғам өміріндегі мемлекеттік қызметтің қажеттілігі мен маңыздылығы берліген институттың конституциоландыру керектігін айқындап берді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1995 жылдың 30 тамызында бекітілген 33 тарау 4 пунктінде азаматтардың мем лекеттік қызметке тұруға тең құқылы екендігі көрсетілген. Бұл мемлекеттік қызметті құрудың - берілген институт қызметінің маңыздылығын көрсетеді. Беріліп отырған норма бойынша мемлекеттік қызметке тұратын кандидаттарға қойылатын талаптар лауазымдық міндеттемелердің сипатына байланысты шартталған. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың осы немесе басқа да сұрақтары, талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген. Осындай талаптардың біріне мемлекеттік қызметкердің адалдығы жатады. Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік саясаты және тәжірибесі бүгінгі күнде беріліп отырған мәселелерді іске асыруға бағытталған, өйткені адалдықты қамтамасыз ете алмау тәжірибелерінің нәтижесі кең көлем жайғандығы соншалық, жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіре бастады.
Жемқорлыққа қарсы әрекет Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің құрылуы саяси-анықтайтын кезеңдерінің - оның құқықтық және жеке атқарушы органдардың негізін құру- Мемлекеттік қызмет істері бойынша 1999 жылдың 23 шілде, Қазақстан Республикасының Агенттігімен жүргізіліп, іске асырылып кел жатқан мемлекеттің негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделін құру бойынша белсенді қызмет етумен қатар жемқорлыққа қарсы механизмдерді құру бойынша да жұмыстар жүргізілді. Оның жүелік сипатын қамтамасыз ету үшін белгілілі бір нормативтік актілермен ұйымдастыру - тәжірибелік шаралардың қатары қабылданып, Қазақстан Республикасы Президентінің жемқорлықпен күрес және одан тазарту жолдары туралы Жарлығы шықты:
«Қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру бойынша шаралар туралы» 20 сәуір 2000жыл №77;
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан жемқорлықпен күрес сұрақтары жөніндегі Комиссияның құрылуы туралы» 2 сәуір 2002 жыл № 839;
Осы және басқа да нормативтік актілерге сүйенген шаралар сол кезеңде жалпылық сипат алған (өкінішке орай, әлі де бар) жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталды. Жоғарыда көрсетілген заң аясындағы құрылған нормативтік құқықтық актілермен Қазақстан Республикасы Президенті жанында құрылған Комиссия жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік қызметкерлермен қызметтік этика ережелерінің бұзылуы және мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін арттыру, жемқорлықпен күресудің жолдары мен шараларын жасаушы, консультациялық -кеңес беруші орган болып табылады.
Консультациялық-кеңес беруші орган жемқорлық, құқықбұзушылық фактілері бойынша тәртіптік жаза тағайындауға құқығы бар тұлғаларға қызметтік зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар беруге құқылы.
Жоғарыда беріліп отырған органдар өз жұмыстарын іске асыруда жариялық принціптеріне, өз қызметтерінде профилактикалық бағдарды үздіксіз ұстауға, қоғамдық өкілдерді және бұқараттық ақпарат құралдарын дайындыққа кең түрде тарту және жұмысшылар мәжілісін өткізуге басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері Қазақстан Републикасының Президентінің 2006 жылғы 1қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Парламенті палатасының пленарлық мәжілісінде оқылған « Мемлекеттік басқаруды корпоротивті басқару принціптерін модернизациялау, транпаренттілік және қоғам алдында есеп беру» бағдарламалық баяндамасында көрсетілді.
Мемлекеттік басқару жүйесінде масштабты өзгерістер меритократия, адалдық және тиімділік принціптеріне негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құру міндетінен басталды. Беріліп отырған принціптер Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылдың 17 маусымында болып өткен халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясында айтылды.
Осы тапсырмаларды орындау Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жыл 21 шілде №119 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жаңа моделінің Концепциясы бекітілді. Беріліп отырған Концепцияны кең көлемді іске асыруға 2012 жылдың желтоқсан айынан кірісіп, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына 2013 жылдың 26 наурызында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң күшіне енді.
Реформа аясындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметтің өзін ұйымдастыруда жаңа тәсілдердің болуын талап етті. Осыған байланысты қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Мемлекеттік қызметтің жаңа институттары жасалды және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша жаңа механизмдер енгізіілді. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін жемқорлыққа қарсы құрам күшейтілді.
Жаңа моделді құру бойынша тәжірибелік шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы наурыз айындағы Жарлығында регламенттелді. Осылайша, 2013 жылдың наурызында мемлекеттік қызмет реформасының мықты саяси-құқықтық базасы пайда болды.
2014 жылдың тамыз айында атқарушы органдарды оңтайландыру аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттігі мен Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлықпен күрес Агенттігінің қосылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес (қаржы полициясы) Агенттігі құрылды.
Жаңа агенттіктің тәжірибелік қызметі жемқорлықтан тазартуға бағытталды. Мемлекеттік органның жаңа міндеттері Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсан 2014 жылдың № 986 Жарлығымен Жемқорлыққа қарсы стратегияда көрсетіліп, бекітілген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша партия 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі.
2014 жылдың шілдесінен бастап Бағдарлама жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Бастауыш партия ұйымдары, өңірлік филиалдар, ҚР Парламенті депутаттары, сарапшылар, қоғамдық ұйымдардан 800-ден аса ұсыныс келіп түсті.Бағдарлама жобасы мемлекеттік органдармен келісімделіп, партияның Мәжілістегі фракциясы, партияның барлық өңірлердегі кеңестерінде бірауыздан қолдау тапты.Ұсыныстар мен толықтыруларды ескере отырып, аталмыш құжат айтарлықтай жетілдіріліп, 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданды.
Бағдарламалық құжаттар – «Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік, еркіндік пен демократияға негізделген мемлекет пен қоғам құрылысының маңызды тарихи кезеңінің табысты аяқталғанын атап өтіп, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі одан әрі дамуының стратегиялық бағытын айқындап берді.
«Қазақстан–2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады». Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді.
Партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отанның» XV Съезіндегі «саяси көшбасшылықтың түбегейлі мәселесі – біздің сыбайлас жемқорлықпен ымыраға келмейтін стратегиямыз» деген тұжырымы қоғамның қазіргі үмітіне толық сай келіп отыр.
«Нұр Отан» партиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, қоғам мен мемлекеттің күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдырады.
Партияның саяси Доктринасында бекітіліген – Адам, Бостандық, Заңның үстемдігі, Әділеттілік, Ынтымақшылдық, Болашаққа ұмтылыс, Отбасы мен дәстүр сынды әмбебап құндылықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін құрайды. Бағдарлама қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-қуатын жұмылдыруға бағытталған саяси құжат болып табылады. Партия Бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегиясының идеологиялық негізін қалайды.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес республикамыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрды. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде.
«Нұр Отан» партиясы өзінің құрылған кезінен бастап қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген жиреніш сезімін табанды түрде қалыптастыра отырып, онымен мақсатты күрес жүргізіп келеді. Партияның Сайлауалды тұғырнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылға арнаулы бөлім бар. «Нұр Отан» 2008 жылы қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі партиялық бағдарламаны белсенді жүзеге асыруда. Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық инфрақұрылымын құрудың, тұлғаларды лауазымына қарамастан жауапқа тартудың, жемқорлыққа қатысты түйткілді мәселелерді ашық талқылаудың негізгі міндеттері өз шешімін тапты.
Жемқорлыққа қарсы іс–қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес аясында оның өңірлердегі филиалдарының арқасында барлық деңгейдегі депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың қатысуымен жемқорлық дерті дендеген салалардың қоғамдық бақылаумен қамтылу өрісі айтарлықтай кеңейе түсті.
Азаматтардың сеніміне ие болған Қоғамдық қабылдаулар кері байланыстың тиімді жолына және тұрғындардың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралына айналды. Партия тапсырысымен жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар бойынша жағымды өзгеріс байқалады. Мысалы, соңғы 4 жылда сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігіне оң баға беретін қазақстандықтардың саны екі есеге жуық өсті (2011 жылы – 24%, 2014 – 45%).
Алайда қабылданған шараларға қарамастан елдегі жемқорлық деңгейінің жоғарылығы күрделі мәселе күйінде қалып отыр. 2014-2015 жылдарға арналған Бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық Индексінің мәліметіне сәйкес Қазақстанда бизнес жүргізудегі бірінші кезектегі проблема сыбайлас жемқорлық болып табылады (16,7 балл), бейресми төлемдер мен парақорлықтың жайылғандығы жағынан да ахуал нашарлады (2014 жылы – 144 елдің ішінде 80-орында, 2013 жылы – 65-орында). Transparensy International көрсеткіші бойынша сыбайлас жемқорлықты түйсіну жағынан Қазақстан 2013 жылы 177 елдің арасынан 140-орын алды (2012 жылы – 133).
Әлеуметтік сауалнамалардың дерегіне сүйенсек, сұралғандардың 42%-ы сыбайлас жемқорлық кеңінен тараған деп есептейді, ал 33%-ы онымен тікелей ұшырасқан. Сауал салынғандардың үштен бірі үшін лауазымды тұлғаның сондай жағдай туғызуы пара берудегі негізгі себеп болған.
«Қазақстан–2050» Стратегиясындағы ауқымды міндеттерді және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатын жүзеге асыру жағдайында елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігінің сапасын арттыру қажет.
Осыған орай, мемлекеттің ғана емес, қоғамның тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылға байланысты жүйелі және ұзақ мерзімге арналған шаралар қажет. Бұл мақсатты іске асыру үшін партияның 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасы әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.
Аталған мақсатқа жету келесі мәселелердің шешілуін талап етеді:
– жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру;
– сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту;
– мемлекеттік органдар қызметі, квазимемлекеттік сектор мен монополия субъектілеріне партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту;
– жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттілігін кеңейту;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру.
Партияның саяси Доктринасында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр адамның міндеті. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекеттілігіміз бен демократиямызды жегідей жейді. Сондықтан да, біз сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің және қоғамда оның кез келген көрінісіне ымырасыздық ахуалын қалыптастырудың жүйелік жағдайын жасаймыз» деп белгіленген.
Осыған байланысты, бағдарлама бес іргелі қағидатқа негізделіп құрылған: