Мектеп гигиенасына негізделген дене шынықтыру және спорт гигиенасы



бет28/38
Дата20.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63321
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
2. Ыстық ауада спортшылар жоғарғы температура мен ауаның ылғалдылығы жағдайына душар болады. Сонымен бірге қарқынды күн радиациясы мен жылуға да ұшырайды. Бұл жағдайларда жылу реттеу механизмдерінің кернеулігі жоғарлап, жылу беру жағдайы нашарлап сырттан экзогенді жылу келіп түседі. Бұлшық ет жұмысының қарқынды кезінде жылу бөлу көбейгесін оның үстіне нашар жағдай тереңдей түседі.

Жоғары жылу жүктемесі ең бірінші орталық нерв жүйесі мен нерв – бұлшық ет аппаратына әсер етеді: жылдамдық төмендейді, қимылдардың дәлдігі мен координациясы нашарлайды, еріктілік төмендейді, апатия пайда болады, жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметі қиындайды. Осының бәрі ақыр соңында көңіл күйдің нашарлауына, спорттық жұмыс қабілеттілікті төмендетеді, қайта қалпына келу үрдістерін баяулатады.

Жоғары температура кезінде миға қан құйылуы мүмкін. Әсіресе қарқынды бұлшық ет жұмысы кезінде желсіз ыстық ауа райы және жоғары ылғалдылық кезінде болады.

Жылу мен күн тиюдің арасында белгілі айырмашылық бар. Жылудан ОНЖ қызметі жұмысын бұзады, жалпы әлсіздік, апатия, ұйқышылық, бас айналу мен бас ауру, көз қарауытып, шөл, құсу, жүрек айнумен сипатталады. Тер бөлу көбейіп, дене температурасы көтеріліп, лүпіл мен тыныс алу жиілейді.

Күн тигенде дене температурасы баяу көтеріледі де ОНЖ жағынан жұмысы бұзылады.

Сыртқы ортаның жоғары температурасы жағдайында жаттығу мен жарысқа қатысу кезінде гигиеналық кешенді шараларының маңызы өте зор. Жарыс ыстық жерлерде өтетін болса, онда жарысқа әзірлік ұқсас жағдайларда өткені жөн, сондай температура көрсеткіштері мен ылғалдылықта, күн радиациясының қарқындылығы да ұқсас болғаны дұрыс.

Ыстық климатты жерге келгеннен кейін белсенді акклиматизация тәсіліне көшкен жөн, ол дегеніміз бірінші күннен бастап дене жаттығуларын орындап, бара – бара оның ұзақтығы мен қарқынын өсіру керек.

Жаттығуларды күніне 2 рет өткізіп әсіресе таңертеңгі және кешкі салқындау уақыттарда.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет