2.2. Қ.Нұрмахановтың аудармашылық шеберлігі Ә.Тарақ өзінің «Аударма психологиясы және мәдениеті» атты еңбегінде «Жазушыға тән кең ауқымды дүниетаным аудармашыға да қажет. Өмірді терең білу, әр халықтың әдебиеті ғана емес, мәдениеті, дәстүр-салты, тарихы, өнері, т.б. жайлардан хабардар болу – аударманың табысқа жетуінің кепілі», деп тұжырым жасағандығы мәлім [46, 21].
Түпнұсқада кездесетін «бүгүн күнгөй-тескей дебей тегиз кар жамынып», осы жолдарды аудармашы «енді міне ақ көрпені көсіле жамылған», десе, «тоо боорлоп ак боз киргилт туман илең-салаң илкиит», дегенді, «тау шыңдары бозғылт тұманға оранған», деп мәтін шеңберінен тысқары түрде, еркін аудара салады. Әр сөздің өзіне ғана тән ұлттық бояуы болатынын ескерсек, аударма өнеріндегі ырғақ, сөз байлығы, сөз әсерлілігі және нәрлілігімен бірлікте зерттелуі керек. Бұл жөнінде Г.Бельгер «Аударма ахуалы ойлантады» деген мақаласында «Сөздің екпінін, прозаның әуезділігін сақтау үшін, сол өзің аударатын тілдің құрылысын, ырғағы мен әуезділігін зерттеу шарт» деген пікір айтады [20].
Көркем аударманың мәні мен ролі жайлы Г.Гачичеладзе былай деген екен: «Художественный перевод есть вид художественного творчества, где оргинал выполняет функцию, аналогичную той, которую выполняет для оригинального творчества писателя живая действительность. Соответственно своему мировозрению переводчик отражает художественную действительность избранного им произведения в единстве формы и содержания» [47, 65].
Өкінішке орай, мұндай функцианалдық сәйкессіздік өзге тілден қазақ тіліне аударылған әдеби шығармалардың көбісіне тән.
Осы орайда Қалжан Нұрмахановтың қазақ тіліне аударған тағы бір шығармасы «Жәмилә» атты шығармасына тоқталсақ. Бұл шығарма тікелей қырғыз тілінен орыс тіліне және қазақ тілдеріне аударылған. Қазақ тіліндегі нұсқасын аудармашы түпнұсқа тілінен тікелей аударған. Сондай-ақ қажет кездерінде орысша нұсқасына да көңіл аударып отырған сияқты.
«Жәмилә» Шыңғыс Айтматовтың ең сүбелі туындыларының бірі. Орысша нұсқасы ең алғаш «Новый мир» журналында 1958 жылы №8 санында жарияланған. Ал қырғызша нұсқасы «Ала-Тоо» журналында 1958 жылы №10 санында жарияланды. Шыңғыс Айтыматовтың атағын кеңге жайған осы поваесть туралы Луи Арагон: «Махабат жөніндегі дүниедегі ең озық баян» деп «Культура и жизнь» журналында жазып кеткен [48, 446].
«Жәмилә» – Айтматовтың алғашқы жазушылық триумфы десе де болады. Шығарма жариялана салысымен әлем тілдеріне аударылып, кеңінен тарап кетті. Тіпті шығарма негізінде М.Раухвергер «Жәмилә» атты опера жазса, И.Поповская толық метражды фильм түсірді. Қазақ композиторы И.Жақанов «Даниярдың жыры», «Жәмиләнің жыры» деген әуендері ел арасында белгілі. Повесть 1963 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.
Көркем аударманың қасиетін арттырып, түпнұсқаның мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезімі иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын, қайта туғызатын суреткерлік шеберлік десек, Қ.Нұрмаханов аударған көркем шығарманың бүгінгі әдеби процесте алатын рөлі үлкен.
Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саланың бірі. Осы орайда жоғарда аталған шығарманың орыс, қазақ және түпнұсқа тіл қырғыз тіліндегі нұсқаларын салыстырып көрейік. Аталған шығарманы орыс тіліне А.Дмитриева аударса, қазақ тіліне Қ.Нұрмаханов аударған. Көркем аударма – ең қиын да, күрделі жанр.Оған қойылатын талап пен тілек әрдайым күшті. Көркем аударма жасайтын аудармашыға қойылатын талаптар: түпнұсқаның стилін сақтау; түпнұсқаның мазұнын беру; аударма тілі түпнұсқанікіндей жеңіл оқылуы болса, осы талаптарға жауап беретін толыққанды шығарма аудару кім-кімге ауыр тиетіні іс.
Шығарманың түпнұсқасымен салыстырайық.