«Ырдап»сөзі қазақша «өлең айтыу» мағнасын білдіретіндігі кез-келген аудармашыға мәлім десек, бұл сөзі аудармашы аудауға қиынсынды дегеннен гөрі, техникалық себептермен түсіріліп қалынған деген жорамал қисындырақ болса керек.
Ал, «же анын башында бир ой, же кайгы барбы кыйнап жаткан?..» деген сөйлемнің түсіріліп қалу себебін тәржімашының саналы әрекеті деп таныған жөн. Бұл жерде сөйлемнің құрлысын өзгертінкіреп құрған лайық сияқты. Мысалы, «Кейде қарасаң жетім бота сияқты көзін тұман шалып, үндемей бір нүктеге қадала қарап отырады», - дегеннің орынына, «Кейде қарасаң ол ауыр ойдың не ауыр қайғының жетегінде отырғандай, жетім бота сияқты көзін тұман шалып, үндемей бір нүктеге қадала қарап отырады да қояды» деп аударған дұрыс болса керек.
Қырғызша нұсқасы:
«Алар Саадаттай эле жастар экен. «Мен да ошондой болсом, ээ!» - деп Саадаттын көзү жайнай түштү. Анан дагы толуп жаткан немелер жөнүндө, запчастар жөнүндө калп эле ооруп калып стенгазетага тартылган тракторист жөнүндө жана башкаларды айтып берчү». Қазақша нұсқасы:
«Олар да Саадаттай жастар екен. «Мен де сондай болсам, ә!» дегендей Саадаттың көзі жайнай түсіп, онан кейін тағы толып жатқан жайлар жөнінде, комсомол жиналысы, өтірік ауырып қалып қабырға газетіне түскен троктарист жөнінде айтып беретін»,- деп тәржімалаған десек, бұл жерже де аздаған ауытқушылықтардың орын алғандығы да байқалады.Қырғызшасында: «Алар Саадаттай эле жастар экен. «Мен да ошондой болсом, ээ!» - деп Саадаттын көзү жайнай түштү»,-деп сөйлем аяқталса, қазақшасында: «Олар да Саадаттай жастар екен. «Мен де сондай болсам, ә!» дегендей Саадаттың көзі жайнай түсіп»,- деп келеді де сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонеті қызметін атқарып тұрады. Дұрысы, бұл сөйлем қырғыз тіліндегі нұсқадағы секілді өзара дербестігін сақтап қалуға тиісті.
«Анан дагы толуп жаткан немелер жөнүндө, запчастар жөнүндө, калп эле ооруп калып стенгазетага тартылган тракторист жөнүндө жана башкаларды айтып берчү» дегенді қазақша аудару барысында «запчастар жөнүндө» деген тіркес аудармашы тарапынан ұмыт қалса керек.
Себебі, бұл тіркесті «қосалқы бөлшектер жөнінде» деп аударудың тәржімашыға еш қиындық келтірмесі анық.
Сондықтан, бұл тұста да техникалық қателіктің үстемдік еткендігі күмәнсіз.
Бүгінгі күнге дейінгі аударма шығармаларда жиі кездесіп жататын кейбір терминдер мен сөз тіркестерінің аударылмай қолданылуы аталмыш туындыны да айналып өтпегенге ұқсайды.
Мысалы, «смена», «сеялка», «прицепщик», «совхоз» т.б. тәріздес сөздерді, «кезек», «тұқым сепкіш», «тіркемеші»,«кеңшар» деп тәржімалаудың аударма сапасын арттырмаса, кемітпесі сөзсіз.
Десек те, бұл бүгінгі күннің талабы.
Ал, аталмыш шығарманы қазақ тіліне аударған тұста біз сөз етіп отырған сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі арнайы баламаларының болмағандығын ескерсек авторға да, аудармашыға да кінә тағудың орынсыз екендігін аңғаруымызға болады. Дегенмен де, осы тектес аударуға болатын, арнайы баламалары бар сөздер мен сөз тіркестерінің, және де терминдердің аударылып қолданылуы тілдік қорымыздың жетіле түсуіне, аударма шығармалардың сапалы тәржімалануына өзіндік дәрежеде оң әсер ететіндігі сөзсіз.
«Кыз эшикти ачып кирсе, көзү ичине кетип, төшөктө жаткан энеси көрүнгөнсүйт» - деп келетін сөйлемді қазақша нұсқасында, «Көзі ішіне кетіп, төсекте жатқан анасы елестейді оған» -деген үлгіде аударған десек, бұл тұстағы көкейге қонымсыз нәрсе қырғыз тіліндегі нұсқада келтірілген «Кыз эшикти ачып кирсе» мына бір тіркестің аударылмай қалуы, және де соның салдарынан аталмыш сөйлемнің берер мағнасы мен мазмұны күңгірттеніп, көркем туындыға белгілі бір дәрежеде көлеңке түсіріп тұрғандығы деп толық айтуға болады.
Сондай-ақ, осы тектес аударма барысында аракідік кездесіп тұратын әттеген-айлардың орын алу себебін тәржімашының балама табудағы ізденісінің нәтижесі деп танығанымыз жөн.
Олай дейтініміз, келтірілген мысалдағы тіркестің аударуға оңай екендігі дәлелдеуді қажет етпейтіндігі көрініп тұрғандықтан аудармашының бұл тұстағы ісін саналы түрдегі әрекеттің жемісі деп қарастырсақ та болады. Тағы бір мысалды түпнұсқамен салыстырайық.
Қырғызша нұсқасында: