20-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
271. Мақсаты әлеуметтік ортаға бейімделу біліктерін қалыптастыру, кез келген ортада еркін бірлесе әрекет ету, өз Отанына сүйіспеншілік таныту, адамгершілік-рухани білім негіздерін дамыту болып табылады.
272. "Әлеумет" білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:
1) өзін-өзі тану,
2) қоршаған ортамен таныстыру,
3) экология негіздері.
273. "Таным" білім беру саласы бойынша ұсынылатын сабақтардың оқу жүктемесі:
"Әлеумет" білім беру саласы
|
Апталық оқу жүктемесі
|
Өзін-өзі тану
|
1
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
0,5
|
Экология негіздері
|
0,5
|
21-параграф. Өзін-өзі тану
274. Сабақтардың мазмұны әрбір баланың қайталанбас даралығының мәнін түсінуге, өзінің ішкі әлемін жасау арқылы өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған.
275. Мақсаты балаларда өзіне және қоршаған ортаға шартталған әлеуметтік мәні зор бейімделуді қалыптастыру болып табылады.
276. Міндеттері:
рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру,
құрдастары мен ересектерге бағытталған мейірімділік қарым-қатынасын, өзінің эмоциялары мен сезімдерін білдіре білуді дамыту,
адамгершілік мінез-құлық негіздерін тәрбиелеу.
277. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, "Мен- адаммын", "Қарым-қатынас қуанышы", "Адамгершілік әліппесі", "Мен және менің әлемім" бөлімдерінің негізгі базалық мазмұны барлық білім беру салалары арқылы кіріктіру ұстанымдары негізінде жүзеге асырылады.
Бөлім
|
Бөлімше
|
1.Мен - Адаммын
|
1.1 Өзін-өзі тану әлеміне саяхат
|
1.2 Мен ерекше адаммын
|
1.3 Мен және менің отбасым
|
1.4 Мен және менің құрдастарым
|
1.5 Мен және менің тәрбиешім
|
1.6. Жүрегімді тыңдаймын
|
1.7. Мейірімділік жасауды үйренеміз
|
1.8 Мен бақытты адаммын
|
2.Қарым-қатынас қуанышы
|
2.1 Қарым-қатынас жасауды үйренеміз
|
2.2 Мейірімді жүрек
|
2.3. Мейірімді сөздер
|
2.4. Отбасындағы татулық
|
2.5. Нағыз, адал дос
|
2.6. Менің үй жануарларым
|
2.7 Достық неден басталады?
|
2.8. Жақсы көруді үйренеміз
|
3.Адамгершілік әліппесі
|
3.1 Әдепті болу
|
3.2 Қайырымдылық
|
3.3 Қамқорлық жасай білу
|
3.4 Бейбітшілік әлемі
|
3.5. Қайырымдылық деген не?
|
3.6. Еңбекқор боламыз
|
3.7. Достарға көмек көрсетуді үйренеміз
|
3.8. Мейірімділік менің жүрегімде
|
Мен және менің әлемім
|
4.1. Әлем қандай тамаша
|
4.2. Менің отбасым
|
4.3. Табиғатты қорғауды үйренеміз
|
4.4. Табиғат – Ұлы ұстаз
|
4.5. Менің Қазақстаным
|
4.6. Халықтар достығы
|
4.7. Туған жерімді сүйемін
|
4.8. Жолың болсын Өзін-өзі тану
|
"Мен - Адаммын" - Өзін тануға қызығушылық білдіреді; өзінің "Мен" және есімімен, әлеуметтік, жыныстық рөлі арасындағы байланысты сезінеді, өзінің, пікіріне, қылықтарына талдау жасай алады және оларға адамгершілік тұрғыдан баға береді, өзінің сезімдерін тыңдайды, адами құндылықтар туралы бастапқы түсініктерге ие: өмір, отан, денсаулық, адам, отбасы, достық, табиғат.
"Қарым-қатынас қуанышы" Қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтай алады, өз-өзіне қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларын игерген, балалар ұжымында қарым-қатынас және өзара әрекет жасай алады, адами қасиеттер туралы бастапқы түсініктерге ие: мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық, адалдық, мақтаныш сезімі, патриотизм, сондай-ақ, жағымсыз қылықтар, айналасындағы табиғаттың сұлулығын қуанышпен қабылдайды, табиғатқа қамқорлық танытады.
"Адамгершілік әліппесі". Балалар ұжымында қарым-қатынас және өзара әрекет жасай алады, ойын барысында өзінің және басқалардың қызығушылығын үйлестіре біледі, өзара көмек көрсетуге, отбасында және құрдастары арасында ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіреді, адамгершілік сезімдерін білдіреді, жақсы және жаман қылықтарды ажырата алады, салауатты өмір салтының қарапайым дағдыларын игерген және оны түсінеді.
"Мен және менің әлемім". Бейнелі ойлай біледі, қиялдай алады, өзінің қабілетін және мүмкіндігін шығармашылық әрекетте (музыкада, ойында, биде, театрландырылған қойылымда) көрсетеді. Қоршаған ортамен адамгершілік қарым-қатынас (отбасымен, балабақшамен, қоғамдық ортамен) тәжірибесіне ие. Отанға, табиғатқа, туған халқына, туып-өскен үйіне сүйіспеншілік танытады.
22-параграф. Қоршаған ортамен танысу
278. Мақсаты балалардың қоршаған орта, адамдардың іс-әрекеті жайлы түсінігін кеңейту болып табылады.
279. Міндеттері:
балаларда жақындарына деген сүйіспеншілік сезімі, оларға қамқорлық көрсету ұмтылысы, туған еліне, қаласына деген бауырмалдық пен оның тарихына қызығушылық таныту сияқты адамгершілік сапаларды тәрбиелеу,
адам еңбегіне деген құрмет сезімін қалыптастыру, адам қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауды; балалардың сөйлеу тілін, зейінін, қиялын дамыту,
Қазақстан Республикасы аумағында тұратын басқа ұлттың адамдарына, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне мейірімділік және құрметтілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
280."Қоршаған ортамен танысу" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
1.Мен және қоғам
|
1.1 Мен және менің отбасым
|
1.2 Менің мектебім
|
1.3 Мамандықтар
|
1.4 Көлік және байланыс құралдары
|
2.Туған өлкем
|
2.1 Туған өлке
|
3.Тарих беттерінен
|
3.1 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
3.2 Өнер және мәдениет
|
3.3. Тәуелсіз Қазақстан
|
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Мен және қоғам
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Мен және менің отбасым
|
0.1.1.1 отбасындағы өзара тату қарым-қатынастың маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау
|
0.1.1.2 отбасы мүшелерін атап, міндеті мен өзіне тағылған жауапкершілікті білу
|
0.1.1.3 түрлі іс-әрекет түрлеріндегі өз жетістіктеріне тең баға беру
|
1.2 Менің мектебім
|
0.1.2.1 мектептегі және сыныптағы негізгі ережелерді білу және оларды сақтау
|
0.1.2.2 түрлі әлеуметтік жағдаяттарда шешім қабылдау
|
0.1.2.3 қарапайым этикалық нормаларды, этикалық нормаларды біліп, сақтау
|
0.1.2.4 бірлесе жұмыс жасау, еңбек нәтижесін бағалау
|
1.3 Мамандықтар
|
0.1.3.1. еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру
|
1.4 Көлік және байланыс құралдары
|
0.1.4.1 байланыс құралдарының адам өміріндегі қажеттілігін түсініп, олардың қолданылу аясын атау
|
0.1.4.2 қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау
|
1.1. Мен және менің отбасым. Туыстық байланысты түсінеді, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, мектеп, сыныптың нөмірін атайды, үйден мектепке дейінгі жолды анықтайды. Өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіреді, үй тапсырмаларын орындайды, өзінің мейірімді сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен жеткізеді. Отбасы мүшелеріне деген өзінің қарым-қатынасын, жақындарына деген өзара сыйластық, қамқорлық негізінде құра біледі.
1.2. Менің мектебім. Мектеп қызметкерлерінің еңбегі туралы (директор, оқу бөлімінің меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі, мұғалім, кітапханашы, еден жуушы, аспаз, аула сыпырушы, медбике, көлік жүргізушісі) ұғымдарға ие. Мектеп қызметкерлеріне сыйластық танытады.
1.3. Мамандықтар. Әртүрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктері, маңызы туралы біледі. Өз ата-анасының және туыстарының еңбегі туралы әңгімелейді. Ересектердің еңбегіне деген қызығушылық және оның нәтижесіне деген құндылық қатынасын білдіреді.
Ауыл шаруашылық саласы мамандары (фермер, тракторшы, комбайншы, көкөніс өсіруші, бақташы, қойшы, сауыншы және т.б.) және олардың еңбек әрекеттері, бидайды өсіру кезеңдері туралы біледі. Нанды және азық-түлік тағамдарын қадірлей біледі, қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық еңбегінің маңыздылығын түсінеді.
Қоғамдық игілік туралы ұғымға ие. Қоғамдық игілікті сақтау мен ұлғайтуға ұмтылысын және қажеттілігін білдіреді.
1.4. Көлік, байланыс құралдары. Арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, олардың атқаратын қызметі, жұмыстың нақты түрлерін орындауға арналған жабдықтар (суаратын машина, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы, қар тазалайтын машина) туралы ұғымдарға ие.
Көлікте жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарайды, көлік түрлері (жердегі, ауадағы, судағы, су астындағы), байланыс құралдары, олардың адам өміріндегі маңызы туралы біледі.
Телефонның, компьютердің, теледидардың, радионың атқаратын қызметтері және оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелері туралы біледі.
2-бөлім. Менің туған өлкем
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Туған өлке
|
0.2.1.1 өз өңірінде бағдарлану тәсілдерін және өз үйінің (тұрғылықты мекен-жайын) мекен-жайын атау
|
0.2.1.2 өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттау
|
0.2.1.3 өз өңірін сурет/сызбада бейнелеу
|
2.1. Туған өлке. Өзі туған елді мекені, туған елі туралы біледі. Өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттайды. Өз өңірінің суретін/сызбасын бейнелейді.
3-бөлім. Тарих беттерінен
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
3.1 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
0.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу негізінде қазақ халқының көшпенділік тұрмысын сипаттау
|
0.3.1.2 тарихи тұлғалардың және көрнекті батырлардың рөлін түсіндіру
|
3.2 Өнер және мәдениет
|
0.3.2.1 киіз үйдің құрылысы мен жабдықтарын атау, олардың қолданыстағы икемділігін түсіндіру
|
0.3.2.2 ұлттық қолданбалы өнер туралы алған түсінігі мен әсерлерін түрлі тәсілдермен жеткізу
|
3.3 Тәуелсіз Қазақстан
|
0.3.3.1 мемлекеттік рәміздерді атау
|
0.3.3.2 Қазақстанның астанасын атау, мемлекеттік рәміздерді білу
|
3.1. Қазақстанның тарихи тамырлары. Қазақстан Республикасы – үлкен көп ұлтты мемлекет екендігі, байырғы тұрғындардың және басқа ұлттардың өз мәдениеті (тұрмыстық заттар, киімдер, ерекше ұлттық өзгерістер), салт-дәстүрі бар екендігі, табиғи байлықтары, біздің республикамыздың жетістіктері туралы біледі. Көрнекі материалдарды зерделеу негізінде қазақ халқының көшпенділік тұрмысын сипаттайды. Тарихи тұлғалардың және көрнекті батырлардың рөлін түсіндіреді.Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрмет танытады.
3.2. Өнер және мәдениет. Киіз үйдің құрылысы мен жабдықтарын атайды, олардың қолданыстағы икемділігін түсіндіреді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, туған өлкенің мәдениеті мен тұрмысы, Қазақстанның халықтары (татарлар, орыстар және басқалары) туралы біледі. Ұлттық қолданбалы өнер туралы алған түсінігі мен әсерлерін (суреттер, фотосуреттер арқылы) түрлі тәсілдермен жеткізеді.
Халықтық дәстүрлерге негізделген үлкендерге және өзінен кішкентайларға құрметпен қараудың адамгершілік мінез-құлық ережесін орындайды.
3.3 Тәуелсіз Қазақстан. Біздің еліміздің бас қаласы - Астана және оның көрікті жерлері (Бәйтерек, Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, Океанариум және т.б.), Қазақстанның ірі қаласы – Алматы туралы біледі. Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекеттік рәміздерді біледі. Әнұранды біледі және оң қолын сол жақ кеудесіне қойып орындайды.
23-параграф. Экология негіздері
281. Мақсаты табиғаттағы барлық тіршілік иесіне жауапкершілік қарым-қатынасты, экологиялық сауаттылық және мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады.
282. Міндеттері:
қарапайым экологиялық білімдерін, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру,
қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынасты, оның қайталанбастығы мен әсемдігін түсінуді қалыптастыру,
табиғатқа қамқорлық қарым-қатынас дағдыларын, табиғатты сақтауға деген ынталарын және біліктерін қалыптастыру,
табиғат құбылыстарындағы себеп-салдардың байланыстарын орната білу.
283. "Экология негіздері" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
1. Тірі табиғат
|
1.1 Өсімдіктерге қамқорлық жасау
|
1.2 Жануарларға қамқорлық жасау
|
1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар
|
2. Өлі табиғат
|
2.1 Су, жер, ауаға қамқорлық
|
1-бөлі. Тірі табиғат
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Өсімдіктерге қамқорлық жасау
|
0.1.1.1 табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасау
0.1.1.2 "Қызыл кітапқа" енгізілген өсімдіктерді атау
0.1.1.3 табиғатта өзін ұстай білудің ережесін білу
|
1.2. Жануарларға қамқорлық жасау
|
0.1.2.1.табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау
0.1.2.2 Қазақстанның қорықтарын атау
0.1.2.3 "Қызыл кітапқа" енгізілген жануарларды атау
|
1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар
|
0.1.3.1. жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның және жылудың рөлі туралы білу
|
1.1 Өсімдіктерге қамқорлық жасау. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасайды, табиғатты бақылаудың күнтізбесін жүргізеді.Табиғатта өзін ұстай білудің ережесін, орманды өрттен қорғаудың қажеттілігін түсіндіреді. Адамның өміріндегі орманның маңызын,ормандардың жойылу себептерін түсіндіреді. Адамның табиғатты қорғайтынын, орманды арнайы адамдар (орманшы) бақылайтынын біледі. Қалалық орта жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне қолайсыз экологиялық факторлардың әсерін түсінеді. "Қызыл кітапқа" енгізілген өсімдіктерді атайды. Адамдар табиғатты жақсы білмегендіктен, көп өсімдіктердің жойылып кеткендігі туралы түсінікке ие. Табиғаттың сұлулығы баға жетпес құндылық, сондықтан оны қорғау қажет екенін түсінеді.
1.2 Жануарларға қамқорлық жасау. Табиғат бұрышындағы жануарларға қамқорлық (қалтауыз, теңіз шошқасы, тасбақа, балықтар, құстар және т.б.) жасайды, олармен қауіпсіз өзара әрекет, күтім жасау ережелерін біледі. Жойылып кету қаупі төнген және "Қызыл кітапқа" енгізілген жануарларды атайды. Адамның, неліктен қорықтарды құратынын түсіндіреді. Қорықтарда жануарларға арнайы адамдар (қорықшы) күтім жасайтынын біледі. Өзінің өңіріндегі қорық туралы біледі.
1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар. Қорық мемлекеттің қорғауындағы аумақ екенін біледі, қорықтың тірі және өлі табиғатына қамқорлық қарым-қатынас білдіреді, қорықтағы жабайы жануарлар мен құстарды атайды; қорықта мінез- құлық ережесін сақтайды.
Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың өте маңызды екенін, сусыз адамдар, өсімдіктер, жануарлардың өмір сүруі мүмкін еместігін (адамдарға су тамақ пісіру, ішу, денесін жуу, бөлмедегі заттарды жуу үшін қажет) біледі. Суды үнемдеп жұмсауға баулу.
1-бөлім. Өлі табиғат
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
2.2. Су, жер, ауаға қамқорлық
|
0.2.2.1 балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мәселесімен таныстыру
|
0.2.2.2 экологиялық тәуелділікті түсіндіру; адамның табиғатпен байланысын және өзара әрекетін анықтау
|
2.2. Су, жер, ауаға қамқорлық. Адамның табиғатпен тығыз байланысы, су ғаламшардағы барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі болып табылатындығы туралы ұғымдарға ие. Тірі объектілердің өсіп, дамуы үшін, су, жарық, ауа, қорек, сүйіспеншілік және айналасындағылардың ұқыпты қарым-қатынасы қажет екенін анықтайды.
Табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді, ауа мен судың ластану себептерін атайды, адамның табиғатпен өзара әрекетінің себеп-салдарлық тәуелділігін анықтайды, тірі тіршілік иелеріне жанашырлық, рақымшылық танытады.
Адамдар табиғатты жақсы білмегендіктен, көп өсімдіктерді және жануарларды жойып жібергені (мысалы, күзде ағаштардың тамырларын жапырақтармен жабу, аязда ағаштың бұтақтарын ұстамау, олардың сынып калуы мүмкін, егер балтада қоқыс болса, оны алып тастауды ұмытпау) туралы біледі.
Табиғатқа мейірімді, жанашырлық қарым-қатынас білдіреді, табиғаттың сұлулығы баға жетпес құндылық , сондықтан оны қорғау қажет екенін біледі.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |