Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы



бет4/15
Дата25.12.2016
өлшемі2,8 Mb.
#4813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2-параграф. I жартыжылдық

      119. Дене шынықтыру

      Жалпы дамытушы жаттығулар.Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына апару; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау. Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу. Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю; алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу. Екі қолды белге қойып, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату.Аяқтың ұшымен көтерілу; екі аяқты кезекпен алға өкшемен, содан кейін ұшымен қою, топылдату. Қатарынан 4–5 рет жүрелеп, екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақ пен екі тұсқа көтеріп, отыру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу.

      Негізгі қимылдар

      1) жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіру, қол мен аяқ қимылын үйлестіру, бой түзулігін дұрыс сақтау;

      2) жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен,тізені жоғары көтеріп жүгіру, кіші және үлкен қадаммен жүгіру, сапта бір-бірлеп, түрлі бағытта жүгіру. Түрлі тапсырмалармен жүгіру: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшімен ауыса отырып жүгіру. 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру; орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру;

      3) секіру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру (2–3 рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру), 2–3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру; бір орында оңға, солға бұрылып секіру, баланың қолын көтергендегі биіктіктен жоғары ілінген нәрсеге орнынан секіру арқылы затты жанап өту, 4–5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см), 20–25 см биіктікке секіру; бір аяқпен секіру (шамамен 4–5 рет оң және сол аяқпен). Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2–3 реттен 10 секіру) ;

      4) домалату, қағып алу, лақтыру. Заттар арасымен доптарды, құрсауларды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу (1,5 м қашықтықта), допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру (2 м қашықтықтан). Допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет). Алысқа дәлдеп лақтыру (3,5–6,5 м кем емес). Оң және сол қолымен көлденең нысанаға (2–2,5 м қашықтықтан), 1,5 м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға дәлдеп лақтыру;

      5) еңбектеу, өрмелеу. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап еңбектеу, тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру; құрсаудан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, аралықтан аралыққа, оңға, солға ауысу;

      6) тепе-теңдікті сақтау. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық), сызықпен, арқанмен, тақтаймен, гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Басқа қап киіп, заттарды аттап өту, бұрылу. Тепе-теңдікті сақтау: қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру; қолын беліне қойып, бір аяқпен тұру; қолын беліне қойып, екі жаққа айналу. Ойлы-қырлы тақтаймен жүру, көлбеу тақтаймен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Еденнен 20–25 см көтерілген баспалдақ тақтайдан, қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту;

      7) сапқа тұру, сапқа құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір- бірден сапқа тұру. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру, бағдар бойынша түзелу.

      Музыкалық-ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында таныс дене жаттығуларын орындау.

      Спорттық жаттығулар

      1) шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату, шаналармен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеуге, мұзды жолдармен өздігінен сырғанау;

      2) щаңғымен жүру. Шаңғымен бірінің артынан бірі сырғымалы қадаммен жүру. Төбешікке қосалқы қадаммен, қырымен көтерілу. Ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешеді;

      3) велосипед, самокат тебу. Үш дөңгелекті және екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға, солға бұрылыстарды орындау;

      4) жүзуге дайындық. Суға түсу, суда ойнау; суда отырып, аяқтарын жоғары және төмен көтеріп, қимылдар орындау; иекке дейін, көздеріне дейін суда отыру,судан шығу; бетін суға түсіру; басын суға түсіру;еркін әдіспен жүзуге талпыну.

      Спорттық ойын элементтері

      1) кегль ойындарына үйрету. Бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру. 1,5-2 метр арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру;

      2) футбол. Берілген бағытта допты домалату. Допты аяқтарымен бір-біріне домалату;

      3) хоккей. Берілген бағытта шайбаны таяқпен домалату, оны қақпаға енгізу.

      Дене шынықтыру ойын-сауығы 2 айда 1 рет өткізіледі, ұзақтығы - 20 минут.

      Дене шынықтыру мерекесі жылына 2 рет (жазда және қыста) өткізіледі, ұзақтығы - 45 минут.

      Денсаулық күні 2 айда 1 рет өткізіледі, ұзақтығы - 30 минут.

      Дербес қимыл белсенділігі

      Балалардың доптармен ойындарын жетілдіру, денешынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындар үшін атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға ынталандыру. Ауа райының жағдайын ескере отырып, балалардың таза ауадағы қимыл белсенділігі үшін жағдайлар жасау.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары

      Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Жалпы және жергілікті су шараларын жүргізуді жалғастыру: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды, денені шаю. Тыныс алу жолдарын шынықтыру, жалаң аяқ жүру.

      Мәдени- гигиеналық дағдылар

      1) бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың орындалу сапасын жоғарылату;

      2) ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану.

      Күтілетін нәтижелер:

      дене жаттығуларын орындауға қызығушылық танытады;

      қимылды ойындардың ережелерін сақтайды;

      түрлі тапсырмалар орындап, бір-бірден сапта жүреді;

      екеуден, үшеуден қатарға қайта тұрады;

      спорттық ойындар мен жаттығулардың бастапқы техникасын игерген;

      жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын сақтайды.

3-параграф. ІІ жартыжылдық

      120. Дене шынықтыру

      Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолдарды басқа қою, оларды екі жаққа созу және түсіру, орындықтың арқасына, қабырғаға арқасымен сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру, таяқты (құрсау) жоғары көтеру, иықтан асырып түсіру, бастапқы қалыптан қолдарды буынынан жан-жағына айналдыру.Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру, кезекпен аяқты бүгу және жазу, көтеру және түсіру, зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату, етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру. Тізесін бүгіп тұрып, аяқтарды кезекпен көтеру;өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру, аяқтың саусақтарымен жіпті жинау, құмы бар қаптарды іліп алып, бір орыннан басқа орынға ауыстыру, аяқ өкшесін айналдыру.

      Негізгі қимылдар

      1) жүру. Сапта бір-бірден, екеуден, аяқтың ұшымен, өкшемен, табанмен, табанның ішкі жағымен, тізені жоғары көтеріп, ұсақ және алшақ адымдап жүру. Қозғалыс бағытын өзгертіп жүру, "жыланша" ирелеңдеп жүру, бытырап,қосымша қадаммен алға, шет жағына жүру. Жүруді жүгірумен, секірумен кезектестіріп, бағытты, қарқынды өзгертіп жүру. Жүруді басқа қимылдармен кезектестіріп, белгі бойынша тоқтап жүру;

      2) жүгіру. Қалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп; ұсақ және алшақ адыммен, сапта бір-бірден және жұппен, түрлі бағытта,бытырап жүгіру. Жетекшінің ауысуымен, қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіру. Жай қарқында үздіксіз жүгіру; 50–60 метрге жүгіру. 5 метрден 3 рет жүгіру. Түрлі бағытта жүгіру, қағып алып жүгіру;

      3) секіру. Бір орында тұрып екі аяқпен секіру, алға ұмтыла секіру, бір орында тұрып оңға, солға бұрылып секіру, аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін – алға, екіншісін – артқа қойып, бір орында тұрып секіру. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру; биіктігі 5–10 см 2–3 заттың үстінен кезектесе секіру; 20–25 см биіктіктен секіру; бір орында тұрып, ұзындыққа 4–6 сызықтың үстінен секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см);

      4) домалату, қағып алу, лақтыру. Доптарды, құрсауларды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру, басынан асыра лақтыру және оны қағып алу, допты екі қолымен басынан асыра және бір қолымен кедергі арқылы лақтыру (2 м арақашықтық). Допты жоғары лақтыру, еденге ұру және оны екі қолымен қағып алу, допты жерге ұру. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру (3,5–6,5 метрден кем емес); затты тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) 1,5–2 м арақашықтықтан және көлденеңінен (2–2,5 м арақашықтықта) оң, сол қолмен лақтыру;

      5) еңбектеу, өрмелеу. Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу. Гимнастикалық орындықта қолдарымен тартылу арқылы ішімен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның, доғаның, таяқтың астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру. Бөрене, гимнастикалық орындық арқылы еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, оң аралықтан сол аралыққа ауысу;

      6) тепе-теңдікті сақтау. Сызықтар арасымен (10 см арақашықтық), сызықпен; арқанмен (диаметрі 1,5 см); тақтаймен, гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Қырлы тақтаймен жүру, көлбеу тақтайда жоғары-төмен жүру және жүгіру. Бір-бірінен қашық қойылған үрленген 5–6 доп арқылы кезекпен, қолдың түрлі қалпымен аттап өту. Түрлі жағдайда тепе-теңдікті сақтау;

      7) сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір-бірден сапқа, шеңберге тұру. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру, бағдар бойынша теңелу; оңға, солға айналу, бұрылыстар, ажырату және жақындату.

      Музыкалық-ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында әртүрлі таныс дене жаттығуларын орындау.

      Спорттық жаттығулар

      1) шанамен сырғанау.Төбешіктен сырғанау, бір-бірін сырғанату;

      2) сырғанау. Мұзды жолдармен өздігінен сырғанау;

      3) велосипед,самокат тебу.Үш дөңгелекті велосипед және самокат тебу. Оңға, солға бұрылыстарды орындау;

      4) Жүзуге дайындық. Суға түсу, суда ойнау. Суда отырып, аяқтарын жоғары және төмен көтеріп, қимылдар орындау. Судан шығу.

      Спорттық ойын элементтері

      1) кегли. Дұрыс бастапқы қалыпта тұрып, түрлі бағытта қойылған доптарды лақтыру;

      2) футбол . Берілген бағытта допты домалату. Допты қақпаға домалату;

      3) хоккей. Берілген бағытта шайбаны таяқпен домалату, оны қақпаға домалатып кіргізу.

      Дербес қимыл белсенділігі

      Балалардың доптармен, құрсаулармен, ойыншықтармен ойындарын жетілдіру, денешынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындар үшін атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға ынталандыру.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары

      Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Жалпы және жергілікті су шараларын жүргізуді жалғастыру: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды, денені шаю, сауықтыруға арналған жүгіру. Тыныс алу жолдарын шынықтыру, жалаң аяқ жүру.

      Мәдени-гигиеналық дағдылар

      Бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың орындалу сапасын жоғарылату. Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану.

      Күтілетін нәтижелер:

      негізгі қимылдарды орындаудың қимылдық дағдыларына және техникасына ие;

      дене жаттығулары мен сауықтыру шараларына қызығушылық танытады;

      педагогтың көрсетуімен ертеңгілік жаттығудың кешендерін орындайды;

      өздігінен түрлі ойындар ойнайды, ойын ережелерін сақтай алады;

      спорттық ойындардың элементтерін орындайды; шынықтыру түрлерін, өз-өзіне қызмет көрсетудің дағдыларын игерген.

4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

      121. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда), драма ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      122.Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, қоғамдық ортада ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      123. Міндеттері:

      ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;

      балалар әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту;

      балалар әдебиетіне қызығушылықты дамыту.

5-параграф. I жартыжылдық

      124. Сөйлеуді дамыту

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

      Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту. Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану.

      Сөздік қор

      Балалардың сөздік қорын адамдардың мамандықтарының атауларымен, заттардың бөліктерімен, заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен байыту.

      Келесі дағдыларды қалыптастыру:

      1) тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру;

      2) сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту;

      3) заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру;

      4) ойындарды қолдану арқылы сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту.

      Тілдің грамматикалық құрылымы

      Дағдыларды жетілдіру:

      1) байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

      2) жануарлар және олардың төлдерінің атауларын білдіретін сөздерді, сөздердің түрлі тәсілдермен жасалуын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын дамыту;

      3) әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру;

      4) сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен бірге қолдану дағдыларын қалыптастыру;

      5) тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды кеңінен қолдану.

      Байланыстырып сөйлеу

      Әңгімеге қатысу және тілді түсіну, тыңдау біліктерін, көлемі шағын тақпақтарды жатқа айту, сурет бойынша заттар және ойыншықтар туралы әңгіме, үлгі бойынша әңгіме құрастыру, шағын әңгімелер мен ертегілерді айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауға үйрету.

      Шығармашылықпен сөйлеу қызметі

      Театрландырылған әрекетке, драматизация ойындарына және қуыршақ спектакльдеріне, саусақ ойындарына балаларға түсінікті "қуыршақты жүргізу" техникасын қолдана отырып, қатысу ниеттерін дамыту.

      Шығармаларды қабылдау

      Сөз және сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылығын арттыру.

      Кейіпкерлердің бейнелерін сомдауға қажетті дауыс ырғағы және тілдің қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру, ұсынылған тақырып бойынша әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындайды;

      сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі), сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолданады; адамдардың мамандықтарын, олардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді біледі, тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының мәнін түсінеді;

      себеп-салдарлық байланыстарды орната біледі;

      жалпы мағыналас сөздерді (көлік, өсімдіктер, киім) қолданады;

      сан есімдерді ретімен атайды, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде байланыстырады;

      отбасы, отбасындағы тұрмыс, халықтық дәстүрлер, қаласы (ауылы) туралы айтып бере алады;

      үлгі бойынша әңгіме құрастыра алады; шағын әңгімелер мен ертегілерді мазмұндайды.

      125. Көркем әдебиет

      1) оқу, әңгімелеу.       Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру. Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме, ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету;

      2) мәнерлеп оқу, мазмұндау.       Тақпақтар мен өлеңдерді түсініп, есте сақтауға үйрету. Таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай біледі;

      таныс ертегілердің мазмұнын айтып береді;

      өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атайды;

      әдеби кейіпкерлердің қылықтарын бағалай алады;

      оқиғаларды ойдан құрастырады, таныс шығармалардан үзінділерді сахналайды.

      126.Русский язык

      Звуковая культура речи

      1) обучение правильному произношению гласных и согласных звуков русского языка;

      2) совершенствование навыков развития голосового и артикуляционного аппарата, речевого дыхания, четкой дикции.

      Словарный запас

      1) расширение знаний о предметах ближайшего окружения, животных, птицах, оващах и фруктах, временах года и явлениях природы;

      2) обучение на русском языке прямому и обратному счету до 10;

      3) формирование навыков называния некоторых свойств предметов: цвет, формы, признаки;

      4) формирование умений понимания и использования знакомых слов в повседневной жизни.

      Грамматический строй речи

      1) составление словосочетаний, предложений из 2-3 слов;

      2) формирование навыков использования в речи имен существительных единственного и множественного числа.

      Связная речь

      Умение отвечать на коротние вопросы простыми предложениями. Закрепление навыков правильного использования русских слов и выражений при ответе на вопросы. Обучение слушанию, пониманию и пересказу коротких произведений, стихотворений.

      Ожидаемые результаты:

      понимает русскую речь педагога в игровых ситуациях и в повседневной жизни;

      умеет считать на русском языке до 10 и обратно;

      произносит правильно свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные (р, л) звуки русского языка;

      называет группы предметов ближайшего окружения, их свойства, признаки; времена года и отдельные явления природы;

      употребляет в речи имена существительные единственного и множественного чисел.

      127. Драма

      Көркем әдебиет шығармалары бойынша драмалық дағдыларды дамыту.

      Коммуникативті –тілдік, ойын, артикуляциялық дағдылар

      Дағдыларын қалыптастыру:

      1) түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу;

      2) түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау;

      3) таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау;

      4) ертегі желісін ретімен орындау.

      Адамгершілік нормалары туралы түсінік

      Дағдыларын қалыптастыру:

      1) ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас;

      2) адамдардың сезімі мен қарым-қатынасын көрсету;

      3) әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру;

      4) оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау;

      5) достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету.

      Күтілетін нәтижелер:

      барлық дыбыстарды анық және әртүрлі қарқында дыбыстайды;

      дауыс күшін өзгертіп, түрлі интонацияда дыбыстайды;

      сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін серіктесімен сәйкестендіре отырып, сақтайды;

      сахнаны, алаңды бағдарлайды; театрландырылған қойылымды дайындау барысында ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет ете алады;

      әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіреді;

      оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалайды;

      достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсетеді.

6-параграф. II жартыжылдық

      128. Сөйлеуді дамыту

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

      1) есту зейінін және тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру;

      2) сөздердегі дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды (п-б, т-д, к-г,ф-в,с-з-ц), анық айтуларын қалыптастыру;

      3) тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту: баяу сөйлеу,жаңылтпаштар оқу. Артикуляциялық аппаратты одан әрі жетілдіру.

      Сөздік қор

      1) тілдік ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту және байыту;

      2) заттар тобын білдіретін сөздерді балалардың сөздік қорына жалпылауыш сөздерді түсіну арқылы ендіру (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз)

      3) балалардың сөздік қорын тұрмыстық электротехника заттарының және ұлттық заттардың атауларымен байыту, олардың атауларын, заттардың қолданысын түсіндіру;

      4) мағынасы қарама-қарсы антоним сөздерді балалардың сөздік қорына ендіру, сөзге қызығушылықтарын дамыту;

      5) тәулік бөліктерін атауға үйрету (таңертең, күндіз, кеш, түн).

      Күтілетін нәтижелер:

      ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады;

      құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындайды;

      тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін, қосымшаларды қолданады;

      жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастырады.

      129. Көркем әдебиет

      1) оқу, әңгімелеу.       Мазмұнды эмоционалды қабылдай білу, кейіпкерлерге жанашырлық таныта білу біліктерін, ертегіні баяндау ерекшелігін байқауды жетілдіру. Шығарма мен өлеңді ажырата білуді; көркем шығармаларда түрлі өмірлік жағдаяттар: мереке, өмірден алынған күлкілі және байсалды үзінділер бейнеленуі мүмкін екендігін түсіне білуге баулу. Таныс шығармаларда бағдар жасай білуді, оларды суреттерден танып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту.

      2) мәнерлеп оқу, мазмұндау.       Балаларды жатқа эмоционалды, мәнерлі айта білуге, сөздерді анық айтуға, логикалық екпіндерді сақтауға, өлеңнің ұйқасын, халықтық тақпақтардың ырғағын, қуанышты, сүйсінуді бере білуге үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      әңгімелерді тыңдайды, мазмұндап бере алады, өлеңдерді жатқа айтады;

      шағын әңгімелер құрастырады;

      өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды айта алады;

      ойында әдеби бейнелерді қолданады;

      таныс шығармаларды мазмұндау кезінде мәтін мазмұнына, кейіпкерлерге, олардың қылықтарына өзінің қатынасын эмоционалды түрде білдіреді.

      130. Русский язык

      Звуковая культура речи

      1) обучение правильному произношению гласных и согласных звуков русского языка;

      2) совершенствование навыков развития голосового и артикуляционного аппарата, речевого дыхания, четкой дикции.

      Словарный запас

      1) расширение знаний о предметах ближайшего окружения, животных, птицах, оващах и фруктах, временах года и явлениях природы;

      2) обучение на русском языке прямому и обратному счету до 5;       

      3) формирование навыков называния некоторых свойств предметов: цвет, формы, признаки;

      4) формирование умений понимания и использования знакомых слов в повседневной жизни.

      Грамматический строй речи

      1) составление словосочетаний, предложений из 2-3 слов;

      2) формирование навыков использования в речи имен существительных единственного и множественного числа.

      Связная речь

      Умение отвечать на коротние вопросы простыми предложениями. Закрепление навыков правильного использования русских слов и выражений при ответе на вопросы. Обучение слушанию, пониманию и пересказу коротких произведений, стихотворений.

      Ожидаемые результаты:

      понимает русскую речь педагога в игровых ситуациях и в повседневной жизни;

      умеет считать на русском языке до 10 и обратно;

      произносит правильно свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные (р, л) звуки русского языка;

      называет группы предметов ближайшего окружения, их свойства, признаки; времена года и отдельные явления природы;

      употребляет в речи имена существительные единственного и множественного чисел.

      131.      Драма

      Коммуникативті - тілдік, ойын, артикуляциялық дағдылар

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау;

      2) ертегі желісін ретімен орындау;

      3) театрландырылған әрекеттің басқа да жұмыс түрлері (саусақты, үстел үсті, көлеңкелі және тағы басқа);

      4) жұбымен келісе отырып, сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін сақтау;

      5) әдеби кейіпкерлерді дене пластикасы, ым, дауыс, мимика арқылы құру;

      6) сахнада бағдарлану.

      Адамгершілік нормалары туралы түсінік

      1) ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас;

      2) адамдардың сезімі мен қарым-қатынасын көрсету;

      3) әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру;

      4) оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау;

      5) өз ойын білдіріп, басқалардың пікіріне құлақ асып, ұлдар (күшті, батыл, еңбекқор және тағы басқа) мен қыздарға (қарапайым, әдемі және тағы басқа) тән мінез-құлық ерекшелігін талқылау.

      Күтілетін нәтижелер:

      таныс бірнеше шығармаларды атайды;

      вербалды емес құралдармен образдарды жасай алады;

      өз ойын құрдастарының ортасында білдіріп, басқалардың пікірін тыңдайды;

      ұлдар мен қыздардың мінез-құлық ерекшелігін біледі;

      ертегі желісін ретімен орындайды;

      театрландырылған әрекеттің түрлі жұмыс тәсілдерін меңгерген;

      өзінің қимылын серіктесінің қимылымен үйлестіреді; сахнада бағдарлайды;

      әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіреді;

      адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет