Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



бет4/10
Дата11.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#6798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

София АЛДАМЖАРОВА

УНИВЕРСИТЕТ ДОЛЖЕН СТАТЬ

НАУЧНЫМ ЦЕНТРОМ РЕГИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ

В Кызылорде состоялось первое заседание попечитель- ского совета при КГУ им. Коркыта-ата, в котором принял участие аким области Крымбек Кушербаев. Напомню, что, выступая на апрель- ской сессии областного маслихата, руководитель региона заострил внимание депутатов на ряде важных аспектов в развитии профессионально-технического образования, отметив, что Глава государства особо подчеркивает необходимость активного развития этой сферы. Особый акцент тогда был сделан на трудоустройстве выпускников профессиональных колледжей, вузов и уровне подготовки инженерно-технических кадров в учебных заведениях. Как отметил аким области, свою лепту в дело подготовки квалифицированных инженерно-технических кадров должен вносить КГУ им. Коркыта-ата. Понятно, что для этого необходимо менять структуру учебного заведения, решать вопросы оснащения его современным оборудованием, подбирать профессиональный педагогический состав... КГУ должен стать региональным флагманом среди вузов, готовящих востребованные экономикой региона кадры. Решение важных организационно-технических, образовательных задач станет возможным благодаря работе попечительского совета. Его председателем был избран аким области Крымбек Кушербаев. Заместителем председателя – ректор КГУ им. Коркыта-ата Кылышбай Бисенов. В состав попечительского совета вошли руководители государственных и общественных организаций, предприятий, представители общественности... Попечительский совет, наделенный широкими полномочиями, будет принимать активное участие в развитии университета. О планах работы КГУ им. Коркыта- ата, стратегии подготовки специалистов собравшихся проинформировал ректор К. Бисенов. В ближайших планах вуза провести научно-практическую конференцию, посвященную выдающемуся ученому, доктору физико-математических наук, академику Асану Тайманову. К слову, ожидается, что в конференции примут участие дети ученого, которые пошли по стопам отца, работают в ведущих вузах России. Как отмечалось, готовить плеяду молодых ученых надо именно на примере таких ученых, внесших огромный вклад в мировую науку. На заседании совета подчеркивалась необходимость проведения мониторинга специальностей, в которых нуждается экономика региона. Профессионально-техническое образование должно ориентироваться в первую очередь на максимальное удовлетворение текущих и перспективных потребностей в специалистах. Крымбек Кушербаев отметил важную роль нефтяной компании «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» в подготовке необходимых региону кадров, которая тесно сотрудничает с КГУ им. Коркыта-ата. Это должно послужить примером другим компаниям, работающим в области. Хорошим стимулом для талантливой молодежи станет грант акима области для обучения в вузах республики и области. Именно для одаренной молодежи из отдаленных населенных пунктов, из социально уязвимых слоев и предназначен грант. В нынешнем году планируется выделить сто грантов, в следующем году число их увеличится до трехсот. Одним из важных условий предоставления гранта является то, что претендент должен пять лет отработать в области. Об условиях получения гранта, правилах его присуждения доложила начальник областного управления координации занятости и социальных программ Жазира Жылкышиева. Акцентируя внимание на деятельности КГУ им. Коркыта-ата, аким области отметил, что сейчас перед вузом стоит задача войти в пятерку лучших высших учебных заведений страны. Ярким примером для подражания может служить Каспийский государственный уни- верситет технологий и инжиниринга им. Ш.Есенова, который в рейтинге вузов Казахстана в 2011 году по девяти специальностям вошел в тройку лучших университетов страны. Наш госуниверситет должен стать современным высшим учебным заведением, ориентированным на подготовку инженерно-технических кадров новой формации, специалистов международного уровня для создаваемых в регионе инновационных кластеров с прорывными технологиями. Одним словом, университет должен превратиться в научный центр регионального развития.

//Кызылординские Вести.-2013.-1 июня.- С.3


ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒАЛАМТОР

Қызылорда облысының әкімі, саясаттану ғылымдарының докторы Қ.Е.Көшербаевтың

өлке жастарына арналған лекциясы
Өткен аптаның жұмасында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы Студенттер сарайында жергілікті жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жастармен кездесті. Аймақ басшысы соңғы буын өкілдері алдында «Жастар және ғаламтор» тақырыбында кең ауқымдағы дәрісін оқыды.

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Отанына жанашыр Сыр жастары!

Берген уәдеге сәйкес және қалыптасып қалған дәстүр бойынша өз өлкемізде, Еліміз бен дүниеде болып жатқан өзгерістер жайында пікір алмасу үшін тағы да жиналдық.

Жастарға арнаған сөзінің бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек” деген болатын.

Біздің жастарды қолдауға арналған барлық шараларымыз, соның ішінде осы секілді кездесу­леріміз Мемлекет басшысының сол тапсырмасынан шығады.

Бүгінгі әңгіме де жастардың білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалана білуіне ықпал ету мақсатын көздейді. Нақтырақ айтсақ, тақырыбымыз – мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп, экономика, ақпарат, ғылым мен білім, жалпы әлеуметтік саланың дамуына ықпалы артып, жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігіне деген әсері күшейіп келе жатқан, өздеріңіз күнделікті қолданатын Интернет туралы болмақ.

Осыдан оншақты күн бұрын ғана Гуглдың негізін қалаушылардың бірі, әрі оның басшысы Эрик Шмидтің “Жаңа сандық дәуір” атты кітабы жарық көрді. Интернеттің ықпалы бар барлық саланың мамандары асыға күткен бұл кітап – Интернет пен оның төңірегіндегі технологияларды сараптай келе, қоғам, мемлекет пен бизнестің болашағына жаңа көзқарас ұсынады.

Осы кітапты тауып алып, оқуға кеңес беремін.

Шмидтің айтуынша, адамзат Интернетті өз қолымен жасаса да, оның табиғаты мен болмысын терең түсінбейді. Бір кездері үлкен бөлмеге әрең сиятын бір компьютер мен екінші тура сондай компьютер арасында байланыс орнатып, шағын ғана ақпарат жеткізу үшін жасалған құрал еді. Енді, міне, кез келген жерден табылатын, мүмкіндігі шексіз тарихта бұрын-соңды болмаған ерекше құбылысқа айналды. Ол әр секунд сайын көлемі өсіп, мазмұны өзгеріп, тоқтаусыз мутация негізінде өз бетінше дамиды. Ол адам өміріне керемет пайдалы құрал, сонымен бірге ақылға сыйымсыз зиян әкелетін құбыжық та болуы мүмкін. Қазір біз сол пайда мен ықтимал кеселдің алғашқы белгілерімен ғана таныса бастадық.

Интернет – адамзат тарихындағы анархияға негізделген ең үлкен эксперимент. Жүздеген миллион адам минут сайын мыңдаған терабайт көлемдегі ақпаратты өз қолдарымен жасап, ортаға салады, оны еркін пайдаланады. Ол мәліметтің өзі де, оның жасалып таратылуы мен тұтынылуы да бірде-бір елдің заңымен реттелмейді. Осындай еркін ақпарат пен еркін әрекет алаңы өз алдына бөлек виртуалды әлем қалыптастырды.

Осы күнге дейін Интернет арқылы қаншама нәрсені оқып білдік, көрдік, естідік, сол арқылы қанша жақсы адаммен таныстық, қанша тамаша жаңалыққа қол жеткіздік, қанша асқақ арман мен қиял туды, қандай үлкен жұмыс істеліп, жобалар іске асты.

Жақсы-ақ, бірақ еш бақылаусыз, қазақша айтқанда бейберекетсіз, жөнсіз, жосықсыз әрекеттің салдары туралы да ұмытпаған дұрыс. Тексерілмеген ақпарат, дәйексіз пікір, кез келген адамды ретсіз қаралау, дәлелсіз жала жабу – соның басы ғана. Онлайн алаяқтықтың түр-түрін жасауға болатын, ұят пен абыройды ұмытқан ойын-сауық табуға болатын, бұзақы да, баскесер қылмыскер де еркін кіріп, басқаларға ақыл айтатын, ешкім бақыламайтын, қадағаламайтын орта іздеген адам Интернетке келеді.

Ерте ме, кеш пе, осы орта кеңейе түскен сайын біздің Интернет туралы түсінігіміз де өзгеруі тиіс. Өйткені, ол күнделікті өмірді тек жеңілдететін, көңіл көтеретін, уақыт өткізетін қызыққа толы, зияны жоқ құрал ғана емес, өміріміздің кез келген саласына тікелей қатысы бар, жеке басымыздың еркіндігі мен қауіпсіздігіне де ықпал ететін күшке айналып келеді.

Бұл технологияның арқасында адамдардың қиялы мен мүмкіндіктеріне тосқауыл қоятын ресми шекара, географиялық қашықтық, тіл білмеу, ақпарат жетіспеушілігі секілді шектеулер маңызын жоғалта бастады. Оның адам өміріне дендеп кіруі тарихта бұрын-соңды болмаған әлеуметтік, мәдени және саяси трансформацияға әкелмек. Жаңа технология негізіндегі өзгерістердің бұрын да болғаны рас, бірақ бұл жолғы өзгерістер адамзат атаулын толық қамтып, шын мәнінде ғаламдық құбылыс болмақшы.

Мұның негізгі себебі – ақпараттық технологиялардың таралу жылдамдығында. XXІ ғасырдың алғашқы он жылы ішінде ғана дүние жүзіндегі Интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті. Ал ұялы телефон байланысын пайдаланатын адам саны осы аралықта 750 миллион адамнан 5 миллиардқа жетті. Қазір бұл көрсеткіш 6 миллиардқа тең.

Жер жүзі халқының басым бөлігі бір ғана ұрпақ ғұмырының аясында ешқандай ақпаратқа қолы жетпей отырған жағдайдан адамзат тарихында жасалған барлық ақпарат пен мәлімет қорын еркін аша алатын күйге жетті. Ол ақпаратқа жол ашатын құралдар бір қолдың алақанына сиятыны кімді болсын таңғалдырмай қоймайды.

Егер технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы 5-10 жылдың ішінде жер бетіндегі 8 миллиард халықтың Интернетпен толықтай қамтылатыны анық. Байланыс әлдеқайда қолжетімді, ал жылдамдық аса жоғары болатыны да сөзсіз. Көп ұзамай-ақ, Интернет ең шалғай ауылдар мен елді-мекендерді қамтып, миллиондаған адамдардың қолына дәстүрлі телефоннан бұрын жетеді. Мұның барлығы әрбір жеке адамның және жалпы қоғамның әлдеқайда тиімді, әрі өнімді жұмыс істеуіне, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндік­терді шексіз кеңейтуге мүмкіндік береді.

Технологиялар мен олардың негізінде пайда болған құралдар көпшілікке қолжетімді болған сайын, олардың мүмкіндіктері де кеңейе береді. Осы саланың мамандарына жақсы таныс Годон Мур тапқан заңдылыққа сәйкес, кез келген компьютердің күшін анықтаушы процессор­лардың жылдамдығы әрбір 18 ай сайын екі есе көбейіп отырады. Яғни, 2025-ші жылғы компьютер қазіргі супер компьютерден 64 есе жылдам болады деген сөз. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақыттағы ақпарат тасымалдайтын ең жылдам құрал – талшықты-оптикалы кабель. Ақпарат ағынының көлемі мен жылдамдығына қатысты тағы бір заңдылық бойынша, талшықты-оптикалы кабель арқылы жүретін трафик мөлшері әрбір 9 ай сайын екі есе ұлғайып отырады.

Технологиялық қуат пен жылдамдықтардың экспонентті түрде өсуінің нәтижесінде виртуалды әлем физикалық әлеммен жарыса дамитын, тәуелсіз ортаға айналып келеді. Соның салдары ретінде жеке адамдар да, қоғам мен мемлекет те екі әлемде қатар жұмыс істеп, өмір сүруге үйренеді. Қазірдің өзінде, жұмысқа қабылданатын адам туралы немесе әріптес компания туралы шешім қабылдамас бұрын, Интернетте ол туралы не бар, не жоқ екендігі анықталады. Яғни, әркім өзінің “онлайн профайлының” таза, әрі тартымды болуын ойлауы қажет. Абайсызда айтылған сөз немесе пікір, жазылған комменттер, салынған суреттер мен видео файлдар, тіпті балалықпен, ойнап жасалған қылықтар, кірген веб-сайттар, жіберілген электронды хаттар Интернетке бір түскеннен кейін ешуақытта жойылмайтынын есте сақтау керек. Осы ақпаратты асықпай жинап, жүйелеп, қордалап жатқан компаниялар ертең-ақ “профайл” сатуды, қажет болса, керекті нұсқадағы профайл жасауды, біреулердің жеке профайлдарын жүргізуді кәсіпке айналдырады.

Компаниялардың шығарған өнімі мен оның сапасы туралы пікір, даму тарихы, қызметкерлерінің не айтып, не қоятындығы, қаржылық жағдайы – осының барлығы минут сайын жиналатын, сол компанияның виртуалды профайлының құрамдас бөліктері болмақ. Сондықтан бизнес қауымдастық физикалық өмірдегі табысы мен тыныштығы үшін виртуалды әлемдегі келбетін басқаруға және жүйелі түрде дамытуға тырысады.

Мемлекеттер болса, осы күннің өзінде ақпараттық саясат, дипломатия, қауіпсіздік салаларында екі деңгейлі бағыт ұстануға мәжбүр. Алдыңғы қатарлы елдердің сыртқы саясат пен қауіпсіздікке жауапты мекемелерінің құрамында онлайн дипломатия мен кибер қауіпсіздікке жауапты бөлімдер пайда болуда.

Интернеттегі “кері қайту” немесе “жою” пернесінің болмауы – жеке өмір, саяси билік, құпия, тарихи сана секілді категорияларды қайта қарауға шақырады.

Сондықтан да, виртуалды орта физикалық әлемнің көшірмесі немесе шағылысқан нұсқасы болады дейтіндер қателеседі. Өйткені, олар бір біріне тең дәрежеде тәуелді, сөйте тұра бейтарап дамитын параллель әлемдер.

Кейбір мамандар виртуалды ортаны “бесінші билік” деп атап, біз білетін “төрт биліктің” қатарына қояды. Мұның өзі онлайн ортаның барлығы санасуға мәжбүр болатын, аса маңызды саяси және әлеуметтік институт екендігін көрсетеді.

Интернеттің адамзат тарихындағы ең үлкен эксперимент екендігі айтылды. Ол эксперименттің нәтижесі қандай болады немесе қандай болуы тиіс деген сұраққа жауап жоқ. Аталған үлкен эксперименттің аясында саяси билік, бизнес, білім беру мен мәдениет және тағы басқа көп­теген салаларды қамтитын сала-сала бойынша шағын эксперименттер қатар жүріп жатыр.

Соның ішінде лингвистика да бар. Бүгінгі Интернетті ішінара бөлетін, бөлімдерін бір-бірінен ажырататын бір ғана құрал бар, ол – тіл. Алайда, шектеу мен шекара атаулыға үзілді-кесілді қарсы виртуалды орта бұл шектеуді де ысыруға бекінді. “Википедиа” мен “Гугл аудармашы” секілді құралдар әлемнің кез-келген тілдеріне айқара есік ашып, олардың дамуына жағдай жасауға дайын екендерін айтты.

Мәселен, Википедиа атты ғаламдық ашық энциклопедия 285 тілде жұмыс істейді. “Ол кім? Бұл не?” деген сұрақтарға жауап беретін, барлық тілдегі мақала саны 37 миллионнан асады. Ол мақаланың барлығын жазған мемлекеттер немесе арнайы редакциялар емес. Мақала авторлары – өз тіліндегі білім мен ғылымның дамуына жанашыр қатардағы қолданушылар. Яғни, мұндағы тілдің дамуы мемлекеттің немесе тілге жанашыр шағын ғана топтың күшімен іске аса алмайды. Ол үшін өз тілінде сөйлейтін, жазатын, әрі ол тілде жаңа мазмұн жасап, та­ратуға атсалысатын ел керек. Википедиадағы тілдер санатында мақала саны миллионнан асқан 7 тіл бар, мақала саны 100 мыңнан аса алаған 45 тіл бар. Яғни, бүгінгі әлемде толыққанды білімі мен ғылымы бар 50 шақты ғана тіл бар деген сөз.

Қазіргі ең танымал аударма құралы болып табылатын “Гугл аудармашы” қызметі 64 тілді қамтиды. Тізімдегі 64 тілдің арасында емін-еркін, тегін аударма жасалады. Соның арқасында жекелеген сөз, сөз тіркесі, сөйлем ғана емес, бүтіндей мақала мен кітаптар немесе веб-сайттарды әп-сәтте аударып оқуға болады. Ірі тілдердің арасында тіпті мәтін емес, дауыс арқылы аудару мүмкіндігі бар. Әрине, аударып тұрған машина болғандықтан аударма сапасы 100 пайыз болмауы мүмкін, алайда бұл аударма кез келген мәтіннің мағынасын түсінуге әбден жеткілікті. Соның арқасында, осы платформаға кірген 64 тілдегі мазмұн бірін-бірі байытуда. Бұл әсіресе шағын тілдерді тез алға жылжытатын тамаша құралға айналды. Өкінішке орай, оның ішінде қазақ тілі жоқ. Көпшілік әдеттегіше – “Бұған кім кінәлі? Мемлекет қайда қарап отыр?” дейді. Бірақ Гугл аудармашыға кіріп үлгерген 64 тілді итермелеген, ол үшін арнайы бағдарлама қабылдап, күш салған бірде-бір мемлекет жоқ. Оны жасаған – сол тілде сөйлейтін халықтар. Аталған қызмет қолдайтын тілдер қатарында қазақ тілі пайда болуы үшін тілге жаны ашитын әр адам Гугл аудармашыға кіріп, бір сөйлем болса да аударып, өз қо­лымен салуы қажет. Аудармасы кез келген басқа тілге байланған миллиондаған қазақша сөйлемдер пайда болса, машина өзінің жұмысына қажетті қазақ тілінің алгоритмін құрып алады. Басқаша айтқанда, бұл технология тілдерді табиғи сұрыптау платформасына айналды. Яғни, артында іздеушісі бар, оны белсенді пайдаланатын ортасы бар тілдер сұрыпталып, жаңа замандағы өмірге бейімделіп келеді.

Тілші ғалымдардың есебінше, дүние жүзінде 6 000-ға жуық тіл бар екен. Бұл дерек XX ғасырдың екінші жартысында жарияланған, сол кездің өзінде “жыл сайын жүздеген тілдер өліп жатыр” деп дабыл қағылды. “Қазір әлемде қанша тіл қалды?” деген сұраққа “Википедиа” мен “Гугл аудармашы” секілді тілдік эксперименттер анық жауап бере алады. Әлем тілдері арасындағы бәйгеге ат қосуға жарайтын 285 қана тіл қалды. Соның 70 шақтысының ғана бәс тіккен жанкүйері бар.

Осындай қатал, бірақ әділетті жарыс нәтижесінде келешекте қолданыста болатын тілдер сұрыпталып, даму мен бәсекенің кезекті сатысына өтпекші. Қазақ тілі оның ішінде бола ма деген сұраққа анық жауап беру қиын. Ол қазақ тілінде сөйлейтін, тілдің келешегі үшін еңбек етуге, соған уақыт пен күш салуға дайын қауымға ғана байланысты.

Ниет болып, сауат жетсе, бұл заманның ақпараттық технологияларын ана тіліміз бен төл мәдениетімізді дамытудың озық құралына, халқымызды ұлттық нышандар төңірегінде топтастырудың, Қазақстандағы өмір салтын көрші елдер үшін тартымды етудің платформасына айналдыруға әбден болады. Қазақша Википедианың соңғы екі жылдағы қар­қынды дамуы соның бір мысалы. Қоғамдық бастама ретінде тіл жанашырларына үндеу тастау арқылы екі жыл ішінде ғаламдық энциклопедиядағы қазақ тіліндегі мақала саны 7 мыңнан 200 мыңға дейін өсті. Соның арқасында аталған энциклопедияның ай сайынғы қазақша қаралатын бет саны 200 мыңнан 10 миллионға дейін жетіп, тілдер санатында ана тіліміз 127-ші орыннан 29-шы орынға дейін көтерілді. Яғни, қазақтілді ақпарат пен мазмұнға деген сұраныс өте жоғары. Тек, онымен жүйелі түрде жұмыс істейтін кәсіпқой орта қалыптасуы керек.

Өкінішке орай, қазіргі қазақстандық интернеттің ахуалы, соның ішінде қазақ тіліндегі веб-сайттардың жағдайы әлі де көңіл көншітпейді.

Қазақстандықтар ең жиі кіріп қарайтын алғашқы он веб-сайттың қатарында әлі де бірде-бір отандық ресурстың болмауы соның айғағы.

Интернет кез келген технология секілді пайдасы мен ықтимал зияны, артықшылықтары мен кемшіліктері қатар жүретін күрделі құбылыс. Барған сайын қоғам мен мемлекеттің барлық салалары осы технологиямен тығыз байланысты, бір-бірімен астасып жатқан жаңа қалыпқа түсіп келеді. Сондықтан қазіргі кезеңде, бұл технологияның сала-сала бойынша пайдасы мен кеселін сараптап, пайдасын арттырып, кем тұсының әсерін кемітуге ұмтылған ұтымды көрінеді.

Қай салаға назар аударсақ та, Интернет пен оның төңірегіндегі технологиялардың әсерін байқау қиын емес. Бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа салада дәстүрлі үлкен ақпарат көздерінің тасада қалып, алдыңғы шепке блогерлер мен онлайн медиа ресурстардың шық­қанын көреміз. Көп елдердің саяси мәдениетінде қалыптасқан дәстүрлер бұзылып, Интернетке сүйенетін белгісіз адамдар тәжірибелі саясаткерлердің жолын кесіп, алға шығуда. “Фейсбук” арқылы біріккен бір топ адам өздерін партизандар деп атап, ресми билік пен әскерге қарсы ша­буыл ұйымдастыруда. Енді бір белсенділер Интернет арқылы саяси науқандар ұйымдастрып, реформалар талап етеді. YouTube (Ютюб) секілді видео платформалардың арқасында кіш­кентай ғана елдегі алыс елді-мекеннен шыққан әуесқой музыканттардың атағы атақты жұлдыздардан да асып түсіп жатыр. Жастары 20-дан енді ғана асқан, шаштары ұйпа-тұйпа, бірақ компьютердің тілін жақсы білетін жас кәсіпкерлер алпауыт компаниялардың алдын орап, миллиардтаған қор жинауда.

Технофилдер, яғни технологиялық жаңалықтарға жаны құмар адамдар мұның барлығын жақсылықтың нышаны деп қабылдайды. Смартфондар мен әлеуметтік желілер олардың қабылдауында тек прогресске бастайды. Интернет олардың пікірінше, ақпарат құралының да, дүкеннің де, жалпы бизнес ортаның, тіпті мемлекеттің де қызметін өз бетінше атқарып кете алады.

Алайда, басқа да көзқарас бар.

Кейбір мамандардың пікірінше, технология жетегінде кете беру – күрделі дағдарысқа апармай қоймайды. Олардың айтуынша, бұл технология жүздеген жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі мемлекетті, өзіндік ережелері мен ішкі бәсекеге негізделген бизнесті, тәжірибе мен кәсіпқой­лыққа негізделген медиа мен мәдениетті тығырыққа тірейді.

Шекаралары мен сол шекара аясындағы заңдарға негізделген ұлттық мемлекет моделі бүліне бастады. Телевидение мен баспа секілді дәстүрлі ақпарат құралдарының арасында кеңейіп, өсіп-өніп жатқанын табу мүмкін емес. Керісінше, жұмысын қысқартып, тоқтап жатқандарының саны күн сайын артып келеді. Осы уақытқа дейін әлемдегі геосаяси арасалмақты анықтап келген дәстүрлі қару-жарақтың да күші енді күмәнді. Сөйте тұра, ғаламдық дәрежедегі ұйымдасқан қылмыс, заң мен дәстүрге қарсы арандатушылық өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Дәстүрлі мәдениет пен салт жұтылып барады. Біз білетін әлеуметтік тұрақтылықтың негізі болып отырған, қазіргі өркениет иек артатын басты принциптер мен құндылықтар шайқала бастады. Ертеңін болжау қиын, анық кескіні мен сұлбасы жоқ жаңа қоғам қалыптасып келеді.

Технофилдерге қарсы топтың айтуынша, Интернет о баста кез келген ереже мен заңға, қоғамдық институттарға деген қарсылықтың белгісі ретінде пайда болды. Оны ойлап тапқан адамдар бұл қоғамнан мүлде бөлек ережелермен өмір сүретін, әлеуметтік қарым-қатынастар басқаша түзілетін, дәстүрлі түсінікке сыймайтын әлем жасағысы келді. Сондықтан да, осындай ниетпен жасалған технология біз білетін қоғамның астына қойылған баяу бомба ретінде жұмыс істейді.

Технофилдер бұған жауап ретінде қазіргі мемлекеттер мен институттардың тиімсіздігін айтып, соның дәлелі ретінде ғаламды шарпыған экономикалық дағдарысты, әр жердегі соғысты мысалға келтіріп, “мұндай қоғамның керегі қанша” дейді. Бұл сөздің де жаны бар шығар. Дегенмен де, бар нәрсені ысырып тастап, анархия мен хаостың құшағына ену де бассыздық болар еді.

Ғаламдық экономикалық ережелердің кемістігі дағдарысқа ұшыратып, көптеген мемлекет үкіметтерінің қызметі ойдағыдай нәтиже бере алмай жатқаны да рас. Алайда, солай екен деп, халықаралық ереже, заң мен мемлекет атаулыны жоққа шығаруға болмайды. Қалай болғанда да, жол салу, әлеуметтік саланы дамыту, қоғамдық тәртіпті сақтау, әлсіздерді қамсыздандыру секілді маңызды қызметтерді атқаратын тетік керек. Мұның барлығы виртуалды әлемде атқарылуы мүмкін емес. Егер мемлекет әлсіреп, мұның барлығы жоғалатын болса, өркениет бітпес дау мен тартыстың құрбаны болады. Қазақстан секілді дамушы елде мұндай сұрақтарды көтеру орынсыз көрінуі мүмкін. Алайда, соңғы жылдары мемлекет пен дәстүрлі қоғамдық институттарға қарсылық ретінде оқтын-оқтын ұйымдастырылатын хаккерлік шабуылдар бұл мәселеге қазірден мұқият қарап, алдын алу шаралын ойластыруға міндеттейді. Америкалық хаккерлер Иранға қарсы, Қытай хаккерлері Гуглге қарсы, халық­аралық қылмыскер топтар кез келген елдегі компанияларға қарсы виртуалды шабуылдар жасауда. Интернетте отырған кез келген адам осындай шабуылдың құралы немесе құрбаны болып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан көпшілікті ескертіп, сақтандыру абзал деп ойлаймыз. Қа­зақстан ондай шабуылдардан әзірше ада, бірақ дүниенің түкпір-түкпіріндегі бүтіндей қалалар бір сәтте жарықсыз қалып, үлкен банктердің қауіпсіздік жүйелері бұзылып, қала ішіндегі инфрақұрылымға зақым келіп жатқандығы туралы барған сайын жиі естиміз.

Мұндай шабуылдар кейде ақша, кейде ермек іздеген, кейде өзара жарысқан, кейде фанатикалық идеяға берілген жеке адамдардың қолымен жасалады. Олардың барлығы да өздерін бұл қоғамдағы ереже мен заңға бағынбайтын жаңа қоғамның көсемдері деп таныстырады.

Құрметті жастар!

Жалпы технологиялардың, соның ішінде Интернеттің пайдасы туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Біздің осыдан бінеше ай бұрынғы кездесуіміз де технологиялардың пайдасы мен беретін мүмкіндіктеріне арналғаны естеріңізде болар. Жаңалыққа құмар болу, оларды игеру, оларға тамсану адам табиғатына тән қасиеттер, соның арқасында адамзат алға басып келеді. Бірақ көз тартатын отқа тым жақын келген көбелек секілді күйіп қалу қаупін де естен шығармаған жөн.

Миллиардтаған адам Интернет желісіне қосылған сайын жүйенің тілін білетін адамдардың қолындағы күш ұлғая береді. Ол күш тек игілік қана емес, зиян жасаудың да құралы болмасына ешкім кепіл бола алмайды.

Көп жағдайда ол зиян қасақана жасалмай, технологияның ішкі табиғаты мен құрылысынан да келуі мүмін. Мәселен, ақпарат тарату саласындағы жаңалықтар бір қарағанда өте пайдалы көрінгенімен, көп адамға байқала бермейтін, әйтсе де қоғам үшін өте маңызды кемшіліктері де бар. Атап айтқанда, жылдам әрі жеңіл ақпаратқа сүйенетін Интернет ресурстар жоғары журналистік кәсіби деңгей талап ететін материалдар туғызбайды. Өкінішке орай, бұқаралық ақпарат құралдарын “төртінші билік” мәртебісіне көтерген ірі медиа институттардың заманы өтіп барады. Оның орнына шағын, мүмкіндіктері өте шектеулі, тек жеңіл-желпі әрі лезде таратылатын ақпаратпен жұмыс істейтін “ергежейлі” журналистика келді. Мұндай жұмысқа маманданған редакциялар кәсіби деңгейі жоғары журналистер тарта алмайды, өз пікірін де, қатер төнген адамын да қорғауға дәрменсіз. Ең бастысы – қоғамды алға сүйрейтін, әділдік пен заңдылықты қорғайтын, қажет болғанда билікті де қамшылайтын сапалы зерттеулер мен мақа­лалардан қол үзіп барамыз.

Бәріне бірдей күйе жағуға болмайды. Алайда, айтпасқа тағы да амал жоқ – Интернет төңірегіндегі журналистика, қазақша айтқанда, өсек-аяң мен сыбыс, негізсіз қаралау мен дәлелсіз әшкереге, арзан күлкі мен анайылыққа негізделген ойыншық болып барады. Бұл тек біздің елге ғана емес, дүние жүзіне тән құбылыс. Осының салдарынан журналистика кәсіп ретінде беделден айырылып, қауқарсыз күйге түсуі ықтимал.

Кәсіби журналистика мен үлкен медианың институт ретінде жойылуы, жеке адамға да, қоғамға да, мемлекетке де пайда әкелмейтіні анық.

Бір қызығы, бұл мәселелер қоғам үшін маңызды тақырып ретінде қажетті деңгейде осы күнге дейін талқыланып жүрген жоқ. Барлығы бірдей онлайнға қосылған ортадағы жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігі, мұндай қоғамдағы зияткерлік меншік пен авторлық құқық, сауда-саттық ережелері, түрлі байланыс және фото-видео түсіретін құралдарды қоғамдық орында пайдалану тәртібі секілді сұрақтардың өзектілігі уақыт өткен сайын артып келеді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Фейсбук секілді әлеуметтік желілердің әсерінен Таяу Шығыс аймағында басталған революциялар толқыны енді, міне, толастамай жүріп жатқан азаматтық соғысқа ұласты. Езгідегі халықтарға еркіндік әкелетін құтқарушы құрал деп Интернетті жаппай мадақтау енді саябырсыды. Өйткені, ол құрал бар саяси жүйені жоқ қылуға көмектескенімен, бұрынғыдан артығын құрастыруға пайдасы шамалы болып шақты. Мұның барлығы да байыппен қарауды, тыңғылықты зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелер.

Алайда, дәл қазір біздің ондай зерттеу жасаудың өзіне дайындығымыз шамалы көрінеді. Өйткені, қолымыздағы осы салаға қатысты түсінік пен терминалогияның өзі өтіп жатқан процестерді сипаттауға жеткіліксіз. Мәселен “технология” сөзі, өте көп салада бірдей қолданы­лады. Бірақ уақыт, қашықтық, масштаб түсініктеріне мүлде жаңа көзқарас ұсынатын жаңа құбылыстар біз білетін технология ұғымына сия ма? Қазақша “тор” немесе “желі”, орысша “сеть”, ағылшынша “network” (нет-уорк) деп жүргеніміз Интернеттің ғаламдық ауқымы мен табиғатын қамти ма? Интернетке қатысты “әлеуметтік” деген сөз жиі қолданылады, “әлеуметтік желі”, “әлеуметтік бизнес”, “әлеуметтік платформа” деп жатамыз. Бірақ осы тырнақшаның ішіндегі “әлеуметтік” құбылыстар әлеуметтің көп бөлігіне түсініксіз, қорқынышты, тіпті қауіпті екендігін ойлаймыз ба? Мүмкін оларды “әлеуметтік” емес “төңкерістік” деген орынды болар?!

Интернетке қатысты жиі қолданатын “ашық” деген сөз де жалған пікір қалыптастыратын сыңайлы. Осы технологияларды шығаратын және дамытатын адамдар мен компаниялардың өздері қаншалықты ашық? Apple, Google, Facebook, Mіcrosoft секілді “ашықтық” пен “еркіндікті” насихаттайтын компаниялар өздері туралы, қолдарындағы технологиялары жайлы ақпаратты ашып, еркін таратуға қаншалықты дайын?

Техникалық саламен тығыз байланысты құрал болуына қарамастан, Интернеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық маңызы туралы өте жиі айтылады. Мұның себебі неде? Интернеттің қоғамға тигізетін әсерін зерттеуші ғалым, Гарвард университетінің профессоры Нико Миленің айтуынша, қазіргі ақпараттық технологияның дамуын анықтайтын үш негізгі құрал – компьютер, Интернет және ұялы телефонның техникалық негіздері 1960-1970 жылдары қалан­ды. Ол кезде әлемді мемлекеттік жүйе мен ресми құрылымдарға, қалыптасқан қоғамдық институттарға қарсы қозғалыс шарпыған еді. Ол қозғалыс жеке адамның еркіндігі мен мүддесін бәрінен де жоғары қойды. Аталған технологияларды құрастырған ғалымдар мен инженерлердің көпшілігі сол қозғалысқа жанашыр, мемлекетке қарсылық мәдениетіне жақын болғаны мәлім. Бірақ, бұл орта ұрандап алаңға шыққан жоқ, олар қарсылығын идеялары мен жобалары арқылы көрсеткісі келді. Сондықтан да, мемлекет пен үлкен бизнесті, қоғамдық институттарды әлсіретіп, билікті жеке адамға алып беру философиясы бұл технологиялардың табиғатына айналды. Алайда, уақыт өте қолдарындағы құралдардың шын күшін сезінген компьютер тілін білетін көсемдер билікті барлығына таратып бермей-ақ, өз қолдарында шоғырландыруға болатындығын көрді. Өйткені шынайы билік пен күш Твиттердің қалай жұмыс істейтінін немесе оны қалай пайдалануға болатындығын білуде емес, ол технологияның астары мен түпкі мақсатын түсініп, бағыттай алуда. Осы негізде ақпарат пен мазмұнды жасайтын, оны тарататын және жүйелеп, сақтайтын жаңа алпауыттар пайда болды. Нәтижесінде, әлемдік кино мен видео нарығын билейтін үлкен теле және кино компаниялардың орнына “Ютуб” пен “Нетфликс”, үлкен дыбыс жазу студияларының орнына “АйТюнс”, үлкен баспалар мен кітап сататын дүкендердің орнына “Амазон” келді.

Бұл құралдар бізге өте ыңғайлы, әрі тартымды көрінеді. Стив Джобс секілді оны жасаған адамдардың есімдерін аңызға айналдырамыз. Сөйтіп жүріп, өзіміздің сол құралдарға тәуелді болып шыққанымызды байқамай да қаламыз. Жарысып жүріп “АйФон” сатып аламыз, оның ішінде жиналған ақпаратты басқа телефонға көшіру мүмкін емес, сондықтан біраздан кейін екіншісін, одан кейін үшіншісін аламыз. Оның ішіндегі кейбір ойындар мен контенттің “АйПадқа” арналғадығын көріп, оны сатып аламыз. Сурет пен видеоны басқару ыңғайлы болу үшін “МакБук” пен “АйМак” керек болып шағады, оны аламыз. “АйТюнсті” пайдалану үшін өзіміз туралы бар құпияны өз еркімізбен, қуана-қуана жазып береміз. Осының барлығына қыруар ақша төлейміз. “Ал осы дұрыс па?” – деп күмән айтатын адам кемде-кем.

Қазіргі мемлекет атаулының адамдарды осылайша үйіріп қоюға шамасы жетпейтінін мойындауымыз керек.

Түрлі саладағы мамандар ірі технологиялық компаниялармен жұмыс істеудің қиын екендігін, олардың барған сайын тәкәппарланып, қатайып бара жатқандығын айтуда. Тил Постман есімді әлеуметтанушы осы тақырыпқа арналған “Технополия” атты кітап жазды. Оның пікірінше, бұл технологиялар бастапқыда адамға көмекші құрал, тиімділікті арттыру тетігі ретінде келеді. Көп ұзамай ол технологиялар мәдениетіміздің ажырамас бөлігі, ойымыз бен іс-әрекетіміздің діңгегі болады. Келесі кезекте мәдениет те, мемлекет те, қоғам да кез келген әрекетін сол технология арқылы бағалап, соған қарап ой түзейтін жағдайға жетеді. Постман мұны технополия дейді.

Технополиялық билік заңмен реттелмейді. 1995 жылы Құрама Штаттардың конгресі Интернеттің архитектурасы мен оның таралу ережелерін бекіткен “Телекоммуникациялық акт” қабылдады. Бұл құжатта Интернетке қатысты бірде-бір реттеу, бақылау не қадағалау тетігі көрсетілмеген. Өйткені, ол кезде құжатты қабылдаған бірде-бір адам оның не екендігін түсінбеді. Осылайша АҚШ-тан бастау алған Интернет барлық елдерге бірдей талаппен тарай бастады. Осы сәттен бастап ол ешкімге бағынбайтын, бір жерден басқарылмайтын, үйлестіруге келмейтін ерекше жүйеге айналды. Оны қайта қарау немесе реттеу туралы ұсыныстар еркіндік пен демокра­тиялық құндылықтарға қарсы әрекет деп бағаланады. Сондықтан да, 1995 жылы қабылданған актіні “онлайн кеңістіктің тәуелсіздік декларациясы” деуге болады.

Құрметті жас достар!

Жоғарыда айтылғанның барлығы өздеріңіз күнде көріп, пайдаланып жүрген Интернет атты құбылысқа қатысты, оның мемлекет, қоғам және жеке адам өміріне тигізер әсері туралы жан-жақты көзқарастың жиынтығы.

Бүгінгі дәрістің мақсаты – Сіздерді де ойлануға шақыру, осы тақырып төңірегіндегі пікірталасқа тарту. Тұрақты пайдаланушы ретінде Интернеттің не екендігі туралы әрқайсысыңыздың өз пікірлеріңіз бар екенін білеміз. Бірақ тез әрі кең етек жайып, өмірлеріңіздің барлық салаларына дендеп кіріп келе жатқан технологияға азаматтық жауапкершілікпен, мемлекетшіл сергектікпен, ұлтжанды ұстаныммен тереңірек қарауға шақырғымыз келеді.

Қызмет бабы да, өмірлік тәжірибе де, азаматтық және әкелік жауапкершілік те бізді осыған міндеттейді.

Сіздер өмір сүретін кезеңдегі тарихи уақыттың жылдамдығы тым шапшаң, бақылап, үйреніп, игеріп отыруға міндетті жаңалығы тым көп. Соған сәйкес мүмкіндігі мен қауіп-қатерлері де зор. Сіздерден тез бейімделуді талап ететін өзгерістердің көп бөлігі бүгін сөз болған Интернетпен байланысты болары да анық.

Интернет – адамзат қоғамы эволюциясының кезекті даму сатысы. Байқасақ, қоғам дамуындағы әрбір жаңа кезең алдыңғысынан әлдеқайда шапшаң жылдамдықпен келеді. Өмірімізді лезде өзгертіп жатқан жаңалықтар мен олардың жылдамдығы бір жағынан үлкен үміт пен сенім ұялатса, екінші жағынан үрей мен алаңдау туғызады. Қазіргі Интернет – бұл адамзаттың тек үштен бірі ғана қосылған, бар күші мен шын бейнесін көрсете қоймаған жұмбақ. Жақын келешекте ақпараттық технологиялар электр шамы секілді кез келген бұрыштан табылмақшы. Ықтимал қауіп пен қатерлеріне қарамастан, оның таралуын тоқтату да, тежеу де мүмкін емес. Бара бара, мемлекет те, бизнес те, жеке адамдар да кез келген әре­кетін ақпараттық технологияға негіздеп, Интернетпен байланыстыруға тырысады. Ресми билік те, кәсіпкерлер де, қоғамдық ұйымдар да, қылмыскерлер, лаңкестер мен діни экстремистер де оны өзіне керекті жолмен пайдалануға тырысады. Бірақ бұлардың ешқайсысы да оны бақылап, қадағалай алмайды.

Жоғарыда айтылған алаңдаушылыққа қарамастан, онлайнға қосылған көпшілік үшін Интернет пайдалы болады деген үміт зор. Көпшілік ашылған зор мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өмір сапасын көтера алуы тиіс. Мемлекеттер мен ірі компаниялар жауапты да, сауатты әрекет етсе, қазірден белгілі қауіп-қатерлерді айналып өтуге әбден болады. Бірақ, қалай болғанда да, барлық адамдардың онлайнмен байланысты тәжірибесі бірдей жақсы болады деу қиын. Дамыған елдерде тұратын, ат төбеліндей ауқатты адамдар оның бар жықсылығын көріп, жаман жағын сауат және дәулет күшімен айналып өтеді. Орта қол көпшілік конструктивті онлайн қауымдастықтың негізін қалауы тиіс. Интернеттің күшімен адамның күнделікті өмірін жеңілдетудің, саясат пен бизнесті кемел, әрі ілгері етудің жаңа жолдарын ойлап тауып, оны іске асыратын да, интернетке негізделген орта және шағын бизнесті ұйымдастыратын да осы топ болмақшы. Қазір Интернетке қол жеткізе алған 2 миллиард адам осы аталған екі топқа кіреді.

Алдағы жылдары қосылатын 5 миллиардқа жуық адам үшін Интернетке ортақтасу ерекше маңызды оқиға болады. Өздері тұратын елдердің технологиялық тұрғыдан кенже дамуы мен табыстарының төмен болуы салдарынан бұлар сапалы ақпарат пен білімге, өмір сапасын көтеруге қажетті басқа да онлайн қызметтерге қол жеткізе алмай келді. Сондықтан да бұл адамдар үшін Интернет шын мәнінде өмір салтын өзгертетін тәжірибе болмақ. Сонымен бірге, Интернеттегі анайылық, талғамсыздық, әділетсіз бәсеке, түрлі қылмыс пен қоғамдық төң­керістер, революциялар да жаңадан қосылған ортада кең етек жаяды. Сондықтан да, онлайн сауаттылықты көтеруге мемлекет те, қоғам да, мектеп те, ата-ана да атсалысуы керек.

Қорыта айтқанда, адамдар бір уақытта екі әлемде өмір сүруге мәжбүр болатын қоғам туралы біз не білеміз?

Біріншіден, техника мен технология қоғамда жаппай үстемдік құрады деген пікірдің бекер екендігін айту қажет. Адам мен компьютер арасындағы еңбек бөлінісі күшейе түседі, машинаның шексіз жады мен жылдамдығы адамның физикалық мүмкіндігі жетпейтін күрделі есеп, сандық сараптама, аса көп көлемді мәлімет негізінде қабылдануы тиіс шешімдерге қатысты ұсыныстар үшін кеңірек қолданылады. Бірақ, машиналарды қай жерде және қалай пайдалану туралы шешімді тек адам қабылдайды.

Екіншіден, Интернеттегі виртуалды әлемнің үстемдік құра қоюы да екітілай. Бірақ, онлайн және физикалық орта арасындағы қарым-қатынас күрделеніп, осы қалыпта қалмайтыны да анық. Мемлекет те, түрлі индустрия өкілдері де, жеке адамдар да өздерін еркінірек сезінетін ортаны күшейтуге тырысады. Жеке адамдар виртуалды ортаны, ал мемлекеттер қалыптасқан жағдайды сақтап, мүмкін болса, онлайн әлемінің ықпалын шектеуге күш салады. Мемлекетке қарсы топтар Интернетті негізгі әрекет алаңы, қарсылық құралы ретінде пайдаланады. Бірақ, онлайннан тыс ортадағы қалыптасқан әдеп пен заңға қайшы кез келген әрекетке мемлекет қатал тойтарыс береді. Екі орта арасындағы қайшылықты шамадан тыс өрістету тепе-теңдікті бұзып, ауыр зардапқа әкелуі де ықтимал.

Үшіншіден, қажетті тепе-теңдікті сақтау үшін мемлекеттің өзі бастамашы болып, ішкі және сыртқы саясатты виртуалды және физикалық деңгейде қатар алып жүруге мәжбүр болады. Екі ортадағы құндылықтар мен көзқарастардың әр түрлі болуына орай, екеуіне арналған мемлекеттік саясат бір-біріне кереғар болуы да мүмкін. Мәселен, онлайндағы пікір мен сөз бостандығы дәстүрлі ақпарат құралдарына бірдей тарай бермейді. Дәстүрлі сыртқы саясатта, мемлекеттер бір-біріне одақтас бола тұра, онлайн кеңістікте өзара кибер шабуылдарға баруы мүмкін.

Жалпы алғанда, Интернеттегі қызмет түрлері мен ұялы байланыс секілді құралдардың және оны тұтынатын адам саны артқан сайын, әрбір жеке адамның еркіндігі мен қолындағы күші артады. Бірақ, ол күш тегін келмейді.

Әр адам жеке басының құпиялары мен қауіпсіздігіне қатысты қатал шарттарға мойынсұнуға мәжбүр болады. Өйткені, біз қолданатын ыңғайлы құралдар әрқайсысымыздың не айтып, не қойғанымызды, қайда барғанымызды, кіммен кездескенімізді тіркеп, жинақтайды. Ол ақпараттың өзімізге қарсы қолданылмайтындығына кепіл жоқ. Кез келген мемлекет ең әуелі осы мүмкіндіктерді заңдастырады. Осындай ақпарат көптеп жиналған сайын, оның заңды немесе заңсыз жолмен таралу ықтималдығы да арта береді.

Түптеп келгенде, жаңа қоғам екі өркениеттің – бірі мыңдаған жылдар бойын қалыптасқан дәстүрлі орта, екіншісі әлі қалыптасып болмаған виртуалды әлемдердердің бір-бірімен аста­сып жатқан қоспасы болмақ. Олар өзара бейбіт, сөйте тұра бірін-бірі шектейтін тепе-теңдікте дамиды. Виртуалды әлем адамдарға еркіндік пен жаңа мүмкіндіктер ұсынатын ашық орта болса, заң мен дәстүрлі ережелерге сүйенетін физикалық орта онлайндағы анархия мен хаос­ты тежеуші күш болады. Сонымен бірге, ақпараттық технологиялар дәстүрлі қоғамдағы көп­теген мәселелердің әлдеқайда жеңіл, әрі тиімді шешімдерін ұсынатын көмекші қызмет атқарады.

Осылайша екі өркениет арасындағы тепе-теңдік пен өзара шектеу идеясы – тұрақты дамуға мүмкіндік беретін жаңа қоғамдық келісім платформасы болуы ықтимал. Сондықтан үміт пен болашаққа деген сенім ұялататыны – керемет техникалық құралдардың өзі емес, олардың қоғам мен адам өмірін жақсартуға, қоғамдағы әділдік пен ізгілікке қоса алатын үлесі.

Назарларыңызға рахмет!



//Сыр бойы.-2013.- 4 маусым.-1,3 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет