Тақырып: Тиекті – кертікті тетіктер арқылы құрастырып – бекіту Дәрістің мазмұны:
Тиекті бекітудің анықтамасы..
Тиекті бекітудің әдісі.
Тиекті – кертікті тетіктер арқылы құрастырып – бекіту. Тиекті – кертікті тетіктер арқылы құрастырып – бекітудің негізгі элементтері: тиекті – кертікті тетіктер, тесік көздер, құлақтар, шұңқыр ұялар, шпунттар мен тарақ тәріздес тетіктер. Тиекті – кертікті тетіктер деп бөлшектің шығыңқы тұсын айтады. Оның ені бөлшектің енінен кішірек болады, ол тетіктер бөлшектегі шұңқыр ұяларға енгізіліп бекітіледі. Ал ол шұңқырлардың кеңдігі мен тереңдігі аталмыш тетіктер тығыз орналасатындай болуы керек. Тиекті – кертікті тетіктер тым жуан болмауы тиіс, өйткені оларды шұңқыр ұяға шаншып енгізу кезінде жарылып, мыжылып не сынып кетуі мүмкін.
Тиекті – кертікті тетіктердің тұтас болуы да, алмалы- салмалы болуы да мүмкін. Тұтас тетік бөлшектің тікелей өзінен жонылып жасалады. Мұның өзі еңбекті соншалықты көп керек ететін және үнем жасауға қолайсыз процесс болып табылады. Сондықтан тиекті – кертікті тетіктерді алмалы –салмалы етіп жасаған жақсы. Ондай тетіктер өз алдына жеке жасалады, ал дайындалатын ағаш материалында оның екі басы еніп тұруы үшін екі шұқанақ жасалады.
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
51 кредит саны
№ 39 дәріс
Тақырып: Ұзындығы мен енін тиектеп бекіту.
Дәрістің мазмұны:
Ұзындығы мен енін тиектеп бекіту.
Ұзындығы мен енін тиектеп бекітудегі артықшылықтар
Мақсаты: Ұзындығы мен енін тиектеп бекітудің маңызы.
Ұзындығы мен енін тиектеп бекіту. Ұзындығы мен енін тиектеп бекітудің бірнеше түрлері бар. Жұмыс сапасы өте жақсы болуы үшін тиектердің мөлшеріне байланысты жасалған нормаларды дәл сақтау қажет. Сондықтан тиектердің мөлшеріне қойылатын талаптарды көрсетіп, бекітулердің әрқайсысына толығырақ тоқталайық.
Ені бойынша тік бұрышты бекіту тетікті шпунт пен тарақ бекіту беріктігі жағынан тегіс тақтайға желіммен бекітуден біршама нашар. Өйткені оны орындаған кезде абсолютті дәлдікке жету қиын. Ең берігі – трапецияға ұқсас бекітутетігі мен тараққа тиектеп бекіту.
Бекіту мен тарақтауды орындаған уақытта кесек темір мен тиектің қалыңдығын және ұзындығын ескеру қажет. Тік бұрышты тетік пен тараққа бекіту үшін олардың ара қатысы мынадай болуы тиіс. Білеу темірдің қалыңдығы: 10, 12 – 19,20 – 25, 26 – 29, 30 – 40 мм; тиектің қалыңдығы: 4, 6, 8, 10, 12 мм; тиектің ұзындығы: 6, 8, 10, 12 мм.
Трапециялы тетік пен тараққа бекіткенде мына арақатынастарды сақтаған дұрыс: кесек темір қалыңдығы: 12 – 13, 15 – 16, 20 – 22, 30 – 35 мм; тиектің қалыңдығы: 5,5; 6,5; 8,5; 9,0; 11,5 мм; тиектің ұзындығы: 7, 8, 10, 12 мм.
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
14 апта
53 кредит саны
№ 40 дәріс
Тақырып: Тістеуікті желімдеп бекіту
Дәрістің мазмұны:
Тістеуікті желімдеп бекітудің әдісі
Мақсаты: Тістеуікті желімдеп бекітудің ерекшелігі.
Тістеуікті желімдеп бекіту деп бірнеше үшбұрышты тиекті пайдаланатын бекітуді атайды. Бұл бекітуді орындаған кезде бөлшектердің шет жағынан тиектердің жартысын шығарып қою қажет. Оның бір жағы желімдеуге қатысты болады да, басқасы бұйымның сыртқы бүйір жағында болады. Бұл тетіктердің бір бөлшекте жағына орналасқанына немесе әр түрлі бөлшектерде болғанына байланысты, мұндай бекітудің екі түрін бөліп айтады. Олардың арасындағы айырмашылықты ескермесе болмайды. Өйткені көп мөлшерде механикалық атқаруға ұшырайтын бұйымдарды жасаған кезде тиектеп бекітуді пайдалану ұсынылады. Себебі тиектердің жартысы бір бөлшекте орналасады да, басқасында тек қана мақсатты бөлшектер болады. Тістеуікті желімдеп бекітудің екінші түрін аз жұмыс істейтін конструкцияларда пайдалану тиімді.
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
54 кредит саны
№ 41 дәріс
Тақырып: Ағашты бекітудегі негізгі те тік - шканттар.
Дәрістің мазмұны:
Шканттардың түрлері
Шканттың артықшылығы.
Мақсаты: Шкантпен бекітілген ағаштың артықшылығы.
Шканттар дегеніміз алмалы–салмалы, дөңгелек тетіктер. Дайындалған ағаш материалының бүкіл өн бойына таратылатын тиекті – кертікті ұзын да тұтас тетіктерді тарақ тәрізді тетіктер деп атайды. Тарақ тәрізді тетік дегеніміз бөлшектің бойына салынатын шағын ойыс. Ол шпунтқа кигізіледі. Тиекті – кертікті тетіктер өздерінің сыртқы түрлері жағынан дөңгелек те, жалпақ та және трапеция тәріздес те болады.
Трапеция тәріздес және жалпақ тиекті – кертікті тетіктердің қырларын олардың бет сүйектері деп атайды. Сыртқы иық тетіктері деп кеспелтек ағаштың аралапкерілген бөліктерін, яғни тиекті – кертікті тетіктер көтерілешығып тұратын сыртқы бөліктерін атайды. Тиекті – кертікті тетіктің шеткі жақтарын тік кесілген шет дейді.
Тиектің ұзындығы, қалыңдығы мен ені болады. Тиектің үзындығы – дөңбек шетінен иықшаға дейінгі қашықтық; қалыңдығы – иықшалар мен ұрттардың арасындағы қашықтық; ені – ұрттарының көлденең мөлшері.осы тиек бұрыштарының көмегімен бөлшектерді ұзындығымен, енімен, бойымен, бұрыштарымен қосады.
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
55 кредит саны
№ 42 дәріс
Тақырып: Ағаш өңдеудегі алдан – ала есептеу жұмыстары.
Дәрістің мазмұны:
Есептеу жұмыстарының маңызы..
Есептеу жұмыстарына қажетті - құрал жабдықтар
Мақсаты: Есептеу жұмыстарының маңызы.
Столярлық істе көбінесе түрлі тақтайлар және білеу ағаштар іске жаратылады. Тақтайдың ені оның ені еселенген қалыңдығынан қашан да артық болады. Тақтайлар мен жақтары бүйір беті деп, ал ені беттің түйіскен сызығы – қыры деп аталады.
Бұйым жасау жұмысы алдымен бүкіл бұйымның және оның жеке детальдарының чертежін пайымдап түсінік алудан басталады. Сонан соң чертеж материал бетіне көшіріледі. Бұл белгілеп алу деп аталады.
Ағаш бұйымдарын өлшеп белгілеу үшін миллиметр бөліктері бар линейка немесе метр, бұрыштық, циркуль, рейсмус және қарындаш қолданылады.
Линейкамен түрлі өлшеулер орындалады және оның көмегімен түзу сызықтар жүргізіледі. Бұрыштық тіл бұрыш жасап орналасатын сызықтар жүргізуге және тік бұрыштарды тексеруге арналған. Сызып, белгіленгенде нәрсенің өлшемін линейкалық немесе метрдің нольмен белгіленген сызықшасынан бастап, қажетті ұзындыққа сәйкес келетін бөлікке дейін дұрыс өлшеп есептеу керек.
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
15 апта
57 кредит саны
№ 43 дәріс
Тақырып: Ағаш өңдеуге қажетті құрал - жабдықтар.
Дәрістің мазмұны:
Механикалық құралдар
Мақсаты: Белбеу, белдік.
Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың бәрін ұсталар тікелей өз қолымен даярлаған. Өз маусымында кескен, мезгілінде кептірген. Күйшілер болса үйдің сүйегіне арналған керегелік, үй ықтық, шаңырақтық сырғауылдары отпен морлап, тезге салып иген, ырғаққа ұстап, керекті қалыпқа түсірген. Ою ағаштың негізінен тегіс бетіне бедерленеді. Яғни, оймашы шебер жүкаяқ, кебеже тәрізді жиһаздың мүлік жасау үшін ең алдымен кескен ағаштан тақта дайындайтын болған. Сонан соң кіріскен. Әрине, мұның бәрін құрал - саймансыз жүзеге асыра алмайсың.
Ұсталар ағашты кесу жұмыстарына арамен балтаны, шабу ісіне түрлі шоттарды (шапашот, тесе шот, ойыс жүздішот), тегістеу, типылдау үшін үстірікті, қырғыны, оңғыны, түрпіні ішінара қашауды ойып өрнек салу үшін бєкіні пышақты (ойма пышақ, қуыс құрсақ) қашау, тесу үшін ұрғы мен үскіні пайдаланған. Әдеттеп, темір ұсталары да өзіне қажетті құрал-сайманның бәрін тікелей қолымен өзі жасап алған. Қазір ағаш өңдеу механикаланған.
Механикаланған құрал-сайманға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары жатады. Алайда, бүгінгі күндері қолдан тақта даярлап жатудың қажеті жоқ. Ойып өрнек салу үшін дайын тақтай жеткілікті.
Құрал-сайманды да қорабымен дүкендерден ала аласың. Жинақталған кескіш бәкілермен қатар метрлік өлшегіш, сызғыш, ішкі өлшеуіш, дөңгелек рейсмус деп аталатын өлшеуіш - белгілеу аспаптары да, ұста бағасы ағаш балға, қысқаш, тістеуік, егеу тәрізді көмекші аспаптарда қажет. Ағаш оюға қажетті ең басты құрал қашау.
Қашау тік жүзді қашау, құрсақты қашау (құрсақ ауқымы, яғни, жүзінің дөңгелек шеңбері түрліше бола береді), бұрышты қашау (жүзі үш бұрышты т.б.) қиғаш қашау (жүзі қиғаш) болып бөлінеді. Ең көп қолданылатын үш түрлі – құрсақты қашау, тік жүздісімен қиғаш жүздісі және шапашот пен ыңғыру (ойықтың өңін тегістеуге қолданылатын құрал). Көрнекілік үшін берілген тақтайдан құрсақты қашаумен салынған ойықтың жосығын қараңыздар.
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
58 кредит саны
№ 44 дәріс
Тақырып: Ағаш қырнау станогының технологиясы..
Дәрістің мазмұны:
СТД-120М станогының құрылысы.
Мақсаты: СТД-120М станогының құрылысымен таныстыру
Ағаш станогында қырнау технологиясы
Ағаштан қырнап жасалған үй – жиһаздарының бөлшектері, ыдыс аяқтар біздің жыл санаымызға дейінгі V – III ғасырда Алтайдың екінші Пазырық төбесінен қазақ және қырғыз тайпалары өмір сүрген кезден қалған ескі қырналып жасалған аласа аяқты, қақпағы овал формалы, алынатын үстел, тұтқасы мүйізден жасалған сапты және т.б. ыдыс – аяқтар табылған. Сонымен қатар, Қырғызстан жеріндегі Кеңкөл жер асты үңгірінен біздің жыл санауымызға дейінгі І ғасырда болған ғұн тайпаларынан қалған арша, шырша ағаштарынан жасалған ыдыс – аяқтар, бесіктер, қасықтар, аласа үстелдер және т.б. бұйымдар археологиялық ізденістерде табылған.
ХVІІІ ғасырдың өзіндегі қырнау жұмысы өте қарапайым ағаш, метал бөлшектерін құрастыру арқылы жасап, айналдыру қозғалысын қайыстың ұшына 2 үзеңгіні кезек – кезек төмен баса отырып алған. 2 – ші адам қырнау пышағымен ағаш бетті және ішін жонып отырған. Осыған қарағанда, өткен дәуірдің өзінде бұйымның көркемділігіне, әсемдігіне талғамы жоғарғы деңгейде болғанын музей қорларындағы ұлттық бұйымдар куә бола алады.
Ал, қазіргі кезде шеберханаларда электрлі ағаш токар станогы молынан кездеседі. Оның ішінде ТД – 120, ТСД – 120 станоктары.
Қырнау станогының негізгі құрылысы мен жұмыс істеу принципі, оны басқару туралы мәліметті оқулық кітаптарынан алуға болады. Бұл бөлімді біз тек, бұйымның көркем, әсемдік мәнін ашу технологиясын, оған қажетті материалдар мен аспаптарды, құрылғыларды қарастырамыз.
Ағаштың мынадай әсемдік көрінісін беретін қасиеттері болады. Яғни, текстура, фактура,түс, жылтырақ және өң. Бұлардан басқа, әрине, табиғи түрде пайда болған без, бұтақ, шиыршық, бұйра, бұдыр, шіру кезеңінде жақындаған ағаштың бөліктері, қисық қабаттары жатады. Осы аталған әсемдік көркем беретін ағаштардың қасиеттері үй жиһаздарын, ыдыс – аяқтарды жасаған кезде көздің көркін алуда шеберлер олардың формаларын, міндетін (функция) ескере отырып үйлестірген.
Аспаптардың ішіндегі өлшеуіш және кесетін пышақтарды станоктың оң жағында, қалған керекті аспаптарды сол жаққа орналастырып қояды. Жарық берілуі жеткілікті болуы жөн. Табиғи жарық өзі болған жағдайда да электр шырағын жағу керек. Өйткені, кей кездерде табиғи жарық толығымен бөлмені қалыпты мөлшерде қанағаттандырмауы мүмкін. Кесілген дөңгелек ағашты планшайбаға бекітпес бұрын остің ортасын тауып алған жөн. Ол үшін перпендикуляр қиылысатын сызықты кесіндісінің екі жақ бетіне жүргізе табамыз. Егер ағаш төрт бұрышты формалы болса, төрт қырлы балтамен жонып отырып алып тасталынады. Өйткені, пышақты тірекке қойып кесерде, дөңбек үздік – үздік пышаққа тие отырып, ұшын сындыруы және пышақты тіректің астына қарай алып кетіп, қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
Токар ағаш станогына кескінді үш түрлі құрылғыға қондыра станокқа бекітеді. Олар:
үш тісті патрон – тек бетті өңдеуде, дөңбекті тістеріне ағаш балғамен соға отырып кіргізіп, екінші ұшына артқы топайшықты жақындата отырып бекітеді;
іші қуыс, конусты резьбалы стакан патрон – қысқс диаметрлі, ішкі бетін өңдеуге қолданылады. Дөңбек кесіндіні патронға бұрап отырып кіргізеді;
планшайба – үлкен диаметрлі дөңбек ағаштың ішін және сыртында топайшыққа бекіте отырыпқырнайды. Планшайбаға дөңбекті кесіндіні бұрандалы шегемен бекітеді.
Тіректі дөңбек ось орталығымен 10 – 15 мм биіктікте көтере саңылау қалдырып, бекітіп, алғашқы өңдеуде көлбеген пышақтың жіңішке және жалпақ түрлерін қолданады. Бірақ, тіректі дөңбек кесіндісінің ұшынан 10 – 15 см қалдырып, көлбеген пышақтың түрін 45– қа ұстап тазалайды.
Ішкі бетті қырнау кезінде сыртқы топайшықты алып тастап, тіректі 90– қа бұрып, горизанталь осьтің биіктік деңгейінде бекітеді. Доғал пышақты тіректің үстіне сүйеп, осьтің ортасымен бастап қырнауды жүргізеді. Егер ішкі бетті фасонды беру керек болса, онда фасонды пышақтың көмегімен алуға болады.
Шар, жартылай сфералы бұйымдарды ілмек пышақтармен бір қалыпты қырнау арқылы ішкі бетке бедер береді. Дайын болған бұйымды, зімпараның жолағын екі қолға ұстап, станоктың айналысты қозғалысы кезінде үстіне солға, оңға қарайбасып тұрса, бет тегістелініліп, тазаланады. Ал ішкі бетті ағаш кесіндісіне немесе саусаққа зімпараны орап тазартуға да болады. Тазартып алынаған бұйымды ою пышақ арқылы бедерлі немесе геометриялық ою – өрнек түсіруге болады. Сонымен бірге, бояуды, өткермелеп безендіруді, күйдіруді де қолданған артық болмайды.
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
59 кредит саны
№ 45 дәріс
Тақырып: Бұйымды ажарлау
Дәрістің мазмұны:
Ажарлау жұмыстары..
Ажарлауға қажетті құралдар.
Мақсаты: Ажарлау жұмыстарының пайдасы
Бұйымды ажарлау
Ағаштан жасалған әзір детальдар мен бұйымдарды ажарлау жұмысына бұйымның бетін зімпарамен ысқылап тегістеу, оны лакпен және түрлі бояулармен бояу операциялары жатады.
Зімпара дегеніміз – бетіне алдымен жұқалап желім жағып, оның үстіне уатылған шынының немесе қатты материалдардың ұнтақтарын біркелкі себіліп қатырылған мақта мата немесе қалың қағаз.
Шағын беттерді икем, зімпараның өзімен-ақ ысқылап тегістейді. Ажарлау, қолданылатын лактар мен бояуларға байланысты, күнгірттен ажарлау және мөлдір ажарлау дегеніміз – бұйымның бүкіл бетін күңгірт, бояулармен бір реттке бояу. Мөлдіреп ажарлағанда ағаш сүргінің түзілу өрнектері - сүрек беттеріндегі белгілі ағаш жынысына тән айырықша өрнектері көрініп тұрады. Күңгірттеп ажарлау, жасалған детальдың немесе бұйымның беті еуелі зімпарамен тегістеледі., содан соң жағылады және шпатлевка жасалады. Сонымен қатар шпатлевкаланған бетке лактар мен бояулар да жақсы қонады. Шпатлевка қамырының құрамында, желім, олифа, су және бор болады. Ол қоймалжың күйде қолданылады. Шпатлевкасы кепкеннен кейін бұйымның беті майда зімпарамен қайыра тегістеледі де, майлы бояумен немесе лакпен боялады. Бұйымдарды мөлдірлеп ажарлауда ажарлаған мөлдір материалдар қолданылады. Бұйымның беті зімпарамен әбден тегістеледі, кемістіктерді шпатлевкамен жойылады, бұйымның бетін суға ерітілген тиісті бояғыш затпен бояйды. Кепкеннен кейін ол бетті, томпонды немесе бояу жаңқышты пайдаланып: спиртті немесе майлы лакпен немесе басқа бір лакпен бояйды.
Егер ажарланатын ағаш сүрегінің өзіндік табиғи түсін сақтау қажет болса, онда бұымның бетін әбден тегістеп алған соң бірден-ақ мөлдір лакпен 2-3 рет бояйды. Бұлай қайталанып болғанда әр жолы әбден кептіріп алады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
Әдебиеттер тізімі
[1] С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
[2] Х. Арғынбаев “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Өнер” 1987ж.
[3] Ш. Әбдуәлиева “Халық қолөнері” Алматы “Рауан” 1992ж.
[4] Қазақ совет энциклопедиясы т.І 1972 ж. Алматы
[5] Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
[6] Костылов А.Н. Оқу мастерскойындағы сабақ” Алматы 1962ж.
[7] Муканов Е. “Ағаш ою” Алматы 1979ж.
[8] Гликин М.С. “Ағаштың станоктағы бейнелеу жұмысы” Москва 1987ж.
[9] С.Газарян “Прерасное - своими руками”
[10] Нурпейісов Е. “Қазақ халқының қол өнері” Алматы 1999ж.
[11] Бешенков А.К. Оқу шеберханасындағы сабақ. Алматы 1981ж. 1962 ж.
[12] Нұрғалиев Р.“Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы Алматы 1989ж.
6.CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ-жұмыс
жоспары бойынша практикалық сабақтар есептелмеген.
№
|
Тақырып
|
Семинар сабақтың мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
Әдістемелік нұсқаулар
|
1.
|
Металдармен шеберханада жұмыс жасау
|
Металдардың қасиеттері, олармен жұмыс жасау техника қауіпсіздік ережелері.
|
1
|
1.С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
2.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
2
|
Шеберхана жұмыстарына арналған құрал жабдықтарды таныстыру.
|
1.Құрал жабдықтардың түрлері
2.Құрал жабдықтарды қолданылу аясы
|
2
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
3.
|
Оқу верстактары, іскенжелер, станок тар құрылысы
|
1.Оқу верстактарының маңызы
2.Іскенжені қолдану әдісі
3.Станоктардың құрылысы
|
3
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
4.
|
Ағаш материалынан жасалатын бұйымдар
|
1.Ағаш материалынан жасалатын бұйымдарды көрсету
2.Ағаш материалын біріктіру
|
4
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
5.
|
Ағаш бұйымдарды біріктіру түрлері
|
Желімдеу арқылы біріктіру
Шпонка арқылы біріктіру
Шегемен немесе шуруппен бекіту
|
5
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
6.
|
Құрастырып біріктірудің басқа түрлері
|
1.Қарлығаш құйрық тәрізді біріктіру
2.Қиғаштап біріктіру
|
6
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
7.
|
Ағаш оюға арналған құрал жабдықтар
|
Ағаш ою кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
Ағаш ою құралдарының классификациясы
|
7
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
8.
|
Ағаш бұйымды станокта жасау технологиясы
|
СТД-120М станогының құрылысымен танысу
Станокпен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері.
|
8
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
9.
|
Станокта ағаш қырналау жұмысы
|
Станокпен ағаш өңдеу кезіндегі қажетті құралдар
Станокта жасалған бұйымды тазарту
|
9
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
|
|
10.
|
Станокта ағаш қырналау жұмысы
|
1.Станокпен ағаш өңдеу кезіндегі қажетті құралдар
2.Станокта жасалған бұйымды тазарту
|
10
|
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж
|
|
11.
|
Станокта ағаш қырналау жұмысы
|
1.Станокпен ағаш өңдеу кезіндегі қажетті құралдар
2.Станокта жасалған бұйымды тазарту
|
11
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
|
|
12.
|
Дайын бұйымды әрлеу жұмыстары
|
Бұйымды зімпарамен өңдеу
Лакпен әрлеу
|
12
|
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
13.
|
Дайындалған бұйымдарды қолдана алу шарттары
|
Дайындалған бұымдарды пай лану пайызы.
Дайын бұйымның экономикалық көрсеткіші.
|
13
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
|
|
14.
|
Жиһаз құрастыру
|
Жиһаз туралы жалпы түсінік
Жиһаз түрлері
Жиһаздың жасалу жолдары
|
14
|
Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
|
|
15.
|
Жұмсақ жиһаздарды әшекейлеу
|
Жұмсақ жиһазды қаптау.
Жұмсақ жиһазды қаптау материалдары.
Жиһазды қаптау әдістері.
|
15
|
С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |