Жоғары санатты және бірінші санатты мұғалімдерге (бірінші әдістемелік топ):
Қазіргі заман технологияларын толық меңгеру, таңдалған технология аясында жүйелі түрде жұмыс жасауды жалғастыру;
Меңгерілген технологияларға сәйкес сынып және пән бойынша оқу-әдістемелік кешені болу керек;
Оқытуда құзіреттілік тәсілді тәжірибе жүзінде қолдануды жалғастыру.
Қалған мұғалімдерге (екінші әдістімелік топ):
Білім беру технологияларын өз педагогикалық тәжірибесінде қолдану;
Меңгерілген технологияларға сәйкес сынып және пән бойынша оқу-әдістемелік кешенін құру.
Сынып жетекшілерге:
Оқу-тәрбие үрдісіне Г.К.Селевконың «Технологию саморазвития личности школьника» енгізу және оны қолдану.
III блок. Бақылауды және өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру
- Мектепшілік бақылаудың басты бағыттары оқытудың нәтижелілігін бақылау, сонымен қатар оқу үрдісін одан әрі технологияландыру, алдын ала бағыттап және бағыттап оқытуды ұйымдастыру деп санау.
- 11-сыныптарда ҰБТ, 9-сыныптарда ОЖСБ өткізуге байланысты педагогикалық қызмет нәтижесін арттыру үшін мұғалімге жауапкершілік арту.
- Сабақ барысында мұғалім мен оқушының бақылау-бағалау қызметін жүйелі жоспарлау.
- Мектеп құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талаптардың орындалуын бақылауды күшейту.