Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет20/23
Дата08.11.2023
өлшемі144,19 Kb.
#190046
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
тілес арайлым

Қырғызша нұсқасы:

  • А-а, тумардай болган қатыңардан айналайын! – деп коет ал,көзүнө

жаш ала үшкүрүп. – Ата-эне, тууғандар дейт тура? Бизди коюп өзүңөрдү эле қудай сақтаса болгану, биз эмне... Үйдө эмеспизби... Мен аманмын деп бир ооз эле чийип койсоңдор, ошо да бизге чоң канимет... [48, 204].
Орысша нұсқасы:
- А-а, дорогие мои, как талисман мы будем хранить ваши письма! - приговаривала она дрожащим от слез голосом. - Вот ведь справляется, как там отец, мать, родичи... Да куда мы денемся, мы-то ведь у себя в аиле. А каково-то вам? Хоть одно словечко черкните, жив, мол, я, и все – нам большего не надо... [49, 161].
Қазақша нұсқасы:

  • А-а, тұмардай құтты хаттарыңнан айналайын! – деп қояды ол

көзіне жас алып. – Ата-ана, туғандар дейді тура. Бізді қойып, өздеріңді құдай сақтаса болғаны, біз не... үйде емеспіз бе... Мен аманмын деп бір ауыз сөз жазып қойсаңдар, осы да бізге үлкен ғанибет... [50, 20].
Аударма нұсқаларды түпнұсқамен салыстырар болсақ, орыс тіліндегі аудармада біраз артық ауыз сөздер қосылып кеткен. Мысалы, «дорогие мои» дегендей қаратпа сөзді аудармашы жанынан қосады. Бұл айналайын дегенді аударса керек. Ал қазақ тіліндегі нұсқада бұл сол қалыпында беріледі. Және тұмар сөзі де сол қалпында берілген. Бұл біріншіден, қырғыз, қазақ тілдеріндегі ұқсастық болса, екіншіден ұлттық менталитеттің жақындығынан болса керек. Сондықтан әр аудармашы өз тілінің ерекшелігіне қарай аударса керек.
«Ішкі монолог, диалог – кейіпкердің ішкі ойы, көңіл-күй сырын білдіретін, эмоциялық әсерді байқататын көркемдік құралдардың бір түрі... Формасы мен мәні адам психикасындағы ғылыми және этикалық ойлау жүйесінің дамуына байланысты өзгеріп отырған» [52, 371], - деп Г.Пірәлиева анықтама берсе, профессор Б.Майтанов «Монолог, диалог арқылы мінездер ерекшелігі, ойлау сипаттары, образдың дүниетанымдық арналары өрнектеледі. Шығарма идеясының не бір нәзік тұстары, кейде автор мақсатының басты дәні көп ретте ішкі сөздер ағымымен бейнеленеді» [53, 291], - дейді диалогқа жан-жақты тоқтала келе. Бұған қосарымыз монологта, жоғарыда келтірілген диалогтарда көп ешкімге айтыла бермейтін астарлы сыр жатады. Мәселен аталмыш жазушының повестеріндегі кейіпкерлердің өзара диалогтарына негізделген. Онда күйіну, торығу, жауап таба алмау, сағыну басым тұрады. Демек, диалогтар ішкі монологпен байланысып, психологизмге құрылады. Шығармаларының композициясында кездесетін мұндай монолог, диалогтар аудармашының стильдік ерекшеліктерін айқындаумен бірге характердің де даралығын танытады. Кейіпкерлердің сөзінен оның логикалық ойлау жүйесі, заман, уақыт тынысы да сезіліп отырады. Ендеше аудармашының әрбір аударған тілдік компоненті олардың идеялық-эстетикалық мән-мағынасын айқындайды.
«Жәмилә» повесінің аударылуы қазақтың белгілі сыншысы, зерттеуші Қалжан Нұрмахановқа да оңай түспегені анық. Екі тілдегі нұсқаларды салыстыра отырып, қазақ тіліне икемдеп, нақты, түсінікті тілмен аударуы үлкен жетістік деп ойлаймыз. Өйткені аударылған шығармалардың ішіндегі осы бір туындыға ерекше көңіл аударғандығы анық байқалады. Аудармашы зор жауапкершілікті сезінген.
Ш.Айтматов повестерінің ерекшелігі – автор оқырман назарын кейіпкердің ішкі сезімдеріне, түйсіктеріне назар аудартып отыратындығында. Адам болмысына қатысты терең философиялық толғаныстар бір ғана адамның өз басынан өз психологиясынан тартыс табасыз. Кейіпкерлердің мінезін, қоғамға көзқарастарын білдіру үшін автор небір қиын ситуацияларға араластырып отырады да бірегей образ жасайды. Кейіпкерлердің ішкі тебіренісі беріліп, жан сыры ашылады, адам характері дамиды. Осындай күрделі характерлерді қазақ тілінде сөйлеткен аудармашы Қ.Нұрмахановтың аз тер төкпегені жоғарыдағы шығармаларды талдау барынсында көзіміз анық жеткендей болды.
Аударма нұсқаларды оқи отырып, кейіпкерлер тебіренісі, іштей арпалысының басымдығына көз жеткіземіз. Көбінесе автор ойы мен кейіпкер ойы тұтасып кеткені байқалады. Бұл аудармада да лайықты орынын тапқан. Жазушы ой арпалыстарына, сана қақтығыстарына, азапта да күрделі психологиялық ахуалға жол береді. «Жәмилә» повесіндегі Жәмилә образы арқылы тазалықты, адалдықты танытады. Басты кейіпкер өзімен-өзі болып, оңашаланып, психологиялық тебіреніске жиі беріледі. Яғни диалогтан қарағанда монолог басымдау тұрады да драмалық шиеленіске әкеліп соғып жататында кездері болады. Кейіпкер рухани тығырыққа тіреліп, өз-өзінен күйіп-пісіп жатады. Оқиға шиеленісуінен гөрі тереңнен толғану, ойлану, кейіпкер тебіренісі, іштей арпалысы басым. Осылар арқылы психологиялық тартыс күшейіп, кейіпкердің ішкі тебіренісі шарықтап барып, жан сыры ашылады. Бірте-бірте кейіпкер характері дамиды.
Сонымен жоғарыда талданған аудармаларды жинақтап ой қорытар болсақ, Қ.Нұрмаханов аударған «Бетпе-бет», «Алғашқы ұстаз», «Жәмилә» повестері мен «Ақ жауын» әңгімелері аудармашының төл туындысы іспеттес. Себебі, шығармаларындағы арагідік кездесетін қырғыз жер атаулары мен жергілікті сөздерді қоспағанда түгелімен қазақ тілінің сөздік құрамында бар, жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер екенін байқаймыз. Әрине қырғыз тілі мен қазақ тілінің тарихи туыстық, ұқсастық жақтары да мол екенін жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, қазақ оқырманына өз тілінің ерекшеліктерін сақтай отырып, әдеби тілін терең түсініп аударғанның арқасы деуімізге әбден болады. Мәселен, қазақ тілінің сөздік құрамына енетін байырғы сөздік қордағы сөздерді есептемегенде, жазушы өмір сүрген кезеңде қолданылып, кейін тілден ығысқан бөкпен, быламық, мизам, жарғақ, тәрізді көнерген сөздер, бешпент, күртеше, азан т.б. тәрізді диалектілік сипаттағы жергілікті ерекшеліктер, сондай-ақ сол кезеңде тілімізге енген: станция, фонарь, эшелон, семья, сумка, посылка, сельсоветтің председателі, телеграмма, колхоз, президиум, почта, комсомол т.б. сияқты орыс сөздері мен ғылыми-техникалық атаулар, терминдер, сөз тіркестері жиі кездеседі.
Мысалы, аудармашы қазақ әдебиетіне Абай арқылы еніп, ақын-жазушылардың шарықтаған шабытын байқататын поэтикалық сөздер мен сөз тіркестерін, чғни троп пен фигураның түрлерін (эпитет пен теңеу, метафора, метонимия, синекдоха, градация т.б) осы шығармаларда молынан пайдаланған. Мәселен, бір ғана жел және терек сөздернің алуан түрлі мінезі мен сипаты мынандай тіркестер арқылы беріледі: ызғарлы жел, сұрапыл жел, долы жел, ұйытқыған жел, шилер басын сипай соққан жел, жұлқынған жел, өкси ысқырған жел, ызыңдаған жел, зәулім терек, биік терек, алып терек, қайран терек, асыл терек, т.б. Осыған ұқсас меңіреу түн, сұрапыл соғыс, суық сөз, дымқыл жон, ызғарлы бұлт, қара түн, күс табан, жарғақ алақан т.б. толып жатқан тіркестер шығарманың өн бойына арқау болып, олардың тілдік шебер де көркем жазылған шығармалар болуына септігін тигізіп тұрғандығы ақиқат.
Сондай-ақ, шығармаларға өң беріп, олардың көркемдігін күшейтуде аудармашы қазақ тілінде молынан кездесетін кездесетін астарлы сөздерді, сөз тіркестерін жиі қолданады: жүзінен қаны қаны қашу, айыбынан ақталу, арманына қолы жету, жаны жай табу, маңдайынан мұздай тер бұрқ ету, жүрегі қысылу, тықыр таялу, сыр алдырмау, бас сауғалау, қанын ішіне тарту, жаны келіге қамалу, араны ашылу, басына қара күн туу, т.б. тіркестер осының айғағы.
Осыған мысал ретінде «Бетпе-бет» әңгімесінен мысал келтіре кетейік. «..Қара түннің көрпесін жамылған Қаратау шатқалы тастай қараңғы. Оның етегіндегі станция төңірегі одан бетер қараңғы, көзге түртсе көргісі. Станциядан әрі-бері поездер өткенде, айналаны зілдей басып жатқан түн жарыққа көз шағылысып, болар-болмас селт етеді де, қайтадан бұрынғы меңіреу қалпына енеді. Поездар өтіп кеткеннен кейін станция маңайын өлі тыныштық қайтадан басады»[52, 157]. «Бетпе-бет» әңгімесінің кіріспесі ретінде алынған осы сөйлемдердегі «қараңғы» деген сөз кейіннен біртіндеп түрлі экспрессивті-эмоционалды сөздермен алмасып, адамның тұла бойын түршіктіретін қаһарлы сөзге айналады. Ал бұл орыс тіліндегі нұсқасында мұндай мәнге ие бола алмайды. Онда қарапайым «темна» сөзімен алмасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет