Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет5/23
Дата08.11.2023
өлшемі144,19 Kb.
#190046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
тілес арайлым

Зерттеу нысаны Атап айтқанда, қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың «Ақ жауын», «Бетпе-бет» атты көркем шығармаларын қазақ тіліне аударудағы Қ.Нұрмахановтың аудармашылық шеберлігі, оның ішінде, жетістік пен кемшілік мәселесі қозғалады. Зерттеу нысаны Қалжан Нұрмахановтың шығармашылығындағы аударматану мәселесі, аудармалары
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу еңбектің басты мақсаты:
Қ.Нұрмахановтың аудармаларының өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
Аудармашының шеберлігін, шығармашылық даралығын зерттеп, зерделеу.
Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
-Қ.Нұрмахановтың аудармаларының тарихы мен қалыптасуын жүйелеу;
-Аудармадағы жазушының лирикалық және эпикалық суреттеу тәсілдерінің көркемдік-эстетикалық қызметінің сақталу деңгейі ме оны жеткізудің шығармашылық тәсілдерін, амалдары мен құралдарын олардың тұпнұсқаға сәйкестігі тұрғысынан сараптау;
Аудармашының көркемдік бейнелеу құралдарын, поэтикалық тілін аударудағы жетістіктер мен кемшіліктерді жүйелеу мен жинақтау.
Зерттеу жұмысының материалдары: Қ. Нұрмаханов шығармалар жинағы, аудармалары, Ш.Айтматов шығармалар жинағы. Қ. Нұрмахановтың әр жылдары жазған мақалалары
Зерттеудің әдіс- тәсілдері: Зерттеу барысында аударма мәселесіне қатысы бар белгілі аудармашылар зерттеулеріне сүйеніп, лингвистикалық сипаттама, салыстырмалы әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері: Жұмысты жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымы мен философия, мәдениеттану ғылымдарында маңызды зерттеулер жүргізген ғалымдардың теориялық еңбектері басшылыққа алынды. Соның ішінде, атап айтсақ, Қ.Алпысбаев, Г.Қазбек, Б.Майтанов, Л. Мусалы, Г.Орда,Т. Есімбеков, Л. Дауренбекова, сынды ғалымдардың теориялық ой-пікірлері мен негізгі тұжырымдамалары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Аудармашының қазақ тіліне аударылған шығармаларының ерекшеліктері жайында теориялық тұрғыдан жазылған ғылыми мақалалар, кейбір аудармаларына байланысты жазылған сын-пікірлер аз да болса баспасөз беттерінде кездеседі, бірақ аударма тұрғысынан толықтай жүйеленіп, жинақталған еңбектер жоқ. Ғылыми тұрғыдан Қ.Нұрмаханов аудармашылығы жайлы еш жерде арнайы қарастырылмаған.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы З.Ахметов, Қ.Бекқожин, В. Г. Белинский, Г.Бельгер, М.Қаратаев, А.С.Көпбасарова, Г.Қ. Қазыбек, Ж.Т.Молдагалиева, Н.Сағындыкова, Ә.Сатыбалдиев т.б. зерттеуші-ғалымдардың еңбектері алынды.
Жұмыстың жариялануы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет