Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы



бет9/15
Дата25.12.2016
өлшемі2,8 Mb.
#4813
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
12-параграф. ІI жартыжылдық

      198. Сурет салу

      Заттық сурет салу

      Қоршаған ортадағы болмысты, (заттарды, өсімдіктерді, ойыншықтар мен гүлдерді) елестету және заттарға қарап отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Олардың сипаттамалық белгілерін байқауға үйрету.

      Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте көрсету. Ағаштың бұтақтарына, бұталардың жапырақтарына немесе гүлдеріне, кейбір бөлме өсімдіктеріне қарап сурет салу.

      Біліктерді қалыптастыру:

      1) түрлі жануарлардың сипаттық ерекшеліктерін байқап және оларды суретте бейнелей білу;

      2) жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білу;

      3) жүн мен қауырсынға тән бейнелеу;

      4) қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдану;

      5) табиғат нысандарын бейнелеу;

      6) түстерді жеткізу үшін қағаздың түсін және түстердің үйлесімділігін таңдау;

      7) өз жұмысының нәтижесін бағалау.

      Құстардың сыртқы бейнесі туралы жалпы ұғым қалыптастыру; барлық құстар сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан құрылымы жағынан ұқсас болып келеді, түсіне, пішіні мен бөліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету.

      Заттар мен олардың суретін салу тәсілдері туралы жиналған ұғымдары балалардың сюжетті сурет салуына ауысады.

      Сәндік сурет салу.

      Түрлі пішінді қағазда симметриялық ою-өрнектерді құрастыра білуге тәрбиелеу, көлемді пішіндерді безендіру.

      Сұлбаларға орналастыра отырып, қазақ оюларының элементтерін құрастыру, қазақ оюларына тән түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, түсінің үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру.

      Өз ойлары бойынша сурет салу, алдыңғы сабақтардағы суреттерін үлгі ретінде қолдана отырып, жаңа композиция құру және заттарды әшекейлеу. Халықтың сәндік өнердің желісі бойынша сурет салу.

      Сюжеттік сурет салу.

      Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі кеме және тағы басқа қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету.

      Қоғамдағы, қоршаған ортадағы жағдайлар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, тақпақ, ән әуендері және тағы басқа сияқты күрделі емес сюжеттерді суретте көрсете білуге үйретуді жалғастыру.

      Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегісінің, аңызының желісі бойынша сурет салу.

      Жаз мезгілінің табиғат құбылыстарын, жазғы демалыстағы оқиғаларды, қарапайым сюжеттерді суретте бере білу білігін бекіту. Ұжымдық жұмыстарды, ойдан сурет салуды қолдану.

      Күтілетін нәтижелер:

      сурет салуда түрлі техниканы дербес қолданады;

      күрделі емес ойыншықтардың, жануарлар мен адамдардың суретін салады, сурет салуда адамның қарапайым қимылдарын бере біледі;

      үшбұрыштар мен алтыбұрыштардың ортасын, бұрыштарын, жиектерін көрсете отырып, сәнді өрнектерді салады;

      қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді, тұрмыстық заттарды безендіреді;

      мазмұнды суреттерді салады;

      ұжымдық жұмыстарды орындайды, өз ойы бойынша сурет салады.

      199. Мүсіндеу

      Заттық мүсіндеу

      Адамның бейнесін, жануарлардың қозғалыстағы мүсінін, үйлесімділікті, қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге үйрету. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білуге, бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін нақтылауға, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуге үйрету.

      Ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеудің, адамның, жануарлардың, ойыншықтардың, халық шығармашылығының заттарын қарап мүсіндеу дағдыларын дамыту.

      Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықты бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.

      Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды).

      Қарап мүсіндеуге ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.

      Сәндік мүсіндеу.

      Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәндік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

      Заттарды әсемдік элементтермен безендіру. Сәндік пластиналарды мүсіндеуге, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдануға, сазбалшық тілімшелеріне бедерлер жасауға, түрлі ойыншықтарды, ыдыстарды халық бұйымдарының мәнерінде өздігінен мүсіндеуге, оларды өрнектермен әсемдеуге үйрету.

      Сюжеттік мүсіндеу.

      Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасау дағдыларын жетілдіру. Ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу.

      Қалыптасқан іскерлік пен дағдыларды жеке мүсіндеуде, ұжымдық мүсіндеуді орындау барысында ойында, үйді және мереке күндері ауланы сәндеу үшін қолдану.

      Күтілетін нәтижелер:

      мүсіндеудің түрлі техникаларын қолданады;

      ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын меңгерген;

      түрлі тәсілдерді қолдана отырып, заттардың пішіні мен бөлшектерін бере біледі;

      сәндік элементтермен заттарды безендіреді.

      200.      Аппликация

      Заттық аппликация

      1) түрлі пішіндерді қию дағдыларын бекіту: симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе қиялдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру;

      2) күрделі жапсырмалар құрастыру біліктерін қалыптастыру, жырту тәсілімен ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету;

      3) алған біліктері мен дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану, ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.

      Сәндік аппликация

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді, ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың ойлауы бойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыруды;

      2) мүсіндерді қатпарланған қағаздан бірдей пішіндер және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндер қию арқылы ұлттық ою- өрнектермен безендіруді;

      3) бейнелерді айқын беру үшін сұлбаны қию және жыртып жапсыру тәсілдерін қолдануды ;

      4) "қошқар мүйіз" өрнегін түрлендіріп: жиектеме өрнек, қоймүйізді жұп шиыршықтар, геометриялық өрнектерді қолдануды;

      5) қазақ өрнектеріне тән: жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл, ашық түстерді қолдануды;

      6) жеке, сондай-ақ шағын топпен композициялар жасауды.

      Сюжеттік аппликация

      Балалардың жапсыруда сюжетті композиция құрастыра білулерін жетілдіру, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындау.

      Күтілетін нәтижелер:

      салынған немесе қиялдағы контур бойынша бейнелеуді игерген;

      ойлауы бойынша күрделі жапсыруларды құрастыра алады;

      екіге бүктелген симметриялы пішіндегі қағазды қияды;

      Қазақстанның табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып, копозицияларды орындайды;

      еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне, назар аудара отырып, заттарды бейнелейді;

      ойлауы бойынша жұмыс жасай алады.

      201. Музыка

      Музыка тыңдау.

      Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Қазақстан композиторларының шығармашылықтарымен таныстыруды жалғастыру.

      Ән айту

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау;

      2) терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;

      3) қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;

      4) фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау.

      Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.

      Музыкалық-ырғақтық қимылдар, жаттығулар.

      Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау, ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.

      Ойындар, хороводтар

      Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлау: екі шеңбер, үлкен шеңберге тұру. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету.

      Билер

      Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау, би бейнелерін беру, бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.

      Би шығармашылығы

      Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру.

      Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.

      Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.

      Күтілетін нәтижелер:

      музыкалық жанрларға тән белгілерді атайды;

      музыкалық мамандықтарды, атақты композиторлардың есімдерін біледі;

      жақсы таныс әнді дербес музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;

      музыканың сипатына сәйкес қозғалады;

      балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын игерген.

13-параграф."Әлеумет" білім беру саласы

      202.       "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны өзін-өзі тану, қоршаған ортамен танысу, экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      203.      "Әлеумет" білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік сипаттың бастапқы ұғымын меңгеру мен балаларды әлеуметтік қатынас жүйесіне ендіру мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.

      204.      Мақсаты ересектермен және құрдастарымен қарым- қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру болып табылады.

      205.      Міндеттері:

      жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету,бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық;

      құрдастары мен ересектердің арасындағы қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету;

      өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің қарапайым қабілеттерін тәрбиелеу.

14-параграф. І жартыжылдық

      206. Өзін- өзі тану

      Мазмұны балаларды құндылықтармен таныстыруды, заманауи сананың құндылығын үйретуді және бекітуді, әлемді түсіну және әлемді түйсінуді қалыптастыруды ұсынады. Ізгілік педагогикасының маңызды қағидаттарын- ересек пен баланың, балалардың өзара, педагогтардың өзара, педагогтардың ата-аналармен сұхбатын жүзеге асырады.

      207. Мақсаты балаларда өз-өзіне, адамдарға, әлемге деген рухани - адамгершілік қатынас саласында бастапқы өмірлік маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

      208.      Міндеттері:

      адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру;

      басқаға бағытталған эмоциялар мен сезімдерді дамыту;

      адамгершілік мінез- құлық негіздеріне тәрбиелеу.

      Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, "Мен - адаммын", "Қарым-қатынас қуанышы", "Адамгершілік әліппесі", "Мен және менің әлемім" тарауларының негізгі базалық бөлімдерін кіріктіру қағидасы негізінде барлық білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.

      Мен - адаммын

      "Өзін- өзі тану" әлеміне саяхат. Адам болуды үйренемін.Қыздар мен ұлдар. Менің есімім. Менің туған күнім. Менің сезімдерім. Мейірімді іс- әрекеттер. Мен осындай Адаммын.

      Қарым-қатынас қуанышы      

      Туғандар мен туыстар. Отбасылық мерекелер. Отбасының әлемі. Достық неден басталады? Адал достар. Дос әрдайым көмектеседі. Менің кішкентай достарым. Достар ғаламшары.

      Күтілетін нәтижелер:

      адами сапалар туралы: мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық түсініктерге ие;

      жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алады;

      туыстарына, құрдастарына, ересектерге эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлап, мейірімділік таныта алады;

      табиғатқа қамқорлық танытудың қажеттілігін түсінеді және біледі;

      сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алады;

      үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін сақтауға талпынады.

      209. Қоршаған ортамен танысу

      Бала, оның отбасы, үйі.

      1) туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата- анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру;

      2) балаларда өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіру ниетін, үй тапсырмаларын орындау, өзінің мейірімділік сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен айта білуді тәрбиелеу.

      Заттар әлемі, кеңістікте бағдарлау.

      1) заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың сөйлеу тіліне түрлі заттардың атауларын нақтылап, енгізу, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету;

      2) айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру;

      3) балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.

      Көлік, байланыс құралдары.

      1) көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсінік беру;

      2) телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

      Ересектердің еңбегі.

      Ұғымдарды дамыту:

      1) әртүрлі мамандық иелері туралы;

      2) еңбектің мазмұны, сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы;

      3) балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы.

      Өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

      Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері.

      1) Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер,еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы түсінігін қалыптастыру;

      2) балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін танып, мемлекеттік Әнұранды орындағанда орындарынан тұрып, оң қолдарын кеуделерінің сол жақ бөлігіне қоятынын, ер балалар бас киімдерін шешетінін білу керек. Мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру. Халықтық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту, өлеңдерді, әндерді, билерді жаттатқызып, үйрету арқылы балаларды мерекелерге қатысуға белсенділік танытуға баулу.

      Қазақстан Республикасының әскері

      Ел қорғаудың ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстан жауынгерлерімен таныстыру.

      Жолда жүру ережелері.

      Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Қиылыс жолмен таныстыру, жол белгілерін бекіту. Бағдаршамның жарық белгілеріне сәйкес жолдан өтуге үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      өз отбасының мүшелеріне қамқорлық танытады, үй тапсырмаларын орындайды;

      балабақшаның атауын, нөмірін атайды; үйден балабақшаға дейінгі жолды біледі;

      көлік құралдарын біледі және атайды;

      кейбір кәсіптік және ауылшаруашылық мамандықтары туралы біледі;

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранын орындау кезіндегі өзін ұстау ережесін біледі;

      әскердің міндетін, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің рөлі туралы біледі;

      жолда жүрудің негізгі ережелерін біледі және орындайды;

      қарапайым себеп-салдарлық байланысты орната алады.

      210.      Экология негіздері

      Мақсаты: қарапайым экологиялық білімдерді қалыптастыру.

      Міндеттері:

      табиғат әлеміне қамқорлықты, эмоционалды-жағымды қатынасты қалыптастыру;

      табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оны қорғай білуге ынтасын тәрбиелеу;

      табиғат құбылыстарындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білу;

      шығармашылық белсенділікті, білуге құштарлықты дамытуға ықпал ету;

      табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін қалыптастыру;

      адам өміріне қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру.

      Тірі табиғат

      1) табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

      2) табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгеру;

      3) жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне су, ауа, жылудың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;

      4) балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластануы мәселелерімен таныстыру.

      Өлі табиғат

      1) табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

      2) аймақтарға тән өлі табиғат нысандарымен, өлі табиғаттың компоненттерімен (құм, тас және тағы басқа) және қасиеттерімен таныстыру;

      3) табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді, ауа мен судың ластану себептерін, себеп-салдарлық байланыстарды түсіндіру.Қоршаған ортаға және табиғатқа эмоционалды-жағымды, қамқорлық қатынасты тәрбиелеу.

      Табиғатты қорғау

      1) табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық қатынасқа, табиғатты сақтауға жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу;

      2) өсімдіктердің өсіп, дамуы және өсімдіктердің өсіп, өнуіне судың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;

      3) балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мәселелерімен және оларды тудыратын себептермен таныстыру.

      Экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.

      Табиғат бұрышын мекендеушілерге күтім жасау дағдыларын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      өзіне таныс және жаңа жануарлармен, өсімдіктермен қарым-қатынастан қуанышты сезінеді;

      адамның табиғатпен тығыз байланысы туралы түсінікке ие;

      өлі табиғат нысандарына қызығушылық, ұқыпты қатынас танытады;

      адамның табиғатпен өзара әрекетінің себеп-салдарлық байланысын анықтайды;

      адамның табиғатты қалай сақтауға болатыны туралы қорытынды жасайды;

      табиғатта қауіпсіз мінез-құлықтың бастапқы тәжірибесіне ие;

      өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін біледі;

      тіршілік иелеріне жанашырлық, қамқорлық танытады;

      табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атайды.

15-параграф. II жартыжылдық

      211. Өзін-өзі тану

      "Өзін-өзі тану" бөлімінің мазмұны өзінің ішкі әлемін ашу, өзінің қайталанбас даралығын пайымдау арқылы әрбір баланың өз табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады.

      Адамгершілік әліпбиі

      Барлығы амандасудан басталады. Мейірімді іс-әрекеттер. Түсінуді және кешіруді үйренеміз. Бәрі түсіністіктен басталады. Қонақ- біздің үйдің қуанышы. Мен көмекшімін. Мен өз елімнің кішкентай азаматымын.

      Мен және менің әлемім

      Туған үй. Менің сүйікті балабақшам. Табиғат-ана. Табиғат және денсаулық. Табиғат және Адам. Наурыз жаңару мерекесі. Менің Қазақстаным. Ақ жол Өзін-өзі тану.

      Күтілетін нәтижелер:

      ересектер мен жақындарына мейірімділік, сыйластық білдіреді;

      салауатты өмір салтының бастапқы дағдыларын игерген; қыз бала ұла балаға құрметпен қарайды, ұл бала қыз балаға құрмет көрсетеді;

      табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді және біледі;

      өзінің көңіл-күйін сурет, мүсіндеу, құрастыру арқылы бере біледі;

      сөздердегі, мінез-құлықтағы жақсы мен жаманды ажыратады, үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін сақтауға талпынады;

      халықтық мерекелерге қатысады;

      еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін танытады.

      212.      Қоршаған ортамен танысу

      Бала, оның отбасы, үйі.

      Туыстық байланыстар туралы ұғымды, өз шежіресіне қызығушылықты жетілдіру. Балалардың бойында өз отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үй тапсырмаларын орындау, отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін айта білуге тәрбиелеу.

      Заттар әлемі, кеңістікте бағдарлау.

      Заттар, олардың белгілері мен қолданысы туралы ұғымдарын бекіту. Балалардың сөйлеу тілінде түрлі заттардың атауларын нақтылау және белсендіру, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Айналадағы заттардың атқаратын қызметінің, осы заттар жасалған материалдың құрылысының арасындағы байланысты түсінуге үйрету. Мектепке дейінгі ұйымның ғимаратында, жақын орналасқан мөлтек ауданда еркін бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.

      Көлік, байланыс құралдары.

      1) арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсініктерді қалыптастыру;

      2) тұрмыстық техниканың қызметтерімен оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

      Ересектердің еңбегі.

      1) әртүрлі мамандық иелері, еңбектің мазмұны, сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы ұғымдарды қалыптастыру;

      2) өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

      Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері.

      Қазақ халқының тарихи түп тамыры туралы: қазақ киіз үйінің құрылысы және ішкі жиһаздары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Қазақтардың көшпенді өмірі туралы көрнекі материалдар негізінде суреттеуді үйрету. Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы білімін жетілдіру.

      Қазақстан Республикасының әскері

      Қазақстан Республикасы әскері, Отан қорғаушылар туралы түсініктерін жетілдіру. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігіне құрмет білдіруге тәрбиелеу.

      Жолда жүру ережелері

      Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.

      Күтілетін нәтижелер:

      туыстық байланыстар туралы түсінікке ие;

      отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін білдіре алады;

      алуан түрлі материалдардың белгілері мен қасиеттері және қолданылуы арасындағы байланысты орнатады;

      мектепке дейінгі ұйымның бөлмелерінде, жақын мөлтекауданда еркін бағдар жасайды;

      арнайы көлік құралдарының атқаратын қызметін біледі;

      тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін игерген;

      өзінің ата-анасының еңбегі туралы әңгімелейді;

      түрлі кәсіп адамдарына құрмет көрсетеді,

      туған ел, мемлекеттік және халықтық мерекелер, ел рәміздері, Қазақстан Республикасының Президенті туралы білімдерді меңгерген;

      Қазақстан әскері туралы түсінікке ие, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрмет көрсетеді;

      жол қозғалысы ережелерін біледі.

      210. Экология негіздері

      Тірі табиғат

      1) табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

      2) табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін, олармен қауіпсіз өзара әрекет ережелерін меңгеру;

      3) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың өсіп, өнуі үшін бұлақтардың және таза судың басқа көздері туралы түсініктерін қалыптастыру;

      4) жануарлар мен өсімдіктер әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

      5) балалардың табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасын ынталандыру және қолдау.

      Өлі табиғат

      Өлі табиғаттың түрлі нысандарын бақылау. Табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру. Адам өміріндегі және өсімдіктер тіршілігіндегі судың маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.

      Табиғи материалдардың қасиеттерін тануға ықпал ету. Экологиялық тәуелділік туралы білімдерін байыту; адамның табиғатпен байланысын және өзара әрекетін анықтау. Табиғатқа қамқорлық қатынасты тәрбиелеу.

      Табиғатты қорғау

      1) табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық қатынасқа, табиғатты сақтауға жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу, өсімдіктердің өсіп-дамуы және өсімдіктердің өсіп, өнуіне ылғалдың, жарықтың, жылудың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, табиғатқа шыққанда өзін ұстай білудің экологиялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;

      2) балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мәселелерімен және оларды тудыратын себептермен таныстыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      табиғи нысандарға, олардың ерекшеліктеріне қызығушылық таныту;

      табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың бастапқы дағдыларын игерген;

      ересектердің табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға деген ұсынысын орындайды;

      адам өміріндегі және өсімдіктер тіршілігіндегі судың маңызы туралы біледі;

      айналасындағы тірі және өлі табиғаттың нысандарына ұқыпты қатынас және эмоционалды ықыластылық танытады;

      табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет