Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет14/23
Дата08.11.2023
өлшемі144,19 Kb.
#190046
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
тілес арайлым

«Бул түнү теректер жалбырак күбүп жатты», деген мына бір сөйлемді қазақ тіліне, «Бұл күн аспанмен тілдескен зәулім теректер жапырағын түсіріп жатқан», деп аударған көрінеді. Бұл жерде, біріншіден, түпнұсқадағы «түнү» сөзін «күні» деудің қаншалықты қажеті бар еді, екіншіден, аудармашы түпнұсқаны өз тарапынан «аспанмен тілдескен зәулім теректер» деген тіркесті қосу арқылы өңдегендігі байқалады.
Бұл тұста аударматанушылардың аударманың сапасы туралы айтып кеткен ғылыми тұжырымдарын айта кеткен жөн болар. Х.Өзденбаев «Аударма мектебі» деген мақаласында «Көркем аударма өнерінде түпнұсқаның сөз астарына терең түсіне отырып, автордың сөз асылын сақтай, сыр бояуын, өз теңеуін, өз әсерін бере отырып аудару керек, «қазақ ұғымына жақындатамыз» деген желеумен автордың ойын бұрмалауға да, оның өз ойынан туып отырмаған жанама сөздерді қосып, «ажарлауға да» болмайды деген принципті аударушылар да, редакторлар да, сыншы-рецензенттер де берік қолданса екен демекпін» деген тұжырым жасаған еді [41,179].
Дәл осы пікірді, А.Әбілов өзінің «Көркем аударма шеберлігі» деген зерттеу еңбегінде «Аудармашы ең алдымен аудармадағы әріп қуалаушылықтан, сөзбе-сөз аудармадан және қарадүрсін өзгертушілікке салынудан, яғни, түпнұсқадағы көркем шындыққа сай келмейтін аулақ болу қажет», деп одан ары нақтылай түседі [42,56].
Мына бір сөйлемде де сәйкессіздік байқалады, мысалы, «...мойнунан кучактап, кыткылыктап күлчү», дгенді, қазақша нұсқасында, «...арқасынан айқара құшақтап алып күлетін», деп береді. Бұл жерде де авторды аудармашы тарапынан толықтыру, өңдеу бар сияқты. Оның орынына, «...мойынынан құшақтап ап, сықылықтап күлетін» десе түпнұсқаға бір табан жақындай түскен болар еді.
Тағы бірде «Бетке чачыраган ылай да кеппи! Чачырай берсин, андан кишинин сулуулугу кемийт беле!» деп келетін сөйлемді, «Шынында да бетіне шашыраған ылай да сөз боппа тәйірі? Мейлі, шашыраса шашырай берсін, онан адамның ажары бүлінбейді?» деп аударып келеді де, «Су кетірмейтін не бар» [43,125], деген сөйлемді аудармашы өз тарапынан орынсыз үстемелейді.
Түпнұсқада кездесетін мына бірсөйлемнің тәржімасы да сәтсіз деп айтуға болады. Қырғызшасында:
«Бир нерседен корккандрй Ысмайылдын денеси калчылдап, калтыраган колдлру менен туш келди сылагылады».
Қазақ тілінде:
«Әлденеден қорыққандай Ысмайылдың денесі дір-дір етеді, қалбалақтап сасқан адамша қолымен Сейденнің басын, мойынын үсті-үстіне сипалай береді» [44,161].
Аудармашы бұның орынына, «Әлденеден қорыққандай Ысмайылдың денесі қалшылдап, қалтыраған қолдарына түскенін сипалай береді», деп аударғанда түпнұсқа мәтінінің табиғилығын бұзбаған болар еді. Аударма қашанда түсінікті, жалпыға ортақ тілде аударылуға тиіс. Сондықтан аудармашыға көркем шығарманы аудармас бұрын үлкен дайындық қажет.
Бұл туралы, Т.Жұртбаев «Көркем аударма: табыс пен талпыныс» атты мақаласында «Аударманың сәтті шығуының, оның өз бояуын солдырмай жеткізілуінің бір сыры – жазушының творчестволық лабораториясын жете білетін, өзара рухани туыстығы жақын аудармашының кезігуі. Екі тілдің қорын, грамматикалық заңдылығын қанша жақсы игергенмен, жандүниесі қабыспаса, одан автор да, аудармашы да ұтпайды, қайта ұтылады» деген пікіріне қосылмасқа болмас [45, 154].
«Алар мына ушинтип күн көрүүде. Кемпирдин кулагы катуу, сырттан болор-болбос үндү қаңырыш угуп, өзүнче чочулай берет, кызыл жээк, нуру өчкөн көздөрү менен уулун аягансып, кейиштүү карап:
«Ай, балам, байкуш балам!» - дегендей уурдана үшкүрүп ыйламсырайт», деген жолдарды Қ.Нұрмаханов
«Олар осылай күн кешуде. Болар-болмас дыбысқа селк етіп, шала еститін құлағын сыртқа тосып отырған қарт ана ұлына аянышпен қарап, ішінен:
«Ай балам, байғұс балам!» - деп көзін ала береді де, жасын төгіп жібереді. Уайымнан сарғайған ананың көзі қып-қызыл, бетінде қан-сөл жоқ, күні-түні ойлағаны жалғыз ұлының аянышты тағдыры», - деп тәржімалайды. Аудармашының бұл сөйлемді де құбылта аударғандығын оның түпнұсқада кездесетін «кызыл жээк», «нуру өчкөн көздөрү», деген тіркестерді өзінің керекті жерінде аударып қолданудың орынына, автор өз жанынан мынандай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет