Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет11/23
Дата08.11.2023
өлшемі144,19 Kb.
#190046
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
тілес арайлым
KTP 10 Aspect anglii 774 skii 774 yazyk for Kazakhstan, Зиянды әдеттер темекі шегу, алкоголь, есірткі мен уытты заттар қабылдау.
«Мен куруюн, айланайын... сени чакыртарын чакыртып алып... түн кирип кетти, сен болсоң али жоксуң...».
Қазақша нұсқасында:
«Мен құриын, айналайын... Сені шақыртарын шақыртып алып, түн түсіп кетті, сен болсаң әлі жоқсың...», - деген үлгіде аударғандығы мәлім.
Десек-те, бұл жерде де кіші-гірім кемшіліктердің бой көрсетіп қалатындықтары да рас.
Мысалы, «Мен куруюн, айланайын...» дегенді, «Мен құриын, айналайын...» деп аударған. Бір қарағанда аса бір қателік жоқтай көрінеді.
Дегенмен де, мұқият көңіл аударған адамға қазақ нұсқалығындағы «Мен құриын» тіркесінің сәтсіздігі байқалса керек.
Осы сөйлемге қатысты тағы бір тоқталар нәрсе, ол, «түн кирип кетти», деген тіркестің «түн түсіп кетті» деп тәржімалануы.
Қазақ тілінің сөз саптауында «кеш түсіп кетті», не, «қараңғы түсіп кетті», немесе, «түн боп кетті» деген тіркестердің қолғанысы дәстүрімізде бола тұра, аудармашы тарапынан бұлайша құбылтудың қажеттігі шамалы еді.
«Саадат сууга кеткенде, Зейнеп апа эшиктин алдына туруп, ал узаганча, көпкө карап турат», дегенді, «Саадат суға кеткенде Зейнеп апай есіктің алдына шығып қызы қашан ұзап кеткенше, көз алмай қарап тұрады», деп аударғандығы мәлім. Бұл сөйлемді түпнұсқаға тағыда бір табан жақындата аударар болсақ былай болып шыққан болар еді.
«Саадат суға кеткенде, Зейнеп апай есіктің алдында тұрып, ол ұзағанша, ұзақ қарап тұратын». «Күмүш билерикчен татынакай кара тору колуменен акырын сүйөп, Саадат апкечти кандай жеңил көтөрөт» [36, 359], - деген тұсты аудармашы, «Күміс білезік салған жұмыр қолымен Саадат апайды жеңіл көтереді» [40, 79] ,- деп тәржімалайды.
Қырғыз нұсқасындағы «кара тору колуменен» деген тіркесті «жұмыр қолыменен» деп аударудың сәтсіздігі айтпаса да түсінікті нәрсе. Аталмыш сөйлемді аударудағы аудармашының бұл бірінші қателігі болса, келесі бір қателігі бұдан да сорақы деуге болады.
Оқиға желісі бой жетіп қалған қызының сымбат-бітіміне сыртынан сүсіне қарап тұрған ананың ішкі арман-қиялын суреттеуден басталады десек, қазақша нұсқада берілгендегідей қыз анасын өзінің жұмыр қолдарымен жеп-жеңіл көтеріп алғандығы туралы бейненің көз алдымызға елестері сөзсіз.
Ал, түпнұсқада мүлде басқа жағдай, мүлде басқа әрекет суреттелгендігіне қарап отырып, бұны аудармашының өрескел қателігі деп санамауға шара жоқ.
Түпнұсқада қыз шешесін емес, оның орынына екі басында суға толы қос шелек ілінген иін ағашты жеп-жеңіл көтеріп алатындығы туралы сөз болған. Демек, бұл сөйлемді қайтара қазақ тіліне аударсақ «Күміс білезік таққан сүйкімді қара-торы қолыменен ақырын сүйеп, Саадат иін ағашты қандай жеп-жеңіл көтереді», деп келетін үлгіні ұсынар едік.
«Ал күч кызын күндөн-күнгө өзүне тартып, акыры ажыратып кетпесин деген коркунуч туулды», дегенді, қазақ тіліне «Ол күш қызды күннен-күнге өзіне тартып, ақыры алып кетпесін деген қобалжу туды оның жүрегінде», деп аударған десек, бұл жерде «акыры ажыратып кетпесин деген коркунуч туулды» деген жай сөйлемді, «ақыры алып кетпесін деген қобалжу туды оның жүрегінде» деген күйде аударудың да сәйкессіздігі анық.
Нақтылай алғанда «Ол күш қызды күннен-күнге өзіне тартып, ақыры ажыратып тынбасын деген қорқыныш туды» деп тәржімалаудың қанша дегенмен түпнұсқа шеңберінен шыға қоймастығы анық десек қателеспеген болар едік.
«Кыз энесинен сууган жок. Ал жагынан Зейнеп апа да күнөм санаган эмес. Бирок эмне үчүн Саадат эненин өзүнөн акылдуу, көптү билген болуп көрүнөт?» деген үзіндіні қазақ тіліне аударған тұста осы екі сөйлемнің ортасында тұруға тиісті «Ал жагынан Зейнеп апа да күнөм санаган эмес» деп келетін үшінші бір жәй сөйлемнің аударылмай, немесе, баспаға ұсынылу барысында техникалық себептермен түсіріліп қалуы нәтижесінде аударма нұсқадағы бұл сөйлем оқырманға «Қыз анасынан суыған жоқ.
Бірақ неге Саадат шешесінің өзінен ақылды, көпті білген болып көрінеді?» деген тәрізді түсініксіз қалыпта жеткендігі де өкінішті жағдай екендігі сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет