13-параграф. Құрастыру
250. Мақсаты: құрастыру дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиял мен логикалық ойлауды дамыту.
251. Міндеттері:
балалардың құрастырудың түрлі өнімдеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыру,
қарапайым конструктивтік шешімдер таба алу, командада жұмыс жасау біліктерін дамыту,
балаларды еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
252. "Құрастыру" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
1. Материалдар және қауіпсіздік
|
1.1Материалдарды зерделеу
|
1.2 Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті
|
2. Жасау және дайындау
|
2.1 Құрастыру техникалары мен тәсілдері
|
2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
3. Шығармашылық және презентация
|
3.1 Шығармашылық
|
3.2 Презентация және жұмысты бағалау
|
Оқу мақсаттарының жүйесі
1-Бөлім. Материалдар және қауіпсіздік
Конструктор әр балаға беріледі.
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Материалдарды зерделеу
|
0.1.1.1 табиғи және жасанды материалдарды ажырату
|
0.1.1.2 табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атау
|
0.1.1.3 заттарды ортақ белгілері бойынша топтау, геометриялық фигураларды сипаттау және салыстыру
|
0.1.1.4 заттардың қолданылу аясы мен құрылуы арасындағы байланысты орнату
|
1.2 Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті
|
0.1.2.1 материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
0.1.2.2 еңбек пен шығармашылыққа арналған құралдарды дұрыс қолдану, үшкір және өткір заттар
|
0.1.2.3 жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру
|
0.1.2.4 жобаны командада жасау, команда үшін маңызы мен өз орнын білу
|
1.1. Материалдарды зерделеу. Құрылыс материалдарын қолданып, құрастыру әрекетіне қатысады. Табиғи және жасанды материалдардың қасиетін атайды: қағаз (тығыз, жазу, жылтыр, жартылай ватман, жұқа картон) табиғи (бүршік, жаңғақ, бұтақ, тұқым, шөп) және қалдық материалдар (жұмыртқаның қорабы, сырты, тығындар, сүттің, айранның сыртындағы қабы, пластик бөтелкелер және т.б.). Қосымша материалдар: қағаз, картон, ермексаз, сым, сіріңке, казеиннен жасалған желім, синтетикалық; құралдар – пышақ, қайшы, біз қолданады.
1. 2. Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті
Құрастыруға арналған материалдармен және құралдармен жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерін орындайды. Құрылыс материалдарын (кубиктерді, "Лего" және т.б.) бөлшектердің әртүріне арналған бөлімшелері бар арнайы шкафтарға жинастырады.
Еңбекке арналған тікенді және кескіш заттарды қолданудың қауіпсіздік ережесін орындайды. Жұмыс орнында тәртіп сақтайды.
Суреттерден бөлшектерді табады, бұрандалар мен сомындардың көмегімен бекіте алады; қозғалатын және қозғалмайтын біріктіруі бар құрылыс бөлшектерімен, құралдармен жұмыс істейді.
2-Бөлім. Жасау және дайындау
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Құрастыру техникалары мен тәсілдері
|
0.2.1.1 құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану
|
0.2.1.2 құрылыстың қарапайым сызбаларына бағдарлану
|
2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
0.2.2.1 жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыру
|
2.1. Құрастыру техникалары мен тәсілдері. Моделдейді, құрастырады, құрастыруға тән негізгі бөліктерін бөлшектерден ажыратады, берілген тақырып, жағдай, сурет, фотосуреттер бойынша сөзбен сипаттай отырып, оларды құрастырады.
Құрастыру біліктерін игерген: шағын жалпақ бөліктерді бір үлкеніне қосуды; құрылыстарды мықты етіп тұрғызу, араларын сирек қойылған кірпіштермен, бөренелермен байланыстыру. Бір құрылымның түрлі көлемдегі нұсқаларын және ұжымдық құрылыстарды (қала көшелері, зообақ, теңіз порты) жасай алады.
2.2. Жұмыс кезеңдерін жоспарлау. Өз жұмысын жоспарлай алады: оны орындамас бұрын құрылыс қандай болатын елестетуі қажет, қажетті материалды таңдау және ойластыру.
3-Бөлім. Шығармашылық және презентация
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
3.1 Шығармашылық
|
0.3.1.1 өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу
|
3.2 Презентация және жұмысты бағалау
|
0.3.2.2 өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау
|
3. 1. Шығармашылық. Қарапайым сызба, үлгі бойынша жұмыс жасай алады, контуры бойынша кесіп алуға және тілуге арналған қайшыны қолданады. Мазмұн бойынша ұжымдық құрастыру дағдыларын игерген. Шығармашылық ойлауы мен қиялын жеткізеді. Қағаздан құрастыру әдістерін қолдана отырып, жазық материалдарды көлемді пішінге (жартылай конусты конусқа шиыршықтау, тік төртбұрышты цилиндрге, шаршыны текшеге айналдыру, өру) айналдырады.
Сіріңке қораптарынан түрліше үйлестіріп, бұйымдар құрастыра алады, табиғи материалдардан бұйымдар жасайды.
Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс дағдыларын игерген, бұйымды суретке, сызбаға сүйеніп, өзіндік елетестуіне қарай жасайды.
3.2 Презентация және жұмысты бағалау. Өзінің және құрдастарының тәжірибесін шығармашылықпен қолданады,өзінің әрекетін талдай біледі.
Бір-бірінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін байқайды, жолдасына көмектеседі, жолдасының жұмысы қаншалықты сәтсіз болса да, оған оң баға береді.
14-параграф. Жаратылыстану
253. Мақсаты табиғаттың заттары мен құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін, физикалық құбылыстар туралы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру болып табылады.
254. Міндеттері:
табиғат нысандарын бақылау және қарапайым қорытынды шығару дағдыларын дамыту,
олардың кейбір ерекшеліктерін көру және ажырату: сыртқы кейпі, мінез-құлық әрекеті (жануарлар), өсіп-өну жағдайлары (өсімдіктер),
табиғаттағы жеке өзара байланысты көру,
тұрмыстағы, табиғаттағы экологиялық сауатты мінез-құлықты және жағымсыз қылықтардың неге әкелетінін алдын ала білуді, балалардың сөйлеу тілін, зейінін, ойлауы мен бақылау жүргізіп, қарапайым қорытынды шығару білігін қалыптастыру.
255. "Жаратылыстану" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
1.Тірі табиғат
|
1.1 Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері
|
1.2 Өсімдіктер әлемі
|
1.3 Жануарлар әлемі
|
1.4 Адам
|
2.Өлі табиғат
|
2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары
|
2.2 Табиғат құбылыстары
|
3.Физикалық құбылыстар
|
3.1 Қозғалыс және күш
|
3.2 Жарық
|
3.3 Дыбыс
|
3.4 Жылу
|
3.5 Электрлік және магниттілік
|
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1 бөлім. Тірі табиғат
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері
|
0.1.1.1 "бақылау" ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну
|
0.1.1.2 табиғат нысандары мен құбылыстарына қысқа уақыт аралығында бақылау жүргізу
|
0.1.1.3 алынған ақпаратты ұсыну және қорытынды жасау
|
0.1.1.4 педагогтың көмегімен болжамдар жасау және оларды өздігінен/топта шешу.
|
0.1.1.5 күнделікті өмірдегі табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру
|
1.2 Өсімдіктер әлемі
|
0.1.2.1 өсімдіктің тірі табиғат бөлігі екендігін анықтай отырып, өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайдарды анықтау
|
0.1.2.2 өсімдіктерді ағаштар, бұталар, шөптер тобына ажырату
|
0.1.2.3 бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді салыстыру
|
0.1.2.4 пиязшық арқылы көбейетін өсімдік түрлерінің өніп-өсуін бақылау
|
1.3 Жануарлар әлемі
|
1.3.1 жануардың тірі табиғат бөлігі екендігін анықтау
|
0.1.3.2 үй жануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау
|
0.1.3.3 қыстап қалатын және жыл құстарды атау
|
1.4 Адам
|
0.1.4.1 адамның негізгі дене мүшелерін атап, олардың қызметін білу
|
0.1.4.2 сезім мүшелерін атап, олардың қызметін білу
|
0.1.4.3 адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды білу
|
1.1.Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері. "Бақылау" ұғымын түсіндіреді. Бақылаудың кезеңдерін: бақылау жасалатын нысанды немесе процесті таңдайды, бақылау мақсатын қоюды, бақылау мерзімін анықтауды, бақылау нәтижелерін белгілеу әдістерін таңдауды, бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасауды біледі.
Алуан түрлі заттар және табиғат құбылыстары туралы түсініктерге ие, маңызды белгілері мен қасиеттерін бөліп көрсетеді, олардың негізінде объектілерді жалпылайды және топтастырады. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды, ажыратады және бақылайды. Анықталған заңдылықтарды тұжырымдайды және қорытынды жасайды. Бақылау қорытындыларын суреттермен және шартты белгілермен арнайы күнтізбе бақылауларда немесе бақылау күнделіктерінде және т.б. белгілейді.
Күнделікті өмірде табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіреді.
1.2. Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктерді тірі табиғаттың бөлшегі ретінде анықтайды, өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды біледі. Адам өмірі үшін өсімдіктердің маңыздылығын біледі. Өздеріне тән белгілері бойынша ағаштар мен бұталардың бірнеше түрлерін атайды, ажыратады, бөлме және жабайы өсімдіктерді салыстырады, көкөністер мен жемістерді атайды, ажыратады және жалпылайды.
Табиғат күнтізбесін жүргізеді, пиязшық арқылы (пияз) көбейетін өсімдіктердің өсуі мен дамуын белгілейді.
1.3. Жануарлар әлемі. Табиғат бұрышындағы тірі объектілерге күтім жасауға қажетті құралдар туралы түсініктерге ие. Үй және жабайы жануарлардың: сыртқы келбетіне және жыл мезгілінің әр кезеңіндегі тіршілік әрекетіне тән ерекшеліктері туралы біледі. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар, қыстап қалатын (тоқылдақ, торғай, шымшық және т.б.) және жыл құстары (қарлығаш, бозторғай) туралы ұғымдарға ие.
1.4. Адам. Адамның дене құрылысы: дене бөліктері және олардың атқаратын қызметі туралы біледі; сезім мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атайды; адамның физикалық ерекшелігін: сезімін білдіру мүмкіндігін (қуаныш, қайғы, таңдану және т.б.) түсінеді. Адам өміріне қажетті жағдайларды (ауа, су, тамақ, қозғалыс) біледі.
2 бөлім. Өлі табиғат
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары
|
0.2.1.1 өлі табиғатқа жататын денелер мен заттарды анықтау
|
0.2.1.2 күнделікті өмірдегі өлі табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясын атау
|
0.2.1.3 су мен ауаның қасиеттерін сипаттау
|
2.2 Табиғат құбылыстары
|
0.2.2.1 табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б.)
|
0.2.2.2 маусымдық өзгерістердің тірі табиғатқа тигізер ықпалын анықтау
|
2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары. Өлі табиғат нысандары: көмір, құм, сазбалшық, мұнай, гранит туралы түсініктерге ие; олардың қасиеттерін және міндеттерін атайды. "Дене", "зат" түсініктерін ажыратады. Дененің заттардан тұратынын, бір немесе бірнеше заттардан тұруы мүмкін екендігін түсінеді. Таза ауаның және судың маңызы туралы біледі. Судың үш қасиеті туралы білімді меңгерген.
Өлі табиғаттың денелері мен заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажыратады. Адам қолымен жасалған заттарға ұқыпты қарайды. Телефон, компьютер, теледидар, радионың маңызы туралы және оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелерін біледі.
2.2 Табиғат құбылыстары. Тірі және өлі табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы біледі. Табиғат құбылыстары: жел, найзағай, жаңбыр, тұман, шық, қырау, бұршақ, сүңгі, тамшы, жылымық туралы түсініктерге ие.
2-бөлім. Физикалық құбылыстар
Балалардың физикалық құбылыстар туралы білімдерін дамыту: жарық (жарық беретін нысандарды атау – от, күн, шырақ), дыбыс (табиғаттағы дыбыстың көздерін анықтау), жылу (жылудың көздерін атау), электр және магниттілік (электр тоғының табиғи көзін атау, магнитті қолдану жолдарын атау). Белгілерді салыстыра білу, ұқсастықты және айырмашылықты көрсету.
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
3.1 Қозғалыс және күш
|
0.3.1.1 қозғалмалы және қозғалыссыз денелерді ажырату
|
3.2 Жарық
|
0.3.2.1 жарық шашатын нысандарды атау: от, күн, шам
|
3.3 Дыбыс
|
0.3.3.1 табиғаттағы дыбыс көздерін анықтау
|
3.4 Жылу
|
0.3.4.1 жылу көздерін атау
|
3.5 Электрлік және магниттілік
|
0.3.5.1 электр тогының табиғи көздерін атау
|
0.3.5.2 магниттерді қолдану жолдарын пайымдау
|
3.1. Қозғалыс және күш. Біздің қозғалмалы заттар әлемінде өмір сүретінімізді түсінеді: ағаштар тербеледі, құстар ұшады, машиналар жүреді, кемелер жүзеді және т.б. Заттарды қозғалысқа келтіретін күштер бар екендігін біледі. Заттық әлем туралы түсініктерге ие: өндірісте адамдардың еңбегін жеңілдететін және тұрмыста жайлылық жасайтын заттар туралы (мысалы, миксер, калькулятор, роботтар, компьютер,машиналар, көтергіштер және т.б.).
3.2. Жарық. "Жарық" түсінігі туралы ұғымға ие, жарық көздері (от, күннің көзі, шырақ) туралы біледі және атайды.
3.3. Дыбыс. Табиғаттағы дыбыстың шығу көзін, жәндіктердің шығаратын (шегірткенің) дыбыстарын анықтайды. Көкекті, тоқылдақты, бұлбұлды дауыстары бойынша, қалалардағы дыбыстың негізгі шығу көзін (поезд, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы) анықтайды.
3.4. Жылу. "Жылу" ұғымын түсіндіреді. Жылудың шығу көзін атайды.
3.5. Электрлік және магниттілік. Магниттің қасиеттерін және күнделікті өмірде адамның магнитті пайдалану жолдарын біледі. Электрдің табиғи көздерін атайды: найзағай, көптеген балықтар электрді қорғану және қорегін іздестіру үшін қолданады (электрлі скат - қорғану үшін, акулалар - қорегін іздестіру үшін).
4-бөлім. Табиғатты қорғау
Жануарлар мен өсімдіктердің, жәндіктердің барлық түрлерін сақтау қажеттілігі туралы ұғымдарын кеңейту.
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
4.1 Табиғатқа қамқорлық
|
0.4.1.1 табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттар мен іс-әрекеттерді атау
|
0.4.1.2 ауа, судың ластану себептерін білу, оларды атау
|
0.4.3.1 тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіру
|
0.4.3.2 "Қызыл кітаптың" маңыздылығын түсіндіру
|
0.4.3.3 өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру, оларды атай білу
|
4.1. Табиғатқа қамқорлық. Табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді біледі. Табиғатта өзін-өзі ұстаудың (ағаш жапырақтарын жұлмау, гүлді жұлмау, гүлзарларды таптамау, ұяны бұзбау, қоқыс тастамау) қарапайым ережелерін орындайды. Саңырауқұлақ пен кейбір жидектердің түрлерін жинау ережелерін біледі.
Ауа мен судың ластану себептерін біледі. Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіреді. Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін өзгерістерге ұшыратуы мүмкін себептерді атайды.
"Қызыл кітап" және оның өкілдері туралы ұғымдарға ие. Адамның жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау қажеттілігі туралы біледі.
15-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
256. Мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттердің, ойлау мен қиялдың қалыптасуына, эстетикалық талғамы мен эмоционалды-сезімдік саласының, өзінің ішкі жан дүниесін көркемдік формада жеткізе білуге деген ұмтылысын дамытуға, өнер құралдарымен тәрбиелеуге және музыкалық-көркемдік әрекет тәсілдері мен ойын арқылы өнер әлеміне баулуға жағдай жасау болып табылады.
257. "Шығармашылық" білім беру саласы бойынша ұсынылатын сабақ түрлері:
1) сурет салу,
2) мүсіндеу,
3) аппликация,
4) музыка.
258. "Шығармашылық" білім беру саласындағы сабақтардың оқу жүктемесі
"Шығармашылық" білім беру саласы
|
Апталық оқу жүктемесі
|
Сурет салу
|
1
|
Мүсіндеу
|
1
|
Аппликация
|
1
|
Музыка
|
2
|
16-параграф. Сурет салу
259. Мақсаты бейнелеу өнерінің негіздеріне, өзін көркемдік жұмыстар арқылы көрсете білуге ынталандыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
260. Міндеттері:
білуге деген құштарлығын, шығармашылық қиялын, фантазиясын, есте сақтау қабілетін дамыту,
сурет негіздері туралы білімдерін және көркемдік материалдармен, құралдармен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын қалыптастыру,
көркем-эстетикалық талғамды дамыту және бейнеленген образдарды түсіну сезімін тәрбиелеу,
ойын және көркем-музыкалық әрекет арқылы шығармашылыққа қажеттілікті дамыту,
қол моторикасы мен көру зейінін және қабылдауды дамыту,
заттарды олардың кеңістіктік арақатынасына сәйкес бейнелеу дағдыларын дамыту,
шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
261. "Сурет салу" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
1.Сурет негіздері
|
1.1 Сызықтар және сызық түрлері
|
1.2 Пішін және пропорция
|
1.3 Түс
|
1.4 Текстура
|
1.5 Композиция
|
2.Материалдар мен құралдар
|
2.1 Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері
|
2.2 Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
|
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Сурет негіздері
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Сызықтар және сызық түрлері
|
0.1.1.1 түрлі сызықтарды (түзу, қисық, зигзаг, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу
|
0.1.1.2 түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ өрнектерінің түрлерін салу
|
1.2 Пішін және пропорция
|
0.1.2.1 негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет салу
|
0.1.2.2 шамасы әр түрлі біртектес заттардың, бөлшектердің суретін салып, оларды суретте симметриялы орналастыру
|
0.1.2.3 өрнек ішінде геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін 2-3 элементтен кезектестіріп, ырғақты орналастыру
|
1.3 Түс
|
0.1.3.1 негізгі және қосалқы, жылы және суық түстерді ажырату
|
1.4 Текстура
|
0.1.4.1 көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелеу
|
1.5 Композиция
|
0.1.5.1 заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелеу
|
0.1.5.2 суреттегі бейненің көңіл-күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдау
|
1.1. Сызықтар және сызық түрлері
Сызықтардың алуан түрін (түзу, қисық, ирек-ирек, ирелең) қолдана отырып, затқа қарап және елестету арқылы қарапайым заттарды және күрделі емес сұлбалардың суретін салады. Түрлі ұлттардың қолданбалы өнеріне тән әртүрлі түстермен өрнектің элементтерін қолданады. Қазақ ою-өрнегінде кездесетін табиғаттың бейнесін бере біледі.
Түзу сызықтың түрлі үйлесімділігінде құрылған қазақ өрнегінің элементтерінің суретін салады, оларға тән элементті қолдана отырып құрастыруды, элементтерді сұлбаның, форманың ортасына және шетіне орналастыруды, қарапайым формаға түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, сақиналарды, дөңгелектерді, бояуларды, нүктелерді ырғақпен орналастыра отырып өрнектерді құрастырады. Қиялын жеткізеді.
1.2. Пішін және үйлесімділік.
Қарапайым геометриялық пішіндерді қолдану арқылы негізгі форманы, заттардың бөліктерін, үйлесімділігін салады. Бірыңғай мазмұнда сурет салу үшін, біркелкі заттардың көлемі мен бөліктері бойынша (көктемдегі табиғаттың қарапайым суреттері), ағаш бұтағы, бұтаның жапырағы немесе гүлі, кейбір дала және бақша гүлдері, түрлі аңдардың өздеріне тән ерекшеліктерін және т.б. қарап бейнелейді. Геометриялық пішіннің жеңілдетілген түрінде, пішінін құрастыру үшін, заттардың құрылысын көреді, шығармашылық қиялы мен кеңістіктік ойды жеткізеді.
1.3. Түс. Қағаздың түсін таңдайды және бейнені жасау үшін бояуларды сәйкестендіреді, әртүрлі түстің фонымен сәйкес жылы және суық түстерді қолданады, тақтайшаға бояуларды араластырады. Қоршаған орта заттарынан және құбылыстарынан түстердің түрлерін таниды, оларды көркем жұмыста өзінің ойын жеткізу үшін қолданады. Басты түстерді, табиғи және жасанды жолмен алынған бояуларды, күн сәулесі спектрінің негізгі түстерін, құрамдас түстерді негізгі түстерден алады, түстерді араластырудың қарапайым ережесін (қызыл және көк түсті қосқанда – күлгін түс, көк және сары түстің қоспасы – жасыл түсті беретінін және т.б.) біледі.
1.4. Текстура
Алуан түрлі көркем материалдарды және олардың қасиеттерін біледі. Түрлі текстураны бейнелеу арқылы бейнеленетін кейіпкердің мінезін немесе бейненің сипатын, заттың пішінін, көлемін беруге болатынын түсінеді.
Негізгі көркем материалдармен қарапайым жұмыс жасау техникасын, дәстүрден тыс тәсілдермен жұмысты меңгерген.
1.5. Композиция
Жеке заттарға қарап немесе есте сақтау арқылы суреттердің, өрнектер мен оюлардың композициясын құрастыра алады. Бейнені қағаз бетіне үйлесімді орналастырады, суреттегі түсті үйлестіреді. Әртүрлі түстерді үйлестіру арқылы бейнеленетін заттың, табиғат құбылысының көңіл-күйін беруге болатынын түсінеді. Кеңістіктік ойлауды: бейнені қағаздың төменгі жағына, қағаздың барлық бетінде орналастыруды меңгерген.
2-бөлім. Құралдармен және материалдармен жұмыс тәсілдері, еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері
|
0.2.1.1 саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет салу, қарындашты (борды) көлбеу ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен, штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай салу
|
0.2.1.2 жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу, нүктелерді салғанда тік ұстау
|
0.2.1.3 жапырақтарды, гүлдерді, т.б. салғанда қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру әдісін қолдану
|
0.2.1.4 қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш жүргізу арқылы суретті бояу
|
0.2.1.5 сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау
|
2.2 Құралдармен жұмыс істеуде еңбек гигиенасын, қауіпсіздік техникасын сақтау
|
0.2.2.1 жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру, материалдарды үнемдеп жұмсау
|
0.2.2.2 өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау
|
2.1. Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері.
Түрлі материалдармен жұмыс жасай біледі, қарындаштарды (графитті және түрлі түсті), бояуларды (гуашь, акварель) дұрыс таңдайды. Құрал-жабдықтармен және көркем материалдармен жұмыс жасаудың қарапайым техникасына ие.
2.2. Құралдармен жұмыс істеуде еңбек гигиенасын, қауіпсіздік техникасын сақтау. Қарапайым еңбек дағдыларын игерген: жұмыс орны мен жұмыс істеу барысында құралдарды өздігінен ретке келтіреді: үшкір құралдарды, көркем материалдарды және т.б. орнына қояды. Жеке бас гигиенасының ережесін сақтайды: жеке сүлгі қолданады, киімді (алжапқышты) жинастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |