Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы


-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы



бет10/15
Дата25.12.2016
өлшемі2,8 Mb.
#4813
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
7-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы

(6 жастан 7 жасқа дейін)

1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы

      214. Мақсаты белсенді қимыл әрекет дағдылары мен денелік өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру және дамыту, балаларды салауатты өмір салты негіздеріне баулу болып табылады.

      215."Денсаулық" білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:

      1) дене шынықтыру,

      2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері.

      216. "Денсаулық" білім беру саласындағы оқу жүктемесі:



"Денсаулық" білім беру саласы

Апталық оқу жүктемесі

Дене шынықтыру

2,5

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

0,5

2-параграф. Дене шынықтыру

      217. Мақсаты қимыл-қозғалыс дағдылары мен ептілігін дамыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін меңгеру, өзінің қауіпсіз тіршілік әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; салауатты өмір-салтына баулу болып табылады.

      218. Міндеттері:

      балалар денсаулығын нығайту, ағзаларын шынықтыру,

      балалардың денелік сапа көрсеткіштерін дамыту,

      күнделікті қимыл іс-әрекетіне деген қажеттілікті қалыптастыра отырып, дербес қимыл белсенділігін дамыту,

      балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамытуға мүмкіндік беру,

      тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында өзін-өзі ұстай білудің қауіпсіз дағдылары мен қиын жағдаяттарда ересектерден көмек сұрау біліктерін қалыптастыру.

      219. "Дене шынықтыру" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім

Бөлімше

1. Денсаулық және дене бітімі

1.1 Денсаулықты нығайту

1.2 Дене бітімін жетілдіру

2. Қозғала білу және сенімділік

2.1. Қозғалыс

2.2 Дене қуаты қасиеті

3. Ынтымақтастық және басқару

3.1 Командада жұмыс жасау

3.2 Дене шынықтырудағы техника мен тактика

4. Шығармашылық қабілеттер және ойлау

4.1 Ойындардағы шығармашылық қабілеттер

      2. Оқыту мақсаттарының жүйесі

      1-бөлім. Денсаулық және дене бітімі



Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Денсаулықты нығайту

0.1.1.1 заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығуларды орындау

1.2 Дене бітімді жетілдіру

0.1.2.1 ағзаның төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүктемелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығуларын орындау

      1-бөлім. Денсаулық және дене бітімі

      1.1 Денсаулықты нығайту

      Заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығулар орындайды: қолдарын кеудесімен және аяқтарымен бірге қимылдар орындай отырып, әртүрлі қарқында бірдей және кезектестіріп көтеру, жазу, бүгу, айналдыру, әртүрлі қалыпта кеудесін айналдыру, қолдарын (жоғары, жанына, арқасына) бірге қозғалтып отыру, екпетінен жатып қолын жанына созу, жоғары көтеру, шалқасынан жатып аяқтарын бірге (кезектестіріп), тартылып көтеру, айқастыру, арқасынан екпетіне және кері аунап түсу, бүгілу, әртүрлі қалыптан оңға, солға бұрылу, жанына, алға, артқа қисаю, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап алға, артқа, жанына қарай ұмтылу, орнында тұрып, аяқтарының ұшымен, өкшесімен, жылжыған қадаммен аттау, аяқтарының башпайларымен ұсақ заттарды қармау және оларды бір орыннан екінші орынға ауыстыру.

      1.2 Дене бітімді жетілдіру

      Жекелеген бұлшық ет топтарына, буындарға, сіңірге және олардың жағдайы мен қызметтерінің түрлеріне (бұлшық еттің босаңсуына, созылуына және т.б.) дене жаттығуларын орындайды, заттарды, дене шынықтыру снарядтарын, жабдықтарды пайдаланып, шанамен сырғанау, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүзу; таза ауада дене жаттығуларын түрлі қозғалыс тәсілдерімен (жаяу, шаңғымен, велосипедпен) орындайды.

      2-бөлім. Қозғала білу және сенімділік



Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Қозғалыс

0.2.1.1 бір орында тұрып және қозғалыс барысында сапқа тұру түрлерін, мәнерлі сап түзу, жүру түрлерін орындау

0.2.1.2 жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қарапайым дене жаттығуларымен алмастыру

0.2.1.3 гимнастикалық орындық пен еңіс тақтайдың бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау

0.2.1.4 секірудің әр түрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып, өзгермелі жағдайлардағы секірулер

0.2.1.5 өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау

0.2.1.6 қашықтыққа, көлденең және тік нысанға лақтыру

0.2.1.7 допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру

2.2 Дене қуаты қасиеті

0.2.2.1 дене қуаты қасиеттерін көрсету: әр түрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік, жылдамдық пен реакция

0.2.2.2 құрдастарының шағын тобымен таныс ойындарды ұйымдастыруда дербестік пен бастамашылдықты дамыту

0.2.2.3 кеңістікте, уақытта бағдарлануды, орындық/бөрене арқылы жоғары және төмен жүру барысында және берілген қалыпта тепе-теңдікті сақтау ептілігін дамыту

      2-бөлім. Қозғала білу және сенімділік

      2.1.Қозғалыс

      Жүру. Қолдарын әртүрлі гимнастикалық қалыпта ұстап тұрып, аяқтың ұшымен, айқастырып, әдеттегідей, кең, тар, сүйеу адыммен алға және артқа, өкшеден аяқтың ұшына алмасып, жүрелей отырып; шектелген жазықтықпен, белгілі бір қалыпта (аяқтың ұшымен тұрған, жартылай отырған күйде) тоқтай қалып, көзін жұмып, бұрын жүрілген жерлермен жүру.

      Жүгіру. Аяқтың ұшымен, аяқты артқа қарай бүгіп, тізені жоғары көтеріп, аяқты алға қарай лақтырып, қысқа және кең адыммен жүгіру. Әртүрлі қалыппен жүгіру, сапта біреуден, екеуден, әртүрлі бағытта, әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, кедергілерден өту, айналып тұрған секіртпенің астынан; 80-120 м үздіксіз 2-3 минутта, орташа жылдамдықпен (2-4 рет жүрумен алмастырып) жүгіріп өту, бұрын жүрілген 400 м дейінгі жерде баяу, 20 м үзіліспен (2-3 рет) шапшаң жүгіріп өту, шоқырақтап, жарыса жүгіру.

      Секіру. Орнынан, айналып, 5-6 м алға жылжып, аяқтарының арасына допты қыса отырып (салмағы 1 кг) секіру, орнығып отырған қалыптан жоғары қарай; бала қолын көтерген қалпында тұрған орнынан және жүгіріп келіп 25-30 см биікте ілінген затты алу мақсатында, орнынан ұзындыққа; жүгіріп келіп биіктікке, секіртпе арқылы, құрсау арқылы, бір аяғымен сызықтан, арқаннан (алға, артқа, жанына қарай ұмтыла) секіру.

      Еңбектеу, өрмелеу. Гимнастикалық орындықта еңбектеу: төрт тағандап, етпетімен және шалқасынан, қолымен тартыла отырып және аяғымен серпіліп, "жыланша". Заттың астынан, арасынан әртүрлі әдістермен (заттардың биіктігі 35-50 см) еңбектеу. Гимнастикалық қабырғамен қарқынды өзгерте отырып аяқтардың айқасқан қимылдарымен бірге және бір жерден екінші жерге өрмелеу.

      Лақтыру, қағып алу, көздеп лақтыру. Допты жоғарыға, жерге лақтыру, қос қолмен (15-20 реттен кем емес), бір қолымен (8-10 реттен кем емес), басынан асыра, әртүрлі қимыл жасай отырып, әртүрлі қалыптан қағып алу. Допты заттардың арасымен домалату. Бір-біріне допты төменнен, аяқтарын әртүрлі қалыпта қойып отырған жағдайда, тор арқылы беру. 5-15 м кем емес қашыққа, кеуде тұсынан көлденең нысанға екі қолымен, астынан, оң және сол қолымен (арақашықтығы 4-5м), тік нысанға оң және сол қолымен (арақашықтығы 4-5м) дәлдеп лақтыру.

      Тепе-теңдікті сақтау. Басына зат қойып, қолдарын әртүрлі қалыпта арнайы сызықтың бойымен жүргенде тепе-теңдік сақтау, гимнастикалық орындықтың бойымен жанына қарай адымдап жүру, отырып тұруды орындау, шыр айналу және гимнастикалық орындықтың бойымен жүруді жалғастыру, аяқтарын жоғары көтере отырып, және оның астынан шапалақ ұрып жүру, қолдарын түрлі қалыпқа қойып, еңіс тақтаның (ені 10-15 см, биіктігі 40 см) бойымен тура және қырындап жүру, жіптің бойымен жүру, көздерін жауып 1 аяқта тұру, бір аяқпен алға ұмтыла секіру, құм салынған қапшықты ұстап тұру және отыру.

      Сап түзеу, қайта құру. Өз бетімен бір-біреуден, шеңбермен, қатармен өздігінен сапқа тұрады. Қайта сап түзеу – бір саптан екіншіге ауысады. Екеуден, үшеуден, төртеуден, біреуден бернеше шеңберге (2-3) қайта тұрады.

      2.2. Дене қуаты қасиеті

      Жаттығулар орындайды:

      ептілікті дамытуға арналған: әртүрлі пішіндегі, құрамдағы, салмақтағы заттармен жаттығу, қимыл қарқыны мен ырғағын өзгерту, бірнеше қатысушылармен үйлескен бірдей қимылдар орындау

      күш қасиеттерін дамытуға арналған: қолдарды орындыққа сүйеп, аяқтарды созып, қолдарды жазып-бүгу, яғни кеудені жоғары көтеріп, төмен сығу, қолмен 5 м жүру (екінші бала қолмен жүретін баланы аяқтарынан ұстайды), гантельдермен жаттығулар, арқан тарту, керме мен дөңелектерге тартылу, үрленген шарлармен жүгіру және басқалар

      иілгіштікті дамытуға арналған: еңкею, тербелу, айналмалы қимылдар, акробатикалық жаттығулар ("қарлығаш", "себет", "көпір" және т.с.с.)

      шыдамдылықты дамытуға арналған: шеңбер бойымен бағытты өзгерте отырып, 5 минут жүгіру, заттарды тасымалдайтын түрлі эстафеталар, ойлы-қырлы жерлермен жүгіру, 20 сек. - 60 сек. секіртпемен секіру, велосипедпен жүру, түрлі тәсілдермен шаңғымен көтерілу, 15-25 минут бойы кез-келген қимыл-қозғалыс ойындары

      көз мөлшерді дамытуға арналған: "Нысанаға тигізу", "Асықтар", кеглдер және басқалар.

      3-бөлім. Ынтымақтастық және басқару

Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1.Командада жұмыс жасау

0.3.1.1. алуан түрлі ойын түрлерінде әр түрлі дене жаттығуларын орындау барысында басқа қатысушыларға тактикалық көмек көрсету

0.3.1.2 командалық ойындар рөлдері мен тәсілдерін қолдану

0.3.1.3 әділетті ойын мен әділетті төрелік белгілерін анықтау

3.2.Дене шынықтырудағы техника мен тактика

0.3.2.1 әртүрлі спорттық сабақтарға қажетті ресурстарды анықтау және оларды техника қауіпсіздігін ескере отырып қолдану

      3-бөлім. Ынтымақтастық және басқару

      3.1 Командада жұмыс жасау

      Командалық спорттық ойындар

      Баскетбол. баскетболшының тұру қалпын қабылдайды, тұрған қалыптан және қозғалыс кезінде допты бір-біріне беру, жүріп және жүгіріп допты оң және сол қолмен алып жүреді, допты себетке салады.

      Футбол. Футбол добын оң және сол аяқпен домалату, жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне орыннан және қозғалыс кезінде беру тәсілдерін игереді, доппен затты айналдыра жүреді, допты тоқтатады, көтеріп тебеді, қақпаға домалатады.

      Хоккей. Берілген бағытта, затты айналдыра, заттардың аралығымен доптаяқпен шайбаны алып жүреді, жұптасып бір-біріне орыннан және қозғалыс кезінде шайбаны береді, шайбаны затты айналдыра жүреді, шайбаны тоқтатады, қақпаға доптаяқпен шайбаны оң жақтан, сол жақтан, тұрған орыннан және енгізгеннен кейін сырғанатады, эстафета.

      3.2. Дене шынықтырудағы техника мен тактика

      Әртүрлі спорттық сабақтарға арналған қажетті техника мен тактика элементтерін орындайды және оларды техника қауіпсіздігін сақтай отырып қолданады, түрлі ойындарда түрлі дене жаттығуларын орындайды. Жаңа қимылдық әрекеттерді орындайды және оларды жалпылама орындай алады, қимылдарды дербес орындауға қызығушылық танытады.

      4-бөлім. Шығармашылық қабілеттер

Бөлімше

Оқу мақсаттары

4.1.Ойындағы шығармашылық қабілеттер

0.4.1.1 ойындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту (ойынның түрлі нұсқаларын ойлап табу, қимылдарды құрастыру)

0.4.1.2 дербес түрде таныс қимыл-қозғалыс ойындарды және жаттығуларды өткізу

      4.1 Ойындағы шығармашылық қабілеттер

      Берілген мазмұн бойынша педагогтың көмегімен таныс қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырады. Ойын-эстафеталар, қызықты ойындар, аттракциондар ұйымдастыру арқылы қимыл белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін танытады.

3-параграф. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

      220. Мақсаты денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      221. Міндеттері:

      денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру,

      өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту,

      тұрмыстағы, көшедегі және табиғат аясындағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту,

      салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінуді қалыптастыру.

      222. "Қауіпсіз мінез-құлық негіздері" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.



Бөлім

Бөлімше

1.Жеке бас гигиенасы

1.1 Адамның дене құрылысы

1.2 Дене гигиенасы

1.3 Күн тәртібі

1.4 Шынығу

2.Дұрыс тамақтану
 

2.1 Дұрыс тамақтану ережесі

2.2 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері

3.Қауіпсіздік ережесі

3.1 Мен үйдемін

3.2 Көшедегі қауіпсіздік

3.3 Табиғат аясында

      1-бөлім. Жеке бас гигиенасы

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1Адамның дене құрылысы

0.1.1.1 адам денесінің құрылысын білу

0.1.1.2 сымбатты сақтаудың негізгі ережелерін біліп, қолдану

1.2 Дене гигиенасы

0.1.2.1 ауыз қуысы мен денеге күтім жасаудың гигиеналық ережелерін түсіндіру

1.3 Күн тәртібі

0.1.3.1 тамақтану, ұйқы, демалыс, күн тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіну

1.4 Шынығу

0.1.4.1 денсаулықты нығайтудың тәсілдері мен шынығу түрлерін біліп, дене жаттығуларын орындау

      1.1. Адамның дене құрылысы. Өз ағзасы туралы, адам денесінің бөліктері мен олардың қызметі, денсаулықты сақтау және қорғау әдістері туралы ұғымға ие. Дұрыс сымбат туралы негізгі ережелерді біледі және қолданады, өз бетімен дұрыс сымбатты тексереді және сақтай біледі, түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы денсаулықты нығайту туралы практикалық біліктерді орындайды.

      1.2. Дене гигиенасы. Белсенді қимыл әрекетіне қызығушылық танытады, негізгі гигиеналық талаптарды орындайды: ауыз қуысы мен тәнге күтім дұрыс жасау. Жеке бас гигиенасын сақтайды, мәдени-гигиеналық әдеттерін жетілдіреді.

      1.3.Күн тәртібі. Адам денсаулығы үшін күн тәртібінің маңызы оны саналы түрде орындау туралы түсінікке ие. Тиімді тамақтану, қимыл белсенділігі, шынығу, мәдени-гигеналық шаралар, өз мінез-құлқын психо-эмоциялық реттеу, аурудың алдын алуға қызығушылық танытады. Өз күн тәртібін жоспарлай алады.

      1.4. Шынығу. Шынығудың бала денсаулығына маңызы мен ықпалы туралы біледі. Қарама-қарсы ауа, күн және су шараларын дене жаттығуларымен сәйкестендіріп орындайды. Асфальтпен, құммен, ірі, ұсақ тастармен жалаң аяқ жүреді. Шынығудың әртүрлі түрлерін бірге жасайды: сүртіну, құйыну, бір қалыпты қарама-қарсы душ, тамағын дәрілік шөптердің тұнбасымен шаю.

      2-бөлім. Дұрыс тамақтану

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Дұрыс тамақтану ережесі

0.2.1.1 дұрыс тамақтану ережесін біліп, қолдану

0.2.1.2 дұрыс тамақтану мәдениетінің маңызын түсіну арқылы тамақтану мәдениетін сақтау

0.2.1.3 пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажырату

2.2 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері

0.2.2.1 дәрумендердің пайдасын біле отырып, түсіндіру

0.2.2.2 дәрумендер неде кездесетінін білу

      2.1. Дұрыс тамақтану ережесі. Мәдениетті тамақтану ережесін біледі. Түсі, иісі, пішіні бойынша сапалы өнімдерді ажырата алады.

      Тамақтану мәдениеті. Тәттіні көп жеудің зияны туралы біледі. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, шекілдеуік, ет және балықтың пайдасын біледі. Азық-түліктерді қолдануға дайындау ережелерін біледі: жуу, қайнату, тазалау. Пайдалы және зиянды азық-түліктер.

      2.2 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері. Денсаулықты сақтау, дұрыс зат алмасуға, ағзаның барлық қызметінің жұмысы мен өсуі үшін негізгі дәрумендерді қосымша қабылдаудың қажеттігін біледі. Ағзаға дәрумендердің жетерліктей түспеуі денсаулық жағдайын төмендететінін түсінеді (авитаминоз).

      3-бөлім. Қауіпсіздік ережесі



Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Үйдегі қауіпсіздік

0.3.1.1 үйдегі қауіпсіздікті сақтаудың қарапайым ережесін білу

0.3.1.2 шұғыл жәрдем, өрт сөндіру және полиция қызметтерінің телефон нөмірін атау

3.2Көшедегі қауіпсіздік

0.3.2.1 бағдаршам белгілерін, "жаяу жүргінші" белгісін түсіну

0.3.2.2 бейтаныс ортада өзін-өзі ұстау ережесін түсіну

3.3 Табиғат аясындағы қауіпсіздік

0.3.3.1 ауа райы жағдайының өзгерістеріне сәйкес қауіпсіздік ережелерді білу

0.3.3.2 жануарлармен, жәндіктермен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

0.3.3.3 бейтаныс өсімдіктер мен жидектерге көңіл бөлуде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

      3.1. Үйдегі қауіпсіздік.Тұрмыстағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын біледі, электр құралдарын газды, суды қолдану, қажет болған жағдайда, шұғыл қызмет телефонына (101, 102, 103) хабарласу, үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қарау, егер есіктің тесігі сыртынан жабық болса, бейтаныс адамдарға есікті ашпау, бейтаныс адамның көлігіне отырмау және т.б.

      3.2 Көшедегі қауіпсіздік. Көшеде (бағдаршам белгілері, жаяулар өткелі), қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына ие.

      3.3 Табиғат аясындағы қауіпсіздік. Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын орындайды.

      Жабайы аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін зиянын біледі (шыбын, маса, тарақандар), олардан қалай сақтану қажеттілігін біледі, көшеде және бөтен үйде жануарлармен қарым-қатынас жасағанда, қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

      Үй жануарлары. Жануарларды күтіп-бағу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтайды.

      Ауа-райы. Ауа-райы өзгерген жағдайда (қар, жаңбыр жауғанда, ыстықта, суықта), өзін-өзі қалай ұстау керектігін біледі.

      Саңырауқұлақтар. Улы өсімдіктер туралы ұғымға ие. Ережелерді біледі: шикі саңырауқұлақты ешқашан жемеу, ересектерсіз саңырауқұлақтар мен жеміс жинамау.

      Қураған ағаштар мен бұталардың қаупі. Дәрілік шөптер туралы түсінікке ие. Жемістер, көкөністер және олардың пайдасы туралы біледі.

4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

      223. Мақсаты айналасындағы адамдармен бірлесе әрекет ету және байланысқа түсу біліктерін қалыптастыру, қарым-қатынас жағдаяттарын ажырату, өз мінез-құлқын дұрыс және сәйкесінше ұстау болып табылады. "Коммуникация" білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:

      1) сөйлеуді дамыту;

      2) көркем әдебиет;

      3) сауат ашу негіздері;

      4) орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда);

      5) шет тілі (ағылшын тілі);

      6) драма.

      221. "Коммуникация" білім беру саласындағы сабақтардың оқу жүктемесі:

"Коммуникация" білім беру саласы

Апталық оқу жүктемесі

Сөйлеуді дамыту

1

Көркем әдебиет

0,5

Сауат ашу негіздері

1,5

Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда)

2

Шет тілі (ағылшын тілі)

1

Драма

0,5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет