МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку


Россия жерінің топырағы һәм ауасы



бет102/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Россия жерінің топырағы һәм ауасы.
Россияның оң жағында жердің үсті- жармаланған қара топырақ пен әр нәрсені өсіруге жарарлық: Киев (Күйеу), Орел (Өржол), Қазан қаладарының [қалаларының] оң жағында, оң жақ күнбатыстан сол жақ күншығысқа шейін созылған тұтас жерге [жерді]: «қара топырақ»- дейді. Сол жағының топырағы күл сияқты, яки құм болып, еш нәрсе өсіруге жарамайды. Мұндай жерлерге бір-екі жыл егін еккен соң, біріншіде жыл тынықтырмайынша жарамайды. Қара топырақ жерлер еш тоқтаусыз жыртыла бермейді.
Россияның ауасы орнына қарай әр түрлі болады. Қыстың ең суық уақытында һәм жаздың ең ыстық уақытында 40 дәрежеде [даражада] болады. Россияның ауасы күнбатыс иауропаға қарағанда, недәуір суық болады. Өзендер, көлдер, үлкен теңіздер де қатып қалады. Россияның сол жағында Ақ теңіз үш жарым ай шамасындай мұзсыз болады. Өзендер (аяғы сақталмаған) [22, 222-226, 229-233].
Қазақ әдебиеті «Сөз өнерінің» теориялық негізін көбіне Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов бастайды да нақты қисындық түсінік берген Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлын атамайды. Осы олқылықтың орныны толтыру мақсатында Мәшһүр – Жүсіп «Өнер дүниесі» туралы жазғандарынан біраз мағұлымат бергенді жөн көрдік. Ол дүние екі түрлі: бірі – табиғат. Екіншісі - өнер дейді. Өнерді екіге: бірі – тірнек, екіншісі –көрнек деп бөледі. Тірнек: үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді, т.б. Көрнек: көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сурет (сүгірет), әсерлі күй, ажарлы сөз т.б. Алдыңғысы адамның материалды қажетінен, соңғысы рухани қажетін өтеуден туғандығын айтады. Көрнек өнері бес түрлі: сәулет, сымбат, кескін, қошәуез, әдебиет.
Бірінші – тастан, кірпіштен, ағаштан, яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешті, медресе, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады, Еуропаша – архитектура.
Екінші – балшықтан, иа металдан құйып, тастан иа ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын – сынбатын келтіріп, сурет (сүгірет) жасау өнері. Бұл сымбат өнері болады. Еуропаша «скульптура».
Үшінші – түрлі бояумен нәрсені сын түрлі, түсін, кескінін – келбетін келтіріп, суреттеп (сүгіреттеп) көрсету өнері. Бұл кескін өнері болады. Орысша – живопись.
Төртінші - әуезенің түрлі дарайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін: ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады. Еуропаша – музыка.
Бесінші – нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, сынын сөзбен келтіріп айту өнері. Бұл «сөз өнері» болады. Қазақ «асыл сөз», арабша – «әдебиет», Еуропада – литература – деп өнердің құдіреттілігне тәнтті болады, әрқайсысының терминдерін дәл келтіреді [29, 146-148].



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет