Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы


-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы



бет2/15
Дата25.12.2016
өлшемі2,8 Mb.
#4813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
4-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы

      32. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны: сурет салу, мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      33. Мақсаты балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

      34. Міндеттері:

      өнімді әрекеттерге қызығушылықтарын ояту;

      балалардың байқампаздығын дамыту;

      көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;

      қоршаған орта туралы түсініктерін және сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.

      35. Сурет салу

      1) бейнелеу құралдары арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;

      2) бейнелеу тәсілдерін үйрету.

      36. Сурет салу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).

      1) сурет салуға балалардың қызығушылығын тәрбиелеу;

      2) балаларды бояулардың ашық түстерін эмоциялы қабылдауға, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға, қағаз бетін ашық түсті дақтармен, жақпалармен толтыруға бояу жағылған саусақпен қағазға сурет салуға үйрету.

      37. Сурет салу (1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін).       

      Балаларды: 4 негізгі түстерді (қызыл, көк, сары, жасыл) қолдануға, қағаз бетіне бейнелерді дұрыс орналастыруға; қарындашпен, фломастермен жұмыс жасау техникасына, бояу жағылған саусақпен және алақанмен қағазға сурет салуды үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      қарындашпен, фломастермен сурет салуға ынта білдіреді;

      бояулардың ашық түсіне эмоционалды көңіл-күй танытады;

      қағаз парағын ашық түсті дақтармен, жақпалармен ырғақты түрде толтырады;

      қағаз бетіне алақанымен ұқыпты баса біледі.

      38. Мүсіндеу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).

      Сазбалшықпен, оның қасиеттерімен таныстыру. Балаларды ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатуды, алақан арасында "шарлар" жасауды, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге үйрету.

      39. Мүсіндеу (1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін).

      Балаларға ермексазды, сазбалшықты алақан арасына ала білуді, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, қолданылған материалдарға ұқыпты қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      сазбалшықты алақан арасында домалата алады;

      жалпақ дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;

      тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі.

      40. Музыка

      Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қалыптастыру.

      41. Музыка (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).

      Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл- күйіне эмоционалды үн қатуды, оларды сәйкесінше қимылдармен көрсетуді;

      фортепианода 3–4 минуттық үзілістермен орындалатын көңілді және баяу әуендерді тыңдауды, дыбысқа еліктеулерді қайталау, әндегі жекелеген сөздерді айтуды, ересектердің созылыңқы айтқан екпіндеріне еліктеу, тіркестердің соңын қосылып айтуды, әндегі қайталанып айтылатын интонацияларды әндетіп айтуды, сүйемелдейтін әннің сөздеріне байланысты екі қимылдың ауысуын есте сақтау, осы қимылдарды алдымен ересектің көрсетуімен, кейіннен әннің сөзі бойынша орындауды үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      музыкамен жүре біледі;

      ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;

      ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындауды біледі;

      би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен: аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру,орнында айналуды біледі.

      42. Музыка (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).

      Балаларға әннің әуені мен сөздерін тыңдау және оларды тануды, музыкалық шығармаға эмоционалды үн қатуды, ересектердің орындауында ән тыңдау және одан соң қайталау, ересектермен қосылып айтуға, жоғары және төмен дыбыстарды тыңдауды, ойын әрекеттерін беруді, музыка сипатының ауысуына жауап беруді үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      музыкамен жүре біледі;

      ересектердің орындаған әндерін тыңдайды және одан соң қайталайды; ересектермен қосылып айтуды, әнді орындағанда интонацияларын қайталауды біледі;

      ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындауды біледі;

      би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен: аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру,орнында айналуды біледі.

3-тарау. Бірінші кіші топ

(2 жастан 3 жасқа дейін)

1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы"

      43. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      44. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру болып табылады.

      45. Міндеттері:

      жалпы дамытушы жаттығуларды, қимылды ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;

      негізгі қимыл түрлерін дамыту;

      салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.

2-параграф. I жартыжылдық

      46. Дене шынықтыру

      Жалпы дамытушы жаттығулар. Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп жазу, саусақтарын ашып жұму; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу), қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру, шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру, арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу, алға, жан-жағына қарай еңкею.

      Негізгі қимылдар:

      1) педагогтың артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру, бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, бағдар бойынша жүру (кілемнің бойымен, жіпке дейін), кедергілерден аттап жүру. Ұзындығы 2,5-2 м, ені 25 см (2 жаста), 20 см (3 жаста) тақтай бойымен жүру, жіптен немесе таяқтан аттап өту;

      2) бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу;

      3) секіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен, лентамен еденде 10-20 см қашықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру; 10-15 см биіктен секіру;

      4) еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу;

      5) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай), баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату;

      6) тепе-теңдік сақтау. Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модульге және тағы басқа), тұру, қолын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см), шеңберден шеңберге аттау; төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттау, орнында баяу айналу.

      Мәдени-гигиеналық дағдылар.

      1) мәдени-гигиеналық ережелерді орындау білімін бекіту. Дербес қимыл әрекетін қамтамсыз ету;

      2) дербес ойындардағы қимыл белсенділігін реттеуге ықпал ететін жағдайларды жасау.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

      1) балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларының үйлесімділігімен шынықтыру;

      2) сумен шынықтыруда ұсақ тастары бар ванна қолданылады. Су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады.

      Дербес қимыл белсенділігі.

      Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.

      Спорттық жаттығулар

      1) шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғанатуы; шанаға отырғызып, төбешіктен сырғанату, шананы жіппен сүйрету, баланың ойыншығын шанамен сырғанатуы;

      2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару;

      3) мұз жолдармен сырғанау: ересектер балалардың қолынан жетелеп сырғанатуы.

      Күтілетін нәтижелер:

      ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады;

      негізгі қимыл түрлерін: жүгіру, өрмелеу және секіру, тепе-теңдік сақтауды игерген;

      спорттық жаттығуларды орындайды;

      жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын игерген;

      шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және сақтайды.

3-параграф. II жартыжылдық

      47. Дене шынықтыру

      Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды кеудеде айқастыру және екі жағына жазу, артына жіберу, шапалақтау. Таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою, табандарды бүгу (жазу), қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру, шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру, арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу, алға, жан-жағына қарай еңкею.

      Негізгі қимылдар

      1) бірқалыпты жүру, жан-жаққа және берілген бағытқа шеңбер бойынша қолдарының әртүрлі қалыптарымен, аяқтың ұшымен, шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру, едендегі немесе еденнен 15-30 см көтерілген арқаннан, бөренеден, текшеден, гимнастикалық таяқшадан аттап жүру;

      2) бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу;

      3) секіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру (10-15см), орнынан ұзындыққа (20-50см) секіру, 10-15 см биіктен секіру, еденде 10-20 см қашықтықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан, таспадан секіру, секіртпеден секіру;

      4) еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тізесімен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу;

      5) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай), баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа отырған және тұрған қалыптан доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату, бір және екі қолымен допты еденге ұру;

      6) тепе-теңдікті сақтау. . жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м), гимнастикалық орындықтың үстімен, еңіс тақтайдың үстімен (ені 25 см, бір басы 15-20 см көтерілген) жүру, заттарға шығу гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге және тағы басқа) тұру, қолын жоғары көтеру, түсу, заттардан (биіктігі 10-15 см), шеңберден шеңберге аттау, төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (таспалардан, текшелерден және тағы басқа) аттау, орнында баяу айналу.

      Мәдени-гигиеналық дағдылар.

      1) мәдени-гигиеналық ережелерді қолдану білімін бекіту. Дербес қимыл әрекетін қамтамасыз ету;

      2) дербес ойындарында қозғалыс белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

      1) балаларды шынықтыру серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерімен ауа, су шараларының үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы шаралар қолданылады;

      2) балалар жылдың салқын мезгілінде, ауа температурасы 15°С төмен болмағанда, 4–5 қабат киіммен далаға шығып, серуендей алады;

      3) ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2–3 минуттан 6–10 минутқа дейін артады;

      4) сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді.Су температурасы +35°С ден +34°С-ге дейін +23°С ден +22°С-ге дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады. Басқа күнделікті шараларда су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендетіледі.

      Дербес қимыл белсенділігі.

      Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.

      Спорттық жаттығулар

      1) шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғанатуы, шанаға отырғызып, төбешіктен сырғанату, шананы жіппен сүйрету, баланы ойыншығымен шанада сырғанату, бір-бірін сырғанатуға талпыну;

      2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару:

      3) мұз жолдармен сырғанау: ересектер балалардың қолынан жетелеп сырғанатуы.

      Күтілетін нәтижелер:

      ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады;

      негізгі қимылдардың түрлерін игерген;

      спорттық жаттығуларды орындаудың алғашқы техникасы туралы түсініктерге ие;

      жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын меңгерген;

      шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады.

4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

      48. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      49. Мақсаты тілдік қарым-қатынас дағдыларын, сөздік қорын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.

      50. Міндеттері:

      дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;

      халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу;

      пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту;

      балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеуін дамыту.

5-параграф. І жартыжылдық

      51. Сөйлеуді дамыту

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

      Қалыптастыру:

      1) айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді;

      2) дыбысқа еліктеу сөздерін қолданып, дауысты дыбыстарды дұрыс айтуды;

      3) дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін дауыстың биіктігін, екпінін, күшін есепке алып, дыбыстарды дәл айтуды.

      Сөздік қор

      Балаларды заттардың қасиеттерінің және олармен әрекеттердің атауын айтуды, тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеу тіліне, зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету.

      Тілдің грамматикалық құрылымы

      Балаларды тәрбиешінің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) жасай білуге үйрету.

      Байланыстырып сөйлеу

       Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге, көркем сөзді эмоциалы қабылдауды, балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге, қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      тілдегі дыбыстар мен сөздерді айта алады, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;

      адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді; зат есімдерді, есімдіктерді етістікпен байланыстыра алады;

      берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді; жақсы таныс ертегілердің үзінділерін есте сақтайды.

      52. Көркем әдебиет

      Балаларды:

      1) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға;

      2) тақпақтардың интонациясын қабылдауды;

      3) кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттерін қадағалауға;

      4) ертегілердегі, әңгімелердегі, өлеңдердегі қарама-қарсы бейнелерді түсінуді;

      5) таныс тақпақтарды қайталауды;

      6) ойыншықтарды қолданып, мазмұны күрделі емес ойындарға қатысуды үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      тыңдалым және айтылым дағдыларын игерген;

      қысқа тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;

      шығармалардың мазмұнына эмоционалды көңіл-күй таныта біледі;

      жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдайды;

      кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады.

6-параграф. ІІ жартыжылдық

      53.Сөйлеуді дамыту

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) сөйлеудің дыбыстық мәдениетін;

      2) ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айту, дыбыс аппаратын дамыту.

      Дағдыларын бекіту:

      1) түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеуші сөздерді айту;

      2) сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағына сәйкес жаңғырту;

      3) сөз тіркесінде, сөйлемде сөздер мен дыбыстарды айту.

      Сөздік қор

      Балалардың белсенді сөздік қорын байытуды жалғастыру: заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) тілдік қатынасты, сөйлеу тілін;

      2) ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды және күнделікті өмірде олармен әрекет жасауды білдіретін сөздерді, сөз таптарын қолдану;

      3) заттардың белгілерін білу, жануарлар мен олардың төлдері, көкөністер, жемістер, өсімдіктер, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдану.

      Тілдің грамматикалық құрылымы

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) қарапайым сұрақтарға жауап беру;

      2) сөздің интонациямен аяқталуын меңгеру.

      Байланыстырып сөйлеу

      Дағдыларды бекіту:

      1) сөйлеудің диалогтық түрлерін дамыту;

      2) оқығандары және көргендері туралы сұрақтар қоя білу, ойыншықтар, суретте бейнеленгендер туралы айтып беру;

      3) айналасындағылардың       сөздерін, тұрмыстық немесе ертегілер тақырыптарындағы әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдау;

      4) сөз тіркестерін айту (3–5 сөзбен), таныс шығармалардан үзінді ойнай білу;

      5) кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ-жауаптар құрастыру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттау.

      Күтілетін нәтижелер:

      қысқа сөйлемдерден неғұрлым күрделі сөйлемдерге ауыса біледі;

      өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап береді;

      қалауларын, сезімдерін, ойларын білдіретін сөздерді қолдана алады;

      дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;

      ақпаратпен бөліседі, жайсыздыққа (шаршадым, ыстықтадым) және құрдастарының әрекетіне (ойыншығын бермейді) шағымданады.

      54. Көркем әдебиет

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіру;

      2) кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы қабылдау;

      3) ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық таныту;

      4) шығарманың мазмұнын түсіну және эмоциалы қабылдау, ойында кейіпкерлер бейнесін қарапайым түрде бейнелеу;

      5) мереке туралы қуаныш, мақтаныш сезімдері берілген қысқа тақпақтарды жаттау;

      6) таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнау;

      7) таныс өлеңдерді асықпай, анық айтуға баулу.

      Күтілетін нәтижелер:

      белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады;

      шағын әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдайды;

      3–5 сөзден тұратын тіркестермен, сөйлемдермен сөйлейді, ақпараттармен бөліседі;

      қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады, олардың мазмұны       бойынша сұрақтарға жауап береді;

      ертегінің мазмұнын түсінеді және эмоциалы қабылдайды, құрдастарымен қарым-қатынасқа түседі.

7-параграф. "Таным" білім беру саласы

      55. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      56. Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту болып табылады.

      57. Міндеттері:

      қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

      түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;

      қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету;

      табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу;

      өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың сұлулығын байқауға үйрету.

8-параграф. I Жартыжылдық

      58.Сенсорика

      1) заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;

      2) қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, "көз-қол" сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

      Біліктерді жетілдіру:

      1) көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;

      2) түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстырады және іріктейді.

      Күтілетін нәтижелер:

      үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;

      қимылдардың, қолдың ұсақ моторикасының үйлесімділік дағдыларын игерген;

      ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады;

      түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады.

      59. Құрастыру

      Балаларды үйрету:

      1) құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруды;

      2) құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.

      Білімдерін қалыптастыру:

      1) әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы;

      2) материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр) туралы;

      3) кірпіштерді көлденеңінен орналастыру, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою, текшелерді кірпіштермен үйлестіру – үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір, төбешік туралы;

      4) қарапайым бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру туралы.

      Балаларға кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,төбешік) құрастыра алады;

      заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің, машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба алады;

      құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген;

      құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады.

      60. Жаратылыстану

      1) өлі және тірі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

      2) ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін құстарды, маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдауға үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша атайды және ажыратады;

      жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;

      аулаға ұшып келетін құстарды атайды және ажыратады;

      табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет