Мектеп гигиенасына негізделген дене шынықтыру және спорт гигиенасы



бет12/38
Дата20.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63321
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
2. Ауаның ылғалдылығын әрқашанда ауадағы су буларының әрдәйым болуы айқындайды. Ол кейбір жағдайларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін: ауаның температурасы, теңіз деңгейінен биіктігі, жақын жердегі су қоймалары, өсімдіктер сипаты ж.б.

Ауадағы су булары серпімділіктермен айқындалады және мм сынап бағанасымен өлшенеді. Су буларының ауадағы мөлшері өскен сайын серпімділік арта түседі. Әрбір ауаның температурасына белгілі бір су буларының қаныққан шегі бар. Су буы шегінен шыққанда ылғалдылық тұманға айналады, шыққа, қырауға ж.б. айналады. Ауаның ылғалдылығы келесі негізгі түсініктемелермен берілген: абсалютті, максимальді және салыстырмалы ылғалдылық деп.

Абсалютті ылғалдылық – немесе су буының (г) 1 м3 ауадағы сол уақыттағы саны, немесе олардың мм с. Бағанасымен өлшенгендегі серпімділігі.

Максимальді ылғалдылық – белгілі бір температурадағы 1м3 су буымен қанықтыру үшін кететін мөлшері немесе белгілі бір температурада немесе су буының (г) ауаны толық қанықтыру кезіндегі серпімділігі.

Салыстырмалы ылғалдылық – абсалютті ылғалдылықтың максмальдіге пайызбен есептегенде, басқаша айтқанда су буымен ауаны сол тексеру уақытына қанығу пайызы. Салыстырмалы ылғалдылық келесі формула бойынша есептележді: О с.ы. = А : М . 100 %; бұндағы О – салыстырмалы ылғалдылық (%); A – абсалютті ылғалдылық ( мм с. б.); М – максимальді ылғалдылық (мм с. б.).

Атмосфералық қысым. Жер шарын қоршап тұрған ауаның қысымы бар және оны атмосфералық немесе барометрлік қысым деп атайды. Ол мм с. б.



Тексеру сұрақтары: Ауаның адам үшін маңызы қандай? Климат деген не? Ауаның физикалық қасиеттеріне не жатады? Ауаның химиялық құрамы қандай? Механикалық қоспаларға нелер жатады? Бактерийлермен ластану қалай жүреді? Ауаның адам үшін қолайлы температурасы қандай? Ауаның ылғалдылығы деп нені айтады? Ол неге байланысты? Абсалютті ылғалдылықты қалай есептеуге болады? Максимальді ылғалдылық неге байланысты? Салыстырмалы ылғалдылықтың формуласы қандай?

Әдебиет: 1. : Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.

3. Тақырыптың аты: Су және топырақ гигиенасы

Мақсаты: Cудың адам өміріндегі алатын орнын, гигиеналық маңызын, ауыз судың сапасына қойылатын талаптарын, судың органолептикалық қасиетін: иісі, түсі, мөлдірлігі, дәмі, температурасы, судың химиялық құрамын, судың эпидемиологиялық маңызы мен бактериологиялық ластануынын студенттерге толық деңгейде жеткізу.

Тірек сөздер: судың физиологиялық қажеттілігі, санитарлы-гигиеналық шаруашылық қажеттілігі, шыңдалу, емдік дене шынықтыру, су спорт түрлері, топырақтың құрамы, қасиеті, биохимиялық процестер, эпидемиологиялық қауіпсіздігі, радиоактивті бүліну, органолептикалық қасиеттері, ішек таяқшаларының топтары, коли – индексі, коли – титрі, иісі, түсі, дәмі ж.б.

Негізгі сұрақтар:

  • сумен қамтамасыз ету көздеріне гигиеналық сипаттама

  • топырақтың химиялық құрамы

  • сулы тазалау және зарарсыздандыру

  • ауыз суының химиялық құрамы

Қысқаша мазмұны: 1.Су – сыртқы ортаның ең негізгі факторы болып есептеледі. Ол адамның физиологиялық, санитарлы-гигиеналық және шаруашылық қасиеттерді қанағаттандырады. Су адамның ұлпалар мен мүшелер құрамына кіреді де, барлық физико-химиялық үрдістерге қатысады, көптеген физиологиялық қызметтер атқаруда, ағзадан зат алмасудан қалған заттарды сыртқа шығару, дененің жылу беруін тер бөлу арқылы реттеу. Су дене тәрбиесінде (шыңдалу, дене жаттығуларының емдік қасиетінде, жеке гигиена да, су спорт түрлерінде) кеңінен пайдаланылады.

2. Топырақ – бұл да сыртқы ортаның бір факторы болып есептелінеді. Онда, оның құрамында биохимиялық үрдістердің қарқынды өтуіне, адамның өмір сүру жағдайына әсері көп. Кейбір жағдайларда топырақтың адамға теріс әсері тиуі мүмкін; өсімдік пен жануарлар азықтарының сапасына және жалпы тіршіліктің санитарлық жағдайларына тікелей байланысты.

Судың пайдалы әсерінен кейбір жағдайларда кері әсері болады. Бұл тек ауыз су үшін және тамақ әзірлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге суға шомылу кезінде және су спорт түрімен шұғылданғанда да болады. Ластанған су жұқпалы аурулардың жұғуына себепші болады: сүзек, іш өту және б. Су арқылы личинкалардың гельминттері және протозоо қоздырушы аурулары жұғады. Патогенді микробтар суға әртүрлі лас қалдықтар мен өнімдердің ақырғы заттарымен түседі. Дүниежүзілік дәрігерлер қоғамының деректері бойынша ауыз суының сапасының төмендігінен жыл сайын 5 млн. Адамдай қайтыс болады.



3. Гигиеналық қалып бойынша ауыз суына келесі талаптар қойылады: 1) эпидемиялық жағынан ауыз суы қауіпсіз болуы қажет, патогенді микробтар, бактерийлер болмауы керек, гельминттердің жұмыртқалары мен личинкалары және басқа да ауру қоздырғыштардың да болмағаны жөн; 2) химиялық құрамы жағынан таза болуы керек, тұздардың мөлшерден тыс болм ағаны, адам денсаулығына теріс әсері, улы және радиоактивті заттардан бос болуы керек.; 3) органолептикалық қасиеттері жағынан жағымды болуы қажет (мөлдір, түссіз, иіссіз, белгілі бір температурада, дәмі болмағаны жөн).

Эпидемиялық жағынан судың қауіпсіздігін бактериологиялық көрсеткіштерін жанама әдіспен анықтайды: 1) жалпы бактериологиялық ластану деңгейі, 2) құрамында ішек таяқшаларының болуы. Біріншісі микробтардың суда өмір сүруіне қаншама қолайлы немесе қолайсыз жағдайлардың болуы, соның ішінде ауру тарататын. Бұнда 1 мл судағы микробтардың жалпы санын анықтау, қалып бойынша 1 мл ауыз суында 100 микробтан артық болмауы керек.

Судағы патогенді микробтарды анықтау күрделі және ұзақ уақыт алатын жұмыс. Судың бактерийлермен ластануына адамның фекалиі (нәжіс пен несеп) көп әсер етеді. Оның көрсеткіші ретінде ішек таяқшасы алынған, ол таяқша адам мен жануарлардың ішектерінде кездеседі, сонда паналайды.

Екінші көрсеткіш – ішек таяқшаларының судағы құрамы – коли – индексі немесе коли – титрімен анықталады. Коли –индекс – бұл 1 л судағы ішек таяқшаларының саны; коли – титр – бір ішек таяшасын табу үшін кеткен ең аз су мөлшері (көлемі). Коли – индексті анықтау үшін жарғақты фильтр (сүзгіш) тәсілімен анықталады. Судың су құбырының коли – индексі үштен аспауы керек, ал коли – титр 300 мл болуы қажет. Жасанды бассейіндердің суының коли – титрі 100 мл болуы керек.



4. Органолептикалық қасиеті: 1) иісі, дәмі, түстілігі, лайлығының рұқсат етілген өзгерістерінің қарқындылығы; 2) химиялық заттардың құрамы, сол көрсеткіштерді нашарлататын ең аз концентрациясының зияндылығын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет