Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет9/23
Дата08.11.2023
өлшемі144,19 Kb.
#190046
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
тілес арайлым

- «Дагы азыраак узатып коеюн, иттер талап койбосын, - деп эркек сүйлөдү», дегенді, қазақ тіліне, - «Тағы азырақ ұзатып салайын, иттер талап тастар, -деді еркек дауыс»,-деп тәржімалаған. Бұл тұста «деп эркек сүйлөдү» деген тіркесті «деді еркек дауыс» деп беруі де сәтсіз қолданыс. Оның орынына «деді ер адам» деп алғаны жөн болар еді.
Бір көңіл аударатын жағдай, Қ.Нұрмахановтың аталмыш аудармаға қырғыз тіліндегі нұсқаны пайдаланғандығын ескерсек, дәл осы сөз етіп отырған тіркестің аудармасы қырғыз нұсқасынан гөрі орыс тіліндегі нұсқасына сай келетіндігі.
Мысалы, орыс тіліндегі нұсқада «-Давай еще провожу, вдруг собаки покусают, - ответил мужской голос», [39,77]- дегендегі «ответил мужской голос», деген тіркес қырғыз тіліндегі «деп эркек сүйлөдү» дегеннен гөрі, қазақ тіліндегі нұсқада келтірілген «деді еркек дауыс» деген тіркестің аудармасына сай келетіндігі даусыз.
Бұл аударма нұсқалардың нені көрсетеді?, нені меңзейді?, деген сұраққа жауап іздер болсақ Қ.Нұрмаханов «Ақ жауын» әңгімесін аудару барысында негізінен қырғыз тіліндегі нұсқаны басшылыққа алғанымен, кей тұстарда орыс тіліндегі нұсқасын қосымша пайдаланған тәрізді.
Олай деуімізге жоғарыда келтірген аударма тіркесі дәлел болса керек.
Қырғызша нұсқасында кездесетін «Мүмкүн, анда бригададан кетүүге туура келер, - деди Саадат каргылданган үнменен», деп келетін мына бір сөйлемді қазақ тіліне тәржімалаушы «-Мүмкін, онда бригададан кетуге тура келер, - деді Саадат жай ғана»,- деп аударғандығын да сәтті шықты деп айта алмаспыз.
Оның себебі, «-деди Саадат каргылданган үнменен», деген тіркесті «-деді, Саадат, қарлыға шыққан үнменен», немесе, «қарлыққан үнменен» деп берсе неғұрлым түпнұсқаға бір табан жақындай түсері сөзсіз еді.
Оның үстіне бұл диологтың өзіндік атқарар жүгі мен мәні аудармашыдан аса бір жауапкершілікті талап етері сөзсіз. Олай дейтініміз, автор бұл сөздерді Саадат атынан жай ғана айтқызып қана қоймағандығы белгілі.
Әдебиет теориясының тілімен айтқанда бұл жерде жағдай, осы жағдайдың аясынан бастау алып жататын кейіпкер эмоциясы көрініс тауып жатуға тиісті. Түпнұсқа тілінде бұл шарттылықтар айқын көрініс тапқандығымен аударма нұсқада бұл қасиеттердің азайып кеткендігін айтуға болады.
Саадатт бригададан кетсе сүйген жігіті Қасымжанмен арасы алыстай түседі, ал керісінше бригадада қалса туған анасының жападан-жалғыз қалғандығы тағы бара.
Осы тектес «былай бұрса өгіз, былай бұрса арба сынадының» кері келіп тұрғанда, оның үстіне бұл диолог қыздың сүйген жігітінің алдында айтылып тұрғанда, қазақша нұсқасындағы «деді Саадат жай ғана», түрінде ешбір әсерсіз, эмоциясыз беруі қисынсыз нәрсе десек қателеспеген болар едік. Бұның орынына «Саадат, қарлыға шыққан үнменен», немесе, «қарлыққан үнменен» деп аударса бойжеткен қыздың сүйген жігітінің алдындағы назды қылығы мен анасын ойлаудан туындаған мұңлы сезімі сынды нәзік құбылыстар, анағұлым, шынайы да, әсерлі шыққан болар еді.
«Айдын терезеден үлбүрөгөн нуру қыздын башына, мойнуна күүгүм жарыгын тийгизди», - деген сөйлемді қазақша «Айдың терезеден түскен күміс нұры қыздың басына, иығына төгілді», - деген үлгіде аударғандығы мәлім.
Бұл жерде «үлбүрөгөн нуру», дегенді, «күміс нұры» деп беруі де орынсыз сияқты.
Түпнұсқаны дәл беруге ниет еткен кез-келген тәржімашы «күміс нұры» дегеннің орынына «нәзік нұры» тіркесін ылайық деп тапса керекті.
Қырғызша нұсқасында келтірілген «Түрү, апам ооруп калган го, болбосо ал мени чакыртпайт эле...», деп келетін мына бір сөйлемді қазақша нұсқасында «Түрі апам ауырып қалған ғой, болмаса мені шақыртпас еді», деп аударған десек, бұл тұста көңіл аударатын нәрсе қырғызша «түрү» сөзінің қазақша сол қалпында «түрі» күйінде аударылуы.
Бұл тұста «түрү» сөзін «сірә», «шамасы» сынды сөздермен алмастырып «Сірә, апам ауырып қалған ғой, болмаса мені шақыртпас еді», немесе, «Шамасы, апам ауырып қалған ғой, болмаса мені шақыртпас еді», деп аударғанда аударма сапасы арта түскен болар еді.
Қос нұсқаны салыстыра қарастыру арқылы кей сөздер мен сөз тіркестерінің сапасыз аударылуымен қатар жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мүлде мәтін ішінен түсіріліп қалынған тұстарын да кездестіруге болады. Салыстырып қарастырсақ.
Қырғызша нұсқасында:
«Кээде Саадат салабаттуу, иштер жөнүндө билгичтик менен сүйлөйт, кээде тим эле аны бирөө алмаштырып койгондой ырдап, күлүп, шаттанып энесине эркелей берип жүдөтүп да жиберет, анан эле, карасаң, жетим ботонун көзүндөй , көзүн туман чалып, Саадат үн чыгарбай, бир жерди телмирип карап олтурат, же анын башында бир ой, же кайгы барбы кыйнап жаткан?..
Қазақша нұсқасында:
«Кейде Саадат салауатты, жұмыс жөнінде ақыл айта сөйлейді, кейде оны біреу алмастырып қойғандай , күліп, шаттанып, шешесіне шексіз еркелеп , есін шығарады, кейде қарасаң жетім бота сияқты көзін тұман шалып, үндемей бір нүктеге қадала қарап отырады», -деп аударған.
Бұл жерде айтпағымыз түпнұсқада бар «ырдап» сөзінің, немесе, «же анын башында бир ой, же кайгы барбы кыйнап жаткан?..» сөйлемінің қазақша нұсқада мүлде қолданылмағандығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет