Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет16/23
Дата08.11.2023
өлшемі144,19 Kb.
#190046
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
тілес арайлым

«Өлеңге әбден берілген Сейде бір кезде басын ақырын ғана жоғары көтеріп, үйдегілердің бәрін көзімен шолып өтті.
Жастардың мына кейпі Сейденнің көңілін үлкен қуанышқа бөледі: бірінің жүзінде қайғы жоқ.
Бірақ, осы сәтте Ысмайылға талқан жеткізу керек екені оның ойына сап ете қалды. Көңілі шар тарапқа бөлінген Сейде тағы да басын төмен салбыратып, қалың ойдың құшағына еніп кетті» [44, 171], - деп қана, қысқартып аударады. Аудармашының бұлай ету себебі бізге түсініксіз жағдайда қалып отыр. Сондықтан, бұл жолдардың белгісіз техникалық себептермен түсіріліп қалуы да, автордың саналы әрекетінің жемісі болуыда мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Қалай десек те, түпнұсқа бүтіндігін сақтай отырып, оқырманға автор сөзін толық жеткізу, аудармашының да, көркем аударманың да бұлжымас міндеті, дей келе бұл үзндіні де өз тарапымыздан тәржімалап ұсынғанды жөн санадық.
«Айылдын сыртына ажыдаар келгенсип, ушул жерге чогулган жаштар, ошол жомоктогудай оп тарткан ажыдар менен кармашууга камынгансип, эл менен коштошуп, ыйлаганы ыйлап, күлгөнү күлүп, бирок жалпыга келген кыйынды сен, мен дебей, бир ынтымакта бет алып, акыркы жолу ойноп-күлүп, бирине-бири жакшылык тилеп жаткандары Сейденин жүрөгүн ысытып, көңүлүн чалкытты.
Колунан келсе ушуларды көкүрөгүн тосуп коргоп калбас беле. Кыялында ал азыр тура калып: «Силердей балдардан садага кетейин! Күлгүндей чагыңарда эл-журттан ажырап, боздоп кетип бара жатасыңар!
Мени кое бергилечи, силер үчүн мен эле барайын, мен эле өлүп берейин!» - дегиси бар», - деген жолдарды қазақ тіліне:
«Ауылға сырттан келіп, осы жерде жиналған жастардың алыс сапар алдында елімен қоштасып, бірде жыласа, бірде күліп, осы бір басқа түскен ауыртпалықты бірге көтеруге сөз берісіп, ақырғы рет болса да ойнап-күліп, біріне-бірі жақсылық тілеп жатқандығы Сейденнің жүрегін жылытып, көңілін шалқытты.
Қолынан келсе осыларды көкірегін тосып қорғап қалмас па еді. Ол бір сәтке, «Сендердей балалардан садаға кетейін! Балғын шақтарыңда ел-жұрттан ажырап, боздап кетіп бара жатырсыңдар! Мені жіберіңдерші! Сендер үшін ман-ақ барайын, мен-ақ өлейін!» дегісі де келді», - деп аударған болар едік.
«Тман чалган адырлуу бөксөлүү коктуларда кулак-мурдун кескендей тынчтык, «как» деген карга, «кук» деген кузгун жок», деген сөйлемді, «Тұман жапқан адырлы атырап тып-тыныш «қаңқ» деген қарғаның да үні естілмейді», деп қазақшаласа, бұл тұста «кулак-мурдун кескендей тынчтык», деген сөз тіркесін «тып-тыныш» деп берудің орынсыз екендігі айтпаса да түсінікті. Аталмыш тұрақты сөз тіркесін «құлақ-мұрын кескендей» деп сөзбе-сөз күйінде, немесе, қазақ тіліндегі «құлаққа ұрған танадай», деп келетін баламасымен аударғанның жоғарыда келтірілген «тып-тыныш» деген нұсқасынан әлдеқайда көркем, әлдеқайда түпнұсқаға жақын екендігі анық. Сонымен қатар түпнұсқадағы «как» деген карга, «кук» деген кузгун жок», сөйлемді қысқартып, «қаңқ» деген қарғаның да үні естілмейді», деп беруі де мақтауға тұрарлық нәрсе емес. Оның орынына, «қаңқ» деген қарға, «құқ» деген құзғын жоқ», деп аудара салса аса қиындық тудырмас еді.
«Ошол замат нары күнөсте коргон таш куруп ойноп жаткан Тотойдун үч баласы шамыраңдашып, қыйқырышып, биринен бири озо, тызылдап жүгүруп жөнөшөт.
-Ана Курмакем! Тигине!
-Атамдын каты!
-Атамдан кат келди!», - деген осы бір сөйлемді, Қ.Нұрмаханов «Осы кезде далада ыстық күн астында ойнап жүрген үш бала шешесінің дауысын есіте сала почтальонға қарай жарыса жүгірді.
Олар: «Әкемнен хат келді» - деп, ауылды басына көтеріп, айқайлап келеді», - деп аударған екен. Аударма нұсқа мен түпнұсқа арасында жалпы мағыналық ұқсастық болғаны болмаса, тұлғалық ұқсастықтың мүлде сақталмағандығы даусыз. Түпнұсқада кездеспейтін «шешесінің дауысы», «почтальон», сөздерін аудармашы өз тарапынан қосып, оның есесіне түпнұсқада бар «Тотойдың», «тастан қора жасап», сөздерімен қос, олардың аузымен айтылатын диолог үлгісін де тастап кеткен деуге болады.
Басқасын айтпағанның өзінде, көркем мәтін ішінде қолданылған диологтың кейіпкер мінезін ашу үшін қажеттілігін айтып жатудың орынсыз екендігі тағы бар. Сондықтан, кез-келген аудармашының бұндай жәйттарға сақ болғандығы сапалы аударманың дүниеге келуіне септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан, бұл үзіндіні де қайыра аударуды қажет деп таптық.
«Осы кезде ыстық күнің астында тастан қора жасап ойнап жатқан Тотойдың үш баласы жамыра айқайлап, бірінен бірі оза зымырай жөнелді.
-Бұл Құмекем әкемнен! Сүйінші!
-Атамның хаты!
-Атамнан хат келді!»
Түпнұсқаның тағы бір тұсында кездесетін «Ооба, кыш эми биротоло кылычын сууруп келеди.
Кечээ эле жер бети кара эле, бүгүн күнгөй-тескей дебей тегиз кар жамынып, тоо боорлоп ак боз киргилт туман илең-салаң илкиит»,- деген жолдардың қазақ тіліндегі нұсқасына көңіл аударсақ мынадай үлгіні кездестірген болар едік. «Ие, қыс енді біржолата түсті.
Кеше ғана жер беті қара еді, енді міне ақ көрпені көсіле жамылған, тау шыңдары бозғылт тұманға оранған». Қырғызшасындағы «Ооба, кыш эми биротоло кылычын сууруп келеди», дегенді, «Ие, қыс енді біржолата түсті», - дегеп аударудың тым қарадүрсін екендігі байқалады. Оның орынына «Иә, қыс қылышын сүйретіп біржолата келгендей», - десек көңілге қонымды, әрі көркем болар еді.
«Кечээ эле жер бети кара эле, бүгүн күнгөй-тескей дебей тегиз кар жамынып, тоо боорлоп ак боз киргилт туман илең-салаң илкиит», - дегенді, «Кеше ғана жер беті қара еді, енді міне ақ көрпені көсіле жамылған, тау шыңдары бозғылт тұманға оранған»,- деп аударғанның да оңып тұрғандығы шамалы. Бұл жерде де авторды аудармашының толықтыруы, өздігінен өңдеуі белең алған тәрізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет